3. Шидің тоқылу технологиясы
Ши ораудың екі әдісі бар. Бірі - тоқулы тұрған даяр шидіңөрнегіне сала отырып орау, екіншісі - жаңа өрнек үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шидің буындарын дәл келтіріп, санап отырып орайды. Оралған шилерді өрнегіне сәйкес өз алдына бөліктеп жіңішке шуда жіппен тізіп отырады. Халық қолөнерінің шеберлері өрнекті шым ши, оралуы ши, ақ кейбір облыстарда там үйдің қабырғасына ілетін ши кілемдер де тоқылып жүр. Бұлардың өрнек-оюлары өте әсем келеді.
Қазақ жерінің кең дала,шалқар көлі мен өзендері алқаптары ши мен қамысқа өте бай. Соңғы жылдары осы материалдарды тұрғын үй салуға да кеңінен қолданып жүр.
Шиден жасалатын заттар:
Ақ ши күрке терезе жапқыш
Киіз басатын ши
Алаша ши күзу шиі ши қора
Кілем ши
Ас шиі қазан жапқыш ши есек
Аяқ қап қар ұстағыш ши қалпақ тұс ши
Ау қабырғалық шом
Есек масахана шыны қап өре ши, саба төсеніш, шыпта ши, ораулы ши т.б
Шым шидің тоқылу технологиясы:
1. Нобайын таңдап, қағазға түсіру.
2. Жіптің түрлерін дайындап алу.
3. Қағаздағы өрнек бойынша орнаған жібінің дұрыстығын бақылау .
4. Оралған жіп сапасын тексеру.
5. Қондырғыда тоқығанда өрнектердің бір-бірімен сәйкес келуін қадағалау.
6. Жіптің ұшын дұрыстап бекіту.
Ши тоқу өнерін заман талабына сай өзгертсе, тек киіз үйді ғана емес, қазіргі жаңа үйлерді сәндеуге де болады екен. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді шетелден келген туристерге жарнамаласақ, сувенир ретінде алады деп ойлаймын. Сонымен қатар мектеп оқушыларын еңбекке баулу пәні сабағында әсемдікке тәрбиелеп, оларға ұлттық тәрбие беруде, ши тоқу өнерінің атқаратын маңызының зор екендігі бәріне белгілі. Мұнымен қоса әрбір мектепте қолөнер үйірмесін ұйымдастырып, онда қазақтың ши тоқу өнері технологиясын үйретсе, ұмытылып бара жатқан қолөнеріміз қайта жаңғырары сөзсіз. Білім алып, тәжірибе жинаған оқушылар өз білгендерін үйдегі бауырларына үйретеді. Өнердегі сабақтастық дегеніміз осы.
Ши тоқу өнері кейінгі ұрпаққа түпкі мәнін жоймай берілсе, болашаққа қосқан жарқын үлесіміз болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |