«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте



бет7/11
Дата01.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#170486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

25-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру

.....
3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қарау кезiнде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдарды және түсiндiрмелердi жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруден көрiнетiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi.

Конкурстық комиссия, егер конкурсқа қатысуға өтiнiмде оның мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн өтiнiм ретiнде қарайды.

4. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:

1) оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;

2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).



25-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру

.....
3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қарау кезiнде конкурстық комиссия:



1) жазбаша нысанда, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда жазбаша да, сондай-ақ электрондық құжат нысанында да конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелер сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша нысанда, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда жазбаша және (немесе) электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруден көрiнетiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi.

Конкурстық комиссия, егер конкурсқа қатысуға өтiнiмде оның мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн өтiнiм ретiнде қарайды.

4. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:

1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесімен анықталған негіздемелер бойынша оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;

2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;



3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесімен анықталған негіздемелер бойынша оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты


Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты

Әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын қолдану барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі - Заң) нормаларының мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.12.2007ж. № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзенге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) нормаларының мынадай сәйкес келмеулері анықталды.

Айталық, Заңның 25-бабы
4-тармағының қолданыстағы редакциясына сәйкес Әлеуеттi өнiм берушi, егер:

1) оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;

2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.

Сонымен қатар, Ереженің 94-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген негiздер бойынша конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Сондай-ақ, Заңның 9-бабының


1-тармағына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi мынадай негiздердiң бiрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылуға тиiс:

1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушысының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн құжат (құжаттар) табыс етпеуi не тиiсiнше ресiмделмеген құжат (құжаттар) табыс етуi;

2) әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкестiгiн, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушысының) сәйкестiгiн растау үшiн табыс етiлген құжаттарында қамтылған ақпараттың негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу фактiсiнiң анықталуы;

3) бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсiнiң анықталуы.

Бұл ретте, Ереженің 87–1, 87–2-тармақтарында конкурстық өтінімдерден бас тарту негіздерінің нақты тізбесі санамаланған, онда құжатты тиісті түрде ресімдемеу үшін конкурстық өтінімнен бас тарту көзделмеген.

Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын біртекті қолдану мақсатында Заң мен Ереженің жоғарыда көрсетілген нормаларын сәйкестікке келтіру қажет.






26

25-баптың

7-тармағы

7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:

1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң мекенжайына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмесiн табыс ету не жiберу;

2) қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешiмi туралы мүдделi тұлғаларды хабарландыруға мiндеттi.



7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізген жағдайда конкурсқа қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:


      1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң мекенжайына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмесiн табыс ету не жiберу;
      2) қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешiмi туралы мүдделi тұлғаларды хабарландыруға мiндеттi.

Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні хатшы веб-порталда электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесінде көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына олар туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта бойынша автоматты түрде хабарлама бере отырып, жариялайды.

Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды барлық қажетті ақпарат орналастырылатын мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жүзеге асыруға байланысты




27

26-1-бап

26-1 – бап. жоқ


26-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру

1. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта жүргізеді.

2. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы деп танылған) рұқсат беру туралы хаттаманы жариялаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурстық баға ұсыныстарын беруі тиіс.

3. Конкурсқа қатысушылардың берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәліметтері конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің электрондық журналына автоматты түрде енгізіледі.

4. Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі өткеннен кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы мынадай жағдайларда:

1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылса.

Демпингтік баға есебінің тәртібі электрондық мемлекеттік сатып алу ережесімен анықталады;

2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артса;

3) конкурсқа қатысушы осы конкурс бойынша бұрын баға ұсынысын берсе;

4) осы баптың 2-тармағымен белгіленген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсынысы түссе автоматты түрде қабылдамайды.

5. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен белгіленген күнде және уақытта мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада тиісті салыстырмалы өлшемдер мәнін қолдану арқылы бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалайды және конкурсқа әрбір қатысушының шартты бағасы есептеледі.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды;

Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушi жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi жеңiмпаз деп танылады.


Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты




28

27-бап

1-тармағының бірінші бөлігі және 2-тармағы

27-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
1. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы айқындалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;

2) ҚР 20.11.2008ж. № 87-IV Заңымен алып тасталды;

3) конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыруға міндетті.


27-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
1. Конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы айқындалған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал конкурс тәсілімен өткізілген электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша сол күні конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей:

1) хаттама мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға;

2) конкурс тәсiлiмен өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттiк сатып алу веб-порталына орналастыруға мiндеттi.



Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізілген кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына олар туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама мәтінін жариялауға міндетті.

Барлық қажетті ақпарат орналастырылатын мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты

Барлық қажетті ақпарат орналастырылатын мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты





29

30-бап


30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негіздері

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу тапсырыс беруші үшін айрықшалығының елеулі маңызы жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

2. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлуге міндетті.

Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.



30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың негiздерi

1. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердің жылдық көлемі құндық түрде тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есеп көрсеткішінің төрт есе мөлшерінен аспаса жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

2. Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрлерiн баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлері және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.



3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлерін сатып алудың жылдық көлемін біреуінің мөлшері осы баптың 1-тармағында белгіленгеннен аз бөлікке бөлуге жол берілмейді.

Бағалы ұсыныстарды сұрату тәсілін қолданудың шектеулі шегін белгілеу ұсынылады, өйткені тапсырыс берушілермен күрделі жұмыстар мен тауарларды көп миллиондаған сатып алу кезінде осы тәсілді қолдану негізсіз жиі қолданылады


Бағалы ұсыныстарды сұрату тәсілімен қолдану үшін біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсақтатуды болдырмау мақсатында






69

31-бап


31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің интернет-ресурсында не ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін кез келген басқа да интернет-ресурста мынадай ақпаратты:

1) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, жүргізілетін мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;

1-1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (техникалық шарттары көрсетіле отырып) қысқаша сипаттамасы;

1-2) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;

1-3) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;

2) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуінің басталу және аяқталу мерзімі туралы ақпаратты;

3) елеулі талаптарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын орналастыруға міндетті.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аталған ақпаратты орналастырған күні осы тармақта көзделген ақпарат орналастырылған интернет-ресурс туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

Интернет-ресурста орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алда болатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алда болатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырумен бір мезгілде кемінде екі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақырту жіберуге құқылы, онда осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ақпарат қамтылуға тиіс. Шақыруға елеулі талаптары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілуге тиіс.

3. Әлеуетті өнім беруші бір ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын табыс етуі оның мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулі талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.

Баға ұсынысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертпен табыс етіледі.

Белгіленген мерзім өткенге дейін баға ұсыныстары салынған конвертті берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті журналына енгізілуге тиіс. Аталған мәліметтер журналға әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруіне қарай хронологиялық тәртіппен енгізіледі.

4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей баға ұсыныстар салынған конверттерді ашады, баға ұсыныстарын салыстырады және ең төменгі баға ұсынысын табыс еткен әлеуетті өнім берушіні айқындайды.

Егер ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші табыс еткен болса, онда баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

5. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізілуіне жол берілмейді.

6. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде екіден кем әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверт ұсынылса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімін бес жұмыс күніне ұзартады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген іс-шараларды орындайды.

7. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер:

1) ол аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе;

2) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың елеулі талаптарымен келіспесе не оны өзгертуді және (немесе) толықтыруды ұсынса;

3) әлеуетті өнім беруші бірден астам баға ұсыныстарын ұсынса, ол қабылданбай тасталуға жатады.

Баға ұсыныстарын өзге негіздер бойынша қабылдамай тастауға жол берілмейді.

8. Егер осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден кем баға ұсынысы қалса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

9. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын осы Заңның 7-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының лауазымды адамы әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бекітуге тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қорытындылар туралы ақпаратты осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат орналастырылған нақ сол интернет-ресурста орналастыруға міндетті.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын жариялау туралы талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай сатып алу қорытындылары туралы тапсырыс берушіге ақпарат беруге міндетті. Аталған ақпаратта қамтылуға тиісті мәліметтер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалады.

11. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қойып, оны ең төменгі баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына ең төменгі баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші не осы баптың 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес айқындалған жеңімпаз оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарттың жобасын табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қоюға тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының елеулі талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.

12. Егер әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты тапсырыс берушіге табыс етпесе, тапсырыс беруші:

1) дәл сондай баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушімен, ал мұндай әлеуетті өнім беруші болмаған кезде - мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан кейін ең төмен баға ұсынған әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға;

2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет