«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ»


Мемлекеттің – құрлысы: механизмі



бет7/10
Дата13.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#133831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мемлекеттің – құрлысы: механизмі


Заң шығарушы ,Атқарушы , Сот органы

Атқаратын қызмет бойынша.

Ішкі қызмет,Сыртқы

Мемлекеттің механизмі (аппараты)


Жоғарғы өкілдің, заң Сот


шығаратын органы Прокуратура

Мемлекет басшысы Әскер

Жоғарғы атқарушы орган Барлау

Жергілікті атқарушы орган Абақты

Орталық басқару орган

1. Өкілді органар Қазақстан Республикасында өкілдік орган екіге бөлінеді: жоғарғы өкілді орган – Парламент сонымен қатар заң шығарушы орган

жергілікті өкілді орган – облыс, аудандық мәжілістер

2. Мемлекет басшысы – Президент

3. Атқарушы орган. Қазақстандағы атқарушы орган – Үкімет, жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.

4. Орталықтан басқаратын органдар. Оларға жататындар:министрліктер, мемлееттік комитеттер.

5. Сот органдары. Жоғарғы сот, жергілікті соттар, әскери соттар.


  1. Прокуратура ол заңдардың орындалуын қадағалайтын орган

  2. Әскери орган мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері.

  3. Барлау , қарсы барлау органы.

  4. Абақты, бас бостандығынан айрылған адамдарды ұстап тұратын орган.

Мемлекеттік орган

Мемлекеттік орган мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрлымдық бөлшегі.


Мемлекеттік саяси режим

Саяси режим дегеніміз -мемлекеттік үкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.

Демократиялық саяси режимнің


  1. әртүрлі партиялардың бірнеше кезеңге партия шеңберінде еркін әрекет, қызмет атқару

  2. идеологиялық

  3. мемлекеттік орган негізінен сайлау жолымен құру

Пысықтау сұрақтары:

Мемлекеттік органдар түсініг, құрылым және жүйесі
Дәріс- 9.Қазақстан Республикасының Президентінің конституцяилық құқықтық мәртебесі

Мақсаты : ҚР ның Президентінің ел басшысы ретіндегі өкілетілігі мен құзіреті президент ұғымын президенттік билік ерекшеліктерін оқытуды міндет етеді

1.Президенттік құқықтық мәртебесі

2.Президенттің құқықтық мәртебесі

3.Президент әкімшілігі және басқа органдар

1. Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет Америка Құрама Штаттарында пайда болды.Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президентіқызметі орнықтырылды.Президенттік қазіргі танда Еуропаның, Азияның; африканың ;американың көптеген елдеренің саяси жүйесінің элементі болып табылады.

Президенттік институты президенттік,сондай -ақ парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде.Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады,ал нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдайды иеленеді.Президенттік Республика мынандай қырлармен сипатталады;Үкімет Президент алдында жауапты, үкімет мүшелері Президент өз қалауымен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.Президент заңдар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған заңдарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға құқылы; Президент өз қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығаруға құқылы; Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады.Президент Парламентті кезектен тыс сессиясын шақыруға,Парламентті таратуға және мезгілінен бұрын Парламент сайлауын тағайындауға құқылы.Президент референдум өткізуге,төтенше жағдай енгізуге және басқаларына құқылы.Президенттік Республика дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ та; Францияда,Италияда,Түркияда, Аргентинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корея республикасында және басқаларында қызмет етеді.



2.Президенттің құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады.Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы тарау Жоғарғы Кеңес туралы тараудан кейін орнастырылған.Ол Жоғарғы Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден –бір заң шығарушы және жоғарғы уәкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді.Конституция мемлекетті парламенттік республика құруға бағыттады.Ал, 1995 жылғы ҚР ның Конституциясы мемлекеттік билік орагандары жүйесінде бірінші орынға Президентті қойды.Сөйтіп, Қазақстан Республикасында Президенттік басқару жүйесінің орнықтырылғаны туралы Конституциялық қағиданы бекітті.

Н.Ә Назарбаев басқарудың президенттік жүйесін «мемлекеттің бүгінгі таңдағы басшыларының қайсы бір мүдделері мен амбициялары емес ,обьективті факторлар тудырады. Және бұл біздің еліміз үшін айтарылықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет» деп жазды.12 шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзінен-өзі тарқағаннан және Президентке заң шығару органның кейбір өкілеттігі уақытша берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша жедел және сапалық деңгейі айтарлықтай жоғарғы Конституциялық және жай заңдық күші бар жүздеген Жарлықтар шығарды. Бұл заң шығармашылық салада президенттік қабілеттілік пен мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда айтарлықтай мәні болды.Конституцияның Президенттің мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орнынын белгілейтін 40-бабы Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады.Конституцияның көрсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады.Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі сияқты ,халықаралық қатынастарда да Президент атынан бағаланады.Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғарғы лауазы болып табылады.

Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы бойынша атқарушы билікті Үкімет жүзеге асырады және ол атқарушы органдарды басқарады.Сонымен бірге өз қызметі үшін Президент алдында Үкіметтің өз жауап береді.Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды.Және сайлау баламалы сипатта өтеді.Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.

Қазақстан Республикасы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының,адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады.Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатының себебі,оны мемлекет басшылығына көп ұлтты халық сайлайды.Президент халық еркінің бірлігін білдіреді.Президент халық атынан сөйлеуге құқылы.Президенттің мемлекет билігінің кепілі болып табылатының себебі, ол билік тармақтарының бірде –біріне жатпай,оның барлық тармақтарының келісімен қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс.Президент Конституцияның,мемлекеттің басқа заңдарының сақталуын да мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамсыз етуі тиіс.

3.Президент әкімшілігі және басқа органдар

Конституцияға сәйкес Президент Әкімшлікті қалыптастырады.Әкімшілік Президенттің стратегиялық ұстанымдарын қамтамасыз етуі тиіс. Президенттің әкімшілік құрылымы осынымен ерекшелінеді.

Президент Конституцияға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесін Жоғарғы Сот Кеңесін және өзге консультативті кеңесшісі органдар құрады.

Қауіпсіздік Кеңесі туралы Ереже 1996 жылғы 8 желтоқсанда Президент Жарлығымен бекітілді.Ол қорғаныс қабілітін және ұлттық қаіпсіздікті қамтамсыз ету,адамдардың құқықтары мен тұтастығын қорғау саласында бірыңғай саясат жүргізу үшін құрылады.Оның міндетіне: мемлекеттік мүдделерді,оның негізіг бағыттарын белгілеу,оны жүзеге асыру, қорғау,ұлттық қауіпсідікке төнетін ішкі және сыртқы қауіп қатерді анықтап,оның жолын кесу,Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасын ,ұсыныс,нұсқауларын әзірлеу кіреді.Қауіпсіздік Кеңесі пәрменді құрылымдардың,орталық және жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіреді, сондайақ заң жобалалрын талдайды,өз құзіреті шегінде нормативтік құжаттардың орындалауын бақылайды.ҚК отырыстары Президентің төрағалығымен өтеді.ҚК құрамына құқық қорғау органдарының, Сыртқы істер министрлігінің ,Қаржы министрлігінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшылары кіреді.

Өзге консультативті-кеңесшісі органдардың ішінде Қазақстан Халықтары Ассамблеясының алатын орны ерекше.

Ассамблеяның қызметі мынандай міндеттерге: елде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтауға,барлық ұлттардың өкілдері арасындак достық қарымқатынасты дамытуға әсер ететін мемлекеттік саясатты жүргізу жөнініде ұсыныстар әзірлеуге,олардың рухани –мәдени гүлденуіне және тепе теңдік принципі негізінде дамуына ықпал етуге; азаматтардың өркениетті және демократиялық нормаларға сүйенген саяси мәдениетін қалыптастыруға;қоғамда туған әлеуметтік қайшылықтарды шешу үшін бәтуалық жолды іздестіруге бағытталған

Конституция Мемлекеттік хатшы лауызымын қарастырған:президенттің Жарлығымен Мемлекеттік хатшының мәртебесі мен өкілеттігі белгіленеді.Мемлекеттік хатшыны Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.Ол Президентке есеп береді және оның бақылауында болады. Ол әлеуметтік –экономикалық,аймақтық және құқықтық саясаттың негізгі бағыттары бойынша; мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімен жұмыс істеуін қаматамсыз ету жөнінде; республикалық ішкі саяси стратегияы және Президенттің (СІМ мен бірлесіп! Халықаралық бастамсасын жүзеге асыру жөнініде Президентке ұсыныстар әзірлейді.Ол Президенттің әртүрлі тасырмасын орындайды,кадр саясатын әзірлеуге және басқаларына қатысады.

Пысықтау сұрақтары

1.Президенттік құқықтық мәртебесі

2.Президенттің құқықтық мәртебесі

3.Президент әкімшілігі және басқа органдар

Дәріс -10.Қазақстан Республикасының Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі

Мақсаты: ҚР ның Парламент заң шығарушы орган ретіндегі билік тармағындағы тұрған орган, оның мемлекеттік билік жүргізудегі алатын ролі мен маңызы,қызмет жасау құзіреті туралы білім беруді көздейді

1.Парламент органы

2.Парламент палаталарының депутаттары

1.Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған «бір буынды» өкілетті органының орнына келді.Жоғарғы Кеңес жоғарғы өкілді орган ретінде 1937 жылғы ҚСР Конституциясымен белгіленді. Қазақ КСР ның 1978 жылғы Конституциясы да Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғарғы ретінде таныды.ОЛ КСРО КОнституцияснда көрсетілген республика құзырындағы барлық мәселелерді шешеуге құқылы болды.

Қазақстан Республикасының 1993 жылығы Конституциясы Жоғарғы Кеңесті республиканың бірден бір заң шығарушы және өкілді органы деп таныды. Конституцияның Жоғарғы кеңеске кең өкілетілік бергендігі сондай , мемлекетік билікті бөлісіу принципі шын мәніде мүлдем болған жоқ. Сонымен бірге тежемелік және тепе теңдік жүйесі де орнылықтырылмады.Сөйтіп,1993 жылғы Конституция мемлекеттік биліктің қайшылықты құқықтық базасын жасады. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес,әриние, өз қызметі толық атқара алмады. Жоғарғы Кеңес қызметне сын айту ретсіз де болар еді.

Н.Ә.Назарбаевтің пікірінше,Қазақстан үшін парламенттік республиканың орнықтырылмағанының себебі, онда «...парламантаризмнің дәстүрі мен мәдениеті,көп партияларлылықтың дамыған жүйесі болмады және,ең бастысы, мұның бәрін халықтың қалың көпшілігінің санасы қабылдамады.Бүгінгі таңда бізде ол жоқ». Бұл үшін уақыт керек.Президенттік басқару жүйесіелді басқарудың тиімді прогрессивті әдісі болып шығуы мүмкін

ҚР ның 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығаур қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. ҚР ның Парлмаенті жоғарғы өкілді орган ретінде де,өмірге келді .Халық тікелей ғана емес,парлмаент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді.Заң шығару қызметімен бірге Парламент,шектеулі көлемде болса да,атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады. Парламент республикасының бюджетін және оның орындалуы жөнініде Үкімет пен Республикаылқ бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебін бекітеді,өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.Пралмент Үкіметтін бағдарламасын мақұлдауы немесе қабылдамай тастауы және Үкіметтің қызметіне сенімсіздік білдіруі мүмкін.

ҚР Конституциясыбірінші рет Парламенттің екі Палаталық (Сенат және Мәжіліс) құрлымын бекітті.Мәжіліс Қазақстан Республикасының бпрлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс депутаттары жалпы сайлауларда сайланады.Сенатқа депутаттардың бір бөлігі жаңама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігін Президент тағайындайды.Сенат депутаттары әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін ,жергілікті пікірлерді білдіреді.Сонымен бірге Сенат –бүкіл республика органы. Сондықтан Мәжіліс қабылдаған заң жобасы Сенат мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.

ҚР Парламентінің Палаталарына айырықша өкілеттіктер берілген ,олар өз құзіреітндегі мәселелерді дербес шеше алады. Конституция Парламент Палаталарының бірлескен отырысының құзіретіндегі мәселелерді қарастырған (53 бап)

Жоғарыда көрінгендей,1) Парлманенттің Сенат пен Мәжілістің бірлескен және жеке отырыстарында жүзеге асырылатын құзіреті

2) Сенаттың қатаң құзіреті

3) Мәжілістің қатаң құзіреті бар.

Мәжіліс пен Сенат үшін әртүрлі қызіретті белгілей отырып Конституция Парламент қызметінің тежемелік және тепе теңдік жүйесін құрады.Атқарушық биліктің болуы мүмкін қарма қарсы тұрудың ,даурықпалыққа әуестенуінің жолын кесу мақсатында Сенатқа Мәжіліске қатысты шектеушіліік мүмкіндік берілген.Мұны белгілі бір деңгейде түсініүі болады, өйткені өкілді органдарға бұрынғы кездері қалыптасқан сенімсіздік әлі күнге дейін жалғасып келеді

2.Парламент палаталарының депутаттары

Сенат екі тәсілмен қалыптасады1) депутаттардың бір бөлігі әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және республиканың астанасынан екі адамнан, тисінше облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және республика астанасынан барлық өкілетті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады.2) Сенаттың жеті депутатын Республика Президенті Парламент өкілеттігі мерзіміне тағайындайды. Сенат мүшелігіне тағайындалатындардың өкілеттігі алынған немесе тоқтатылған жағдайда Президент 10 күндік мерзімде олардың орнына Парламент өкілеттігінің қалған мерзіміне Сенат депутаттарын тағайындайды.

Азаматтығына кем дегенде бес жыл болған,отыз жасқа толған,жоғарғы білімді және кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірбиесі бар, тиісті облыс, республикаылық маңызы бар қала не республикалық маңызы бар қала не республикалық астанасы аумағында кем дегенде үш жыл тұрақты тұратын азамат Сенат депутаты бола алады.

Мәжіліс республиканың әкімшлік –аумақтық бөлінісін және шамамен сайлаушылардың сан жағынан тең келуін ескере отырып құрылатын бір мадатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған 67 депутаттан тұрады.Он депутат Мәжіліске партиялық тізімдер негізінде пропорционалдық өкілдік жүйесі бойынша біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінде сайланады.25 жасқа толған республика азаматы Мәжіліс депутаты бола алады.Парламент депутаты қос Палаға бірдей мүше бола алмайды, басқа өкілетті органға депутат болуға, оқытушылық,ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа ақы алатын лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға,басшы органның немесе коммерциялық ұйымдардың бақылау кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.

Депутаттың өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен,Президенттің «ҚР ның Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен және басқа нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.Парламент депутаттының өкілеттігі республикалық Орталық сайлау комиссиясы оны Парламент депутаты етіп тіркеген кезден басталады. Парламент депутаттарының бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен отырыснда депутаттар Қазақстан халқына ант береді. Ант Үкіметтің,Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен Президент алдында қабылдайды.

Парламент депутатының өкілеттігі

Депутат парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады.Депутат Парламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге ,Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымдыадамдардың есебін тыңдау туралы ұсныс енгізуге; депутаттардың сауал салуға, парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге азаматтардың маңызды өтініштері т.б өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Депутаттардың Парламент сессияларына ,оның Палаталарының отырыстарына қатысуы

Депутат Парламент және оның құрамына кіруге тиісті органдарының жұмысна қатысуға міндетті.Депутат дауыс беру құқығын жеке өзі жүзеге асырады.Оның дауысын бақа депутатқа беруге құқығы жоқ.Палата Бюросының ,оның тұрақты комитеттерінің, Парламент комиссияларының және оның Палаталарының құрамына кірген депутат оның қарауына кез келген мәселені енгізуге ,мәселелерді қарауға әзірлеуге ,ол бойынша талқылау мен оны қабылдауға қатысуға,сондайақ қабылданған шешімдердің жүзеге асырыуын ұйымдастыруға, олардың оындалуын бақылауға құқылы. Ол Парлмаенттің өзі құрамына кірген органның шешімімен келіспесе, өз көзқарасын Парлмаент сессияларында мәлімдеуге немесе ол туралы жазбаша нысанда хабарлауға құқылы. Палата Бюросының,оның комитеттерінің, комиссияларының құрамына кірмеген депутаттар аталған органдардың отырыстарына белсенді түрде қатыса алады.

Пысықтау сұрақтары:

1.Парламент алатын орны мен ролі

2.Парламент билік иституты
Дәріс -11. Қазақстан Республикасының Парламент депутатының конституциялық құқықтық мәртебесі

Мақсаты: Парламент дептатының билік жүйесіндегі алатын орны мен ролі

1.Парламент депутатарынң конституциялық құқықтық мәртебесі

2.Депутаттық сұрау
1.ҚР ның 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығаур қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. ҚР ның Парлмаенті жоғарғы өкілді орган ретінде де,өмірге келді .Халық тікелей ғана емес,парлмаент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді.Заң шығару қызметімен бірге Парламент,шектеулі көлемде болса да,атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады. Парламент республикасының бюджетін және оның орындалуы жөнініде Үкімет пен Республикаылқ бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебін бекітеді,өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.Пралмент Үкіметтін бағдарламасын мақұлдауы немесе қабылдамай тастауы және Үкіметтің қызметіне сенімсіздік білдіруі мүмкін.

ҚР Конституциясыбірінші рет Парламенттің екі Палаталық (Сенат және Мәжіліс) құрлымын бекітті.Мәжіліс Қазақстан Республикасының бпрлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс депутаттары жалпы сайлауларда сайланады.Сенатқа депутаттардың бір бөлігі жаңама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігін Президент тағайындайды.Сенат депутаттары әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін ,жергілікті пікірлерді білдіреді.Сонымен бірге Сенат –бүкіл республика органы. Сондықтан Мәжіліс қабылдаған заң жобасы Сенат мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.

ҚР Парламентінің Палаталарына айырықша өкілеттіктер берілген ,олар өз құзіреітндегі мәселелерді дербес шеше алады. Конституция Парламент Палаталарының бірлескен отырысының құзіретіндегі мәселелерді қарастырған (53 бап)

Жоғарыда көрінгендей,1) Парлманенттің Сенат пен Мәжілістің бірлескен және жеке отырыстарында жүзеге асырылатын құзіреті

2) Сенаттың қатаң құзіреті

3) Мәжілістің қатаң құзіреті бар.

Мәжіліс пен Сенат үшін әртүрлі қызіретті белгілей отырып Конституция Парламент қызметінің тежемелік және тепе теңдік жүйесін құрады.Атқарушық биліктің болуы мүмкін қарма қарсы тұрудың ,даурықпалыққа әуестенуінің жолын кесу мақсатында Сенатқа Мәжіліске қатысты шектеушіліік мүмкіндік берілген.Мұны белгілі бір деңгейде түсініүі болады, өйткені өкілді органдарға бұрынғы кездері қалыптасқан

1.Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында депутаттарының мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының Парламент сессиямына осы органның немесе лауазымды тұлғаның құзіретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе көз -қарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.

Парлмаент депутаты Премьер –Министрге және Үкімет мүшелеріне,Ұлттық Банктің Төрағасына ,Орталық сайлау комиссиясының Төрағасына және мүшелеріне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелеріне сұрау сала алады. Бұл ретте Бас Прокурорға салынған сұрау қылмыстық құдалау қызметтерін жүзеге асыуға байланысты мәселелерге қатысты болмауы тиіс.

Депутаттық сұрау салу ауызша немесе жазбаша түрде болуы мүмкін және арнайы адамға арнаулы мүмкін.Қойылған сұрауға Парлмаенттің немесе палаталардың жалпы жиналысында жауап беруі тиіс.

Депутаттар Парламентте бірлесуді ұйымдастыруға құқылы.Фракция-белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партияны немесе өзге қоғамдық бірлесуді білдіретін депутаттарының ұйымдасқан тобы;ол Парламенттегі тиісті саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатында құрылады.

Депутаттық топ- сайлау округтеіндегі бірлескен қызметінде өздерінің өкілеттігін жүзеге асыру мақсатында депутаттардың бірлесуі.Қайсібір фракцияның құрамына кіруге кедергі келтірмейді.

Депутаттық бірлестіктер Палата Бюросында тіркелуі тиіс . Кезінде бірде бір депутаттық бірлестіктерге кірмей қалған Мәжіліс депуттары кейін бірлестік мүшелерінің келсімен оның кез келген қатарына кіре алады.Депуиаттық бірлестіктер ішкі жұмысн дербес жүргізеді.



Пысықтау сұрақтары

1.Мемлекеттік биліктегі заң шығарушы органның алатын ролі

2. Парламент Палаталарының жекелеген қызметтері

3.Парламент Палаталарының өкіліеттілк мерзімі

4.Заң шығару процессі
Дәріс -12.Қазақстан Ресупбликасының Үкіметтің конституциялық құқықтық негіздері

Мақсаты: ҚР ынң Конституциясы бойынша Үкіметтің билік жүргізудегі алатын ролі мен маңызы, қызмет жасау бағыттары ,құзіреіт білімді қалыптастыруды көздейді

1.Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы биліктің жоғарғы органы

2.Үкіметтің құрылуы және құрамы

3.Үкіметтің құзіреті
1.Қазақстан Республикасының Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады,атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. (64 бап).Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғарығы органы болып табылады.Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдық табиғатын ашады,мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі алатын орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды.Барлық атқарушы органдарды басқаратын ,олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғарғы атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттік атқарушы билігін бейнелейді.Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі алатын орнын анықтайды,биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді.:конституция Үкімет пен Парлмаенттің ; ҮКімет пен Президенттің өзара қарым –қатынастаының анықтап,тежемелік және тепе теңдік механизмін белгілейді.

Үкіметтің сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Үкімет мемлекеттің атқарушы билігінің жоғарғы органы ретінде атқарушы органдар жүйесін басқарады. Конституцияның аталған қағидасына «бірыңғай» деген сөз болманымен,баптың мазмұыны 64 бап атқарушы билік органдарының бірыңғай жүйе құрайтына күмәндануға негіз жасамайды. Ол Конституцияның 87 бабымен дәлелденеді, онда «жергілікті атқрушы органдар ҚР ның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесне кіреді» делнген.

Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министерліктердің,мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомствалардың жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғарғы органы ыретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен; Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен ,басқа да норматитвтік жарлықтарымен оның қарауныа жатқызылған мәселелерді жеке шешеді.Үкімет өз құзіретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды ,заңдардың ,Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады,өзге де халықаралық шарттар жасасады,барлық атқарушы билік органдарын басқарады,олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылыун болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.

Үкімет қызметінің құқықтық негізі Конституция,заңдар,Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет