Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)



бет140/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   290
ОКЭД kz

38.3 Материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)


38.31 Қалпына келтіруге жатпайтын, машиналар және жабдықтарды бөлшектеу

38.31.0 Қалпына келтіруге жатпайтын, машиналар және жабдықтарды бөлшектеу


Бұл ішкі класқа апаттың кез келген түрінен кейін қайталама шикізатты алу мақсатымен машиналар және жабдықтарды (автомобильдер, кемелер, компьютерлер, теледидарлар және өзге де жабдықтар) бөлшектеу кіреді


Бұл ішкі класқа:


- тоңазытқыш сияқты тұтыну қаситеттері жоғалған техникадан қауіпті қалдықтарды алу (38.22.0 қараңыз)
- қайтадан пайдалануға жарамды бөлшектерді және қайта сатуға алу үшін автомобильдерді, кемелерді, компьютерлерді, теледидарларды және өзге де жабдықты бөлшектеу кірмейді, (G секциясын қараңыз)


38.32 Сұрыпталған материалдарды қайта өңдеу

Аталған класқа металл және металл емес қалдықтар, ломдар мен басқа заттарды механикалық немесе химиялық қайта өңдеу арқылы қайталама шикізатқа қайта өңдеу кіреді.


Бұл класқа сонымен қатар мына қалдықтардан қайталама материалдарды қалпына келтіру кіреді: 1) аралас қауіпсіз қалдықтардан (мысалы, қоқыстан) қайталама шикізатты бөлу және сұрыптау 2) қағаз, пластмасса, пайдаланылған консервілік банкілер және белгілі бір санаттар бойынша металл бұйымдар сияқты аралас қайталама материалдарды бөлу және сұрыптау.
Механикалық немесе химиялық қайта өңдеудің мысалдары мынадай процестер болып табылады:
- бұрын қолданыста болған автомобильдер, кір жуатын машиналар, велосипедтер және т.б. метал сынықтарын механикалық уату
- метал сынықтарын, есептен шығарылған көлік құралдарын және т.б. уату
- кесу, бұйымдардың көлемін кішірейту мақсатымен сығымдау сияқты механикалық қайта өңдеудің өзге әдістері
- фотографиялық қалдықтардан, мысалы бекіткіш ерітінді немесе фотографиялық үлдірі мен қағаздардан метал алу

Бұл класқа:


- шүберек шикізуттың жекелеген талшықтарынан алынған жіпті иіру (өзіндік өндірісінен немесе басқа) қағаз массасын әзірлеу, метал сынықтарынан металл өндірісі немесе шиналарды қалпына келтіру сияқты қайталама шикізаттан алынған түпкілікті өнімнің жаңа түрлері өндіру, («Өңдеу өнеркәсібі» С секцияның тиісті ішкі кластарын қараңыз)
- қайталама шикізатты көтерме саудасы кірмейді, (46.77 қараңыз)

38.32.1 Қара металдың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу


Бұл ішкі класқа:


- теміржол вагондары сияқты қара металдардан жасалған ірі объектілерді механикалық кесу кіреді

Бұл ішкі класқа:


- қара металдардың қалдықтарын және сынықтарын қайта қорыту кірмейді, (24.10.0 қараңыз)

38.32.2 Түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу


38.32.3 Металл емес қалдықтарды қайта өңдеу


Бұл ішкі класқа:


- қайталама шикізатты өндіру мақсатымен тозған шиналар сияқты резеңкелерді қайтадан пайдалану
- құбырлар, гүл құмыралары, тұғырықтар және басқалар үшін қайталама шикізат өндірісі мақсатымен, пластмассаны сұрыптау және сығымдау
- пластмассаны немесе резеңке қалдықтарын түйіршіктерге қайта өңдеу (тазарту, балқыту, ұсату)
- шыныны уату, тазалау және сұрыптау
- қайталама шикізат өндірісі мақсатымен құрылыс қоқыстары сияқты өзге де қалдықтарды уату, тазалау және сұрыптау
- тамақ өнімдеріне арналған майларды немесе мал майын қайталама шикізатқа қайта өңдеу
- тамақ өнімдерінің, сусындар мен темекі өнімдерін өзге де қалдықтарын, сондай-ақ қайталама шикізаттан қалдық заттарды қайта өңдеу кіреді

Бұл ішкі класқа:


- ядролық отынды қайта өңдеу, (20.13.0 қараңыз)
- жағу процесінде қалдықтарды жою, (38.2 қараңыз)
- қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою, (38.21.0 қараңыз)
- компосты өндірсін қоса алғанда, органикалық қалдықтарды көму үшін оларды өңдеу, (38.21.0 қараңыз)
- қауіпсіз қалдықтарды жағу процесінде энергия өндіру, (38.21.0 қараңыз)
- ауруханалардан және т.б. шыққан радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу және жою, (38.22.0 қараңыз)
- уытты, зақымданған қалдықтарды қайта өңдеу және жою кірмейді, (38.22.0 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет