№
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
|
2
|
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында 2015 жылғы қаңтарда қабылдануы талап етілетін нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер тізбесі бекітілді.
Тізбеге сәйкес ҚР Әділет министрінің бұйрығымен борышкерден алып қойылған және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға сақтауға берілген бағалы қағаздарды, валюталық құндылықтарды, бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, асыл тастар мен інжуді, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтарын және антиквариатты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілуі тиіс.
Алайда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заң шеңберінде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілген, онда жекелеген Қағидаларды қабылдау нормасы алып тасталған.
Осыған байланысты Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы тиіс нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер тізбесінен көрсетілген Қағидаларды алып тастау қажет.
|
3
|
Жоба қабылданған жағдайда болуы мүмкін әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
|
жоқ
|
4
|
Жобаны іске асырумен байланысты қаржылық шығындар
|
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығынын қажет етпейді
|
5
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі, және болжанатын тиімділігі
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 20-27/03-234 (т.228) тапсырмасын орындау мақсатында |
6
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
жоқ
|
7
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкестендіру қажеттілігі
|
жоқ
|
8
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
жоқ
|
9
|
Өзге мәліметтер
|
Жоқ
|
10
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік қондырғыларына материалдар (үзінді-көшірмелер) беру
|
рұқсат етіледі
|
11
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат
|
орналастырылуда
|
12
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
-
|