Реферат тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекет және қоғамның негізгі заңы»



бет1/2
Дата03.03.2022
өлшемі121.41 Kb.
#455924
түріРеферат
  1   2
РЕФЕРАТ 1 Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет және қоғамның негізгі заңы


Білім және ғылым министрлігі
Қ
азақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекет және қоғамның негізгі заңы»

Орындаған: Абдыкалыкова Анель Қанатқызы
Тексерген:Тасыбаева Сауле Кенесбаевна
Факультет:Ю2В/к-21
(1группа) Құқықтану
Кафедра :Құқықтық пәндер
Алматы 2021
Кіріспе

Мемлекет – белгілі бір территориясы, шегарасы, рәміздері, ұлты бар жалпыхалықтық ұйым. Қоғамның барлық саласында болып жатқан құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керегін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Заңдардың бәрінің бастауы, негізі – Конституция. Конституция (лат. constitutio – құрылу, өкім деген мағынаны білдіреді) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің гегізгі заңы.


Конституцияның мәні мемлекеттің негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етіледі. Қазақстан Республикасының конституциясында халық ұғымы барлық ұлтты түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі.
І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтық қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған.
ІІ бөлімде адам құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер қамтылған.
ІІІ бөлімде президенттің, ІV бөлімде парламенттің, V бөлімде үкімет құрамының жасақталуы, сайлау және тағайындау мерзімдері мен заңдары, өкілеттіктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі-сыртқы саясатты айқындап жүргізуі т.б. баяндалған.

VІ бөлімде Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары, VІІ бөлімде соттор мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған.


VІІІ бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері, ІХ бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.
Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан мемлекеттің, ал екінші жағынан қоғамның негізгі заңы болып саналады. Мұның өзі мемлекеттің биліктің қайнар көзі ретінде және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық элементімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заң шығарушылық қызметімен, т.б. қоса баянды етеді. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қарым-қатынастарының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық құрылыстың экономикалық, ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін де анықтайды. Мемлекет қана емес, оның институттары да конституцияның құқықтық ережелерін, идеяларын пайдаланады. Қоғамның құрамдас бөліктері де (бірлестіктер, ұйымдар) өз қызметтерін конституцияға негіздеп құруы тиіс. Жекелеген заңдар бір қоғамдық институттардың – саяси партиялардың, діни, мәдени бірлестіктердің т.б. құрылуы мен қызметтерінің бағыттарын анықтайды. Өздерінің мақсаттары мен әрекеттері арқылы конституциялық құрылысты зорлықпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық ұйымдардың құрылуына және әрекет етуіне тыйым салатын конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей іске асырылады. Сондықтан құқық қорғау органдары конституция нормаларының бұзылу жағдайына қатысты шаралар қолданғанда конституцияны тікелей басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні – мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер конституцияға қайшы келмейтін болуы тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да – жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға, барлық азамат, олардың бірлестіктері конституция қағидаларында сақталуы керек. Конституцияда оның ережелері, нормалары тікелей қолданылады деген нұсқау бар. Мұның мәні – әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға, әсіресе сотқа өтініш білдіргенде, конституцияны және оның нормаларын пайдалануға құқылы.
«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ» конституциялық құқығы құқық саласы, ғылым саласы және оқу тәртібі ретіндеұғынылады.Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемелекеттіңқұрылысының негіздерін, атап айтсақ ҚР-ң конституциялық құрылыс негіздерін, жекеадамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы менқызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп,бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.Конституциялық құқық саласының пәні болып оның нормаларымен реттелетінқоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәніболып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялыққұрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттікбиліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құрылысы, жергілікті өзін-өзі басқарудың негіздері табылады.Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конституциялық құқықнормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп,бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салутәсілдері.Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесінде алатын орны ерекше. Олжетекші, фундаменттік құқық саласы ретінде анықталады. Себебі, 1-ден, ол қоғамныңбарлық салаларына (экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т.б.) әсер етеді, ал өзгеқұқық салалары тек бір салаға ғана әсер етеді, 2-ден, конституциялық құқық солсалалардың барлық қатынастарын емес, тек негізгі, басты қатынастарын ғана реттеп,бекітеді. Басқа құқық салалары үшін негіз болатын нормалар белгілейді.Жоғарыда атап кеткеніміздей конституциялық құқық тиісті қоғамдық қатынастарғаконституциялық құқықтық нормалар арқылы әсер етеді. Конституциялық құқықтық норма– бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетінжүріс-тұрыс ережесі. Ол конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын анықтайды. Конституциялық құқықтық нормалардың негізгі нышандары болыпкелесілер табылады:- Конституциялық құқықтық норма – жалпыға міндетті ереже, яғни ол тұлғалар ментүрлі ұйымдарға қоса мемлекеттің өзі үшін де орындалуы міндетті болып табылады.- Конституциялық құқықтық норма – нысанды анықталған ереже, яғни олар белгілібір актінің нысанында шығарылады (мысалы, жарлық, қаулы, заң т.б.).- Конституциялық құқықтық норма – нақты анықталған жүріс-тұрыс ереже. Бұлоның нақты құқықтар мен міндеттерді, жүріс-тұрысты белгілейтіндігін анықтайды.- Конституциялық құқықтық норма – мәжбүрлі ереже, яғни оның орындалуымемлекеттің ықпалымен, мәжбүр ету - ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғалатын акт болып табылады.Конституция бойынша оны Конституцияның мызғымастығының кепілі ретіндеПрезидентке, конституциялық қадағалау органы – Конституциялық Кеңеске жүктелген.Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндетіболып табылады.- ерекше жолмен қабылданылуы. Конституция - халықтың тікелей ерік білдіруініңкөрінісі, ол референдум арқылы Қазақстан халқымен қабылданған бірден-бір акт болыптабылады.- күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізу. ҚРКонституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзегеасырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалықреферендум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтырулардыПрезиденттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiстеріне келесіндетөрттен үшiстеріне келесінiстеріне келесің көпшiстеріне келесілiстеріне келесік даусымен енгiстеріне келесізедiстеріне келесі. Конституцияға өзгертулер ментолықтыруларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабындареттелген.Конституцияның функциялары:Құрылтайшылық функция. Бұл функция Негізгі заңымыздың мемлекеттіңконституциялық құрылысының, саясатының негізгі қағидаларын және бастауларынбекітетінін көрсетеді. Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, сондай-ақ біздің қоғамымызға тән меншік нысандарын бекітеді.Қоғамдағы барлық құқықтық қатынастар реті Конституциямен анықтылады және одантуындалады. ҚР-ң негізгі заңының құрылтайшылық функциясын осыдан байқауға болады.Ұйымдастырушылық функция. Конституция барлық мемлекеттік органдардыңжүйесін, басты функцияларын және қызметінің нысандарын бекітеді, яғни Конституциябүкіл мемлекеттік механизмнің жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлесімдікте тиімді,ұйымдық түрде қызмет етуінің негіздерін қалайды.Құқықтық функция. Конституция бүкіл құқықтық жүйенің ядросы ретінде болады,түрлі құқық салалары үшін негіз болып табылатын маңызды қағидаларды заңи белгілейді,түрлі құқық салаларын біртұтас құқықтық жүйеге біріктіреді.Сыртқы саяси функция. Ол Конституцияның мемлекеттің сыртқы саяси қызметініңде фундаменті ретінде болатындығын білдіреді, Конституция Қазақстанның сыртқықатынаста ұстанатын негізгі қағидаларын белгілейді.Монархия (гр. Μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия
— мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Германияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады.


Диктатура (лат. Dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.
Қызметтері
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет