27.31 Талшықты-оптикалық кабельдерді өндіру
27.31.0 Талшықты-оптикалық кабельдерді өндіру
Бұл ішкі класқа:
- деректерді беруге немесе бейнелерді тікелей беруге арналған талшықты- оптикалық кабельдер өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- шыныталшықтар өндіру, (23.14.0 қараңыз)
- талшықты-оптикалық кабелі немесе талшықты-оптикалық кабелден жинақтар және ажыратқыштар немесе басқа жалғастырушы элементтерді пайдаланумен жабдықтар өндіру кірмейді, (жабдықтар түріне қарай ішкі класты қараңыз, мысалы, 26.11.0)
27.32 Басқа электр сымдарды және кабельдерді өндіру
27.32.0 Басқа электр сымдарды және кабельдерді өндіру
Бұл ішкі класқа:
- болаттан, мыстан және алюминийден оқшауланған сымдарды және кабельдер өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- сымды өндіру, (24.34.0, 24.41.0, 24.42.0, 24.43.0, 24.44.0, 24.45 қараңыз)
- компьютерлер, принтерлерге арналған кабельдер, USB кабельдерге және т.с.с. кабельдік құрылғылар және жинақтамаларын өндіру, (26.11.0 қараңыз)
- оқшауланған сымдар және ажыратқыштары бар жинақтамаларды өндіру, (27.90.9 қараңыз)
- автомобиль құралдарына арналған сымдар жинақтамаларын өндіру кірмейді, (29.31.0 қараңыз)
27.33 Электрмонтаждық құрылғыларды өндіру
27.33.0 Электрмонтаждық құрылғыларды өндіру
Бұл ішкі класқа әр түрлі материалдардан әзірленген тоқ тарататын және тоқ таратпайтын сымдарды, кабельдерді, өткізгіш қондырғыларын өндіру кіреді.
Бұл ішкі класқа:
- ток өткізетін шиналар өндіру (тарату құрылғылары типінен басқа)
- жерлендіру тізбегінің ажыратқыштарды өндіру
- шамдық патрондар өндіру
- ұшқынды кернеуден индукция мен катушкаларынан қорғаныс үшін разрядтауыштар өндіру
- электр тізбегтерге арналған өшіргіштерді өндіру (мысалы, батырмалы, басатын, бұрмалы, тумблерлі ажыратқыштар)
- электр розеткалар мен айырлар өндіру
- электр сымдарға арналған таратушы, қосушы қораптар өндіру
- электр сымдарды қосу (біріктіру) үшін түрлі элементтер және құрылғылар өндіру
- тірек және электр беру желілері үшін арматураларды өндіру
- пластмассалық бөлу қораптарын, панельдерін және ұқсас пластмассалық электроарматураларды қосқанда, пластамассалық төмен вольттік электрмонтаждық құрылғылар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- керамикалық оқшаулатқыштар өндіру, (23.43.0 қараңыз)
- қосылыс үшін арналған электрондық бұйымдарды, өшіргіштер,үзгіштерді өндіру кірмейді, (26.11.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |