24 Металлургия өндірісі
Осы бөлімге электрметаллургиялық және өзге де металлургиялық технологияларды пайдалана отырып, кендерден, құймалар мен сынықтардан шойын өндіру және қара және түсті металды қайта өңдеу.
Осы бөлімге сондай-ақ аса берікті металл құймаларды қоса, таза металға өзге де химиялық элементтерді қосумен құймаларды өндіру кіреді. Құймалар және өзге де бастапқы пішіндер және жартылай дайын фабрикаттар мынадай операциялардан: жайма болат, жолақ, шыбықтар, сымдар және қуыс профильдер, сондай-ақ дайын өнімдерді құю үшін сұйық болат алу үшін жабу, таптау, аударыстыру, экструзиялау, мөртабандауға операцияларынан өтеді.
24.1 Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру
Осы топқа темір кенін тікелей қалпына келтіру, темір құймалар мен осы өзге де қатты пішіндерді құю, шойынды болатқа айналдыру, ферроқорытпалар мен болат өнімдерін өндіру сияқты қызмет түрлері кіреді.
24.10 Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру
24.10.0 Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- домна пештерін, болат конвертерлер, өңдеу және жұқарту цехтарын пайдалану
- құйымдарда, кеспелтектерде, блоктарда немесе басқа да бастапқы пішіндерде құю және айналы шойын өндіру
- ферроқорытпалар өндіру
- темір кеннен тікелей қалпына келтірумен қара металдардан және құймалар, шекеттас және өзге де осыған ұқсас пішіндер түрінде кеуекті темірден өзге де өнімдер өндіру
- электролиз немесе өзге де химиялық процестер арқылы айрықша тазалықпен темір өндіру
- сынықтар мен қалдықтарды шойын және болат құймаларға қайта балқыту
- түйіршіктер және ұнтақ түрінде темір өндіру
- кеспелтек түрінде (құймалар) немесе өзге де бастапқы пішіндерде болат өндіру
- болаттан жартылай дайын өнімдер өндіру
- болаттан ыстықтай, салқындай илемделген жазық илем өндіру
- болаттан ыстықтай илемделген шыбықтар және өзектер өндіру
- болаттан ыстықтай илемделген ашық профильдер өндіру
- болаттан дәнекерлеу профильдерін және шпунтты құрылымдар өндіру
- болаттан теміржол және трамвай жолдарына арналған рельстер және өзге де бұйымдарды өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- суықтай сымдау созу кірмейді, (24.31.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |