Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
Төтенше жағдайларды
және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау
комитетінің
2010 жылғы «22» қазандағы
№ 35 бұйрығымен келісілген
Ұңғымаларды азотпен игеру бойынша әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
Ұңғымаларды игеру үшін газ тәрізді агент ретінде мақсатты түрде азот пайдаланылады. Жұмысты оңайлату үшін азотты сорғымен сұйық түрде айдайды және тасымалдайды, газ тәрізді түрге буландырғышта келтіреді.
Азот жарылыс қауіпті, улы емес, су мен мұнайда нашар ериді, ұңғыманың әдеттегі қалпында азот газ тәрізді түрде болады.
Азотты тасымалдау мен айдау үшін автомобильді газдандыру қондырғысын пайдаланады. Қондырғы автомобильде жөнделеді және сұйық азот үшін тиелген сорғы мен буландырғышты резервуардан тұрады.
Қондырғы сұйық азотты пайдалану орнына жеткізеді, оны қондырғы буландырғышында газдандырады және оны қабатқа береді.
Қондырғы газ тәрізді азот бойынша 22 МПа (220 кгс/ см²) қысым кезінде 6 м³/мин шамасында өнімділігі болады. Сұйық азот көлемі 5,5 м³, газдандырудан кейін – 3500 м³ шамасында, газ тәрізді азот температурасы 283 ºК (10 ºС) – 303 ºК (30 ºС).
2. Дайындық жұмыстары
1. Газдандыру және басқа қондырғылардың орналасу орны алдын ала дайындалған, коммуникацияны төсеу мен орнатуға кедергі келтіретін бөтен заттардан босатылған.
2. Газдандыру қондырғысы ұңғыма сағасынан 25 м жақын емес, жел жағынан көлденең алаңда орнатылады.
Газдандыру және басқа қондырғылар астынан алдыңғы және артқы жақтан оларды жүктемелі жұмыс кезінде ауысу мүмкіндігін болдырмайтын тіреулер қойылады.
3. Газ тәрізді және басқа да қондырғыларды электр берілістердің қоршаулы аумағының шамасында орнатуға рұқсат берілмейді.
4. Құбыр өткізгіштерді монтаждау олардың салбырауы болмайтындай орындалады. Құбыр өткізгіштердің қатты бекіткіші болады.
5. Орамада ұңғыманы сөндіру қажеттілігі жағдайына сорғылық қондырғыларды қосу қажеттілігі қарастырылады. Бұл ретте ұңғыманың екі көлемінен кем емес жаңадан ауырлатылған ерітінді дайындалады. Ерітінді ұңғыманы игеру процессінде кезеңді араластырылады.
6. Газдың сорғы қондырғысына түсуін болдырмау мақсатында сұйықтық желіде кері клапан орнатылады.
7. Кері клапан сондай-ақ азоттың араластыру камерасына және газдандыру қондырғысының (№1 схема) айдау желісіне түсер алдында азот өткізгіште орнатылады.
8. Ұңғыманы аэрациямен (жұмыс сұйығы бар азот) игеру жағдайында сұйықты азот ағынына беруге арналған сорғылық қондырғы газ айдау қондырғысының кері клапанынан кейін штуцер арқылы айдау желісіне қосылады.
9. Айдау желісінде сорғылық қондырғыдан үштікке дейін тартпа, ал штуцерге дейін және кейін – манометр (схема № 1) орнатылады.
10. Сорғылық қондырғылардың шығыңқы құбырлары тұншықтырғыштармен және ұшқын басқыштармен жарақталады.
11. Азотты айдау алдында газдандыру және сорғылық қондырғыларды ұңғымамен орау күтілетін жұмыс қысымынан бір жарым есе қысымға сығымдалады. Сығымдау нәтижесі актімен ресімделеді.
12. Сығымдау, сондай-ақ азотты ұңғымаға айдау кезінде аталған жұмысты орындауға қатысы жоқ қызмет көрсетуші персонал қауіпті аумақтан тысқа шығарылады.
13. Айдау желісінде жөндеу немесе өтулерді түзету қажеттілігі кезінде сығымдау немесе ұңғыманы игеру процессінде сұйықты айдауды немесе азотты шайқауды тоқтату, құбыр өткізгіштерде қысымды атмосфералыққа дейін төмендету қажет.
3. Сұйық азотты резервуарға құю мен қотару
14. Резервуарды сұйық азотпен толтыру алдында бақылаушы тұлға сыртқы беті мен резервуар арматурасын мұқият қарайды, қалдық қысымның болуын тексереді.
15. Резервуарды азотпен толтыруға рұқсат берілмейді егер:
белгіленген куәландыру уақыты өткен болса;
корпусы мен түбі бүлінген болса;
орнатылған таңбасы мен белгілері болмаса;
арматура болмаса немесе ақаулы болса;
тиісті бояуы болмаса.
16. Резервуар арматурасының ақаусыздығы мен герметикалығы әр толтыру алдында толтыру станциясында технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі.
17. Тексеріс нәтижелері толтыру журналына жазылады.
18. Сұйық азот резервуарға оның МЕМСТ сәйкестігін растайтын құжаты болған кезде ғана құйылады.
19. Резервуарды толтыру (босату) кезінде қондырғының өздігінен ауысу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар (автомобильді қол тежегішіне қою, дөңгелек астына тіреу қою және басқа) қабылданады.
20. Резервуарды толтыру деңгейді көрсеткішпен қадағаланады.
21. Егер резервуарды толтыру кезінде азоттың ағуы табылатын болса, толтыру тоқтатылады, резервуардаығ азот құйылып алынады.
22. Резервуарды толтыру тек табылған ақаулар түзетілгеннен кейін қалпына келтіріледі.
23. Қысым астындағы құбыршектерді, құбыр өткізгіштерді жалғау орындарына жақындауға рұқсат берілмейді.
24. Құбыр шектерді ажырату алдында құбыршектегі, құбыр өткізгіштегі қысымды вентиль арқылы шығару керек.
25. Құбыршектердің кенет майысуларына бұл сызаттардың пайда болуына және сұйық азоттың ағуына соқтыратындықтан жол берілмейді.
26. Резервуарды босату резервуардың суытылған жағдайын сақтау үшін 200/300 кг сұйық қалдырыла отырып толық жүргізілмейді.
27. Резервуарды азотты құю немесе қотару жүргізілмегенде коммуникацияға қосылған қалыпта ұстауға жол берілмейді.
28. Азотты құюда немесе қотаруда ұзақ уақыт үзіліс кезінде құбыршектер резервуардан ажыратылады.
29. Сұйық азотты толтыру, тасымалдау және құю технологиялық регламентпен реттеледі.
4. Ұңғыманы азотпен игеру
30. Механизмдерді іске қосуды адамдарды қысым астындағы жабдықтан шығарған соң жұмыс жетекшісінің белгісі бойынша жүргізу керек.
31. Газдандыру және басқа қондырғылардың машинистері ұңғыманы игеру кезінде басқару пультінде болады және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен жабдықтарына қадағалау жүргізеді.
32. Газдандыру қондырғысы уақытында тұрақты бақылау жүргізіледі:
0,24 МПа (2,4 кгс/см²) артпайтын резервуардағы қысымға. Қысым көрсетілгеннен жоғары болған кезде резервуардағы газ лақтырудың вентилін ашу керек (қысымды барынша шектіге жақын қысым кезінде жүргізу ұсынылады);
айдау қысымы – 22 МПа (220 кгс/см²) артық емес;
сығылатын газ температурасы шамамен 283 ºК (10 ºС)/303 ºК (30 ºС);
кернеумен (кернеудің ауытқуына 380 В 50 % шамасында рұқсат беріледі);
резервуардағы сұйық деңгейі деңгейді көрсеткіш бойынша 0,3 бірліктен кем болмай сақталады.
33. Машинистке егер қондырғылардың техникалық жағдайы пайдалану және технологиялық регламент бойынша нұсқаулық талаптарына жауап бермесе іске кірісуге рұқсат берілмейді.
34. Газдандыру және басқа қондырғыларда найзағай, жел жылдамдығы 11 м/с, қатты қар жауған және көру қашықтығы 50 м төмен тұман уақытында жұмыс істеуге рұсқат берілмейді.
35. Аэрация кезінде қауіпті сәттердің туындау және асқыну мүмкіндігімен байланысты, азот жастықшаларының пайда болуының және ұңғыманың кейін қарқынды пайда болуының алдын алу үшін ұңғымаға берілетін азот пен сұйықтың қатынасын нақты реттеу керек.
36. Аэрациялы сұйықты айдау кезінде фаза қатынасын реттеу келесі тәртіпте жүзеге асырылады: жүйе азотпен толтырылады және құбыр өткізгіште ашық тартпа кезінде қысым 0,5-1,0 МПа (5-10 кгс/см²) дейін үлкейтілгеннен кейін сорғылық қондырғының сорғысымен цистернадағы сұйық қарқынды желіге және сүзгі арқылы құбыр өткізгіш штуцеріне беріледі. сұйық артығы сорғылық қондырғы ыдысына бекіту құрылғысы арқылы лақтырылады (схема).
Ұңғымаларды сұйық азотты пайдалану кезінде жабдықтарды орналастыру схемасы
1 – игерілетін қабат;
2 – қоршайтын колонна;
3 – сорғылы-компрессорлы құбырлар;
4 – тартпалар;
5 – АГУ-8К қондырғысы;
6 – жылжымалы электростанция;
7 – сорғылық агрегат;
8 – автоцистерна;
9 – штуцер;
10 – кері клапан;
11 – манометрлер.
37. Ұңғыманы игеру немесе тұншықтыру кезінде:
газдандыру және басқа қондырғылардың жөндеуін немесе олардың кез келген бөліктерін бекіту жүргізуге;
ұңғыма сағасы немесе құбыр өткізгіш орауын бекіту немесе жөндеу жүргізуге рұқсат берілмейді.
38. Атқымалы ұңғыманы игеру процессінде тоқтау немесе үзіліс кезінде атқымалы арматураның орталық тартпасы және айқастырғыштағы тартпа жабық.
39. Ұңғыманы игеру тек күндізгі уақытта ғана жүргізіледі.
5. Азоттағы газдандыру қондырғысын пайдалану
40. Қысымның рұқсат берілгеннен артық асуын болдырмауға қызмет ететін газдандыру қондырғысындағы сақтандырғыш клапан ақаусыз, реттелген және пломбыланған болады.
41. Сақтандырғыш клапанды іске қосу қысымына реттеу қабырғада жүргізіледі, реттеу деректері журналда жазылады.
42. Жетекші клапан қандай қысымға реттелгенін және пломбының жағдайын өзі тексереді.
43. Клапанның жұмыс қабілеттілігі оның тұтқасын басумен тексеріледі.
44. Клапанды тексеру кезінде шығыңқы келтеқұбырға қарсы тұруға болмайды.
45. Сақтандырғыш клапан механикалық ақаулардан (соққыдан) сақтандырылады.
46. Сақтандырғыш клапан ақауларын түзету бойынша жұмыстарға құбыр өткізгіште қысым болған кезде рұқсат берілмейді.
47. Газдандыру қондырғысы көмір қышқыл от сөндіргішімен жарақталады.
48. Іске қосылған желдеткішсіз қондырғыда жұмысқа рұқсат берілмейді.
49. Қондырғыда және оған жақын маңда от қауіпті заттарды, сондай-ақ бөтен заттар мен материалдарды сақтауға рұқсат берілмейді.
50. Газдандыру қондырғысында темекі шегуге және отты пайдалануға рұқсат берілмейді.
51. Жөндеу және отты жұмыстарға жұмыс істемейтін қондырғы, босатылған резервуар кезінде наряд-рұқсат бойынша және қадағалаушы тұлға басшылығымен қажетті қауіпсіздік шараларын пайдаланумен рұқсат беріледі.
52. Коммуникацияда ағулардың болуын ашық от көмегімен тексеруге рұқсат берілмейді.
53. Құбыр өткізгіштер қатып қалған кезде оларды сыртынан тек бумен немесе ыстық сумен жылытуға рұқсат беріледі. Бұл мақсатта ашық отты пайдалануға рұқсат берілмейді.
54. Қабықтағы буландырғышты сусыз іске қосуға және электр жылытқыштардың орнатылмаған қоршауымен іске қосуға рұқсат берілмейді.
55. Қондырғыда ақаулы электр жабдықпен жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
56. Газдандыру қондырғысында, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан жабдық аумағында бөтен тұлғаның болуына рұқсат берілмейді.
6. Сұйық азотқа арналған ыдысты пайдалану
57. Сұйық ыдысқа арналған резервуардың ішкі ыдысын пайдалану Қазақстан Респуебликасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіледі.
58. Ақаулы резервуарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
59. Резервуарды тағайындалмауы үшін пайдалануға рұқсат берілмейді.
60. Резервуар жұмыс қысымын өлшеу шегі шәкілдің үштен екісінде болатындай таңдалған шәкілмен жарақталады, қызыл сызық барынша шекті рұқсат берілетін қысымға тең қысымға енгізіледі.
61. Сұйық азотқа арналған ыдысты пайдалану кезінде барынша шекті рұқсат берілетін қысым 0,25 МПа (2,5 кгс/ см²).
62. Резервуар сақтандырғыш құрылғыларымен жарақталады:
егер ыдыс ішіндегі азот рұқсат берілгеннен жоғары көтерілетін болса, азот буын кетіруге арналған серіппелі сақтандырғыш клапанмен;
сақтандырғыш клапан іске қосылмаған жағдайға ыдысқа орнатылған сақтандырғыш жарғыш мембранамен;
резервуар ыдысын толтыруға және босатуға арналған иілмелі құбыршектің жарылуынан сақтандырғыш мембранамен (құбыршектегі қысым 0,3 МПа (3 кгс/см²) артқан жағдайда);
ыдыс коммуникациясының бүтіндігі бұзылуы салдарынан қаптамада қысым туындаған жағдайда мембрана қаптамасымен;
ыдыс резервуарында қысымды берілген шамада ұстау мен көтеруге арналған қысымды көтеру клапанымен.
63. Ыдыстың ішкі бетін жарықтандыру үшін қарау кезінде 12 В кернеуден кем емес жарылыстан қорғалған орындаудағы тасымалданатын шам пайдаланылады.
64. Ыдыстың ішкі бетін жарықтандыру үшін ашық от көзін пайдалануға рұқсат берілмейді.
65. Қатып қалған аппаратураны жылыту ауаны 70-80 ºС температурамен үрлеумен жүргізуге рұқсат беріледі.
66. Сұйық аммиактың резервуар үстіне және автомобиль ылдиына түсуіне, төмен температура әсерінен жарылуын болдырмау үшін рұқсат берілмейді.
67. Азоты бар резервуардың сыртқы беті ақшыл сұр түске боялады, екі жағынан орта сызығында цилиндрлік бөлігінің барлық ұзындығы бойына ені 200 мм кем емес қара түсті жолақ жүргізіледі. Корпустың сол жағынан жолақ астынан «Азот», ал оң жағынан «Қауіпті» деген сөздер сары түсті бояумен жазылады.
68. Резервуарда резервуардың техникалық куәландырылуы туралы жазу әріптерінің биіктігі 100 мм кем болмайтын жазба жүргізіледі.
7. Сұйық азотты айдауға арналған сорғыны пайдалану
69. Сорғының айдау желісінде қызыл сызықпен барынша көп жұмыс қысымы көрсетілетін манометр орнатылады.
70. Сорғыны іске қосу алдында:
электр қозғалтқыштың жерге тоғытылуын тексеру;
сорғының айдау желісінде тартпаның ашықтығы;
сақтандырғыш құрылғы мен диафрагманың жағдайы;
жылжитын бөліктер қоршауының болуы мен ақаусыздығы;
тартпа жағдайы, маховиктердің ашып-жапқан кезде еркін айналатындығы;
тығыздама қақпағы мен нығыздама жағдайы тексеріледі.
71. Сорғының жұмысы кезінде:
сорғының айдау желісіндегі қысым;
тығыздама, қосылыстар герметикалығы;
резервуардағы қысым бақыланады.
72. Сорғыға, құбыр өткізгішке ылғалдың, сорғының цилиндрлік тобына майдың түсуіне жол берілмейді.
73. Іске қосылған электр қозғалтқыш пен жүйеде қысым болған кезде сорғының жылжитын бөліктері мен құбыр өткізгіштерде кез келген жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді.
74. Сорғы тығыздамасы мен құбыр өткізгіш қосыластарындағы өткізулер сорғы тоқтатылған және қысым атмосфералыққа дейін түсірілгеннен кейін түзетіледі.
75. Сорғының цилиндрлік тобын бөлшектеу оны қоршаған орта температурасына дейін қыздырғаннан кейін жүргізіледі.
76. Сорғының цилиндрлік тобын бөлшектеуді соратын құбыр өткізгіште сұйық болған кезде жүргізуге рұқсат берілмейді.
77. Сорғы тоқтатылады:
сорғының айдау желісіндегі манометр қысымды рұқсат берілгеннен жоғары көрсетсе;
ұңғыма, ашық атқылау және өрт туындаған кезде;
сорғының ақауы табылған кезде.
8. Қорытынды жұмыстар
78. Құбыр өткізгішті атқылау арматурасынан ажырату алдында:
жұмыс істеп тұрған агрегаттарды тоқтату;
айдау құбыр өткізгішн қосу орнында ұңғыма сағасында тартпаны жабу;
резервуардағы барлық вентильдерді, егер ол босатылған болса жабу, ал резервуарда сұйық болған кезде резервуардың газ лақтыру вентилін ашық қалдыру;
құбыр өткізгіштегі қысымды атмосфералыққа дейін біртіндеп азайту қажет.
79. Газдандыру қондырғысын көліктік жағдайға келтіру.
9. Сұйық азотпен улану және күю кезінде алғашқы көмек
80. Дене азотпен күйген кезде, азот тиген жерді 15-20 минут ағынды су құюмен жуу керек.
81. Азот буымен уланған кезде зардап шегушіні таза ауаға шығару (алып шығу), қысып тұрған киімнен босату керек. Зардап шегушіге сүт ішкізу керек.
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |