Қазақстан Республикасының медицинасының жай-күйі және дамуы


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының жағдайы және оның қаржыландыру жүйесі



бет3/7
Дата04.05.2023
өлшемі54.54 Kb.
#473215
1   2   3   4   5   6   7
реферат методы.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының жағдайы және оның қаржыландыру жүйесі. 
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы он жылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды. Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер - туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді.
Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды.
Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр. Қазақстанда медициналық мекемелердің 80 % мемлекеттiк меншiкте болса, ал 20% жеке меншікте, демек, медициналық сұрақтарда мемлекет басты роль ойнайды. 17 миллион халқымен Қазақстанның нарық медициналық сыйымдылығы 500 миллион АҚШ долларының сомасына бағаланады.
Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде 2011 жылы барлық мамандықтардағы 62 239 дәрігер мен 159 870 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында – 85%-ын әйелдер құрайды.
Қазақстанда соңғы жылдары белгілi бiр медициналық-демографиялық өзгерiстер болды. Республикада халықтың саны 2011 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өстi. 2011 жылы бала туу көрсеткiшi халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 2001 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өстi. Республикада бала туудың өсу үрдiсi 2001 жылдан бастап байқалып отыр.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік–экономикалық реформалардың қиын жолдары арқылы өзінің әлеуметтік саясатын жүргізіп келеді. Экономикадағы болып жатқан көптеген процестердің арасындағы өзара байланыс әлеуметтік саланың тармақтарының дамуының қарқындылығының жалпы экономикалық өсуді, экономиканың әртүрлі салаларының арасындағы тепе-теңдікті, халықтың өмір сүру деңгейінің сапалық көрсеткіштерін, халықтың денсаулық, білім деңгейінің көрсеткіштерін алдын-ала анықтайтынын дәлелдейді.
Бүгінгі таңда халықтың денсаулық көрсеткіштері (орташа өмір сүру ұзақтығы, ана және бала өлімі, ауыру деңгейі және т.б.) әртүрлі мемлекеттер арасында салыстырылатын және әр елдің өркениеттілігінің деңгейін көрсететін факторлардың бірі болып саналады.
Сондықтан денсаулық сақтау саласының проблемалары мемлекеттің әлеуметтік-саяси деңгейіндегі өзекті мәселелері деп қабылданып, күнделікті көңіл бөлінетін шараларға айналуы тиіс. Еліміздің дамуының геосаяси болашағы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, экономикалық өсу және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің өсуі қоғамдағы адамдардың табиғи және рухани даму деңгейіне, олардың кәсіби белсенділігіне, өмір сүру ұзақтығына тікелей тәуелді болады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтары ретінде ұлттың интеллектуалды және еңбек әлеуетінің сақталуы, адамдардың психофизикалық денсаулығының жақсаруы, олардың өмір сүруінің сапасының артуы сияқты көрсеткіштер есептелуі қажет.
Мемлекеттік бюджеттің ролі оның мемлекеттік органдар мен әлеуметтік саланы қаржылай қамтамасыз ететін қаржылық база ретінде қаралуында. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын жүзеге асыратын маңызды құрал бола отырып, ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын шешу және жалпы ұлттық көлемдегі резервтерді құру үшін қажетті ақша қаражаттарын орталықтандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен, мемлекеттік бюджетте шоғырланған ақша қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыруға, оның қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталады. Бюджеттің көмегімен халық шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жалпымемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджеттің қоғамның әлеуметтік-техникалық дамуындағы ролі төмендегідей сипатталады:
1.Мемлекеттік бюджет экономиканың дамуына әсер ететін құрал болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен мемлекет ұлттық табысты қайта бөліп, қоғамдық өндірістің құрылымын өзгертеді, әлеуметтік саладағы өзгерістерге әсер етеді. Бүгінгі күні ұлттық табысты қайта бөлудің қаржылық нысандары мен әдістерінің өзгеруі мемлекеттің орталықтандырылған (республикалық бюджет) және орталықтандырылмаған ақшалай қорларының қатынасында орталықтандырылмаған қорлардың маңызын арттыра түседі.
2.Экономиканың дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізетін негізгі құралдардың бірі болып табылады. Бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлай отырып, мемлекет экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын, экономикалық дағдарыстан шығуға жұмсалатын ақша қаражаттарын өз қолында шоғырландырады. Мемлекеттік бюджет әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік саланың (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, мәдениет және т.б.) мекемелерін бюджеттік қаржыландыруды жетілдірумен байланысты болады. Болашақта мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік процестердегі ролі күшейе береді. Бұл бюджеттік қаражаттардың бюджеттен тыс қорлармен біріге отырып әлеуметтік дамуды жүзеге асыратын, халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің неғұрлым жоғары деңгейіне көшуді қамтамасыз ететін қаржылық базаға айналуымен байланысты болады. Сонымен бірге, мемлекеттік бюджет халықтың әлеуметтік топтарын материалдық жағдайы бойынша теңестіру мәселесінде айтарлықтай орын алады.
3. Мемлекеттік бюджет бюджеттік қаржыландыру арқылы елдің аймақтарындағы экономикалық дамуды теңестіруді жүзеге асырады. Бюджеттік қаржыландыру қайтарымды және қайтарымсыз түрде жүзеге асырылады. Қайтарымды түрдегі бюджеттік қаражаттар күрделі салым жасауға несие түрінде беріледі. Бұл қаражаттар мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді (дүкендер, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, театрлар т.б.) салуда маңызды роль атқарады.
4. Бюджеттің негізгі ролі, ол жыл сайын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақша қаражаттарын орталықтандырылған мемлекеттік қорда жинақтап, экономиканың салаларын, әлеуметтік-мәдени шараларды, елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуды, мемлекеттік басқару органдарын қаржыландыруды және мемлекеттік резерв құруды жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджеттің ролі - ол қоғамның өндіргіш күштерін дамытуға, ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатуға әсер ететін маңызды экономикалық білік болып табылады.
5. Мемлекеттік бюджет - бұл еліміздің бюджет жүйесінің жетекші буыны. Жалпымемлекеттік шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте ұлттық табыстың елеулі бөлігі шоғырланады. Бюджетте шоғырланған қаржы ресурстары мемлекеттік бағдарламаларды басыңқылық дәрежесіне қарай қаржыландыруға жұмсалады. Мемлекеттің денсаулық сақтау саласын қаржыландырудағы араласу деңгейі, елдегі заңдық базаның іс-әрекеті, елдегі саланы ұйымдастыру және басқару әдістерін жетілдіру, медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібі әлемнің әр түрлі елдерінде маңызды ерекшеленеді. Дамыған нарықты экономикалық үлгідегі елдерде денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың үш негізгі үлгісі қалыптасқан:
1) Либеральды-нарықтық (АҚШ)
2) Әлеуметтік-сақтандыру ( ГФР, Франция, Австрия, Швейцария, Бельгия, Голландия, Швеция, Жапония, Қанада)
3) Бюджеттік (Ұлыбритания, Ирландия, Италия, Португалия, Греция, Дания)
Әлемдік экономикадағы және қаржы жүйесіндегі дағдарыс процестері халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкелуі сөзсіз. Бұл жағдайда мемлекеттік бюджеттің ролі оның әлеуметтік бағыттылығымен түсіндіріледі, яғни мемлекеттік бюджет әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалуы керек. Әлеуметтік мәселелерді қараған кезде мемлекеттің тапсырмасы бірінші кезекте халықтың объективті түрде мемлекетке тәуелді топтарына (зейнеткерлер, балалар, студенттер, мүгедектер т.б) әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталуы керек. Сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық ролі Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңінің басты мәселесі - әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканың элементтерін дамытумен және әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жеңілдетумен байланысты болуы керек.
Денсаулық сақтау саласының қаржы жүйесін мемлекеттік деңгейде басқару төмендегілерді қамтиды:
- экономикалық саясаттың тұжырымдары мен қағидаттарын және қаржы жүйесін реттеудің әдістерін қалыптастыру;
- қаржылық саясатты және оны реттеудің шараларын заңдық және нормативті-құқықтық қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласының қаржылық саясатының нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Азаматтық кодексі, Бюджеттік кодексі, Салық кодексі, Денсаулық сақтау Кодексі, «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңы және басқа да денсаулық сақтау саласына қатысты жарғылар, үкімдер, ережелер мен қаулылар, нормалар мен нормативтер құрайды. Денсаулық сақтау саласында пайда болатын қаржылық қатынастар бір жағынан денсаулық сақтау саласын ұстауға және дамытуға бағытталатын қаржы ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде қаралса, екінші жағынан саладағы қаржы ағындарын басқаратын экономикалық әдістерді жүзеге асыру мақсатында пайда болатын ақшалай қатынастардың жиынтығы ретінде қараладыСонымен, денсаулық сақтау саласындағы ауруларды қаржыландырудың бюджеттік тапшылығы жағдайында санитарлық іс-шараларды жеткілікті және толық қаржыландыру, қаржыландырудың баламалы мүмкіндіктерін іздестіру - өзекті мәселе. Мемлекет кепіл берген медициналық көмектер деңгейін өзгерткенде, медициналық көмекті тұтыну көлеміне, аймақтардың өзіндік ерекшеліктеріне, территориялардағы халық санына ерекше назар аудару қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет