Лекция №2. Тақырып Алаш партиясы.
Жоспар
1.Бүкіл қазақ съезі, Алаш партиясының құрылуы.
2.Алаш партиясының бағдарламасы.
3.Алаш партиясының “Большевиктер”, “Кадеттер”, “Үш жүз ” партияларымен арақатынасы мен айырмашылығы.
Пайдаланылған әдебиеттер.
а)негізгі
1.Мұхтар Құл-мұхаммед“Алаш ” бағдарламасы А:2000 ж
2. Ғ.Ахметов Алаш –алаш болғанда естеліктер мен тарихи деректер А:96
3.М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты А:95
4.М.Қойгелдиев алаш қозғалысы А:95
5.Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.
6. Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж
7. Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука Казахстана А 1992
8. М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А1992ж 272 б.
9. М..Қозыбаев .Историческая наука Казакстана А 1992ж.
10. Б. Қойшыбаев Жазықсыз жапа шеккендер.
б)қосымша
1. С.Өтениязов .Тарихтың ащы ақиқаттары А.1990
2. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар
3. Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада
4. Подробно о партий (а) А.1995 «Алаш « сборник документов А.1992
5. Ә.Әбдікәкімұлы «Қаз тар» оқу құралы А.1997
Лекция мәтіні
Алаш партиясы Контррев буржуазияшыл –ұлтшыл ұйым(1917-1920) Байлардың ,феодалдар мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының сойылынсоқты 1905 жылы кодет партиясының Қазақстандағы тобы ретінде пайда болды.Оған Ә.Бөкейханов ,М.Тынышбаев т.б қазақтың буржуазияшыл –ұлтшылдары құрды.1917жылы 21-26 июльде (3-8 августь)Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» («Бүкіл қазақтық») съезде «Алаш» партиясы саяси жағынан ресми түрде қалыптасып ,өзін басшы органдарын сайлады.»Алаш»партиясының бағдарламасы пан исламизм ,пан туркизм идиялогиясын уағыздады.
Қазақстанның буржуазия автономиясы ұранын көтерді ,потриархалдық-феодалдық ескі қатнастарды біртіндеп буржуазия қоғамының жағдайларына үйлестіруді ұсынды, ауылда жер иеленудің бұрынғы түрлерін сақтауды ,әдет прабасын негізделген сот жүйесін құруды ,халық арасында мұсылман дінін кең таратып,оның ықпалын көздеді.»Қазақ»(Орынбор) ,»Сарыарқа «(Семей ) газетері партияның осы идеяларын насихаттайды
“Қазақ ” газетінің 1917 ж 21 қарашадағы санында “Алаш ” партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жобаны жасаушылар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Елдес Омаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ. Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов деп көрсетілген. Бұдан көріп отырғанымыздай ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, әрі идеялық басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың аты-жөндері бірінші тұр. Ұдайы саяси қуғын –сүргінге ұшырағанына түрмеге жабылып, жазаға тартылғандарына қарамастан, олар өздерінің туған халқына шексіз берілгендігін көрсетті және оны іс жүзінде дәлелдеді. Олар қатәгез отаршылдық пен полицейлік езгі жағдайында туған халқының мүддесін қорғады, оның өмір сүру құқын ғана емес, сонымен қатар дербес саяси даму құқығын да ғылыми дәйектілікпен айқындап партия бағдарламасының жобасын түзді.
Ұйымдасып көмеген қазақ зиялылары бостандық жарияланғаннан кейін алғашқы кезде әрқайсысы әр жақта ұйым ашты, олардың көбі ұйым деген аты болмаса, ен істеу керектігін өздері де білмеді, жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарынан (сауық кештерін қою, жазба газет шығару,т.с) әрі аспады.Мысалы Омбыда “Бірлік”, Қызылордада “Талап ”, Зайсанда “Қазақ жәрдемі ” т.б. ұйымдар болды. Орынборда бір топ қазақ жастары 1917 жылдың жазында “Еркін дала ” деген ұйым ашып, “Қазақ ” газетінің 17 шілдедегі санында халыққа мынадай үндеу жариялапты: “Бірінші тамызда оқытушылардың Орынборда жиыны болады.Учредительное собрание келіп қалады.Болатын өзгерістің жайын ұйымдасып кеңксуіміз қажет. Оның үстіне, жаңа туған қауымның көптің талқысына салатын сөздері бар. Соның үшін күш біріктіріп қызмет етуге сендерді біз шақырып күтеміз”.
Алаш партиясының бағдарламасының жобасы.
I Мемлекет қалпы. Ресей демократиялық федеративтік республикаға енген әрбір мемлекет тәуелсіз болып табылады. Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу.
Депутаттар тегіс, тең төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында дін, еркек, әйел талғаусыз болады.
Законда жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада болу мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау.
II Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстарының бәрі бір байланып өз тізгіні өзінде болып Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. “Алаш ” партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земестволардың управаларында милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. “Алаш ” партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи (дамуына) ету жағына бастайды.
III. Негізгі хұқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек әйел демей адам баласы тең болу.
-жиылыс жасауға,қауым ашуға, жария сөйлеуг, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік, үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығынт атамаушылық;
законсыз жолмен ешкімді өкімет адамдары ұстамаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде бір жетідей қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға –айып, оқығанға жаза болу.
IV.Дін ісі.
Дін ісі мемлекет ісінен айырулы балу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.
Муфтілік қазақта өз алдына болу.Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молада болу, жесір дауы сотта қаралу.
V. Билік һәм сот. Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кімде болса, олардың үкіміне мойын сұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присежный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присежныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билікпен сот жұрт ұйғарған ерепсе жолмен атқарылу.
VI. Ел қорғау . ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету, әскер тобына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
VII. Салық.
Салық әл-ауқат табысқа қарай байға –байша, кедейге –кедейше әділ жолмен тарату.
VIII. Жұмысшылар.
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод –фабрикалар аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. “Алаш” партиясы жұмысшылар турасында социал –демократтардың меньшевик табының програмасын жақтайды.)
IX.Ғылым –білім үйрету.
Оқу ордаларының есігі кімде кім болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жацылу.Бастауыш мектептерде ана-тілінде оқу, қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу, оқу жолы өз алдына автономия түрінде болу;үкімет оқу ісін е кіріспеу; Мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
X. Жер мәселесі.
Учредительное собрание негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдамен жергілікті жұртқа берілсін деу;қазақ жер сыба ғасын отырғ ан жерлерденалып орналасқанша қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; Сыбаға өлшеу норма жердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалу; Сыбағадан артылған жер земество қолында болу; артық туған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп беру; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иленбей ауыл-аймақ, туысқан тобына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.Жер законынде жер сату деген болма, әркім өзі пайдалану.Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені астыңғы байлығы қазынанікі болып, билігі земество қолында болу.Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земество мүлкіне саналу.
1917 ж 5-13 желтоқсанда Орынборда II жалпы қазақтар съезі өтті. Съезде жалпы “қазақ –қырғыз ұлты автономиясы ” құрылды.оған “Алаш ” деп ат қойылды. Автономияны басқару үшін “уақытша халық кеңесі”, “Алашорда ” құрылды. Ол 25 мүшеден құралды. Оның он орны орыс және тағы басқа халықтарға ұсынылды.алашорданың орналасуы Семей қаласы болды.Осы Орынборда өткен II съезде Алашорданың “Алаш ”партиясының бағдарламасын бекіткен тұғын.
Революциядан кейін қазақ зиялылары көбінесе екі орталықта-Орынбор мен Ташкентте топталған еді. Орынборда “Қазақ ” газеті болды, ал Ташкентте Көлбай Төгісов 1916ж “Алаш ” деген газет шығарып, “Қазақ ” газетімен алакөз араз болды., “Алаш” газетін өкімет орындары 1917 ж жауып тастағаннан кейін Көлбай өзінің әйелі , гимназиябітірген Мәриям Төгісова атынан “Үш жүз ” деген газет шығара бастады, бірақ оның да өмірі ұзақ болмады. Көлбай “Қазақ ”газетіне жазғанына қарағанда, Зайсанда ауыл шаруашылығы мектебінде оқыған, сонда сотқа тілмаш болып қызмет істеген, аздап заң жүйелерімен танысып алғаннан кейін “адвокат ” болып жүрген, заңсыз адвокат болғанын білген заң орындары қудалаған соң екі баласы мен әйелін тастап Ташкент жаққа барып,бойдақпын деп Намангандағы белгілі бір адамның әлгі айтқан Мәриям деген қызына үйленген.
XX ғасыр басында Ресей топырағына Марксизм идеяларының енуіне байланысты, большевиктер партиясы В.И.Лениннің басшылығымен саяси аренаға жолдама алды. Саяси билікке төңкеріс жасау арқыыл жетіп, демократиялық, социялистік өзгерістерді енгізіді, бағдарламалық мағанада насихаттаған. Бұл партияның жұмысшы табы арасында беделі зор болды. Шын мәнінде кадеттер партиясы қазақ зиялыларынан көп қолдау тапты.Олардың басшылары рухани жетекшілерісол партияға мүшелікте болып бағдарламасын мойындады. Атап айтқанда Әлихан Бөкейханов 1906 ж кадет партиясының Орталық комитетінің мүшесі болғаны белгілі, бірақ одан өзі шығып қалған. Оның себебін өзі былай дейді: кадет апртиясы жер әркімнің жеке меншігінде болсын дейді.Қазақтарға жерді бөліп берсең, олар ана башқұрттар сияқты, ішкі жақтан келген орыстарға сатып, жерлерінен айрылып қалады; екіншіден, кадеттер ұсақ ұлттарға автономия беруге қарсы, ал біз автономия алуды көздейміз. Осы екі себептен ол партияны тастап шықтым дейді.
Ахметтің сөзімен айтқанда “киіздей шала басып қарпылмаған ” алаштың өзі сол қым-қиғаш заманда құрылмай жатып быт-шыт болып Шығыс Алашорда, Батыс алашорда болып бір бөлігі Торғайда қалыпыдырап аяғынан тозды. Шығыс пен Батыс Алашорданың арасында байланыс болмады. өйткені жер шалғай қолдарында байланыс құралдары жоқ еді. Сонымен “Алашорда ” іс жүзінде 1918ж ортасынан 1919ж аяғына дейін бас аяғы жыл жарымдай ғана өмір сүрген.
Лекция №3. Тақырып : Алаш автономиясының құрылуы.
Жоспар:
1. Алаш автономиясының құрылуы.
2. Қазан революциясы қарсаңындағы Қазақстан .
3.Алаш Орда кеңес үкіметі мен азамат соғысы жылдарында.
Пайдаланылған әдебиеттер.
а)негізгі
1.Мұхтар Құл-мұхаммед“Алаш ” бағдарламасы А:2000 ж
2. Ғ.Ахметов Алаш –алаш болғанда естеліктер мен тарихи деректер А:96
3.М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты А:95
-
М.Қойгелдиев алаш қозғалысы А:95
5.Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.
6. Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж
7. Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука Казахстана А 1992
8. М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А1992ж 272 б.
9. М..Қозыбаев .Историческая наука Казакстана А 1992ж.
10.Б. Қойшыбаев Жазықсыз жапа шеккендер.
б)қосымша
1. С.Өтениязов .Тарихтың ащы ақиқаттары А.1990
2. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар
3. Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада
4. Подробно о партий (а) А.1995 «Алаш « сборник документов А.1992
5. Ә.Әбдікәкімұлы «Қаз тар» оқу құралы А.1997
Қазақ автономиясын құру жолындағы қиындықтарды туралы әңгімелейтін құжаттармен деректер жарияланған «Ақтар қозғалысын « өкілдер арасынан одақтастар іздеді,уақытша Сібір үкіметімен ,құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен ,Түркістан (Қоқан) автономиясымен,Башқұрт ұлтшылдарымен Орал әскери үкіметімен әскери-саяси одақ жасау –Алаш Ордашыларды қандастарын өлімге қиған азамат соғысына қатысуға итермеледі.
Болшевизмнің идеялогиялық артықшылықтарын бекітіп берген Қызыл Әскер жеңісі оларды Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Төңкеріс комитетімен одақтасуға мәжбір етті,бұның өзі Кеңес үкіметімен одақтасу болатын.Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазды.Кеңес одағы тұсында жасалған зертеу еңбектері халық арасынан сайланып,елдің мүддесін биік мінберден қорғаған ардақтыларымыздың бәрі «Аты жаман «Алаш партиясының мүшелері болғандықтан,бір жақты қаралау ұстанымымен жазылды.
Белгілі Қоғам қайраткері ,тарих ғылымдарының докторы ,профессор Өмірзақ Озғынбай еді.Ғалым ұзақ жылдар бойы осы мәселені түп ізденісіне түсіп ,өзіміздегі мұрағаттарды ғана емес,Санг-Петербург ,Мәскеу мұражайларындағы деректерді де ақтарып ,қалмай жүргізген зертеулеріне арқасында қазақ даласындағы XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы саяси-әллеуметтік ақуалдан бастап ,думаға депутат сайлаудың қалай өткені ,олардың атқарған қызметтері ,көтерген мәселелері жөнінде және осынау Алаш ардақтыларын кейінгі тағдырлары туралы да мол мағлұмат береді.Соңғы мәселеге байланысты Орынбор ,Омбы,Омск,Саратов,Ташкент,т.б қалалардыңда мұражайларында жұмыс істеді .
1905-1906 жылдары сол кездегі қазақ қалаларында «Кодет»,»Нородная сбабода»,»Сосиал демаккраттар»т.б партиялар ресми түрде тіркеліп ,өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп тұрған .
Оған қазақтың оқыған зиялыларымен қатар ел арасындағы құлағы түрік,көкірегі ояу көптеген белсенді адамдар да өтіп өз партияларының мәслихатын халық арасына таратып отырған .Ішкі Ресейдегі толқулардың екпіні қазақ қалаларында шарпып ,патшаға қарсы елеуілдермен шерулер Орал ,Перовск,Ақтөбе,Петрапавл,т.б қалалардағы өнер-кәсіп орындарында темір жол жұмысшылары арасынгда жиі болып тұрғаны белгілі.Міне,осынау кезеңде Думаға сайлау болатын туралы заң шыққаны қазақ арасына жетеді.
Әрине бұл жақсы жаңалық еді.Өздерін теңгермей ,жарты кеш санап жүрген үкіметтің енді елдің басты заң шығарушы органының мүшелігіне орын бермеген қазақ арасында жыл келгендей жақсы хабар әкелгені шындық.Жергілікті төрешіл үкіметтің басшылары болса,өздері кемсітіп жүретін қазақтардың жоғарғы үкімет органына сайлану құқығына ие болғанына шек келтіріп,Петербордан басқа бұйрық келіп қалар ма екен деп ойлап,сайлау науқанын ұйымдастыруды көп уақыт қолға алмайды.Жергілікті халықтың қысымымен қолға алынған ол мерзімнен әлдеқайда кеш басталады.Қала берді ол аумақтық бөлініске келгендеде барынша әділетсіз болады.
Мәселен,қазақ даласын Ақмола ,Семей ,Торғай және Орал губернияларына бөлінген он депутаттық мондаттың бүкіл халықтың жетпіс пайызын құрайтын қазақтарға төртеуін .,ал отыз пайызн құрайтын орыстар қоныстанған қалаларда алтауын береді .Бұған ,әрине ,қазақтар арсыннан наразылықтар білдіріп кей біреулер социал демакраттар партиясын «Болшевиктер» қанатының үндеуімен сайлауға байкотта жариялайды .Осындай іркіс-тіркестің салдарына уақтылы өткізілген сайлаудың кесірінен Қазақстандық депутаттар кеш қалып Дума жұмысына алғашқы күннен қатыса алмайды.Дегенмен,қанша жетіспеушіліктері болса да ,бұл қазақ даласында демократиялық жолмен өткен тұнғыш сайлау еді.Енді онда сайланған депутаттардың есімдерін толығымен атап ғкетейік.Олар:
Семей облыснан Ә.Бөкейханов,
Торғай облысынан А.Бірімжан,
Орал облысына А.Қалменұлы
Ақмола облысынан Ш.Құсшығұлы
Жетісу облысынан М.Тайынұлы
Сонымен бірге қақзіргі Қазақстан аумағына енбейтін қазақтар қалың қоныстанған аумақтардың арасынан Астрахан губерниясынан Бақтыгерей Құлманұлымен Дәуіт Ноян-Тұндыт, Уфа губерниясынан Сәлімгерей Жәнтөре еді. Сөйтіп бірінші Думаға қазақтар арасынан 8 депутат сайланды.
1917 ж Ресейде ақпан буржуазиялық революциясы өткеннен кейін қазақ даласында қоғамдық қозғалыстар басталды.1 жалпы қазақтық съезд 1917 ж шілдеде Орынбор қаласында өтеді . Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды: мемлекеттік басқару жүйесі , автаномия, білім , сот , дін, әйелдер құқы және т.б. Съезд қазақтардың « Ресей Федеративтік демократиялық , парламенттік республикасының құрамында автономия » алу талабын жариялады. Съезд революцияларында жер мәселесі өте өткір көтерілді, оның ішінде қоныс аударуды тоқтату , қазақ жерін өзіне қайтарып беру т.б.Осы съезд уақытында «Алаш» партиясы құрылды.Бұл Ахмет Байтұрсыновтың ,Әлихан Бокейхановтың «Қазақ» газеті төңірегінде жиналған қазақ зиялы қауымының белсенділігі арқасында , қазақ этносын құлдыраудан сақтап қалған ірі оқиға болды. Қазақ қоғамында ,саяси өмірде 1917 ж желтоқсанда Орынборда өткен ІІ қазақ съезі үлкен орын алады. Бұл съезде «Алаш» партиясының бағдарламасымен бірге ұлттық – мемлекет идеясы ұсынылды.
І Қазақ халқы тығыз қоныстанған , тілі, мәдениеті бір облыстардани ұлттық – территориялық автаномия құру. Оның құрамына : Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Фергана, Самарқанд, Алтай губерниясы кірді.
II. Қазақ облыстардың автономиясына «Алаш» аты берілсін.
III. Барлық жердегі , судағы байлық Алаш халқының меншігіне қарайды.
IV. Қазақтар арасындағы тұратын барлық халық өкілдеріне азшылық (меньшинство) құқын беру.
V. Алаш облыстарын құлдыраудан, анархиядан аман сақтау үшін Алаш Орда халықтық кеңесін ұйымдастыру. Оның 25 орнының 10 орны орыс және басқа халықтар өкілдеріне берілсін. Алаш орданың орталығы Семей қаласы болсын. Алаш Орда қазақ елінің билігіне тез арада өз қолына алынсын.
Азамат соғысы жылдарында (1918-1920жж) Орынбор мен Самара қалаларында қазақ және башқұрт ел басшылары арсында бірнеше келіссөздер мен жиналыстар өтті. Мұндай келіссөздердің жетістіктерінің бірі «оңтүстік-шығыс мұсылман облыстарының федерациясын» құру, башқұр-қазақ әскери бөлімдерін қалыптастыру болды.
З.Валиди өзінің естеліктерінде 1918ж. 18-21 шілде аралығындағы келіссөздер туралы былай деп жазды «Саитгерей Магазов Семейге келгенде, онда Алихан Бөкейханов пен бұрынғы Қоқан автономиясының басшысы Мұхамеджан Тынышпаев болды. Бұл Қоқан республикасы, Алаш Орда және Башқортстан лидерлері ұйымдастырған алғашқы бірлескен съезі болды».
Өкінішке орай, көптеген себептерге байланысты Түркі елінің ұлттық қолбасшыларының жоспары жүзеге аспады. Сол кездегі күрес жайлы Башқортстан саяси қайраткері және тарихшысы З.Валидов естеліктерінде жақсы көрінеді: «орталық (Мәскеу) келешекте де бұрынғы отар елдеріндегі орыс пролетариатының өкілдеріне сүйенді, біз олардың «басшыларына» адалдық пен берілгендікті қанша лықты көрсетсек, соншалықты олардың сенімділігін пайдалана аламыз, бізге деген сенімсіздік Ресей шегінде социализмнің жеңісінен кейін де сақталып қалады. Тіпті әлемде социализм орныққаннан кейін де шығыс халықтары Ресей метрополиясының және жұмысшыларының тарапынан «басқару жүргізілмейінше қанағаттанбайлды дегенді мен Лениннің өз аузынан естідім...»
Мұның бәрі Лениндік түсінік «... социализм құру жолына түскен шығыс халқы ешқашан орыс коммунистерінің сенімін пайдалана алмайтынын мен түсіндім»
Бұл мәселе – шовинизм ұлттық ел басшылары алдында кеңес үкіметіне қарсы ашық күрес туғызу қажеттігін қойды. Дәл осы уақытта Т.Рысқұлов, Н.Ходжанов және т.б. пікірлестер Түркістан комиссиясынан және Түркістан атқарушы комитетінен шығарылды. Олардың орнына «интернационалистер» сеніміне ие болған басқа адамдар тағайындалды. Осылайша революция кезінде шығыс халықтарының өтірік алдарқатқанымен билік қолына тиісімен большевиктер өздерінің шовинистік пиғылын ашық көрсете бастады.
Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы және азамат соғысы
Ресейдегі ақпан революциясынан кейін билік үшін кадеттер мен кеңесшілдер арасында талас басталды. Уақытша үкіметтің беделін шұғыл құлдырауы және оның нақты биліктен айырылу жағдайында 191ж. 25 қазанда ( қараша) Петроградта солшыл эсерлер және социал-демократиялық, социал-революциялық партиялардың біршама радикалды бөліктерінің калициясын билікке әкелген қарулы төңкеріс жүзеге асты. Үкімет билігі В.И.Ульянов Ленин басшылық еткен Халық комиссарлар Кеңесінің қолына өтті. Жұмысшылар мен солдат депутаттардың Кеңесінің екінші съезінде қабылданған декреттер Ресейдің соғыстан шығуын, жердің шаруаларға берілгендігін және әртүрлі деңгейдегі кеңес билігінің жер-жерде орнай бастағанын жариялады.
Түркістан генерал- губернаторлығының құрамына енген Сырдария және Жетісу облыстарындағы Кекңестер шұғыл түрде билікті өз қолына ала бастады.
Оңтүстік Қазақстанада билікке келген Кеңес үкіметінің отаршылдық сипаты 191ж 15-22 қараша аралықтарында Ташкент қаласында өткен Кеңестің III. өлкелік съезінде айқын көрінді. Мұнда Кеңестік Түркістан автономиясы жарияланды. Бұған қарама-қайшы 26 қарашада Қоқан қаласында IV төтенше Мұсылман съезі өз жұмысын бастады, оның басты нәтижесі уақытша кеңес басшылық еткен. Түркістан Мухтариятын (автономия ) жариялау болды. Уақытша үкімет басшысы М.Тынышпайұлы, шет істер министрлігінің басшысы болып М.Шоқай тағайындалды. Осылайша 1917ж қараша желтоқсан айларында Қазақстанның оңтүстігінде өзіндік қос үкімет қалыптасты. Бірақ Ташкенттегі Кеңес үкіметі өздеріне оппозициялық әрекеттегі мұсылман үкіметінің қызметімен келісе алмады. 1918ж қарашаның 5 жұлдызынан 6-сына қараған түні Кеңестік Түркістанның барлық қарулы күші Қоқанд қаласына шабуыл жасап Қоқан автономиясы құлатылды. Жалпы қазақ елінде жоғарыда болып жатқан күрес түсінікті болған жоқ.
Қазақтардың негізгі бөлігінің бейтараптылық жағдайында Орынборда Кеңес үкіметі орнықты, бірақ бұл ұзақ уақыт әрекет етпеді. Орынбор казак әскерінің басшысы А.Дутов Алаш партиясының және меньшевиктердің қолдауымен Орынбор Кеңесінің мүшелерін қамауға алды. Бірақ 191ж Аяғанда Қостанайда Орынборда Дутов пен оның одақтастары жеңіліп далаға шегінді.
1917ж қараша желтоқсан айларында Қазақстанның солтүстік қалаларының көпшілігінде билік большевиктер қолына өтті. Қарулы күш қолдану жолымен Кеңес үкіметі 1918ж ақпанда Семейде, наурыз айы,нда Верныйда орнатылды. Тек қана Оралда казак әскерлерінің билігін большевиктер жоя алмады. 191ж қараша 1918ж наурыз айларында Қвазақстанның көптеген қалаларында Кеңес үкіметі жарияланғанымен большевиктер ықпалы қалалар мен оның маңындағы терір жолдардан әрі аспады. Халықтын көп бөлігі, әсіресе Қазақстанның далалық өлке қазақтары Алаш Орда үкіметі мен оның жергілікті комитеттеріне бағынды. Ал қазақ станциялары- әскери үкіметке, немесе атамандарына қарады.
Большевиктер мен олардың саяси қарсыластарынан ұстанған бағытының қарама-қайшылығы 1918ж көктемде елдің кбарлық аумағында азамат соғысының кең жайлауына ықпал етті. Қарулы қақтығыстрың басталуына жергіулікті Кеңестің Сібірден шығып Владивосток арқылы Еуропаға бағытталған, бұрынғы әскери тұтқын чехтар мен словактардан құралған Чехославак корпусының бір бөлігін қарусыздандыру әрекеті себеп болды. Алғашында Петропавлскіде кейін Семейде орын алған көптеген көтерілістер Қызыл Армияның көктемгі-жзазғы шабуылы антибольшевиктік күштердің соңғы жетістігі болды.
Сәуір айында Қызыл армия оңтүстік Оралда қарсы шабуылға шығып маусым айында Уфа мен Қостанайды алды. Ақ гвардияшылар мен Қызыл армия бөліктерінің арасындағы ауыр шайқастар 1920ж көктемде солтүстік Жетісуда өтті, мұнда Дцутов пен Анненковтың әскерінің қалдықтары шоғырландырылды. Ақ гвардияшылар жеңіліп, Қазақстандағы азамат соғысы аяқталды.
Анитибольшевиктік бірлестіктің жеңілуінің негізгі себебі ішкі келісім мен ынтымақтастық жоқтығынан. Әр жақ эсерлер мен меньшевиктер, шаруалар, жоғарғы офицерлік және басқа одақтастар қарама-қарсы мақсат ұстанды. Негізінен одақтық барлық өкілдері Қазақстанда тіпті шектеулі автономияның берілуіне қарсы болды, Бұл Алаш Орда туы астында біріккен қазақ интелллегенция өкілдерінің негізгі бөлігін оппозициядан бездірді. Қазақ халқы азамат соғысының ауыр кезінде екі аттың ортасында қалды. Оның бір жағында отар елдің үстінен билік жасап қалған отаршыл – монархистер болса, екінші жағында большевик атанған орыстың қара тобыры еді
Достарыңызбен бөлісу: |