Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы алматы қаласы 2011 жылғы № Қазақстан Республикасының



Дата29.02.2016
өлшемі129.75 Kb.
#31300
Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2011 жылғы ________ № ____




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 57 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:


кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығын орындау үшін және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (бұдан әрі – Қазақстан Президентінің Жарлығы) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ереже қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу, қолма-қол тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау тәртібін белгілейді. Осы Ереженің нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) үшін орындауға міндетті.»;

3-тарау алып тасталсын;

12-тармақ алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының айналымдағы ұлттық валютасының ақша белгілерін ретке келтіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген 1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.»;

12-тармақ алып тасталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»

қаулысының жобасына келісу парағы





Лауазымы

Аты-жөні

Қолы

Күні

1.

Төрағаның орынбасары

Ғалиева Д.Т.





___.___.2011 ж.

2.

ЗД директоры

Өртембаев А.Қ.



___.___.2011 ж.

3.

ҚАЖД директоры

Шегенов Ғ.Б.



___.___.2011 ж.

4.

БЕД директоры

Шалғымбаева Н.Т.



___.___.2011 ж.

5.

ҰЖСҚБД директоры

Терентьев А.Л.



___.___.2011 ж.

6.

МОЕАБ бастығы

Баймұқанов Ж.С.



___.___.2011 ж.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»

қаулысының жобасына түсіндірме жазба



Р/с№

Жоба туралы мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты




1.

Әзірлеуші бөлімше

Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті




2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттілігіне негіздеме

Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінің күнтізбелік жыл ішінде қолма-қол тиындарды айналыстан алу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы кемінде жылына бір рет есеп жасау бойынша міндетті алып тастау мақсатында, сондай-ақ кейбір нормаларды заң техникасы талаптарына сәйкес мазмұндау мақсатында




3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама


ҚРҰБ НҚА өзгерістер енгізіліп тұр:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 57 қаулысына;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысына.





4.

Жобаны Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер.

Жоба Заң департаментімен, Бухгалтерлік есеп департаментімен, Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаментімен, Монетарлық операциялырды есепке алу барқармасымен, ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілді.




5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын екінші денгейдегі банктермен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер.

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен келісілді.




6.

Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауына жіберу туралы мәліметтер


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелерімен келісілді.




6-1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге арналған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жіберу критерийлеріне сәйкес келетін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) Сарапшыға жіберу туралы мәліметтер

«Құқықтық мониторниг сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-імен келісілді.




7.

Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері


Жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуіне және (немесе) ұлғаюына әсер етпейді.





8.

Өзге де мәліметтер


Жоқ



Қолма-қол ақшамен жұмыс

Департаментінің директоры Ғ. Шегенов

Орындаушы Асанова Д.

Тел: 2704569

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасына салыстырмалы кестесі.




Жобаның бабы,

тармағы, тармақшасы



Қолданылып жүрген редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме/түсініктеме

1

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 57 қаулысының (бұдан әрі – № 57 Ереже) кіріспесінде.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

Нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында.

2

№ 57 Ереженің 1- тарауының 1-тармағы.

1. Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (бұдан әрі – Қазақстан Президентінің Жарлығы) және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленген.

1. Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (бұдан әрі – Қазақстан Президентінің Жарлығы) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

Нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында.

3.

№ 57 Ереженің 1- тарауының 2-тармағы.

2. Ереже қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу, қолма-қол тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау, сондай-ақ оларды қолма-қол ақша айналымынан алу жөніндегі операцияларды есепке алу тәртібін белгілейді. Осы Ереженің нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) үшін орындауға міндетті.

2. Ереже қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу, қолма-қол тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау тәртібін белгілейді. Осы Ереженің нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) үшін орындауға міндетті.

Өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында


4.

№ 57 Ереженің 3-тарауы.



3. Ұлттық Банк филиалдарының ақша айналымынан алынған қолма-қол тиындарды есепке алу тәртібі



3 тарау - алынып тасталсын


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде эмиссиялық-кассалық операциялардың есебі жөніндегі нұсқаулықтың 4-тарауында қолма-қол ақшаны айналыстан алуды есепке алу тәртібінің сипатталуына байланысты.

5.

№ 57 Ереженің 4-тарауының 12-тармағы.


12. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі жылына кемінде бір рет қолма-қол тиындарды айналымнан алу бойынша өткізілген жұмыстың нәтижелері туралы күнтізбелік жылға есеп даярлайды және оны белгіленген тәртіппен Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің қарауына ұсынады.

12 тармақ -алынып тасталсын


Айналыстан алынатын қолма-қол ақша белгілері - тиындардың аз болуына байланысты


6.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысының (бұдан әрі – № 301 Ереже) кіріспесінде.

Қазақстан Республикасының айналымдағы ұлттық валютасының ақша белгілерін ретке келтіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасының айналымдағы ұлттық валютасының ақша белгілерін ретке келтіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

Нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында.

7.

№ 301 Ереженің 1- тарауының 1-тармағы.

1. 1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.


1. 1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.


Нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында.

8.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысының 4- тарауының 12-тармағы.

12. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі жылына кемінде бір рет қолма-қол банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) айналымнан алу бойынша өткізілген жұмыстың нәтижелері туралы күнтізбелік жылға есеп даярлайды және оны белгіленген тәртіппен Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің қарауына ұсынады.

12-тармақ - алынып тасталсын


Айналыстан алынатын банкноталар мен монеталардың аз болуына байланысты.

ҚҚАЖД Ғ.Шегенов



Орындаушы Асанова Д.

Тел: 2704569

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет