Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Педагогика және психология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІНДЕГІ ӨЗ БІЛІМІН КӨТЕРУДЕГІ ДАЯРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ»
Мамандық атауы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Пәні: Психология
Орындаған: Сапар Толғанай Сүйіндікқызы
Ғылыми жетекшісі: Жунусова Гульсум Асановна
Курстық жұмысты қорғаған бағасы ______________
Кафедра меңгерушісі ________________ п.ғ.м. Амиржанова Г.
Хаттама №__ _________ 2024 ж.
Көкшетау, 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІ
1.1. Мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеуге дайындығы ..........................................5
1.2. Мұғалімнің өз білімін қалыптастыру..............................................................8
1.3. Мұғалімдердің оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі өз білімін көтерудегі даярлықты қалыптастырудың жолдары ................................................................11
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................17
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта қоғамның жаһандану мен инновациялық ұтқырлық, ақпараттық пен технократтық, цифрлық өзгерістеріне сәйкес қарқынды дамуы мен рухани жаңғыруы жағдайында осы заманауи қағидаттарды жүзеге асыруға білікті мамандардың қажеттілігі артып отыр. Ал олардың осындай өзгешеліктер мен жаңалықтарға жылдам бейімделіп, тез сіңісіп кетуі болашақ маманның, соның ішінде мұғалімнің практикалық даярлығының жеткілікті көлемі мен жоғары деңгейі талап етіледі.
Осыған байланысты педагогтардың кәсіби даярлығын реформалау мемлекеттің ұлттық саясатының құнды басымдықтары қатарынан табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауларында мұғалімдер даярлауға өзгерістер енгізудің бірқатар шаралары көрсетілген.
Елбасы «сапалы білім беру – Қазақстанның индустриясы мен инновациялық дамуының негізіне айналуы тиістігін» атап өткен. Болашақ мамандардың, соның ішінде бүгінгі педагогтың бәсекеге қабілетті болуы, кәсіби құзыретті, практикалық тәжірибеге бейім, өзінің болашақтағы кәсіби іс-әрекетіне қызығатын, кәсіби іскерліктері мен дағдылары қалыптасқан, білімді де білікті маман болуы қажеттілігіне мән берілген [1].
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында педагогтың адам капиталын қалыптастыруға ықпалының басымдығы, білім беру жүйесіндегі проблемаларды шешудегі аса маңыздылығы басым көрсетіліп, оларды кәсіби даярлау мазмұнының сапасын жақсарту мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттелген. Ал бұл болса, болашақ педагогтардың жоғары білім алу барысында келешектегі кәсіби қызметіне практикалық бағдарлы даярлануын, яғни практикалық дайындығын күшейту қажеттілігін арттырады.
Осыған байланысты педагогикалық білім беруде теориялық даярлығы мен практикалық даярлығы оқу орнында және өндірісте, яғни біздің жағдайымызда бала бақшаларда, мектептер мен колледждерде қатар жүруді жүзеге асыратын дуальді оқыту өзекті болып табылады [2].
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Субъектісі мен объектісі арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді. Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн [3].
Достарыңызбен бөлісу: |