ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 2 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2013 жылдың қорытындылары
Қаржы нарығындағы ахуал туралы
-
2013 жылғы инфляция. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2013 жылы инфляция жылдық көрсетуде 4,8% (2012 жылы – 6,0%) құрады.
2013 жылы инфляцияның қалыптасуы ақылы қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы аясында болды, оның бағасы осы кезеңде 8,0%-ға (2012 жылы 9,3%-ға) өсті. Азық-түлік тауарлары 3,3%-ға (5,3%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,3%-ға (3,5%-ға) қымбаттады (1-график).
2013 жылы азық-түлік тауарларының ішінде көбіне жұмыртқа 22,0%-ға, макарон өнімдері 6,1%-ға, балық және теңіз өнімдері 5,5%-ға, күріш 5,1%-ға, сүт өнімдері 4,8%-ға, алкогольсіз сусындар 4,1%-ға, кондитер өнімдері 3,1%-ға, ет және ет өнімдері 2,4%-ға қымбаттады. Бұдан басқа темекі өнімдерінің бағасы айтарлықтай 23,3%-ға өсті. Қант бағасының 2,6%-ға, жемістер мен көкөністердің 0,2%-ға, жарманың 6,5%-ға, оның ішінде қарақұмықтың 16,0%-ға төмендеуі байқалды. Алайда ұнтақ жармасы 20,9%-ға, арпа жармасы 10,2%-ға, сұлы жармасы 9,5%-ға қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында 2013 жылы киім мен аяқ киімнің бағасы 4,2%-ға, оның ішінде мата 4,1%-ға, сырт киім 4,2%-ға, аяқ киім 3,9%-ға, сондай-ақ тұрмыстық заттар 3,5%-ға, оның ішінде жуатын және тазартатын құралдар 3,4%-ға, ыдыс және асхана құралдары 3,8%-ға, жиһаз бен кілем өнімдері 2,5%-ға, дәрі-дәрмек 3,4%-ға өсті. Бензиннің құны 1,6%-ға, дизель отыны 5,7%-ға көтерілді.
Ақылы қызметтер құрылымында 2013 жылдың басынан бері тұрғын үй-коммуналдық сала қызметтерінің ақысы 8,6%-ға қымбаттады. Бұл ретте суық судың ақысы 46,2%-ға, кәріз 43,6%-ға, қоқыс жинау 15,2%-ға, тұрғын үйді жалдау 14,6%-ға, электр энергиясы 7,3%-ға, орталықтан жылыту 4,3%-ға өсті. Сонымен қатар байланыс қызметінің бағасы 4,1%-ға өсті (телефон және факсимильдік байланыс қызметінің 4,3%-ға қымбаттауы есебінен), көлік қызметі 5,8%-ға, оның ішінде темір жол көлігі 11,7%-ға, әуе көлігі 5,9%-ға, автомобиль көлігі 4,1%-ға өсті. Медициналық қызметтер 12,2%-ға, білім беру қызметтері 5,6%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер 5,7%-ға қымбаттады.
1-график
2012 және 2013 жылдардағы инфляция және оның құрамдас бөліктері
2013 жылғы желтоқсандағы инфляция. 2013 жылғы желтоқсанда инфляция 0,7% деңгейінде (2012 жылғы желтоқсанда 0,6%) қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,8%-ға (0,8%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%-ға (0,3%-ға) өсті. Ақылы қызметтер тарифтері 0,5%-ға (0,6%-ға) өсті.
Азық-түлік тауарлары нарығында 2013 жылғы желтоқсанда көп дәрежеде жұмыртқа 3,7%-ға, жемістер мен көкөністер 2,0%-ға, оның ішінде картоп 3,2%-ға, қызылша 2,6%-ға, балық және теңіз өнімдері 1,3%-ға, сүт өнімдері 1,1%-ға, макарон өнімдері 0,5%-ға, ет және ет өнімдері 0,4%-ға қымбаттады. Бұдан басқа темекі өнімдерінің бағасы 2,5%-ға өсті. Қант бағасының 1,1%-ға, күріштің 0,7%-ға, жарманың 0,6%-ға, оның ішінде қарақұмық жармасының 2,2%-ға, ұнның 0,2%-ға төмендеуі тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында сырт киімнің бағасы 1,1%-ға, аяқ киім 1,1%-ға, тұрмыстық заттар 0,5%-ға, дәрі-дәрмек 0,6%-ға көтерілді. Бензиннің құны өзгеріссіз қалды, дизель отынының құны 0,1%-ға өсті.
Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық сала қызметінің ақысы 0,6%-ға өсті. Бұл ретте кәріздің тарифі 3,1%-ға, суық су 3,0%-ға, тұрғын үйді жалдау 1,1%-ға, тұрғын үйді ұстау 0,9%-ға, қоқысты шығару 0,5%-ға өсті. Бұдан басқа өткен айда көлік қызметінің бағасы 0,5%-ға, медициналық қызметтер 0,4%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлердің қызметтері 0,4%-ға көтерілді.
-
2013 жылғы төлем балансы (алдын ала нәтижелер)
Төлем балансын алдын ала бағалау бойынша ағымдағы шот профициті 2012 жылғы 640 млн. АҚШ долл. қарағанда 2013 жылы 118 млн. АҚШ долл. құрады.
Ағымдағы шоттың нашарлауы сауда балансы профицитінің қысқаруы есебінен орын алып отыр. Сауда балансының профициті 2012 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға 33,8 млрд. АҚШ долл. дейін (2012 жылы 37,9 млрд. АҚШ долл.) қысқарды, ал бастапқы кірістермен (еңбекақы төлеу, инвестициялық және өзге де бастапқы кірістер) операциялар бойынша ресурстардың нетто-әкетілуі 2012 жылғы 28,2 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 25,1 млрд. АҚШ долл. бағаланып отыр.
Ағымдағы шоттың басқа құрамдас бөліктері бойынша халықаралық қызметтер мен қайталама кірістердің (ағымдағы трансферт) теріс дисбаланстары тиісінше 7,0 млрд. АҚШ долл. және 1,6 млрд. АҚШ долл. құрады.
Алдын ала бағалау бойынша қаржы шоты (резервтік активтерді қоспағанда) 3,4 млрд. АҚШ долл. болатын тапшылықпен (2012 жылы оң сальдо 0,9 млрд. АҚШ долл.) қалыптасты.
Тікелей шетелдік инвестициялар бойынша міндеттемелерді таза қабылдау 9,6 млрд. АҚШ долл., ал қаржы активтерін таза иелену 1,5 млрд. АҚШ долл. болды. Нәтижесінде тікелей инвестициялау операциялары бойынша теріс дисбаланс 2012 жылғы 11,7 млрд. АҚШ доларынан 2013 жылы 8,1 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді.
Портфельдік инвестициялар бойынша оң сальдо портфельдік инвестициялар бойынша активтердің олар бойынша міндеттемелерден асып кету салдарынан 5,9 млрд. АҚШ долл. құрады. Портфельдік инвестициялар бойынша 8,6 млрд. АҚШ долл. болған активтерді таза иелену (ұлғаю) ҚР Ұлттық қорының шетелдік активтерінің 7,7 млрд. АҚШ долл. өсуімен қамтамасыз етілді. Портфельдік инвестициялар бойынша 2,6 млрд. АҚШ долл. болған міндеттемелерді таза қабылдау (өсім) қазақстандық банктердің және банктік емес сектор кәсіпорындарының жалпы сомасы 4,9 млрд. АҚШ долл. құраған борыштық бағалы қағаздарды жаңадан шығаруымен байланысты болды, олар бұрын шығарылған ұзақ мерзімді облигациялардың өтелуімен ішінара нивелирленді.
-
2013 жылғы халықаралық резервтер және ақша агрегаттары. 2013 жылы Ұлттық Банктің халықаралық резервтері азайды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 12,7%-ға 24,7 млрд. АҚШ долл. дейін азайды. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 13,0%-ға төмендеп, 24,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Үкіметтің Ұлттық Банктегі шотына валютаның түсуі, банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюы Ұлттық Банктің ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатуымен, Ұлттық қордың активтерін алтынвалюта резервтерінің шоттарынан толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету жөніндегі операциялармен бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюталық активтер (ЕАВ) 2013 жылы 13,9%-ға азайып, алтындағы активтер жүргізілген операциялар және әлемдік нарықтардағы бағасының төмендеуі салдарынан 9,7%-ға төмендеді.
2013 жылы елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 70,5 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, 10,5%-ға ұлғайып, 95,2 млрд. АҚШ долл. құрады.
Ақша базасы 2013 жылы 2,3%-ға тарылып, 2 822,4 млрд. теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін қоспағандағы ақша базасы 1,6%-ға 2 786,4 млрд. теңгеге дейін тарылды.
2013 жылы ақша массасы 10,2%-ға, 11 600,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 1,0%-ға төмендеп, 1 512,3 млрд. теңгені құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер 12,2%-ға 10 088,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Ақша массасының құрылымында депозиттердің үлесі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің төмендеуі аясында депозиттер көлемінің өсуі нәтижесінде 2012 жылғы желтоқсандағы 85,5%-дан 2013 жылғы желтоқсанда 87,0%-ға дейін ұлғайды.
Ақша мультипликаторы 2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ақша базасының тарылуы аясында ақша массасының өсуі салдарынан 2012 жылғы желтоқсандағы 3,64-тен 2013 жылғы желтоқсанның қорытындылары бойынша 4,11-ге дейін өсті.
2013 жылғы желтоқсандағы халықаралық резервтер және ақша агрегаттары. 2013 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 24,7 млрд. АҚШ долл. дейін 2,4%-ға ұлғайды. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2,5%-ға өсіп, 24,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Ішкі валюта нарығында валютаны сатып алу және Үкіметтің Ұлттық Банктегі шотына валютаның түсуі Ұлттық қордың активтерін алтынвалюта резервтерінің шоттарынан толықтырумен, банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуімен және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсетумен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде 2013 жылғы желтоқсанда таза валюта қорлары (ЕАВ) 3,8%-ға ұлғайды, алтындағы активтер оның әлемдік нарықтарда бағасының төмендеуі кезінде жүргізілген операциялар салдарынан 1,9%-ға төмендеді.
2013 жылғы желтоқсанда елдің халықаралық резервтері, тұтастай алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 70,5 млрд. АҚШ долл.) 95,2 млрд. АҚШ долларына дейін 1,5%-ға ұлғайды.
2013 жылғы желтоқсанда ақша базасы 8,2%-ға кеңейіп, 2822,4 млрд. теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2786,4 млрд. теңгеге дейін 8,0%-ға кеңейді.
2013 жылғы желтоқсанда ақша массасы 11 600,9 млрд. теңгеге дейін 2,3%-ға өсті, айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1512,3 млрд. теңгеге дейін 7,7%-ға өсті, банк жүйесіндегі депозиттер 10 088,6 млрд. теңгеге дейін 1,5%-ға өсті. Ақша массасының құрылымында 2013 жылғы желтоқсанда белгіленген депозиттер көлемінің өсу қарқындарымен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің өсу қарқындарының нәтижесінде депозиттердің үлесі 2013 жылғы қарашадағы 87,6%-дан 2013 жылғы желтоқсанда 87,0%-ға дейін төмендеді.
Ақша мультипликаторы 2013 жылғы желтоқсанда тіркелген ақша массасының өсу қарқындарымен салыстырғанда, ақша базасының барынша қалыпты кеңеюі салдарынан 2013 жылғы қарашадағы 4,35-тен 2013 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша 4,11-ге дейін төмендеді.
4. 2013 жылғы валюта нарығы. 2013 жылы теңгенің айырбастау бағамы АҚШ долларына қатысты номиналдық көрсетуде 2,2%-ға әлсіреді.
2013 жылдың аяғында теңгенің ресми бағамы 1 АҚШ доллары үшін 153, 61 теңге болды. 2013 жылдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 154,06 теңге құрады.
2013 жылы қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға ұлғая отырып, 57,5 млрд. АҚШ долл. болды. Операциялардың ең аз көлемі наурызда, ең көбі тамызда орын алды.
Биржадан тыс валюта нарығында 2013 жылғы операциялардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 17,8%-ға төмендеп, 22,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Операциялардың ең аз көлемі 2013 жылғы наурызда, ең көбі тамызда орын алды.
Тұтастай алғанда, ішкі валюта нарығындағы сауда-саттықтың көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайып, 79,6 млрд. АҚШ долл. болды.
2014 жылғы қаңтардағы валюта нарығы. 2014 жылғы қаңтарда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы бір АҚШ доллары үшін 154,06-155,54 теңге ауқымында өзгерді. Айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір айда 0,9%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 155,5 теңге құрады.
2013 жылғы қаңтарда қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі алдын ала қорытындылар бойынша 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,1%-ға өсіп, 7,0 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі алдын ала қорытындылар бойынша 20,3%-ға 1,8 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеді.
Тұтастай алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі алдын ала қорытындылар бойынша 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,5%-ға ұлғайып, 8,9 млрд. АҚШ долл. болды.
5. 2013 жылғы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. 2013 жылы Қаржы министрлігі 982,5 млрд. теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға аз. Бұл ретте 68 аукцион өткізілді, онда 12 айлық МЕККАМ (кірістілігі – 3,00%), 3 жылдық МЕОКАМ (кірістілігі – 3,23%), 4 жылдық МЕОКАМ (кірістілігі – 4,04%), 5 жылдық МЕОКАМ (кірістілігі – 5,99%), 6 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 6,05%), 7 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 6,20%), 8 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 5,80%), 9 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 6,00%), 10 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 6,60%), 12 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 6,40%), 13 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 6,70%), 15 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 7,22%), 20 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 7,70%), 25 жылдық МЕУКАМ (кірістілігі – 7,90%), 8, 9, 10, 11, 12, 13, 19 жылдық МЕУЖКАМ (кірістілігі – инфляция деңгейінен 0,01%), 15 жылдық МЕУЖКАМ (кірістілігі – инфляция деңгейінен 0,10%) орналастырылды.
Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 18,5%-ға ұлғая отырып, 2013 жылғы желтоқсанның аяғында 3618,9 млрд. теңге құрады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. 2013 жылы Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 79,3 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 10,8 есе аз.
2013 жылғы желтоқсанның аяғында 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда Ұлттық Банктің айналыстағы ноттарының көлемі 52 есе, 3,6 млрд. теңгеге дейін азайды.
Қысқа мерзімді ноттар бойынша тиімді кірістілік 2012 жылғы 1,46%-дан 2013 жылғы 1,16%-ға дейін төмендеді.
2014 жылғы қаңтардағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. 2014 жылғы қаңтарда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 3 аукцион өткізілді. Онда 9 жылдық МЕУКАМ (38,4 млрд. теңге), 13 жылдық МЕУКАМ (5,2 млрд. теңге), 15 жылдық МЕУКАМ (9,7 млрд. теңге), 11 жылдық МЕУЖКАМ (14,0 млрд. теңге) орналастырылды.
Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 9 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,20%, 13 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,70%, 15 жылдық МЕУКАМ бойынша – 7,22%, 11 жылдық МЕУЖКАМ бойынша инфляция деңгейінен 0,10% болды.
Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 1,1%-ға ұлғая отырып, 2013 жылғы қаңтардың аяғында 3659,2 млрд. теңге құрады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары.
2014 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің ноттарын шығару көлемі 8,9 млрд. теңге болды. Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (5,0 млрд. теңге) және 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (3,9 млрд. теңге) болды.
3 айлық ноттар бойынша тиімді кірістілік 2,16%, 6 айлық ноттар бойынша 2,76% болды.
2014 жылғы қаңтардың аяғында айналыстағы ноттардың көлемі 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5 есе ұлғайып, 8,9 млрд. теңге болды.
6. 2013 жылғы банкаралық ақша нарығы. 2013 жылы орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 25,4%-ға ұлғайып, баламасында 25,5 трлн. теңге болды.
Теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 38,3%-ға төмендеп, 3,2 трлн. теңге (2013 жылы орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 12,7%-ы) болды. Бұл ретте теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы желтоқсандағы 1,23%-дан 2013 жылғы желтоқсандағы 1,90%-ға дейін өсті.
Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерден тартқан депозиттерінің көлемі 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 41,4 %-ға азайып, 2,9 трлн. теңгені құрады.
2013 жылы доллармен орналастырылған депозиттердің көлемі 48,0%-ға ұлғайып, 138,3 млрд. АҚШ долл. (2013 жылы орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 82,6%-ы) болды. Доллармен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2013 жылғы желтоқсанда 0,08% болды, ал 2012 жылғы желтоқсанда ол 0,13 %-ға тең болды.
2013 жылы еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 58,3%-ға азайып, 1,3 млрд. еуро (2013 жылы орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 1,1%-ы) болды. Еуромен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы желтоқсандағы 2,83%-дан 2013 жылғы желтоқсандағы 0,22%-ға дейін төмендеді.
2013 жылы рубльмен орналастырылған депозиттердің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 83,2%-ға өсіп, 194,9 млрд. рубль (2013 жылы орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 3,7%-ы) болды. Рубльмен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы желтоқсандағы 5,47%-дан 2013 жылғы желтоқсандағы 5,80%-ға дейін ұлғайды.
7. 2013 жылғы депозит нарығы. Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің көлемі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 10 088,6 млрд. теңгеге дейін 12,2%-ға өсті. Заңды тұлғалардың депозиттері 6183,5 млрд. теңгеге дейін 10,0%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 3905,1 млрд. теңгеге дейін 15,8%-ға өсті.
2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6317,0 млрд. теңгеге дейін 0,1%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3771,6 млрд. теңгеге дейін 40,6%-ға өсті. Теңгемен берілген депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы желтоқсанда 70,2%-дан 62,6%-ға дейін төмендеді.
Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 3945,5 млрд. теңгеге дейін 15,7%-ға өсті. Халық салымдарының құрылымында теңгедегі депозиттер 2208,1 млрд. теңгеге дейін 6,5%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 1737,4 млрд. теңгеге дейін 30,0%-ға өсті. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 2012 жылғы желтоқсандағы 60,8%-дан 2013 жылғы желтоқсандағы 56,0%-ға дейін төмендеді.
2013 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 5,7% (2012 жылғы желтоқсанда – 3,6%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,1% (8,3%) болды.
8. 2013 жылғы кредит нарығы. Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 11291,5 млрд. теңгені құрап, 13,4%-ға өсті.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 7936,7 млрд. теңгеге дейін 12,7%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 3354,9 млрд. теңгеге дейін 15,0%-ға өсті. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы желтоқсанда 70,7%-дан 70,3%-ға дейін төмендеді.
Ұзақ мерзімді кредиттеу 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 9161,4 млрд. теңгеге дейін 14,5%-ға өсті, қысқа мерзімді кредиттеу 2130,2 млрд. теңгеге дейін 8,9%-ға өсті. Нәтижесінде 2013 жылғы желтоқсанда ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 80,4%-дан 81,1%-ға дейін ұлғайды.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 7,9%-ға өсіп, 7665,4 млрд. теңге болды, жеке тұлғаларға кредиттер 3626,4 млрд. теңгеге дейін 27,0%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2013 жылғы желтоқсанда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 28,7%-дан 32,1%-ға дейін ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1283,4 млрд. теңгеге дейін 9,1%-ға төмендеді, бұл экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 11,4%-ын құрайды (2012 жылғы желтоқсанда – 14,2%).
Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің анағұрлым айтарлықтай сомасы саудаға – 19,5% (2012 жылғы желтоқсанда – 20,1%), құрылысқа – 12,3% (14,0%), өнеркәсіпке – 11,4% (12,0%), ауыл шаруашылығына – 3,3% (3,2%) тиесілі.
2013 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,0% (2012 жылғы желтоқсанда – 10,3%), жеке тұлғаларға – 20,3% (21,2%) болды.
Достарыңызбен бөлісу: |