«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кестесі


Жоқ 75-1-бап. Формальдылықты оңайлату



бет15/17
Дата12.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#129920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жоқ



75-1-бап. Формальдылықты оңайлату
1. Қазақстан Республикасының аумағына келетін және оның аумағына кететін немесе транзитпен өтетін барлық әуе кемелеріне, олардың экипаждары мен жолаушыларына, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін мүліктеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген паспорттық, кедендік, валюталық, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалардың қолданыс күші тарайды.

2. Әуе тасымалдарына көмек көрсету және тездету, сондай-ақ әуе кемелерінің, экипаждың, жолаушылар мен жүктің негізсіз кідіртулерді болдырмау мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басқа құзыретті органдармен келісе отырып шекаралық, кедендік, санитарлық бақылау және басқада бақылау түрлерімен байланысты формальдылықты оңайлатуға бағытталған бағдарлама әзірлейді.

3. Әуе тасымалымен байланысты формальдылықты оңайлату жөніндегі шаралар авиациялық қауіпсіздік жөніндегі шаралар мен тыйым салынған жүктерді әкелу мен әкетуге жол бермеу жөніндегі шараларға зиян келтіретіндей етіп жүзеге асырылмауы тиіс.

Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясына 9-Қосымшаға сәйкес әрбір мемлекет халықаралық тасымалдау кезінде әкімшілік рәсімдерді оңайлату мақсатында халықаралы әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын қабылдайды.



76-баптың

5-тармағының төртінші бөлігі



76-бап. Коммерциялық әуемен тасымалдау саласындағы негізгі ережелер
.............

5. .............

Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау ерекшеліктері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.

................



76-бап. Коммерциялық әуемен тасымалдау саласындағы негізгі ережелер
.............

5. ..................

Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарында айқындалады.

................


Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына (Чикаго, 1944) 18-Қосымшаға сәйкестікке келтіру және азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібін анықтау мақсатныда.






78-баптың

2-тармағының 1-1) тармақшасы (Жаңа тармақша)





78-бап. Жолаушыны әуемен тасымалдау шартын бiржақты тоқтату
............

2. Әуемен тасымалдау шарты авиакомпанияның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен мынадай:

...........


Жоқ

..............



78-бап. Жолаушыны әуемен тасымалдау шартын бiржақты тоқтату
..............

2. Әуемен тасымалдау шарты авиакомпанияның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен мынадай:

..............

1-1) әуе кемесінің жолаушысы белгіленген багажды тегін тасымалдау нормасынан салмағы асатын өзінің багажының тасымалдау ақысын төлеуден бас тартқан;

.............



Авиакомпанияның әуемен астымалдау шартын біржақты тәртіппен тоқтату үшін негіздерді нақтылау мақсатында редакциялық айқындау.






78-баптың

2-тармағының 1-2) тармақшасы (Жаңа тармақша)





78-бап. Жолаушыны әуемен тасымалдау шартын бiржақты тоқтату
............

2. Әуемен тасымалдау шарты авиакомпанияның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен мынадай:

...........
Жоқ

..............



78-бап. Жолаушыны әуемен тасымалдау шартын бiржақты тоқтату
..............

2. Әуемен тасымалдау шарты авиакомпанияның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен мынадай:

..............

1-2) баланы жеңілдетілген тасымалдау үшін қарастырылған жағдайларды қоспағанда, әуе кемесінің жолаушысының өзімен бірге жүрген баланың тасымалдау ақысын төлеуден бас тарқан;

.............



Авиакомпанияның әуемен астымалдау шартын біржақты тәртіппен тоқтату үшін негіздерді нақтылау мақсатында редакциялық айқындау.





78-баптың

2-тармағының 1-3) тармақшасы (Жаңа тармақша)





78-бап. Жолаушыны әуемен тасымалдау шартын бiржақты тоқтату
............

2. Әуемен тасымалдау шарты авиакомпанияның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен мынадай:

...........
Жоқ

..............



78-бап. Жолаушыны әуемен тасымалдау шартын бiржақты тоқтату
..............

2. Әуемен тасымалдау шарты авиакомпанияның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен мынадай:

..............

1-3) жолаушылардың заттарында, сондай-ақ багажында, жүгінде әуе тасымалына тыйым салынған бұйымдар мен заттардың болған;

.............


Авиакомпанияның әуемен астымалдау шартын біржақты тәртіппен тоқтату үшін негіздерді нақтылау мақсатында редакциялық айқындау.






78-баптың

3-тармағы





78-бап. Жолаушыны әуемен тасымалдау шартын бiржақты тоқтату
............

3. Жолаушыны әуемен тасымалдау шарты тоқтатылған жағдайда тасымалдау үшiн енгізілген төлем әуемен тасымалдау шартында көзделген тәртiппен қайтарылады.



78-бап. Жолаушыны әуемен тасымалдау шартын бiржақты тоқтату
..............

3. Жолаушыны немесе жүкті әуемен тасымалдау шарты тоқтатылған жағдайда тасымалдау үшін енгізілген төлем осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, авиакомпанияның бастамасы бойынша жолаушыға немесе жүктің иесіне (жүкті жіберушіге) әуемен тасымалдау шартында көзделген тәртіппен қайтарылады.


Редакциялық айқындау






80-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі

80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
1. Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған халықаралық және субсидияланатын (облысішілікті қоспағанда) авиамаршруттарды бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негiзде жүргiзедi. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидилияланатын облысішілік авиамаршруттарға арналған конкурсты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.

................



80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
1. Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған үкіметаралық келісімшарттарға сәйкес авиатасымалдаушылардың саны бойынша шектеу қойылған халықаралық авиамашруттарды, сондай-ақ субсидияланатын (облысішілікті қоспағанда) авиамаршруттарды бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негiзде жүргiзедi. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидилияланатын облысішілік авиамаршруттарға арналған конкурсты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.

................



Бұл норма халықаралық әуе тасымалдарын либерализациялау және маршруттық желілердің ұзақ мерзідге жоспарлау мен дамытуды жүргізуге қазақстандық авиакомпанияларға мүмкіндік беру мақсатында енгізіледі.

Халықаралық авиамаршруттарды бөлудің қолданыстағы жүйесі халықаралық әуе тасымалдары желісін дамытуды тежеп отыр.





80-баптың 5-тармағы

80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
............

5. Халықтың әуе қатынасына қажеттiлігiн қанағаттандыру үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурстар аралығындағы кезеңде қажеттiгi туындаған авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурсты өткiзбей-ақ авиакомпанияға халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi беруге құқылы.

Пайдалану қажеттiгi конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутты бөлген кезде жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында көзделген бiлiктiлiк талаптарына авиакомпания сай келген жағдайда, өтiнiм берген барлық авиакомпанияларға куәлік берiледi.

................



80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
............

5. Халықтың әуе қатынасына қажеттiлігiн қанағаттандыру үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурстар аралығындағы кезеңде қажеттiгi туындаған авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурсты өткiзбей-ақ авиакомпанияға субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi беруге құқылы.

Пайдалану қажеттiгi конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған субсидияланатын авиамаршрутты бөлген кезде жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында көзделген бiлiктiлiк талаптарына авиакомпания сай келген жағдайда, өтiнiм берген барлық авиакомпанияларға куәлік берiледi.

................



Бұл норма халықаралық әуе тасымалдарын либерализациялау және маршруттық желілердің ұзақ мерзідге жоспарлау мен дамытуды жүргізуге қазақстандық авиакомпанияларға мүмкіндік беру мақсатында енгізіледі.

Халықаралық авиамаршруттарды бөлудің қолданыстағы жүйесі халықаралық әуе тасымалдары желісін дамытуды тежеп отыр.





80-баптың 6-тармағы

80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
............
Жоқ

................



80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
............

6. Халықаралық авиамаршруттарға конкурс тек үкіметаралық келісімшарттарға сәйкес авиатасымалдаушылардың саны мен жиілігі бойынша шектеу қойылған халықаралық авиамашруттарға мынадай жағдайларда:

1) жаңа авиамаршруттарға;

2) үкіметаралық келісімшарттарға енгізілген өзгерістерге сәйкес қолданыстағы халықаралық авиамаршруттарға қосымша жиіліліктерді бөлуге;

3) авиатасымалдаушының халықаралық авиамаршрутты пайдаланудан бас тартқан кезінде босатылған жиіліктерді бөлуге жүргізіледі.

Бұл норма халықаралық әуе тасымалдарын либерализациялау және маршруттық желілердің ұзақ мерзідге жоспарлау мен дамытуды жүргізуге қазақстандық авиакомпанияларға мүмкіндік беру мақсатында енгізіледі.

Халықаралық авиамаршруттарды бөлудің қолданыстағы жүйесі халықаралық әуе тасымалдары желісін дамытуды тежеп отыр.





81-баптың 2-тармағы

81-бап. Шетелдік әуемен тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
..........     

2. Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда тіркелуден өтуге міндетті.

..............


81-бап. Шетелдік әуемен тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
..........     

2. Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда аккредиттелуден өтуге міндетті.

..............


Пайдаланушылық инспекциясы, сертификаттау және тұрақты қадағалау рәсімдері жөніндегі нұсқаулықтың (Doc 8335), VI-бөлім «Шетел пайдаланушылары орындайтын коммерциялық әуе көлігінің ұшуларына мемлекеттің жауапкершілігі» талаптарына сәйкестікке келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларға бақылау мен қадағалауды күшейту мақсатында.



81-баптың 3-тармағы

81-бап. Шетелдік әуемен тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
..........     

3. Шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу тәртібін және оларға қойылатын талаптарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

..............


81-бап. Шетелдік әуемен тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
..........     

3. Шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу тәртібін және оларға қойылатын талаптарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

..............


Пайдаланушылық инспекциясы, сертификаттау және тұрақты қадағалау рәсімдері жөніндегі нұсқаулықтың (Doc 8335), VI-бөлім «Шетел пайдаланушылары орындайтын коммерциялық әуе көлігінің ұшуларына мемлекеттің жауапкершілігі» талаптарына сәйкестікке келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларға бақылау мен қадағалауды күшейту мақсатында.



82-баптың 2-тармағы

82-бап. Авиациялық жұмыстарды орындау
...........

2. Авиациялық жұмыстардың тізбесі және оларды орындауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында белгіленеді.



82-бап. Авиациялық жұмыстарды орындау
...............

2. Авиациялық жұмыстардың тізбесі және оларды орындауға қойылатын талаптар Азаматтық авиация саласындағы ұшуларды жүргізу қағидаларында белгіленеді.



Ұшудың негізгі қағидаларын алып тастауды ұсынуға байланысты авиациялық жұмыстар тізбесіне және оларды орындау талаптарына қатысты ережелерді Азаматтық авиация саласынндағы ұшуларды жүргізу қағидаларына көшіру ұысынылады.



86-баптың

3-тармағы



(Жаңа тармақ)

86-бап. Тасымалдаушының рейс болмаған немесе кідірген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі
........
Жоқ


86-бап. Тасымалдаушының рейс болмаған немесе кідірген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі
................

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарды бұзуға жол берген тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Тасымалдаушының жауапкершілігін айқындау мақсатында.





87-баптың бірінші бөлігі

87-бап. Азаматтық авиация қызметімен байланысты міндетті сақтандыру
Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен жабдықтарының меншік иелері (иелері) мен пайдаланушылары Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, оның ішінде жолаушылар мен авиация персоналы алдындағы жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.

.............



87-бап. Азаматтық авиация қызметімен байланысты міндетті сақтандыру
Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен жабдықтарының меншік иелері (иелері) мен пайдаланушылары Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарының талаптарына сәйкес өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, оның ішінде жолаушылар мен авиация персоналы алдындағы, сонадай-ақ жүк иесінің немесе жікті жіберушінің алдында жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.

...........



Редакциялық айқындау.

1929 жылғы Варшава конвенциясы әуе тасымалдаушының жауапкершілігі жолаушылар мен багажды тасымаладу кезінде ғана емес жүктерді тасымалдау кезіндегі келтірілген зиянға да қарастырады, ол қолданыстағы заңнамада жоқ.





91-баптың

1-тармағының бірінші бөлігі



91-бап. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн объектiлердi таңбалау
1. Ғимараттар мен құрылыстардың иелерi ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына, Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарының пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес осы объектiлерге түнде және күндiз көрiнетiн таңбалық белгiлер мен құрылғыларды өз есебiнен орнатуға мiндеттi.

...............



91-бап. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн объектiлердi таңбалау
1. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп төндіретін ғимараттардың, құрылыстардың және басқада объектілердің меншік иелері Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына, Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарының пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес көрсетілген объектілерге түнде және күндіз көрiнетiн таңбалық белгілер мен құрылғыларды өз есебінен орнатуға мiндеттi.

................


Ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін объектілерге таңбалау саласын нақтылау мақсатында редакциялық айқындау.





92-баптың

2-тармағының

1) тармақшасы


92-бап. Авиациялық оқиғалар мен инциденттер
...................

2. Азаматтық әуе кемесін ұшу мақсатында пайдаланумен байланысты, ұшқыш басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе ұшқышсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында:

1) дене жарақатын табиғи себептер нәтижесінде алған, өзін-өзі жарақаттаған не басқа адамдар жарақаттаған немесе әдетте жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кіруіне болатын аймақтан тыс жерде жасырынып қалған билетсіз жолаушы дене жарақатын салған жағдайларды қоспағанда, қандай да бір адамның осы әуе кемесінде болуы нәтижесінде дене жарақатын алып, соңынан қайтыс болған (дене жарақатын алуына байланысты оқиға болғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қайтыс болған жағдайды қоса алғанда);

..............



92-бап. Авиациялық оқиғалар мен инциденттер
...................

2. Азаматтық әуе кемесін ұшу мақсатында пайдаланумен байланысты, ұшқыш басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе ұшқышсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында:

1) дене жарақатын табиғи себептер нәтижесінде алған, өзін-өзі жарақаттаған не басқа адамдар жарақаттаған немесе әдетте жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кіруіне болатын аймақтан тыс жерде жасырынып қалған билетсіз жолаушы дене жарақатын салған жағдайларды қоспағанда, қандай да бір адамның осы әуе кемесінде болуы немесе осы әуе кемесінің бөлініп түскен бөлігін қоса алғанда әуе кемесінің қандайда бір бөлігімен тікелей жанасуы не болмаса реактивтік қозғалтқыш газының сорғалауының тікелей әсері нәтижесінде дене жарақатын алып, соңынан қайтыс болған немесе қатерлі дене жарақатын алған;

................




Ковенцияға 13-Қосымшасына сәйкестікке келтіру, 1-тарау (Ескерту 1: Тек статистикалық деректердің біркелкілігі мақсатында дене жарақаты нәтижесінде оқиға болғаннан кейін 30 күн ішінде қайтыс болған жағдайды ИКАО дене жарақатының нәтижесінде қайтыс болған деп саралайды.)




92-баптың

2-тармағының

2) тармақшасының

төртінші абзацы




92-бап. Авиациялық оқиғалар мен инциденттер
...................

2. Азаматтық әуе кемесін ұшу мақсатында пайдаланумен байланысты, ұшқыш басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе ұшқышсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында:

........

2) мыналарды:

..................

конструкцияның жалпы беріктігін бұзбайтын басқа да элементтер зақымданған;

...........



92-бап. Авиациялық оқиғалар мен инциденттер
...................

2. Азаматтық әуе кемесін ұшу мақсатында пайдаланумен байланысты, ұшқыш басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе ұшқышсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында:

........

2) мыналарды:

............



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет