Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2009 жылғы 24 тамыз №77 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту



Дата19.07.2016
өлшемі189.11 Kb.
#208926


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң Қ А У Л Ы СЫ

Алматы қаласы 2009 жылғы 24 тамыз № 77



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні жетілдіру және оны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 тіркелген,
2006 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде № 16 жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4988 тіркелген, 2007 жылғы 23 қарашада «Заң газеті» газетінде № 180 (1209) жарияланған «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 343 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 86 қаулысына» өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 110, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5507 тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 16 (1439) жарияланған «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 93 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында


экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінде:

бүкіл мәтін бойынша:

«қайтару талабын», «қайтару талабы», «қайтару талабының», «қайтару талаптарының», «қайтару талаптарын» деген сөздер тиісінше «репатриациялау талабын», «репатриациялау талабы», «репатриациялау талабының», «репатриациялау талаптарының», «репатриациялау талаптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«он мың» деген сөздер «елу мың» деген сөздермен ауыстырылсын;

«валюта түсудің болжанған», «Валюта түсудің болжанған», «валютасының түсуінің болжамды», «валюта түсуінің болжамды», «Валюта түсудің болжамды», «валюта түсудің болжамды» деген сөздер тиісінше «репатриациялау», «Репатриациялау», «репатриациялау», «репатриациялау», «Репатриациялау», «репатриациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ереженің мақсаты үшін сондай-ақ мынадай терминдер және ұғымдар пайдаланылады:

1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамын, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелген бағамы;

2) валюталық бақылау құжаттары:

жүк кедендік декларациясының көшірмесі;

келісім-шарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің, талаптарының, сондай-ақ тараптардың өзгерісін растайтын құжаттарды қоса алғанда валюталық шарт;

лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;

мәміле паспорты, мәміле паспортына қосымша парақ;

мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі;

шетелдік банктердегі шоттардағы ақша қозғалысы жөніндегі үзінді көшірмелерді, келісім-шарттар шеңберінде шетелдік банктердегі шоттардан төлемдерді және (немесе) аударымдарды растайтын және бірегейлендіретін төлем және өзге құжаттарды қоса алғанда келісім-шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттар;

3) кеден органдары – кеден істері мәселелері бойынша уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері, кедендер және кеден постылары;

4) келісім-шарт – тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты немесе импорты көзделген валюталық шарт;

5) лицензия – резиденттің резидент емеске 180 күннен (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарлардың жеке тізбесі бойынша


365 күннен) астам мерзімге коммерциялық кредит беруі үшін Ұлттық Банк
2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін берген лицензия;

6) мәміле паспорты банкі – мәміле паспортын ресімдеген және мәміле бойынша бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банктің аумақтық филиалы (бұдан әрі – филиал);

7) мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі – мәміле паспорты банкі және кеден органы арасында мәміле паспорты бойынша тауарлар қозғалысы бойынша жүргізген салыстырып тексеру нәтижелері бойынша ресімделген акт;

8) мәміле паспорттарын тіркеу журналы – мәміле паспорттарын тіркеу үшін мәміле паспорты банкі жүргізетін журнал;

9) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортының немесе импортының күні болып:

тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде – жүк кедендік декларациясын шығару және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өткізілетін тауарларды сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік режимдердің бірінде орналастыру күні;

басқа жағдайларда:

тауарлар беруді, жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындауды растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;

тауарлар беруді, жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындауды растайтын құжаттар жасауды көздемейтін шарттар бойынша нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) үшін шот-фактураны, инвойсты ұсыну күні;

тауарлар беруді, жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындауды растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) үшін шот-фактура, инвойс ұсынуды көздемейтін шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні саналады;

10) экспортер немесе импортер – келісім-шарт жасаған не резидент емеске келісім-шарт бойынша талап ету құқығы өткен Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкер).»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Шет тіліндегі құжаттардың көшірмелері экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталып, уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банктің филиалының талап етуі бойынша экспортер немесе импортер сол тәртіппен растаған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса ұсынылады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Уәкілетті банктер, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 20-тармағының 1)-5), 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, елу мың АҚШ доллары баламасынан жоғары сомаға келісім-шарттар бойынша репатриациялау талабын орындауға бақылауды жүзеге асырады.

Егер келісім-шарт АҚШ долларынан өзгеше валютада көрсетілсе және келісім-шартта АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына нұсқау көрсетілмесе, келісім-шарт сомасының АҚШ долларындағы баламасын анықтау үшін қайта санау келісім-шарт жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Егер келісім-шарт АҚШ долларынан өзгеше валютада көрсетілсе, орындалмаған міндеттемелер сомасы келісім-шарт валютасында оны кейіннен келісім-шарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып АҚШ долларымен қайта санау арқылы есептеледі.

Егер келісім-шарт міндеттемелерді орындау валютасынан өзгеше валютада көрсетілсе, валюталық келісу болмаған кезде орындалған міндеттемелер сомасын келісім-шарт валютасында айқындау міндеттемелерді орындау күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;

4-тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде «күні» деген сөз «мерзімі» деген сөзбен ауыстырылсын;

5-тармақта:

екінші бөлікте «болжамды мерзім» деген сөздер «репатриациялау мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Келісім-шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын резидент емес үшінші тұлға (тұлғалар) жүзеге асырған кезде импортер мәміле паспорты банкіне резидент емес үшінші тұлғаның атауын немесе аты-жөнін, тұратын елін, төлемнің күнін, сомасы мен валютасын көрсете отырып, осы төлемдер бойынша ақпаратты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілген күннен бастап 180 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.»;

6-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

«Кіріс төлемдері (экспортердің немесе импортердің шетелдік банктегі шотына экспорттық келісім-шарт бойынша ақы төлеу ретінде не импорттық келісім-шарт бойынша пайдаланылмаған авансты қайтару ретінде түскен қаражат аударымын қоса алғанда) бойынша банкаралық хабарламаларда келісім-шарттың және мәміле паспортының деректемелері сәйкес келмеген не болмаған кезде уәкілетті банк ақша есептеуді экспортер немесе импортер осы ақша түсімі бойынша келісім-шарттың және мәміле паспортының деректемелерін жазбаша растағаннан кейін жүргізеді.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Ереженің 37-тармағының 1) және 6) тармақшаларына сәйкес резидент еместе не резидентте баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын сомадағы берешектер қалдығының болуы негізінде мәмілелер паспорттары жабылған жағдайда тараптардың қарым-қатынастарын аяқтау мақсатында берешектің көрсетілген қалдық сомасына келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау келісім-шарт негізінде мәміле паспортынсыз жүзеге асырылады.»;

9-тармақта:

екінші бөлікте «не» деген сөз «және» деген сөзбен ауыстырылсын;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Ереженің осы тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары экспортердің немесе импортердің Заңның 12-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген шетелдік банктегі шоттарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын
келісім-шарттар бойынша мәміле паспорты экспортердің немесе импортердің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банк филиалында Ереженің осы тарауында белгіленген тәртіппен ашылуы, жабылуы тиіс.»;

10-тармақта:

1) тармақшада «шекарасынан» деген сөз «кедендік шекарасы арқылы сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік режимдердің бірінде ресімделіп,» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшада «шекарасы арқылы» деген сөздер «кедендік шекарасы арқылы сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік режимдердің бірінде ресімдеп,» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшада «қайтарып алынған» деген сөздер «одан айырған» деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақта:

бірінші бөліктің бірінші абзацында «уәкілетті банкке» деген сөздер алынып тасталсын;

екінші бөлікте:

«факс бойынша» деген сөздер «құжаттар жіберудің электрондық құралдарын пайдалана отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;

«факсимильдік көшірмесін» деген сөздер «техникалық құралдар арқылы жасалған көшірмесін» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлікте «Уәкілетті банктің» деген сөздер «Мәміле паспорты банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақта:

бірінші бөлікте «Уәкілетті банктің» деген сөздер «Мәміле паспорты банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте «уәкілетті банктің» деген сөздер «мәміле паспорты банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің бірінші абзацында «уәкілетті банк» деген сөздер «мәміле паспорты банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;

13-тармақта:

бірінші бөліктің 2) тармақшасында «алтыншы абзацында» деген сөздер «үшінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдермен толықтырылсын:

«Бұл ретте қосымша парақта жоғарғы оң бұрышта оны мәміле паспорты банкінің ресімдеген күні көрсетіледі. Ресімделген қосымша парақтарды мәмілелер паспорттарын тіркеу журналында көрсету талап етілмейді.»;

19-тармақтың 1) тармақшасында «мәміле паспорты» деген сөздер «келісім-шарт» деген сөзбен ауыстырылсын;

25-тармақтың 3) тармақшасында «олардың» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын;

26-тармақ мына редакцияда жазылсын:

«26. Экспортер немесе импортер басқа уәкілетті банктің қызмет көрсетуіне өткен және резидент еместің келісім-шарт бойынша елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын берешегінің қалдығы болған жағдайда, экспортер немесе импортер алдыңғы мәміле паспорты банкіне басқа уәкілетті банктің қызмет көрсетуіне өтуге байланысты мәміле паспортын жабу туралы өтінішті және мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысы туралы ақпаратты басқа мәміле паспорты банкіне оның сұратуы бойынша беруге жазбаша келісім береді.

Экспортер немесе импортер мәміле паспортын жабу туралы өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ереженің 3-тарауында белгіленген тәртіппен жаңа мәміле паспорты банкінде мәміле паспортын ресімдейді. Жаңа мәміле паспорты банкі жаңа мәміле паспорты ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде экспортердің немесе импортердің жазбаша келісімі негізінде алдыңғы мәміле паспортының банкіне жаңа мәміле паспортының ресімделгені туралы хабарламаны және мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысы туралы ақпаратты беру туралы жазбаша сұратуды жібереді.

Алдыңғы мәміле паспорты банкі көрсетілген хабарламаны және жазбаша сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мәміле паспортын жабады және жаңа мәміле паспорты банкіне ақша және тауар қозғалысы және мәміле паспортын жабу туралы қолда бар ақпаратты береді.

Мәміле паспорты банкі уәкілетті банктің бір филиалынан уәкілетті банктің басқа филиалының қызмет көрсетуіне өту арқылы өзгерген жағдайда, мәміле паспортын қайта ресімдеу талап етілмейді. Мәміле паспорты банкі жөніндегі жаңа ақпарат мәміле паспортының «Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері» деген бөлімінде көрсетіледі. Бұл ретте мәміле паспортына бұрын қызмет көрсеткен уәкілетті банктің филиалы екі жұмыс күні ішінде мәміле паспорты бойынша барлық құжаттар мен ақпаратты уәкілетті банктің осы мәміле паспортын бақылауға қабылдайтын филиалына береді.»;

28-тармақта «қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

29-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) импортер және резидент үшінші тұлға арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шарт немесе агенттік шарт шеңберінде резидент үшінші тұлға келісім-шарт бойынша төлемдерді жүзеге асырған;»;

30-тармақта:

алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:

«Ереженің 29-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда келісім-шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін импортер және резидент үшінші тұлға арасындағы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты мәміле паспорты банкінің Ұлттық Банкке беруі талап етілмейді.»;

мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

«Экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы өтініші түскен кезде мәміле паспорты банкі мәміле паспортын жабу үшін негіздер болған кезде оны Ереженің 36 және 37-тармақтарына сәйкес жабады және үш жұмыс күні ішінде үшінші тұлғаның банкіне мәміле паспортының деректемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жабу туралы хабарлама жібереді.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Келісім-шартқа резидент емес үшінші тұлға (-лар) ақы төлеген кезде ол (олар) бойынша ақпарат ол келісім-шартта болған кезде мәміле паспортының «Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері» бөлімінде көрсетіледі.»;

35-тармақта:

екінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Экспортердің немесе импортердің мәміле паспорты банкі резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банктен мәміле паспортының ресімделгені туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде экспортердің немесе импортердің жазбаша келісімі негізінде жабылған мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банкке жібереді.»;

үшінші бөлік «уәкілетті банк» деген сөздерден кейін «ақша және тауар қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 35-1, 35-2 және 35-3-тармақтармен толықтырылсын:

«35-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды кедендік аумақта, аумақтан тыс, сондай-ақ еркін айналыс үшін қайта өңдеу режимінде ресімдеп өткізуді көздейтін жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындау келісім-шарты бойынша мәміле паспорты, егер


келісім-шартта жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) экспорты көзделсе, экспорт бойынша не келісім-шартта жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) импорты көзделсе, импорт бойынша ресімделеді.

35-2. Мәміле паспорты банкін таратқан жағдайда банктің тарату комиссиясы:

экспортерлерге немесе импортерлерге – банк клиенттеріне өкілеттіктерді қабылдаған сәттен бастап үш ай ішінде Ереженің 37-тармағының
11) тармақшасына сәйкес мәмілелер паспорттарын жабу қажеттілігі туралы хабарлауды;

Ережеге сәйкес экспортерлердің немесе импортерлердің өтініштері негізінде мәмілелер паспорттарын жабуды;

Ұлттық Банкке Ережеге сәйкес жазбаша нысанда мәмілелер паспортын жабу туралы хабарламаларды жіберуді (Ереженің 39 және 40-тармақтарына сәйкес хабарламаларды электрондық түрде жіберу мүмкін болмаған жағдайда);

тарату ісінің барлық мерзімі ішінде мәмілелер паспорттары, оның ішінде жабылған мәмілелер паспорттары бойынша істердің сақталуын және бес жұмыс күні ішінде жаңа мәміле паспорты банкіне не Ұлттық Банкке олардың жазбаша сұратуы негізінде ақша және тауар қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты беруді қамтамасыз етеді.

35-3. Ереженің 37-тармағының 1)-3), 6), 12)-14) тармақшалары негізінде бұрын мәмілелер паспорттары жабылған келісім-шарттар бойынша мәміле паспорты банкіне экспортердің немесе импортердің тиісті жазбаша өтініші негізінде экспортердің немесе импортердің таңдауы бойынша бұрында жабылған мәмілелер паспорттары мәміле паспорты банкінде жаңартылуы не жабылған мәміле паспортының деректемелерін «Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері» бөлімінде көрсете отырып, жаңа мәмілелер паспорттары ашылуы мүмкін.»;

36-тармақтың бірінші бөлігінде:

бірінші сөйлем «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздерден кейін «не Ереженің 26-тармағында көрсетілген мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші сөйлем «Ереженің 37-тармағының 5)-8), 15)» деген сөздер мен цифрлардан кейін «, 18)» деген цифрлармен толықтырылсын;

37-тармақта:

бірінші бөлікте:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) келісім-шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомада берешегінің қалдығы болуы, оның ішінде жеңілдікті, есепке алуды ұсыну арқылы, борышкер мен кредитор бір тұлға болған, мемлекеттік орган актісінің шығуы салдарынан орындау мүмкін емес жағдайда міндеттемелердің тоқтатылуын растайтын құжаттар және экспортердің немесе импортердің тараптардың келісім-шарт бойынша міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы жазбаша растауы болған жағдайда;»;

6) тармақшада «резидент еместің» деген сөздерден кейін «не резиденттің» деген сөздермен толықтырылсын;

11) тармақшада «қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) тармақшада «.» деген белгі «;» деген белгімен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:

«17) экспортердің немесе импортердің Ереженің 26-тармағының талаптарын ескере отырып, мәміле паспорты ресімделген келісім-шартқа қызмет көрсететін мәміле паспорты банкін өзгертуі;

18) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде


№ 4417 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысының
4-тармағында көзделген жағдайлар;

19) мәміле паспорты ресімделген күннен бастап үш жыл ішінде мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы.»;

екінші бөлікте «15)» деген цифрлардан кейін «, 16)» деген цифрлармен толықтырылсын;

39-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

«Уәкілетті банктер Ұлттық Банкке бұрын Ереженің 40 және
43-тармақтарына сәйкес жіберілген ақпаратқа Ұлттық Банк уәкілетті банктермен келіскен форматқа сәйкес электрондық түрде түзетулер енгізе алады.»;

44-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) есепті айда валюталық бақылауға сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан артық, мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін, репатриациялау мерзімі бір күнтізбелік жылдан асатын келісім-шартты қабылдағаны туралы ақпаратты жібереді.»;

45-тармақта «елу» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

49-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында «мерзімді» деген сөз «мерзімін» деген сөзбен ауыстырылсын;

1-қосымшада:

«Шетелдік сатып алушы жөнінде ақпарат» деген бөлімнің «Қызмет көрсететін банктің деректемелері» деген бағаны алынып тасталсын;

«Лицензия», «Тіркеу куәлігі», «Хабарлама туралы куәлік» деген бөлімдер алынып тасталсын;

«Валюта түсудің болжамды мерзімі» бағанынан кейінгі абзацтағы «Резиденттің валютаны қайтару жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етпеуі» деген сөздер «Ескерту. Резиденттің ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеуі» деген сөздермен ауыстырылсын;

Толтыру бойынша нұсқауда:

7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

8-тармақтың 5) тармақшасы он бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу

26»;

9, 10, 11-тармақтары алынып тасталсын;

2-қосымшада:

«Шетелдік жеткізуші бойынша ақпарат» деген бөлімнің «Қызмет көрсетуші банкінің деректемелері» деген бағаны алынып тасталсын;

«Лицензия», «Тіркеу куәлігі», «Хабарлама туралы куәлік» деген бөлімдер алынып тасталсын;

«Валюта түсудің болжамды мерзімі» бағанынан кейінгі абзацтағы «Резиденттің валютаны қайтару жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етпеуі» деген сөздер «Ескерту. Резиденттің ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеуі» деген сөздермен ауыстырылсын;

Толтыру бойынша нұсқаудың 4-тармағында:

бірінші бөлікте «:» деген белгі «.» деген белгімен ауыстырылсын;

алтыншы бөліктің 4-тармақшасының екінші абзацындағы «100.00» деген цифрлар «180.00» деген цифрлармен ауыстырылсын;

4-қосымшаның кестесінде:




«

Белгісі – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

»

бағанында «жеке кәсіпкер» деген сөздер







7







«жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;




«

Белгісі – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

»

бағанында «жеке кәсіпкер» деген сөздер







14







«жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;

Толтыру бойынша нұсқаудың жетінші бөлігінде:

«экспортер немесе импортер» деген сөздер «ақша жіберуші немесе бенефициар» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жеке кәсіпкер» деген сөздер «жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-қосымшаны толтыру бойынша нұсқаудың жиырма үшінші бөлігінің он екінші абзацында «қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-қосымшаның кестесінде:






«

Келісім-шарт валютасы

»

бағанында «Келісім-шарт» деген сөз «Жеткізу» деген







15







сөзбен ауыстырылсын;

Толтыру бойынша нұсқаудың тоғызыншы және оныншы бөліктерінде «келісім-шарт валютасының», «келісім-шарттың валютасын» деген сөздер тиісінше «жеткізу валютасының», «жеткізу валютасын» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін «Валюта түсудің болжанған мерзімі» бағанымен мәмілелер паспорттары ресімделген келісім-шарттар бойынша валюта түсудің болжанған мерзімі репатриациялау мерзімі болып саналсын.

3. Елу мың АҚШ доллары баламасынан аз немесе оған тең сомаға келісім-шарт бойынша ресімделген мәмілелер паспорттары осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде экспортердің немесе импортердің өтініштерінсіз жабылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында экспортердің немесе импортердің шетелдік банктегі шоттарын пайдалана отырып, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы
13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген шоттарды қоспағанда, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылатын елу мың АҚШ доллары баламасынан көп сомаға келісім-шарттар бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеген экспортерлер және импортерлер осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде белгіленген тәртіппен уәкілетті банктердің қызмет көрсетуіне көшуді жүзеге асырсын.

4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.



* Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қазанда № 5824 тіркелген.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет