ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 1999 жылғы 3 шілдедегі № 158
Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделікті есеп жасау және беру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 қыркүйекте N 907 тіркелді
|
(2005.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 123 қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы төлем жүйесiнiң жұмысына тиiстi түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн клиринг ұйымдарына жiберсiн.
4. Ақпарат технологиясы департаментi (Поликарпов О.Ю.) 1999 жылдың IIІ тоқсанында Төлем жүйесi басқармасына орнатылған "Клиринг статистикасы" бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысын қайта пысықтайтын болсын.
5. Бюджеттi жоспарлау және бақылау басқармасы (Ғалиева Д.Т.) Ақпарат технологиясы департаментiмен (Поликарпов О.Ю.) бiрлесiп 1999 жылдың бiрiнші жартысындағы жұмыс нәтижелерi бойынша түзету енгiзгенде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1999 жылғы бюджетiнен (шығыстар сметасынан) тиiстi бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысын әзiрлеуге қажеттi ақша қарастырсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы К. К. Дамитов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 3 шiлдедегi
N 158 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр.ред.қара)
Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының
күнделiктi есеп жасау және беру ережесi
Енгізілген өзгерістер:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 123 қаулысымен
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 қаулысымен
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 123 қаулысымен ереже өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының (бұдан әрі - клиринг ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) төлем жүйесi бөлiмшесiне (бұдан әрi бөлiмше) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес күнделiктi есеп жасау және беру тәртiбiн айқындайды.
2. Әрбiр клиринг ұйымы есеп ақпаратын бөлiмшеге төлем жүйесiндегi ақпарат беруге қойылатын белгiленген талаптарға сәйкес берiп отырады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 123 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Әрбiр клиринг ұйымы есеп ақпаратын таза позициялар бойынша түпкiлiктi есеп айырысу жүргiзiлгеннен кейiн күнделiктi Ұлттық Банк айқындаған электронды арна арқылы есеп берiлiп отырған күннен кейiнгi күнi Алматы уақыты бойынша сағат 9-дан кешiктiрмей бередi.
2-тарау. Аймақтық клиринг ұйымдары беретiн күнделiктi
есепке қойылатын талаптар
4. Клиринг ұйымдарының бөлiмшеге беретiн күнделiктi есебiнiң форматы Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне ақпарат беруге қойылатын талаптарына сәйкес болуы тиiс.
5. Клиринг ұйымы күнделiктi есептiң форматын қалыптастырған кезде (N 1 , 2 қосымшалар) күнделіктi берiлетiн ақпарат саны және сомасы (цифрлар) оң жақ бойынша теңестiрiледi, ал берiлетiн мәлiметтерде тиынмен көрсетiледi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Клиринг ұйымының операциялық күн iшiндегi мәлiметтерде жалпы алғандағы клиринг ұйымы бойынша да, жеке алғандағы банкаралық клирингке қатысушылар бойынша да ақша айналысы жөнiндегi ақпарат болуға тиiс (N 1 қосымша).
7. Клиринг ұйымына төлемдердің өтуi туралы мәлiметтер сома интервалдары бойынша осы Ереженiң N 2 қосымшасында көрсетiлген алғашқы және соңғы интервалдарға сәйкес келуi тиiс.
8. Клиринг ұйымын бағдарламалық қамсыздандыру Ұлттық Банктiң нормативтiк құқтық актiлерiне сәйкес төлем белгiлеу кодтары бойынша төлем тапсырмаларын жiктеудi қамтамасыз етуге тиiс.
9. Клиринг ұйымын бағдарламалық қамсыздандыру валюталау күндерi бойынша төлем тапсырмаларын өңдеудi қамтамасыз етуге тиiс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Клиринг ұйымының операциялық күнi iшiндегi банкаралық клирингке қатысушылар транзакцияларының саны бойынша айналыстар толық түрде санмен көрсетiледi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Клиринг ұйымының операциялық күнi iшiндегi банкаралық клирингке қатысушылар төлемiнiң сомасы бойынша айналыстар санмен тиынмен көрсетiледi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 123 қаулысымен 12-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
12. алып тасталды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 123 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Ақпарат берудi қорғау Ұлттық Банктiң бөлiмшелерi мен электрондық құжаттармен алмасуға қатысатын ұйымдар өзара электрондық құжаттармен алмасқан кезде бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесiн пайдалану тәртiбiн айқындайтын Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 123 (бұр. ред. қара); 2005.17.11. № 147 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 14 -тармақ өзгертілді
14. Клиринг ұйымдарының күнделiктi берген есебi негiзiнде бөлімше Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру жөніндегі қажеттi ақпарат қалыптастыратын болады.
15. Клиринг ұйымының бөлiмшеге күнделiктi есептi дұрыс және уақытылы берiп отыру жауапкершiлiгi клиринг ұйымының басшысына жүктеледi.
16. Осы ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
Ұлттық банк
Төрағасы
|
К.К. Дамитов
|
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 3 шілдедегі
N 158 қаулысымен бекітілген
Клиринг ұйымдарының
күнделікті есеп жасау және
беру ережесіне
N 1 қосымша
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 123 (бұр. ред. қара); 2005.17.11. № 147 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Клиринг ұйымы бойынша бiр күн iшiнде төлемдердiң өтуi
туралы есептiң клиринг ұйымы ұсынатын форматы
((ХХ ДД.ММ.ГГГГ
А В КАВ SAB RDF SBA
))
мұндағы,
(( - файлдың басталу белгiсi, 1-позициядан бастап 2 символ
ХХ - облыс коды, 3 позициядан бастап 2 символ
ДД.ММ.ГГГГ - күнi, 6 позициядан бастап 10 символ
Банктің немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның
(бұдан әрі - банк) банктік бірегейлендіру коды (банкаралық клирингке қатысушы)
1 позициядан бастап 9 символ
Егер 0 болса - барлық қалған банктер сомасы ретiнде
есептелсiн.
В - Банктiң бiрыңғай банктiк коды (банкаралық клирингке қатысушы)
11 позициядан бастап 9 символ
КАВ - А банкiнен В банкiне жiберiлген құжаттар саны, 20
позициядан бастап 7 символ
SАВ - А банкiнен В банкiне жiберiлген құжаттар сомасы
(тиынмен), 27 позициядан бастап 18 символ
КВА - В банкiнен А банкiне жiберiлген құжаттар саны, 45
позициядан бастап 7 символ
SВА - В банкiнен А банкiне жiберiлген құжаттар сомасы
(тиынмен), 52 позициядан бастап 18 символ
)) - файлдың аяқталу белгiсi
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 3 шiлдедегi
N 158 қаулысымен бекiтiлген
Клиринг ұйымдарының күнделiктi
есеп жасау және беру ережесiне
N 2 қосымша
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 123 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Клиринг ұйымы бойынша бiр күн iшiнде сома интервалдары
бойынша төлемдердiң өтуi туралы есептiң
клиринг ұйымы ұсынатын форматы
((ХХ ДД. ММ. ГГГГ
А В К S
))
мұндағы,
(( - файлдың басталу белгiсi, 1-позициядан бастап 2 символ
ХХ - облыс коды, 3 позициядан бастап 2 символ
ДД.ММ.ГГГГ - күнi, 6 позициядан бастап 10 символ
А - соманың алғашқы интервалы 1-позициядан бастап 18 символ
В - соманың соңғы интервалы 19-позициядан бастап 18 символ
К - соманың осы интервалындағы өткізiлген құжаттар саны
37-позициядан бастап 7 символ
S - соманың осы интервалындағы өткізілген құжаттар сомасы
44-позициядан бастап 18 символ
)) - файлдың аяқталу белгiсi
1-мысал.
((32 16.04.1999
0 1000000 1805 624992242
1000001 2000000 471 689482706
2000001 3000000 277 696453763
3000001 4000000 150 524814446
4000001 5000000 134 608107760
5000001 6000000 62 345743708
6000001 7000000 52 339784007
7000001 8000000 65 495020211
8000001 9000000 39 333176510
9000001 10000000 74 724780346
10000001 20000000 218 3172830793
20000001 30000000 122 3100468984
30000001 40000000 52 18110906713
40000001 50000000 42 1949063537
50000001 60000000 21 1155017533
60000001 70000000 21 1377032096
70000001 80000000 18 1361124198
80000001 90000000 8 699395708
90000001 100000000 18 1774458150
100000001 1000000000000 46 7369782448
))
Достарыңызбен бөлісу: |