«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте



бет4/11
Дата01.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#170486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

10. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (нақтыланған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші осындай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

1) қабылданған шешім туралы өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысушы адамдарды хабардар етуге;

2) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.



Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алуды жариялай және жеңімпазды айқындай отырып, Заңның 5-бабы 10-тармағының 2) тармақшасына сілтей отырып, қорытындыларды негізсіз жояды.


8

6-баптың

1-тармағының 3) тармақшасы

6-бап. Мемлекеттiк сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер

  1. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:

.....

3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшыларының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатыстары бар болса және осындай заңды тұлғаларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзу үшiн негiз болған жол берген бұзушылықтары сот шешiмiмен танылса;

өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқы жоқ.


6-бап. Мемлекеттiк сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер

  1. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:

.....

3. мемлекеттік сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатыстары бар болса;



Редакциялық түзету

9

7-баптың

5-тармағы

7-бап. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртiбi

5. Бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;

....

5) өздерiне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшiн ол мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде әрекет етуге құқылы.

Жоқ


7-бап. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртiбi

5. Бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;

....


5) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы.

Осы тармақтың ережелері аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

Аукциондарды электронды форматта өткізудің халықаралық практикасына сәйкес электронды аукциондар өткізу кезінде бір аукцион - бір лот кағидаты қолданылады.

Тиісінше бірыңғай мемлекеттік сатып алу өткізілген кезде қолданылатын бір электронды аукционда әртүрлі тапсырыс берушілердің бірнеше лоттарын біріктіру мүмкін емес.




10

6-баптың 2) тармақшасы,

8-баптың 1) тармақшасы және 8-баптың

9-тармағы

8-бап. Әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары

6. Әлеуеттi өнiм берушi жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай құжаттардың бiрiн:


      1) әлеуеттi өнiм берушiге халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгендiгiн растайтын құжатты;
      2) әлеуеттi өнiм берушiнiң биржаның ресми листингiне енгiзiлгендiгi туралы қор не тауар биржасының үзiндi көшiрмесiн беру арқылы растауға құқылы.

......


8. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу өткiзiлетiн соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктерiнiң банктiк кепiлдiк түрiнде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабiлетi туралы жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай жағдайларда:
      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге растауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге әлеуеттi өнiм берушi ұсынады;
      2)  бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн жеткiлiктi мерзiмге оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау кезеңiнде растауға құқылы.

9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31 және 36-баптарында көзделген мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.



8-бап. Әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары

6. Әлеуеттi өнiм берушi жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай құжаттардың бiрiн:

1) әлеуеттi өнiм берушiге халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгендiгiн растайтын құжатты;

2) әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор биржасының үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы.

8. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу өткiзiлетiн соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктерiнiң банктiк кепiлдiк түрiнде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабiлетi туралы жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай жағдайларда:

1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аукционға қатысуға арналған өтініммен бірге растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін конкурстық не аукциондық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;

2)  бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн жеткiлiктi мерзiмге оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау кезеңiнде растауға құқылы.

9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31-баптарында,


32-баптың 4) тармақшасында және 36-бабында көзделген мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.


Бұл алып тастау тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды енгізумен негізделеді, бұл тауар биржаларының тізбесін бекітуді болдырмайды

Әлеуетті өнім берушілерге конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға ұқсас банктік кепілдік түріндегі шартты орындауды жүз пайыздық қамтамасыз етуді ұсыну арқылы өзінің төлем қабілеттігін растау құқығын белгілеу мақсатында.

Заңның 8-бабының 9-тармағына сәйкес, осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға таралмайды.

Заңның 32-бабының 4) тармақшасына сәйкес, егер баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алу екі рет өткізілмеген болып танылған жағдайда, Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Осыған байланысты бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеген деп тану негізінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу қажеттігі жоқ.




11

11-бап

11-бап. Мемлекеттiк сатып алу саласында
             қалыптастырылатын тiзiлiмдер

      1. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу саласында мынадай:


      1) тапсырыс берушiлердiң

2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң (жiктеуiштiң);

    3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың;



4) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бiрыңғай республикалық тiзiлiмдерiн (бұдан әрi - тiзiлiмдер) қалыптастыруды және оларды жүргiзудi жүзеге асырады.
      2. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi өздерiнiң жұмыс iстеуi, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметтi орындауы үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi заңды тұлғалардың тiзбесi болып табылады.
      3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмi (жiктеуiшi) тапсырыс берушiлердiң осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алатын
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi болып табылады.

      4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi тапсырыс берушiлер тиiстi қаржы жылында жасасқан, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткiштерi туралы, тараптардың шарттық мiндеттемелерiн орындауының нәтижелерi туралы мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзбесi болып табылады.
      Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жеке тiзiлiмiне енгiзiледi, оны жүргiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлейдi. Мұндай мәлiметтерге қол жеткiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi бойынша жасалған шарттар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмiне енгiзуге болмайды.
      5. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi:
      1) бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң
      2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң
      3) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуеттi өнiм берушiлердiң
      5) мемлекеттiк сатып алу туралы өздерiмен жасасқан шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiстi дәрежеде орындамаған өнiм берушiлердiң тiзбесi болып табылады.
      Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi соттың  заңды күшiне енген шешiмiнiң негiзiнде жасалады.
      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап он сегiз ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiмен жасалуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындамаған не тиiстi дәрежеде орындамаған өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап отыз ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер осы Заңда белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аталған тiзiлiмнен шығарылып тасталады.

      Уәкiлеттi орган әлеуеттi өнiм берушiнiң не өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған хабарламаның жiберiлгенi және оны алғаны фактiсiн растайтын тәсiлмен тиiстi хабарлама жiбередi.

      Әлеуеттi өнiм берушiнi не өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзу туралы шешiмге олардың сот тәртiбiмен шағым жасауына болады.
      Осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, уәкiлеттi органға мұндай әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiмет жiберуге және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтiнiш жасауға мiндеттi.
      6. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тiзiлiмде қамтылған мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшiн мүдделi тұлғаларға қолжетiмдi болуға тиiс.


11-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер
1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай:

1) тапсырыс берушілердің;

2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;

3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бірыңғай республикалық тізілімдерін (бұдан әрі - тізілімдер) қалыптастыруды және оларды жүргізуді жүзеге асырады.

2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауы үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесі болып табылады.

3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерін орындауының нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесі болып табылады.

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 26), 31) және 35) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге болмайды.

4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:

1) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;

2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;

3) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуетті өнім берушілердің;

4) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісті дәрежеде орындамаған өнім берушілердің тізбесі болып табылады.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жасалады.

Осы тармақта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушімен жасалуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы Заңда белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аталған тізілімнен шығарылып тасталады.

Әлеуетті өнім берушіні не өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың сот тәртібімен шағым жасауына болады.

Осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтініш жасауға міндетті.

5. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды веб-порталы Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнім жіктеуішіне (СЭҚ ӨЖ) сәйкес жүргізіледі.

Осыған байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің (жіктеуіштің) жеке тізілімін жүргізу орынсыз.
Мемлекеттік сатып алуды веб-порталы Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнім жіктеуішіне (СЭҚ ӨЖ) сәйкес жүргізіледі.

Осыған байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің (жіктеуіштің) жеке тізілімін жүргізу орынсыз.

Заңның 4-бабы 1-тармағы тармақшаларының нөмірлерінің өзгеруіне байланысты

Келісімге сәйкес келтіру мақсатында.

Мәселен, Келісімнің 15-бабы 5-тармағына сәйкес жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) туралы мәліметтер Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген, бірақ 2 жылдан аспайтын мерзімге жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізіліміне енгізіледі.

Уәкілетті орган мен электронды мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың арасында Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушалардың тізіліміне деректерді енгізу бойынша өзара әрекет етуді ұйымдастыру туралы регламентті енгізуге байланысты бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіні не өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушалардың тізіліміне енгізу жөнінде әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) электронды мекенжайларына тиісті хабарламаларды жолдайтын болады.




12

12-баптың

1-тармағының

4) тармақшасы

12-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi

1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрiмен жүзеге асырылады:


      1) конкурс тәсiлiмен. Конкурс екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланыла отырып өткiзiлуi мүмкiн;

2) баға ұсыныстарын сұрату;

3) бiр көзден алу;

     4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;

5) тауар биржалары арқылы.

      2. Тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келiспей-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн осы Заңға сәйкес таңдайды.


      3. Өзiнiң филиалының (өкiлдiгiнiң) қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жылдық көлемiн негiзге ала отырып, тапсырыс берушiнiң атынан осындай мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушiнiң филиалы (өкiлдiгi) тiкелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлiн тапсырыс берушi айқындауға құқылы.
    



12-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi

1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрiмен жүзеге асырылады:


      1) конкурс тәсiлiмен. Конкурс екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланыла отырып өткiзiлуi мүмкiн;

2) баға ұсыныстарын сұрату;

3) бiр көзден алу;

     4) аукциондарда

5) тауар биржалары арқылы.



Ұйымдастырылған электрондық сауда аукционды электронды форматта өткізу дегенді білдіреді.



13

12-баптың

4 және 5-тармақтары


 4. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдер арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.


      5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсiлмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.

4. Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген тәсілдер арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілуі мүмкін.

5. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілмен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет