5-тарау. Орман иелену құқығы
22-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.
2. Мемлекеттік орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен:
1) мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттік орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттік ұйымдарына;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттік табиғи резерваттарға, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтарға, мемлекеттік ботаникалық бақтарға, мемлекеттік дендрологиялық саябақтарға (бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған, мемлекеттік орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттік заңды тұлғалар мемлекеттік орман иеленушiлер болып табылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Орман иелену құқығы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган беретін тұрақты жер пайдалану құқығы актісімен куәландырылады.
23-бап. Жекеше орман иелену құқығының туындауы
Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке меншiгiне немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерiнде туындайды.
24-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлердiң құқықтары
Мемлекеттік орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалану;
2) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi қоспағанда, осы Кодексте белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) нәтижесінде өтімді қоқыс (жел, дауыл құлатқан ағаштар) пайда болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оны жинауға жеке және заңды тұлғаларды шарт негізінде тарту;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) аумақтық бөлімшелермен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi өткізу және алынған табыстарды пайдалану;
5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру құқығы бар.
25-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары
Жекеше орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету;
2) өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
3) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиiстi мемлекеттік органдармен келісім бойынша жеке орман қоры учаскелерiнде құрылыстар мен ғимараттар, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi және оны өткізуден түскен табысты меншiктену құқығы бар.
26-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлердiң мiндеттерi
Мемлекеттік орман иеленушiлер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ормандардың молықтырылуын, күзетiлуiн, қорғалуын, санитарлық жай-күйiн жақсартуды және күтiп-бапталуын, олардың өнiмдiлiгiнiң, қорғаныштық және өзге де пайдалы қасиеттерiнiң артуын, орманның көп мақсатқа ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды, орман орналастыруды, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорлары объектілерінiң, мәдени және табиғи мұраның сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қорының ресурстық әлеуетiн пайдалануға;
4) орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі өзге де талаптарды орындауға;
5) мемлекеттік орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, өрт қауiпсiздiгi мен орман пайдалану ережелерi бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтың алдын алуға, оны дер кезiнде байқап, жолын кесуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
6) орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсетуге;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес орманды шолып, тексеру жүргізуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерге куәландыру жүргізуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды
6-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларына сәйкес ағаштарды, сыпталған ағаштарды, сортименттерді және түбірлерді таңбалауды жүзеге асыруға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тіркеуді;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану мен олардың сапасын бақылау қағидаларын сақтауға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын аудандастыруды сақтауға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес орман өрт сөндіру станцияларын құруға және олардың қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесіне сәйкес қамтамасыз етуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес мектеп орманшылығының жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесуге міндетті.
27-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi
Жекеше орман иеленушiлер:
1) өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жүргiзуге;
2) өздерiнiң меншiгіндегі ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандардың санитарлық жай-күйiн жақсартуды және оларды күтiп-баптауды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға орман қорының мемлекеттік есебiн, мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды табыс етуге;
4) өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнiң өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен орман ауруларына қарсы күрес жөніндегі қажетті шараларды қолдануға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгіндегі жекеше орман қоры учаскелерiнде ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге мiндеттi.
28-бап. Орман иелену құқығының тоқтатылуы
1. Мемлекеттік орман иелену құқығы:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерi орман иеленуiнде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттік орман иеленушiге берiлген жағдайда;
2) мемлекеттік орман қорының жерi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленген тәртiппен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылады.
6-тарау. Орман пайдалану құқығы
29-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды.
3. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады.
4. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Орман пайдалану құқығы тек қана орман пайдалану түрi сақталғанда, құқық мирасқорының орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражаты мен өндiрiстiк қуаты және облыстық атқарушы органдар айқындайтын, тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандары болғанда ауысуы мүмкiн.
6. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерістер енгізу арқылы ресiмделедi.
30-бап. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды.
31-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi біліктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бекіту жөніндегі тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетін жеке және заңды тұлғалар жіберіледі:
1) меншік құқығында материалдық-техникалық базаның: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемінің және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтардың болуы;
2) ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарының болуы;
3) мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман ісі инженері, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсіптік білімі немесе тиісті орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушы - инженер-техник қызметкердің болуы;
4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргізуге машықтанған персоналдың болуы;
5) еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына жауапты маманның болуы;
6) іс-шараларды қаржыландыру көздері көрсетілген сүрек дайындау мен өңдеуді ұйымдастыру жөніндегі перспективалық үш жылдық жоспардың болуы.
3. Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бірақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс.
5. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс.
32-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында мынадай талаптар:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) орман телімдері мен орман орамдарының нөмірлері көрсетіліп, орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшірме түріндегі шекаралары;
2) мемлекеттік орман қоры учаскесiнiң алаңы және мөлшерлеу көрсеткiштерi;
3) орман пайдалану түрлерi;
4) орман пайдаланудың көлемi (мөлшерi);
5) орман пайдалану мерзiмi;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау;
6) орман пайдалану төлемақысының мөлшерi мен оны енгізу тәртібі;
7) тараптардың орман ресурстарын күзету, қорғау және молықтыру жөніндегі мiндеттерi;
8) тараптардың шарт талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы;
9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) сәйкестендіру нөмірі;
11) Қазақстан Республикасының орман заңдарында көзделген және тараптардың қалауымен анықталған өзге деталаптар көрсетiледi.
33-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының нысаны және оны мемлекеттік тiркеу
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеуге жатады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты ол мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып есептеледi.
34-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзiмдi орман пайдалану
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары қысқа мерзiмдi орман пайдалануға мемлекеттік орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бір жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланудың:
1) жанама орман пайдалану;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану;
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени, туристiк және спорттық мақсаттары үшiн пайдалану сияқты түрлерiн ғана жүзеге асыруға болады.
35-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу тәртібі
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлердi өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
36-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билетi мен орман билетi негiзiнде ғана жол берiледi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ағаш кесу билетін беруге мыналар негіз болып табылады:
1) мемлекеттік орман иеленушілер үшін - уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі;
2) орман пайдаланушылар үшін - уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушы мен орман иеленушіге сүрек, кесілген ағаш қалдықтарын (ұшар басынан алынған отын), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және кеспеағаш аймағынан ағаштар, сыпталған ағаштар немесе сортименттер (қабығы алынбаған іске жарамды және отындық) түрінде тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады.
4. Ағаш кесу билетi орман ресурстарының сандық және сапалық сипаттамасы, орманды пайдалану төлемақысы мөлшерi, жұмыстар жүргiзудiң мерзімдерi, орманды молықтыру талаптары мен ағаш кесу орындарын тазарту, дайындау технологиясына қойылатын орман шаруашылығы талаптары туралы мәлiметтердi, ағаш кесу билетiнiң қолданылуын тоқтату шарттарын қамтиды.
5. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға жыл сайын, оны беру үшiн негiздеме болған құжаттарда көрсетiлген орман пайдалану түрлерiн ғана жүзеге асыруға, белгiленген көлемде және мемлекеттік орман қорының нақты учаскесiне арнап берiледi.
6. Шайыр және ағаш шырындарын дайындауға арналған ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға сөл ағызудың бүкiл мерзiмiне берiледi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Мемлекеттік орман иеленушi аралық пайдалану мақсатында кесуді және өзгедей мақсатта кесуді, жанама орман пайдалануды жүргiзген кезде ағаш кесу билетi мен (немесе) орман билетi орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда - аталған ағаш кесу мен орман пайдалануды жүргiзуге жауапты лауазымды адамға жазылады.
8. Орман билетi жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiгi үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Ағаш кесу билетiнiң және орман билетiнiң нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттама құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
37-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықтары
1. Орман пайдаланушылардың:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде жүзеге асыруға;
2) өздерiне орман пайдалануда берiлген орман ресурстары туралы ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдалану мерзiмiне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректi және мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалануға байланысты басқа да орман өнiмдерiн өңдеу үшiн жабдықтар орнатуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) мемлекеттік орман қорының санаттарының өзгеруi, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою салдарынан келтiрiлген шығындарға өтем алуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік орман иеленушімен келісім бойынша орман питомниктері мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді орналастыруға құқығы бар.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын жүзеге асыруы кезінде өздерінің міндеттерін тиісті дәрежеде орындаған орман пайдаланушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында өзгеше белгіленбесе, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін басқа тұлғалардың алдында басқа да тең жағдайларда жаңа мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын жасауға басымдық құқыққа ие болады.
2. Орман пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |