«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуiн қайтару

бет8/10
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#139772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

603-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуiн қайтару

...

2. Осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кетуi салық органының қосылған құн салығы бойынша асып кетудi қайтаруға қорытынды жасау күнiне және кейiнгi салық кезеңдерi үшiн декларацияларда көрсетiлген, бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы шегерiле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетiлген декларацияда салық кезеңiнiң соңында, қосылған құн салығының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушiнiң дербес шоты бойынша артық төлем сомасынан асып кетпеуге тиiс.

Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi  төлеу 
кезінде салық органдары төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын және қорытынды жасайды, ол қазынашылық органдарына ұсынылады. Қорытынды нысанында қандай деректер көрсетілсе, төлем тапсырмасында сол деректер көрсетіледі. Қазір Қазынашылық комитетімен бірлесіп салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есепке жатқызу және қайтаруды жүргізу бойынша қорытынды жасау жөніндегі талапты алып тастау шешімі қабылданып отыр. салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есепке жатқызу және қайтаруды төлем тапсырмасының негізінде жүргізілетін болады.

608- баб

6-тармақ

608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртiбi

...

6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.

608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртiбi

6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы тапсырыс хатпен хабарлай отырып пошта арқылы жіберуі тиіс және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.

Бұл хабарламаны салық төлеушiге электронды түрде жіберу интернетке қол жетімді кез келген жерде салық төлеушiге мүмкіндік туғызады және ол бойынша түсініктеме ұсынуға болады.

Бұл ретте бұл хабарлама салықтық зерттеу нәтижесі бойынша жiберiледі, онда орналасқан орны бойынша салық төлеушiнің жоқтығы расталады. Осыған байланысты, орналасқан орны бойынша нақты түрде жоқ салық төлеушiлерге қатысты оларды ҚҚС бойынша есептен шығару жөнінде шара қолдану мүмкін емес.

609-бап

609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

3-1. Осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:

...

3) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:

банктерді, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот іс қозғаған күннен бастап;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.

4) жоқ.

609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

3-1. Осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:

...

3) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

4) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығынан – осындай лицензиядан айырған күнінен бастап қолданылмайды.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73- бабының 1- тармағының қолданыстағы редакциясына және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69- бабының 3-2- тармағына сәйкестендіру.

Бұдан басқа, Парламент Сенатының қарауындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының жобасында

жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату және сәйкесінше жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату салдары да көзделмеген.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-1- бабының 1- тармағының қолданыстағы редакциясымен және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69- бабының 2- тармағымен сәйкестендіру.

614-бап

614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

2. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары:

3-1) жоқ;

4) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:

банктерді, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот іс қозғаған күннен бастап;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.

614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

2. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары:

3-1) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айыру, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығынан – сондай лицензиядан айыру күнінен бастап;

4) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығынан – осындай лицензиядан айырған күнінен бастап қолданылмайды.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-1- бабының 1- тармағының қолданыстағы редакциясымен және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69- бабының 2- тармағымен сәйкестендіру.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73- бабының 1- тармағының қолданыстағы редакциясымен және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69- бабының 3-2- тармағымен сәйкестендіру.

Бұдан басқа, Парламент Сенатының қарауындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының жобасында

жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату және сәйкесінше жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату салдары да көзделмеген.

627-бап
7-тармақ

627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

7. Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.

Жоқ.

9. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді:

2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген, оның iшiнде:

уәкілетті органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер;

жоқ;
9-1 жоқ.

Хронометраждық зерттеп-тексеру туралы шешімді салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер орналасқан жері бойынша салық органы шығарады.

9. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді:

2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген, оның iшiнде:

уәкілетті органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер;

осы баппен белгіленген жағдайларда, салық органы шешiмiнің негiзiнде.

9-1. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шешiмiнің негiзiнде:

салық органдарында тiркеу есебiне қою;

бақылау-касса машиналарының болуы;

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдері мен биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы;

бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау;

лицензиялау қағидаларын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау.

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтататұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салықтық тексеру жүргізу жүзеге асырылады.

Салық кодексі 627-бап 4-тармағы 3) тармақшасының нормасынан хронометраждық зерттеп-тексеру құжаттық тексеруге жатпайтын және салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемберді есептеуге әкелмейтін салықтық тексерулер түрінің бірі болып табылады.

Бұл ретте хронометраждық зерттеп-тексеру зерттеп-тексеру жүргізіліп жатқан кезең бойынша жүргізіледі.

Хронометраждық зерттеп-тексерулер негізінде салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан жері бойынша жүргізілетінін ескере отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында, сондай-ақ зерттеп-тексерулерді белгілеу туралы шешім жергілікті деңгейдегі салық органдарының қабылдағаны жөн.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хронометраждық зерттеп-тексерулерді белгілеу туралы актілер (нұсқамалар) Бас прокуратураның жанындағы құқықтық статистика органдарында міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Бұдан басқа, салық төлеушілерге құқықтық статистика органдарының ресми сайтында зерттеп-тексерулерді белгілеудің заңдылығы туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі берілген.
Редакциялық түзету. Салық кодексінің 627 бабы 7 және 9-тармақтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге байланысты.

Жекеленген мәселелер бойынша салықтық (рейдтік) тексерулер негізінде салық салу объектiлерінің орналасқан жері бойынша жүргізілетінін ескере отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында осындай зерттеп-тексерулерді белгілеу туралы шешімді жергілікті деңгейдегі салық органдары шығарғаны жөн.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық тексерулер тағайындау туралы актілер (нұсқамалар) Бас прокуратураның жанындағы құқықтық статистика органдарында міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Көрсетілген мәселелер бойынша салықтық тексерулер жүргізу кезінде жеке кәсіпкерліктің (бизнес-қоғамдастықтарының) өкілдері тартылатынын атап өткен жөн.

Осындай бірлескен іс-шаралар салық органдарының қызметкерлері жағынан да, сол сияқты салық төлеушілер жағынан да салық заңнамасын орындауының ашықтығын әкеледі.

Мәселен, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен жүргізілген тақырыптық (рейдттік) тексерулер жүргізу салық төлеушілер тарапынан дәлелсіз наразылықтар мен шағымдарын төмендетуге және жүргізілген тексерулердің нәтижесін ұлғайтуға ықпал етті:

- 2009 жылы жалпы саны 1 603 тексерулердің ішінде 729 тексеру немесе 45% қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жүргізілді, тексерулердің жалпы санынан нәтижелілік 71,5% (1 146) құрады;

- 2010 жылы жалпы саны 12 118 6 240 болғанда тексеру немесе 52% қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жүргізілді, тексерулердін жалпы санынан нәтижелілік 81,9% (9 924) құрады;

- 2011 жылы жалпы саны 15 493 болғанда 9 495 тексерулер немесе 61% қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен жүргізілді, тексерулердін жалпы санынан нәтижелілік 89,3% (13 840) құрады;

Бұл ретте, тақырыптық тексерулерде көрсетілген мәселелер бойынша салық төлеушілер жасаған салық заңнамасын бұзушылықтар мемлекеттің заңды мүддесіне, сондай-ақ, тауар, жұмыс және қызмет тұтынушыларға зиян келтіреді.

631-бап
1 тармақ

631-бап. Салықтық тексеру туралы хабарландыру

1. Салық қызметі органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:

резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына;
      резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;
      дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат қызметінің тоқтатылуына;
      салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, жоспарлы кешенді және (немесе) жоспарлы тақырыптық салықтық тексеру жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) жүргізілген салықтық тексеру туралы хабарламаны жібереді немесе тапсырады.

631-бап. Салықтық тексеру туралы хабарландыру

1. Салық қызметі органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:

резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына;

резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;

дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат қызметінің тоқтатылуына;

салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, жоспарлы кешенді және (немесе) жоспарлы тақырыптық салықтық тексеру жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кем емес бұрын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) жүргізілген салықтық тексеру туралы хабарламаны жібереді немесе тапсырады.

Редакциялық түзету.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР заңға сәйкестікке келтіру мақсатың және жоспарлық салықтық тексерудің басталуы туралы кәсіпкерлік субъектісін хабарландыру тәртібі бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру үшін.

645-бап

1 тармақ

645-бап. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.

Осы тармақтың ережесi:

...

2) мыналардың:

шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі шеңберінде қызметін патент негізінде жүзеге асыратын;

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);

...

Бұл ретте сондай бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша міндет бензин (авиациалықтан басқа), дизель отыны, алкоголь өнімдерінің көтерме және (немесе) бөлшек өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерде 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болады.

645-бап. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.

Осы тармақтың ережесi:

...

2) мыналардың:

арнаулы салық режимі шеңберінде қызмет атқаратын дара кәсіпкерлер үшін:
шығарып сату сөрелері, авто сөрелер, шатырлар, дүңгіршектер, контейнерлер арқылы патент негізінде және сауда базарларының аймағындағы шағын бизнес субъектілері үшін;

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін;

Бұл ретте сондай бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша міндет бензин (авиациалықтан басқа), дизель отыны, алкоголь өнімдерінің көтерме және (немесе) бөлшек өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерде 2014 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болады.

….

2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа еңгізіледі.

Қолма-қол айналымының бақылауын күшейту үшін, сонымен қатар ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1743 қаулы бойынша шығарылмалы сату сөрелер, авто сөрелер, шатырлар, киосктер, контейнерлер арқылы және сауда базарларының аймағында қызметін атқаратын дара кәсіпкерлер POS-терминалдарын қолданудан босатылатын, қаулына сәйкестендіру үшін.

БКМ-ді қолдану бойынша таратылатын талап салық төлеушілерге салықтық әкімшілендіру үшін сәйкесті құралды сатып алуды талап ететініне байланысты норманы қолданысқа еңгізуіді 6 айлық мерзімге созуды қажет деп санаймыз.

Бұдан басқа, мерзімді созу салық төлеушілерге сондай БКМ-ді қолданымға өтуге ауыртпалықсыз мүмкіндік береді, онің ішінде қолданыстағы БКМ-ді модификациялау бойынша сәйкес іс-шараларын жүргізу немесе жаңа модельдерін сатып алу.

666-бап 2- тармақ

666-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушiлердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарайтын органдар

...

2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізген салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667-675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.

666-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушiлердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарайтын органдар

...

2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667-675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.

Нақтылаушы түзету.

667-бап 1- тармақ

667-бап. Салық төлеушiнің (салық агентінің) шағым беру тәртiбi

1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық қызметінің жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.

...

667-бап. Салық төлеушiнің (салық агентінің) шағым беру тәртiбi

1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық қызметінің жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламаны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.

...

Нақтылаушы түзету.

671-бап 1- тармақ

671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

1. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) жiбередi немесе тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргізген салық органына жібередi.

671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

1. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiбередi немесе қолын қойдыра отырып тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргізген салық органына жібередi.

Нақтылаушы түзету.

677-бап 1- тармақ

677-бап. Уәкiлеттi органға шағым берудің тәртiбi

1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi (салық агенті) шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған күннен бастап не осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң жоғары тұрған салық қызметі органының шешiмi болмаған кезде отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.

Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған салық қызметі органына жіберуге тиіс.

677-бап. Уәкiлеттi органға шағым берудің тәртiбi

1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi (салық агенті) шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған күннен кейінгі күннен бастап не осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң жоғары тұрған салық қызметі органының шешiмi болмаған кезде отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.

Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған салық қызметі органына жіберуге тиіс.

Шағымды қарау нәтижесі бойынша жоғары тұрған салық қызметі органының шешімін салық төлеуші (салық агенті) алған күн оны салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойғызып тапсырған күн немесе оны салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырыс хатпен почта арқылы жібергенде почта немесе өзге де ұйымның хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) белгі қойған күні болып табылады.

Уәкілетті органға шағым беру күні оны беру тәсіліне қарай мыналар болып табылады:

1) келу тәртібінде - уәкілетті органның шағымды алу күні;

2) почта арқылы - пошта не өзге ұйымның хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) белгілеу күні.

Уәкілетті органға шағым беру мерзімін есептеген кезде біржақты тәсілді ұстану мақсатында салық төлеушінің жоғары тұрған салық қызметі органының шешімін алған күн регламенттелген және Салық кодексінің 670-бабының 1-тармағына ұқсас уәкілетті органға шағым беру күні белгіленген.

681-бап 1- тармақ

681-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлген шағым бойынша шешiм шығару

1. Уәкілетті орган шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші салық төлеушiге (салық агентіне) жiбередi немесе тапсырады, ал көшiрмесiн салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібередi.

681-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлген шағым бойынша шешiм шығару

1. Уәкілетті орган шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші салық төлеушiге (салық агентіне) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiбередi немесе қолын қойдыра отырып тапсырады, ал көшiрмесiн салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібередi.

Нақтылаушы түзету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет