Қазақстан Республикасының конституциясы мемлекет пен қоғамның негізгі заңы



Дата21.10.2022
өлшемі17.28 Kb.
#463199
Тәжірибелік тапсырма №2


Қазақстан Республикасының конституциясы мемлекет пен қоғамның негізгі заңы


Әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жи­нағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында да ел тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды. Мемлекетіміздің тым қысқа мерзімде өз Конституциясын жасап, қабылдағаны талай­ларды таңқалдырғаны Қазақстан Республикасы өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Ата Заңы арқылы да бүкіл әлемге танытты. Қазақстан Республикасының Конституциясы егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан заңнамалық акт болды. Ата Заңның қабылдануы конститу­ция­лық құрылыстың саяси-құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі қағидаттарын ор­нық­тырды. Адам мен азаматтың консти­ту­циялық мәртебесін белгіледі. Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес жасалды. Ата Заңның алғысөзінде “Біз ортақ тарихы бар, тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...” деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде екені айтпаса да түсінікті. Бұл босқа жазыла салған сөз емес. Себебі, Қазақстан хал­қының тарихи тағдырының бірлігі ел аума­ғында көптеген ұлт өкілдерінің ұзақ уақыт бойы саны 65%-ға жақындаған қазақ ұлтымен бірге тұруы нәтижесінде қалыптасты. Олар әр кезеңде әртүрлі себеппен біздің атамекенімізге қоныс аударды. Бірнеше ұрпақтар ауысуының барысында Қазақстанда болған саяси, эко­номикалық, әлеуметтік, мәдени оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері болды. Бірлесе отырып ел тәуелсіздігін қалыптастырды және қорғады, жеңіс үшін майданда қатар жүріп ерлік көрсетті. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрыл­ғаннан кейін, елде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар егемен мемлекетті бір кісідей мойындады. Сөйтіп, олар өткен кезеңдердегі тағдырларының тарихи бірлігін іс жүзінде дәлелдей отырып, бірауыздан жаңа мемлекетті одан әрі дамытуға әзір екендіктерін білдірді. Қазақстан Республикасы Конституция­сы­ның идеяларын, қағидаттарын және нормала­рын саяси, құқықтық жағынан талдау еліміздің экономикалық-әлеуметтік, рухани тұрғыда өсуіне серпіліс пен қуат беретіні анық. Ата Заң адамның құқығы мен бостандығын қорғау мен іске асыру, материалдық әл-ауқатын жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудың, құқық тәртібі мен заңдылықты орнықтырудың міндетті түрде орындалуға тиісті шарты болып табылады. Жоғарыда айтылған ойымды түйіндейтін болсам, Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғам өмірінің жол көрсетушісі – Ата Заңы болып табылады. Осы идеяның мен­шікке, азаматтардың құқықтары мен бостан­дық­тарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін ешқашан естен шығармауымыз керек. Конституцияны бірауыздан қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын іске асырды. Сөйтіп, біз Ата Заңда негізі қаланған құқықтық мемлекетті және аза­маттық қоғамды қалыптастыру жолын таңдап алдық. Әрине, Қазақстан халқының егемен құқығы тек Конституция қабылдаумен ғана тиянақ­тал­майды. Ол мемлекеттің аса маңызды мәсе­ле­лерін шешу үшін халықтың бойындағы барлық конституциялық-құқықтық мүмкіндіктерді де жинақтап, қарастырады. Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселе­лерін талқылау және шешу кезінде құқықтық санасы жоғары әрбір азамат Конституцияда көрсетілген жауапкершілікті жан-жақты сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда, өз Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақ­тауымыз біздің барлығымыздың, яғни Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың міндеті мен парызы. Себебі, Конституция біздің бүгініміздің негізін қалай отырып, болаша­ғамыздың айқын болуына бастайтын шам­шырақ іспетті десек артық айтқандық бола қой­мас.
Біздің Конституциямыз Қазақстан хал­қының материалдық әл-ауқатын арттырудың локомотивіне айналды. Қазір бізде мемлекеттік және жеке меншік теңдігі, кәсіпкерлік еркін­дігі, қоғамның қажетті қағидаттары ескеріле оты­рып, осы тұрғыдағы тағы басқа да тетіктерді пайдалануға сәйкес дамуда. Бұл өз кезегінде эко­номиканың өсуі мен өркендеуіне айтар­лықтай ықпалын тигізуде. Ата Заңымыз меншік иелерін, бірінші кезекте, мемлекеттің өзін көп нәрсеге міндеттеуде. Негізгі заңды орындау арқылы мемлекет медициналық қызметті және білім беруді жақсарту, жаппай тұрғын үй құры­лысы, жалақы және әлеуметтік төлемдер мөл­ше­рін көбейту, азаматтарға және отандық кә­сіпкерлерге салықты азайту сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуде. Конституцияны басшы­лыққа алған Қазақстан халқының біріге еңбек етуінің нәтижесінде қаржы-экономикалық дағдарысқа да қажетті тосқауыл қойылуда. Мемлекет әлеуметтік бағдарламалар арқылы жағдайы ауыр азаматтарға өтемақылармен қолдау көрсетуде. Мемлекеттің мұндай консти­ту­циялық рөлі барлық әлеуметтік-экономика­лық саясатты қайта қарауға мәжбүр еткен қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде өзінің тиімділігін байқатты.
Қорыта айтқанда, Конституция - біздің саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік экономикалық дамуымыздың қайнар көзі деп бәлемін. 


Пайдаланылңан әдебиеттер:

  1. Конституция Республики Казахстан. Научно-практический комментарий. – Астана: 2018. – 640 с.

  2. «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәнінен оқу құралы./ Байжұманова А.М. –Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2013. -259 б


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет