Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 14-1/380 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 8 тамызда № 7110 тіркелді
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 56-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 желтоқсандағы № 268 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4011 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюлетенінде 2006 жылғы сәуірде, 212-құжат № 5-6, 2006 жылғы шілдеде, 221-құжат № 11-12 жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Мейрембеков Қ.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
бұйрығымен бекітілген
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 14-1/380
Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу ережелері
1 Бөлім. Далалық жұмыстар
1 Тарау. Жалпы қағидалар
1. Параграф. Орман орналастырудың мақсаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 45 қаулысымен (16.01.2004 ж) бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері.
Орман шаруашылығын жүргізу мен орман ресурстарын пайдалану, орманды ұдайы өндіру, күзету және қорғау жұмыстарының тиімділігіне, орман шаруашылығындағы ғылыми-техникалық саясаттың бірыңғай болуына бағытталған шаралар жүйесін жасау орман орналастырудың негізгі мақсаты болып табылады.
2. Орман орналастырудың негізгі міндеттері:
1) орман ресурстары, олардың жағдайы мен динамикасы туралы жан-жақты және нақты мәлімет алу;
2) мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман қорының есебін, орман мониторингін, ұзақ мерзімге пайдалануға берілетін орман қоры учаскелеріне құжаттар дайындауды (қосымша ақыға) қамтамасыз ететін орман қоры мен орман ресурстарының мәлімет базасын жасау және жаңарту;
3) ішкі шаруашылығындағы жерлерді ұйымдастыру;
4) орман қоры жерлерінің есебін және түгендеу құжаттарын, орман карталарын жасау;
5) орман ресурстарын пайдаланудың барлық түрлерінің, өсіріп-өндірудің, орманды күзету мен қорғаудың және басқа да орман шаруашылық іс-әрекеттердің ғылыми-негізделген мөлшерін анықтау;
6) МОҚ жерлері ұзақ мерзімді пайдалануға берілген мемлекеттік ұйымдардың (бұдан әрі – орман иеленушілер) орман орналастыру белгілеген тапсырмаларды орындауын бақылау;
7) орындалған орман шаруашылық шараларының сапасын және орман пайдалануды бақылау;
8) Қазақстан Республикасының Орман кодексімен белгіленген басқа да міндеттер.
2. Параграф. Орман орналастыру материалдарын қолдану
3. Орман орналастыру материалдары бойынша орман орналастыру ұйымының орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобасы жасалады. Ол, орман шаруашылығы саласындағы өкілетті органмен бекітілгеннен соң, орман пайдалануды жүргізуге, қазіргі және болашақтағы пайдалануды жоспарлау мен болжауға, басқа да орман шаруашылық мәселелерін шешуге арналған негізгі ұйымдық – шаруашылық құжат болып табылады.
4. Орман орналастыру материалдарының негізінде:
1) ормандардың мониторингі, мемлекеттік орман кадастры және өкілетті орган белгілеген жүйе бойынша орман қорын мемлекеттік есепке алу жұмыстары жүргізіледі;
2) мемлекеттік орман қоры категориялары (бұдан әрі - МОҚ категориялары) негізделеді және орман пайдалану режимі шектеулі ерекше қорғалатын учаскелер бөлініп шығарылады;
3) МОҚ категориялары шегінде орманды басты мақсатта кесудің жыл сайынғы мөлшері белгіленеді.
4) аралық және басқа кесулердің жыл сайынғы көлемі анықталады (орман орналастыру кезінде анықталған орман өсіру қажеттілігіне және орман шаруашылығын жүргізудің экономикалық жағдайларына байланысты осы кесу түрлері анықталады);
5) орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жүргізіледі;
6) орман иеленушілерімен орман шаруашылық шаралардың басқа түрлерін жүргізудің қажеттілігі негізделеді;
7) орман шаруашылығына қажет обьектілерге, суландыру мен жол құрылысына, рекреациялық көркейтуге сметалар мен техникалық жобалар жасау үшін арнайы инженерлік іздестіру мен зерттеулер жүргізіледі.
5. Облыстағы барлық орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобаларының негізінде облыс бойынша жиынтық бір орман орналастыру жобасы және облыс ормандарының картасы, орман мониторингінің ақпараттық базасы жасалады.
3. Параграф. Орман орналастыру объектісі, орман орналастыру жұмыстарының кезеңдері
6. Орман шаруашылығын жүргізетін заңды және жеке тұлғалардың тұрақты жер пайдалануындағы орман қорының жерлері орман орналастыру объектісі болып табылады.
Орман иеленушісі аумағының бір бөлігінде ғана орман орналастыруды жүргізуге болады, бірақ ол бір орманшылықтың немесе мастерлік учаскенің аумағынан кем болмайды. Жуықтағы 15-20 жылда шаруашылыққа пайдалануға белгіленбейтін орман аумағында, қажет болса ғарыштық және басқа түсірулерді қолдану арқылы шығын және еңбекті аз қажет ететін ара қашықтық әдістерімен зерттеу жүргізілуі мүмкін.
7. Орман орналастыруды қажет ететін объектідегі орман орналастыру жұмыстарының толық кезеңі 3 жылдан және үш кезеңнен тұрады – дайындық, далалық, камералдық. Үздіксіз орман орналастыруға көшкен кезде орман орналастыру жұмыстары жыл сайын (қысқартылған түрде) бүкіл тексеру кезеңі бойы жүргізіледі.
4. Параграф. Орман орналастыру жұмыстарының мазмұны
8. Орман орналастыру Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 55-бабына сәйкес орындалады.
9. Орман орналастыру жұмыстарының құрамына төмендегі жұмыстар кіреді:
1) алқаағаштарды кесу және сөлін ағызу жоспарын құрастыру (тапсырыс берушінің есебінен және келісім шарт бойынша);
2) кеспеағаштарды дайындау және материалдық-қаржылай бағалау тапсырыс берушінің есебінен);
3) ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман қорының учаскелеріне орман орналастыру жобаларын жасау (орман иеленушілер есебінен);
5. Параграф. Орман орналастырудың түрлері мен әдістері
10. Орман орналастырудың негізгі әдістері ретінде жас кластары әдісі мен учаскелік әдіс алынады.
11. Жас кластары әдісі дегеніміз – алқаағаштардың және орманмен қамтылмаған жерлердің өнімділігі мен құрамы, кесу әдісі, шаруашылық жұмысы мен орман таксациялық сипаттамасы бірдей жиынтықтарын құру болып табылады.
Бұл әдіс бойынша орман орналастырудың барлық есептері (МОҚ категориялары мен ағаш түрлері бойынша) алқағаштардың қорлары мен аудандарының жинағын жас кластарына бөлу негізінде есептеледі.
Жас кластары әдісінде алғашқы есептік бірлік ретінде таксациялы телім алынады, ал алғашқы есептесу бірлігі ретінде басым түр алынады.
12. Орман орналастырудың учаскелік әдісі дегеніміз – бір немесе бірнеше телімдерден тұрақты шаруашылық учаскелер жасау. Ол телімдерді таксациялық сипаттамасы әртүрлі болса да, орман өсу жағдайы мен орманды көбейту мақсатының және жобаланатын кешенді орман шаруашылық шаралардың бағытына сай біріктіріледі:
1) орман орналастырудың учаскелік әдісі – орман шаруашылық және басқа шаралардың жүргізілуі қажет әрбір тұрақты шаруашылық учаскесінде қолданылады;
2) орман орналастырудың учаскелік әдісі бойынша, орманды пайдалану, күту, өсіру және басқа шаралардың мөлшері есептік шаруашылық бірлік болып табылатын тұрақты шаруашылық учаскесінде таксация кезінде белгіленген көлемдерді қосу арқылы анықталады.
3) орман орналастырудың учаскелік әдісі кезінде де алғашқы есептік бірлік таксациялық телім болып табылады.
13. Орман қорында алғашқы, кезеңдік (қайта) және үздіксіз орман орналастыру жүргізілуі мүмкін:
1) алғашқы орман орналастыру бірінші рет орналастырылатын орман қорының жерлерінде жүргізіледі. Ондай жерлердің аумағы толық ұйымдастырылып орман таксациялық жұмыстардың барлық түрі орындалады; бұл оның ерекшіліктері болып табылады;
2) кезеңдік (қайта) орман орналастыру бұрын орналастырылған обьектілерде тексеру кезеңінің мерзімі біткен соң жүргізіледі. Мұны жүргізген кезде обьекті аумағының ішкі шаруашылығында түзетулер жасалуы мүмкін. Ал орман таксациясы бұрынғы орман орналастырудың телімдерін барынша сақтау арқылы (шаруашылық әрекеттің нәтижесінде болған өзгерістерді ескере отырып) жүргізіледі.
Шаруашылық жұмыстармен қамтылмаған обьектілерде орман алқаптары өткен орман орналастырудың материалдарын қолдана отырып және аэрофотосуреттердің камералдық өлшеу дешифровкасы арқылы жүргізіледі, ал алқаағаштардың таксациялық көрсеткіштеріне өткен тексеру кезеңі бойынша өсім қосылып, актуализация жасалады;
3) үздіксіз орман орналастыру, негіз ретінде қабылданатын кәдімгі орман орналастырудың, шаруашылық жұмыспен қамтылған және табиғи немесе басқа қолайсыз жағдайларға ұшыраған телімдерді жыл сайын түгендеп отыруға ауысуы арқылы іске асырылады. Осының негізінде орман пайдаланудың ағымдағы мәселелері шешіледі (орман қорында бір жылда болған өзгерістерді ескере отырып және орман орналастыру жобасының ұсыныстарына сай), шаруашылық жұмыстардың нәтижелері бағаланады, орман ресурстарының жағдайы туралы ақпарат беріледі. Орман түгендеу жыл сайын келесі орман орналастыруға дейін жүргізіледі.
4) үздіксіз орман орналастыруды жүргізу нәтижесінде орман иесіне жыл сайын төмендегі құжаттар дайындалады:
мемлекеттік орман қорының есебі;
таксациялық көрсеткіштері өзгерген телімдердің таксациялық сипаттамасы;
өзгеріс болған орамдардың орамдық жинақ ведомосы;
орман пайдалану мен орман шаруашылығын жүргізу сапасы туралы мәліметтер;
тапсырыс берушімен келісілген жобаланатын орман шаруашылық шаралардың түзетілген ведомостары.
5 жыл сайын кейін төмендегідей құжаттар беріледі:
мемлекеттік орман қоры есебінің бір мезгілдегі мәліметтері (белгілі мерзімде);
болған өзгерістер енгізілген таксациялық сипаттамалар;
жобаланатын орман шаруашылық шаралардың түзетілген ведомосы;
орманшылықтардың жаңартылған пландары (бір данадан) немесе орман мекемесі аумағының өзгерген бөлігіне ғана жасалған пландар.
5) алғашқы немесе кезекті орман орналастыру кезінде электрондық есеп машинасында телімдер бойынша мәліметтер банкі жасалады және ол негіз болып табылады. Бұл үздіксіз орман орналастыруға өтудің қажетті талабы болып табылады. Кезекті негізгі орман орналастыруда мәліметтер банкі толық жаңартылады.
6. Параграф. Орман орналастыру жұмыстарының разрядтары
14. Орман орналастырудың разряды орман орналастыру жұмыстарының бөлшектік дәрежесін көрсетеді.
Орман орналастырудың үш разряды бар:
1) бірінші разряд – жазық аумақтағы орман қорының шөлден (сексеуіл) басқа жерлері;
2) екінші разряд-таулы аумақта орман орналастыру;
3) үшінші разряд (зерттеу) - шөлді аумақтардың ормандарын орналастыру (сексеуілдер).
15. Бір объектіде, тіпті бір орамда орманды пайдаланудың, орман шаруашылығын жүргізудің қарқындылығына және ормандардың шаруашылық құндылығына қарап орман орналастыруды әртүрлі разрядпен жүргізуге рұқсат етіледі: шөлді аумақтардағы объектілерде (сексеуілдер) - 1П разряд (зерттеу), тоғайлы ормандарда - 1-разряд; таулы объектілерде (орманды жерлер) - 1 разряд, ормансыз жерлер-П разряд).
16. Орман қорын орналастыру, орман орналастырудың разрядтарына байланысты осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесіндегі талаптарға сай жүргізіледі.
Бұл талаптар орман қорының алғашқы есептік бірлігін-таксациялық телімдерді жасағанда ескеріледі.
Орналастырылатын объектідегі ормандардың өсу жағдайына және жеке учаскелердің ерекшеліктеріне байланысты, жекелеген жағдайларда таксациялық телімдердің орташа ауданы осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесіндегі аудандардан ауытқуы мүмкін. Бірдей орман учаскелерін телімнің орташа ауданын сақтау үшін негізсіз бөлшектеуге болмайды.
Табиғи ескерткіштерді, географиялық екпелерді, тұқымдық аналық плантацияларды және ерекше бағалы сүрекдіңдерді таксациялау кезінде таксациялық телімдердің ауданы осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесіндегі белгілегеннен төмен болуы мүмкін.
17. Орман орналастырудың екінші разрядында піскен орман жас орманның арасында, жас орман піскен орманның арасында және ормансыз жерлердің (шабындықтар мен егістіктерден басқасы) ауданы 0,5 гектар кем болмаса ғана бөлініп шығарылады, ал үшінші разрядта (зерттеу) 5 гектар кем болмайды.
18. Аэрофотосуретсіз орман орналастыруда таксация пункттерін бағдар белгілеріне (ориентирлерге) байланыстыру үшін таксациялық визирлер және басқа жүріс сызықтары жеткілікті болып салынады. Өткен орман орналастырудың планшеттері, қажетті масштабтағы топокарталар және фотопландар пландық-картографиялық негіз болып табылады.
7. Параграф. Орман орналастыру жұмыстарының қайталану мерзімі
19. Орман орналастырудың қайталануы, орман орналастырудың түріне, алқаағаштардың өсу сипатына, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің (бұдан әрі – орман мекемелері) орманды қорғау, күзету, орман қорын пайдалану және орманды ұдайы өндіру мен өсіру саласындағы жұмыстарына байланысты осы Ережеге 1-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес анықталады.
20. Тексеру кезеңінің ұзақтығы өкілетті органмен ұзартылуы немесе қысқартылуы мүмкін.
21. Шаруашылықты қарқынды жүргізу мен табиғи апаттарға байланысты орман қорында елеулі өзгерістер болған жағдайда, өкілетті орган тексеру кезеңі бітпей тұрып, кезектен тыс орман орналастыруды белгілеуі мүмкін.
2. Тарау. Орман орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру
1. Параграф. Орман орналастыру жұмыстарын орындайтын ұйымдар және оларды қаржыландыру тәртібі
22. Орман қорының жерлері қандай мемлекеттік органның құрамында болса да арнайы жүйемен орналастырылады.
23. Арнайы орман орналастыру ұйымы орман орналастыру жұмыстарын өкілетті органмен немесе басқа да мемлекеттік органдардың құрамындағы орман иеленушілермен жасалған келісім-шарт бойынша орындайды.
24. Орман орналастыру жұмыстарына келісім-шарт жасаудан бұрын, дайындық жұмыстары жүргізіледі. Дайындық жұмыстары кезінде орман орналастыру жүргізілетін объектілердегі орман шаруашылық өндірістің қарқындылығына және ерекшеліктеріне байланысты жұмыс технологиясы анық алады.
25. Орман орналастыру ұйымы, тапсырыс берушінің келісімімен, орман орналастыру объектісі аумағында орман қоры учаскелері сипаттамасының нормативтік дәлдігі мен нақтылығын қамтамасыз ететін таксацияның әртүрлі әдістерін қолдануы мүмкін.
2. Параграф. Орман орналастыру ұйымының орман иеленушілерімен және олардың жоғарғы органдарымен қарым-қатынасы
26. Орман орналастыру ұйымының орман иеленушілерімен және олардың өкілетті органымен қарым-қатынасы орман орналастыру жұмыстарын жүргізу келісімшартымен және орман орналастыру кеңестерінің шешімімен анықталады.
27. Жасалған келісімшарттарға және орман орналастыру кеңестерінің шешімдеріне сәйкес қарамағында мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері (бұдан әрі – орман иеленушісі) бар өкілетті орган төмендегідей мәселелерді шешеді:
1) ормандардың МОҚ категорияларына бөлінуін белгіленген тәртіппен рәсімдеу;
2) орман иеленушілері мен орманшылық шекараларын анықтау;
3) орман иеленушілерінің әкімшіліктерін жүргізілетін орман орналастыру жұмыстары тұралы алдын-ала ескерту;
4) орман иеленушілерінің әкімшіліктеріне қажетті шараларды (шекараларды, орамдардың ескі соқпақтарын шабу және тазалау, орамдық, бағыттық, шекара-шаруашылық діңгектерді ауыстыру) орындауға нұсқау беру.
28. Орман иеленушілері орман орналастыруға дайындық кезінде төмендегідей жұмыстарды атқарады:
1) орман орналастыру ұйымына өткен тексеру кезеңінде болған өзгерістер туралы және орман шаруашылық жұмыстары туралы мәлімет беру;
2) аудандық (облыстық) жер ресурстарын басқару комитетімен шекаралар тексеріліп және келісіліп, көрші жер пайдаланушылармен даулы мәселелерді шешу;
3) жерлерді алу-беру туралы өткен орман орналастырудан кейінгі үкімет шешімдерінің тізімін және орманды жерлерді ормансызға және керісінше ауыстыру туралы мәліметтерді дайындау;
4) ормандарды МОҚ категорияларына бөлу туралы өкілетті орган мен үкімет шешімдерінің тізімдерін жасау. Қажет болған жағдайда орман иеленушісі орман қорының жерлерін МОҚ категорияларына бөлуді қайта қарау туралы материал дайындап, оларды белгіленген тәртіп бойынша өкілетті органға (далалық орман орналастыру жұмыстары басталмай тұрып шешім қабылдау үшін) жіберу;
5) аумақтың орманшылықтарға, мастерлік учаскелер мен айналымдарға бөлінуі тексеріледі. Шекарасы мен құрамы өзгерген жағдайда, белгіленген тәртіппен оларды дер кезінде рәсімдеу.
6) ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген учаскелердің тізімдерін жасау, олардың шекараларын құжаттар мен пландық картографиялық материалдар бойынша тексеру және оларды пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау.
7) өткен орман орналастырудан кейін орман иесінің аумағында жүргізілген зерттеу, орманды түгендеу, геодезиялық, топографиялық және жобалау-іздестіру жұмыстары туралы мәліметтер жинау;
8) есептік және пландық-картографиялық құжаттардың жағдайын тексеріп, өткен тексеру кезеңінде орман қорында болған барлық өзгерістерді осы материалдарға енгізу;
9) бұрын шабылмаған немесе өсіп кеткен орам соқпақтары мен шекараларды тазалау, жарамсыз орам және басқа да діңгек түрлерін ауыстыру;
10) ормандардың санитарлық жағдайы туралы және орман аурулары мен зиянкестерінің динамикасы туралы мәліметтерді дайындау;
11) осы айтылған мәселелер бойынша дайындық жұмыстары басталмай тұрып, қысқаша түсіндірме жазба дайындалып, бір данадан аумақтық органға немесе облыстық атқарушы органға және орман орналастыру ұйымына жіберіледі.
29. Орман иеленушілерінің дайындық орман орналастыру жұмыстары кезіндегі атқаратын жұмыстары:
1) барлық құрылым бөлімшелерінің басшыларына орман орналастырушыларға жұмыс істеуге рұқсат беру туралы, олардың және орман орналастыру жұмыстарын орындау кезіндегі орман күзетінің міндеттері және оған қатысу туралы нұсқау беру;
2) орман орналастырушыларға үй және көлік беру;
3) орман орналастыру партияларына орман орналастыру кезінде ағаш кесуге (модель құлату) орман кесу билетін беру, кесілген ағаштарды жинау және өткізу;
4) орман орналастырушыларға дайындық жұмыстарын жүргізуге көмектесу.
30. Орман иеленушілерінің басшылары және мамандары дайындық жұмыстарына, ұжымдық жаттығуларға, орман орналастыру жұмыстарына қатысады және орындалған орман шаруашылық шаралардың бағасына, орман екпелерін есепке алу сапасына, орман орналастыру құжаттарына ағымдағы өзгерістерді енгізу сапасына, алдағы тексеру кезеңіне жобалануға байланысты орман шаруашылық шаралардың негізіне, олардың әдісі мен технологиясына ерекше назар аударылады.
Орман иеленушілерінің мамандары орман орналастыру жұмысын қадағалайды, ай сайын акт бойынша істелген жұмысты қабылдайды.
3. Параграф. Далалық орман орналастыру жұмыстарын өткізу-қабылдау мерзімі, тәртібі, олардың сапасын тексеру тәртібі
31. Далалық орман орналастыру жұмыстарын өткізу әр орманшылық бойынша осы Ережеге 2-қосымшасына сәйкес актімен рәсімделеді. Объекті бойынша жұмыстарды өткізу орманшылық бойынша жұмыстарды өткізу актісінің негізінде 5 күн мерзімінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, орман иеленушісінің мамандары қосымша тексеру жүргізеді.
Актілерде істелген жұмыстардың көлемі элемент бойынша, ал сапасы екі баллды жүйе (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) бойынша көрсетіледі.
Актілерге далалық орман орналастыру жұмысын орындауға және қабылдап алуға жауапты адамдардың қолдары қойылады және ол ай сайынғы қаржылық есептеу үшін негіз болып табылады. Осы актілер негізінде ай сайын тиісті қаржылық құжат жасалады және өкілетті органның нұсқауына сәйкес рәсімделеді.
32. Орман орналастыру мамандары далалық орман орналастыру жұмыстарынан келгеннен соң, орман орналастыру ұйымының комиссиясы далалы техникалық құжаттарды таңдамалы әдіспен тексеріп, олардың сапасын, камералды өңдеуге жарамдылығын анықтайды.
33. Далалық орман орналастыру жұмыстарын өткiзу мерзiмi бiрiншi орман орналастыру кеңесiнде белгiленедi.
34. Далалық орман орналастыру жұмыстарын бақылау осы Ереже талаптарының, орман орналастыру кеңестерi шешiмдерiнiң және орман орналастыруды жүргiзу келiсiм-шартының орындалуын тексеру мақсатында жүргiзiледi.
Бақылауға, негiзiнен, аумақты ұйымдастыру мәселелерi, орман таксациялық және орман зерттеу жұмыстарының дәлдігі белгiленетiн орман шаруашылық шаралардың дұрыстығы алынады. Орман орналастыру жұмысының сапасы олардың орындалуына жауапты орман орналастыру партиясының бастығы мен орындаушының қатысуымен қадағаланады:
1) далалық орман орналастыру жұмыстарының сапасын тексеру тәртiбi осы Ережеге 1-қосымшаның 3-кестесінде көрсетiлген.
Тексеру нәтижесi бойынша жіберілген қателіктер осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес актiмен рәсiмделедi және түзетiледi;
2) орман орналастыру партиясының бастығы және орман орналастыру ұйымының басшылығы жүргiзген тексерулер бекiтiлген пiшiндегi актiмен рәсiмделедi. Басқа тексерушiлердiң тексеру актісінің нәтижесi қолдан жазылады;
3) бiрiншi разрядпен орналастырған жағдайда тексеру 20 ал екiншi және үшінші разрядта - 15 телiмнен кем болмауы керек. Орманмен қамтылған телiмдердiң саны, тексерiлген телiмдер санының 80 пайызынан кем болмау керек.
3 Тарау. Орман орналастыруға дайындық жұмыстар
1. Параграф. Дайындық жұмыстардың міндеттері мен маңызы
35. Дайындық жұмыстары, далалық орман орналастыру жұмыстарының алдындағы жылы жүргізіледі. Оның мақсаты - ұйымдастыру-техникалық мәселелерді шешу, қажетті мәліметтерді жинау және орман орналастыру объектісі бойынша нормативтік базаны дайындау.
Кейбір жағдайда, өкілетті органның рұқсат етуімен далалық жұмыстар (басталмай тұрып) жүргізілетін жылы дайындық жұмыстары жүргізілуі мүмкін.
36. Дайындық жұмыстардың мазмұны төмендегідей:
1) орналастырылатын объектінің шекараларын нақтылау, қажет болса оларды өзгерту туралы ұсыныстарды дайындау;
2) тапсырма берушімен аэрофотосурет материалдарын қолдануды келісу;
3) өткен орман орналастырудың таксациялық, пландық карто-графиялық, геодезиялық материалдарын жинау, олардың жағдайын, толықтығын және қолдану мүмкіндігін бағалау. Обьект аумағын ұйымдастыруға және орман орналастыру жобасына қолданылуы мүмкін басқа да іздестіру-жобалау материалдарының бар болуын анықтау;
4) орман орналастыру разрядтары мен таксация әдістері жөнінде келісу;
5) орам жүйесінің жобасын жасау және қайта орман орналастыру болса, оны түзету;
6) орам соқпақтарының, шекара сызықтары мен визирлердің жағдайын, орамдық, орамдық-бағыттық және шекаралық діңгектердің бар болуын анықтау.
Орман иеленушісімен орам соқпақтарын, шекара сызықтарын шабу, тазалау, орамдық және шекаралық діңгектерді ауыстыру тәртібі мен мерзімін нақтылау;
7) орман таксациялық кестелерді таңдау, олардың жарамдылығын анықтау, жетпейтін немесе жаңа кестелерді жасау қажеттілігін анықтау;
8) ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман қорының учаскелері туралы мәлімет жинау;
9) орман орналастыру және орман иеленушісі мамандары үшін орман таксациялық ұжымдық жаттықтыру объектілерін таңдау;
10) орман орналастыруға наряд-тапсырманың жобасын жасау;
11) басқа мәселелерді шешу.
37. Тиісті бағдарлама бойынша осы Ережеге 4-қосымша дайындық жұмыстарды жүргізу жылы арнайы бөлінген қаражатқа облыс немесе аймақ бойынша орман шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Негізгі қағидалар құрастырылады.
38. Дайындық жұмыстар аяқталғаннан кейін бірінші техникалық кеңес жүргізіледі. Кейін, далалық және камералдық жұмыстар барысында бірінші орман орналастыру, екінші техникалық және екінші орман орналастыру кеңестері жүргізіледі.
Кеңестерді жүргізу тәртібі мен мақсаттары осы Ережеге 5 қосымшада келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |