Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2013 жылғы «25» желтоқсандағы №284 Қазақстан Республикасының



Дата26.02.2016
өлшемі37 Kb.
#26874
жоба

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының

қ а у л ы с ы
Алматы қаласы 2013 жылғы «25» желтоқсандағы № 284
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы

үлгідегі номиналы 5000 теңгелік

банкноттардың қатар айналыста

болу кезеңін белгілеу туралы»

2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысына

өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7382 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 37-38 (27110) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және


2011 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы
5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2011 жылғы
30 желтоқсаннан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.


Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы

үлгідегі номиналы 5000 теңгелік

банкноттардың қатар айналыста

болу кезеңін белгілеу туралы» 2011 жылғы

26 желтоқсандағы № 213 қаулысының өзгеріс енгізу туралы

жобасына түсіндірме жазба




Р/с№

Жоба туралы мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты

1.

Әзірлеуші бөлімше

Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті

2.

Құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме

Қолма-қол ақша айналысы қажеттілігіне байланысты 2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі ұзартылсын

3.

Жобаны Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдармен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қаулысының жобасы ҚРҰБ орталық аппаратының бөлiмшелерімен – ЗД, ҰЖСҚБД-мен және ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілді.

4.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

Қолма-қол ақшамен

жұмыс Департаменті

директордың м.а. А. Балахметов



Орындаушы Князькова Е.Д.

тел.: 8(727) 2 597-865, (1135)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы

үлгідегі номиналы 5000 теңгелік

банкноттардың қатар айналыста

болу кезеңін белгілеу туралы» 2011 жылғы

26 желтоқсандағы № 213 қаулысының өзгеріс енгізу туралы

жобасына салыстырмалы кестесі







р/с

Құрылымдық элемент

Қолданылып жүрген редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме/түсініктеме

1

1-тармақ


1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және
2011 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2011 жылғы
30 желтоқсаннан бастап 2013 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.»

1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және
2011 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2011 жылғы
30 желтоқсаннан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.»

Қолма-қол ақша айналысы қажеттілігіне байланысты 2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі ұзартылсын

Қолма-қол ақшамен

жұмыс Департаменті

директордың м.а. А. Балахметов




Орындаушы Князькова Е.Д.

тел.: 8(727) 2 597-865, (1135)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет