1.2. Мұғалімнің өз білімін қалыптастыру
Мұғалімнің өз білімін қалыптастыру – бұл оның кәсіби саласындағы теориялық білімін, практикалық дағдылары мен тәжірибесін толықтыру және дамыту процесі. Мұғалімнің өз білімін қалыптастыру үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
1. Автономды жұмыс. Мұғалім жаңа ақпаратты өз бетінше зерттейді, оны өзінің кәсіби қызметі аясында талдайды және оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінде қолданады.
2. Ғылыми әдебиеттерді оқу. Мұғалім жаңа теориялық тәсілдер мен әдістерді үйрену, сондай-ақ өзінің мамандығы бойынша білімін жаңарту арқылы өз білімін жаңартады.
3. Семинарлар мен конференцияларға қатысу. Мұғалім әріптестерімен қарым-қатынас жасайды, тәжірибе және білім алмасады, өз мамандығының өзекті мәселелерін талқылауға қатысады.
4. Кәсіби тәжірибе. Мұғалім өзінің білімі мен дағдыларын қолданады [9].
Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5- тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті» - делінген.
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
Қазіргі Қазақстандағы білім жетілдірудің түрі көп. Мектеп мұғалімдері үнемі үздіксіз білім жетілдіруге барлық жағдай жасалған.
Білім беру процесін ақпараттандыру, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдермен қамтамасыз ету, мұғалімдердің жеке және қауымдастықтар арқылы білім жетілдіруіне бар мүмкіншілік жасалған.
Мұғалімдердің өздерінің теориялық, аналитикалық білімі болмай тұрып,өз бетімен әдеби-танымдық шығармалар оқу, педагогика талаптарын білуге ұмтылмай тұрып, жанашыр, бала жанын түсінетін гуманист мұғалім шығады деу үлкен қателік. Гуманизм – бұл мұғалім үшін міндетті сапа. Өсіп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылық ретінде қарым-қатынас жасау мұғалімнен педагогика-психологиялық білімді талап етеді.
Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы[10].
Мұғалімнің өзіндік білім алуына ықпал етеді:
ақпаратпен күнделікті жұмыс;
шығармашылыққа деген ынта-жігері ;
қазіргі ғылымның жылдам дамуы;
өмірде, қоғамда болып жатқан өзгерістер;
бәсекелестік;
қоғамдық пікір;
материалдық ынталандыру;
қызығушылық.
Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу, зерттеу қызметінің мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.
Мұғалімнің өз бетімен білімін жетілдіру жолдары:
семинарлар мен конференциялар;
шебер сынып;
іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар;
біліктілікті жетілдіру курсы;
ашық сабақтарға қатысу;
экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар;
әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем);
интернет.
Мұғалімнің өзіндік жетілу процессіне тікелей және жанама түрде құрайтын іс әрекеттер:
Белгілі бір телебағдарламаларды қарау,
Әдістемелік, пәндік күнделікті басылымдарды оқу;
Өзінің пәні бойынша жаңа озық технологиялар туралы ақпараттарды ғаламтордан шолу,
Кәсіби пәні бойынша тест, деңгейлік тапсырмаларын орындау;
Семинар, конференция,on-lіne сабақтарға, тренинтерге қатысу;
Білім жетілдіру курстарына бару,
Ашық сабақтарға қатысу;
Мектептегі немесе еліміздегі әріптестерімен байланысу, интернет кеңейтілген тәжірибе алмасу [11].
Өздігінен білім алудың мақсаты:
Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;
Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;
Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;
Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,
Әдістемелік тақырыбы мұғалімдердің жұмыс жоспарында ашылуы тиіс.
МҰҒАЛІМНІҢ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕТІН ЖЕТІСТІКТЕРІ
Пәнді оқытуды жетілдіру. (оқыту сапасы мен тиімділігін анықтауға болатын көрсеткіштерді көрсету) жинақтар шығару, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері т.б такырыптарда мақалалар әзірлеу;
Дидактикалық материалдарды, тестілеу, көрнекіліктерді жасау;
әдістемелік нұсқауларды жасау, тренингтерді, семинарларды өткізу;
іс -тәжірибені жинақтау бойынша зерттеу тақырыбы [12].
Педагог оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысында кәсіптік деңгейі және оның педагогикалық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық- психологиялық аpнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі – олардың жаңашылдыққа деген ұмтылысынан туындайтын әрекет ретінде арнайы ғылыми зерттеулерде түсіндіреді. Өйткені, педагог әлеуетінің қалыптасуы мен дамуындағы кәсіби іс- әрекет өте құбылмалы өсу заңдылық жүйесінде орын алады және оның өзіндік арнайы құрылымдық компоненттері бар.
Олар бірнеше бөліктерден тұрады: танымдылық, құра білушілік, қарым-қатынас, ұйымдастырушылық, хабарлама және зерттеушілік іс-әрекеттер мен дағдыларды бойына сіңірген жалпы кәсіби құзыреттіліктерге ие бола тұрса да, педагогика ғылымының теориясы мен тәжірибесіндегі жаңа бетбұрыстарға бейімдеудің негіздемесі және оның өзегі болып табылатын үнемі педагогикалық үдерістегі жаңашылдық тұрғыдан ұйымдастырып, өткізуді жүзеге асырып отыруы керек. Бұл педагогика ғылымының жаңашылдық бағыттары бойынша арнайы зерттеулер жасаған шетелдік және қазақстандық ғалымдар бар және олардың ғылыми ой-тұжырымдары қазіргі педагогикалық үдерістің тәжірибесінде орын алып отыр [13].
Мұғалімін кәсіби дайындаудың әр компоненті біртұтас педагогикалық үдеріс шеңберінде кәсіби дайындықтың сапасын бағалайтын өлшемдер мен эталондар, критерийлер сияқты базалық сипаттарының жиынтығымен айқындалуы керек.
Мектептегі оқыту сатылық кезеңдерінде қоршаған орта: табиғат, адам және оның еңбегі туралы алғашқы түсініктер қалыптастыруға бағытталады және мектепте қалыптастырылатын құзыреттіліктер: білімді меңгеруге қабілеттілік, болашақ мамандығына және әлеуметтің даму деңгейіне сәйкес болуына қажетті білік, дағды игеру.
Білімді тиімді меңгерудің және құзыретті тұлға қалыптастырудың басты шарты – білім беру мақсатымен тең және түйінді құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған білім беру технологиялары, сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінен тұлғалық-бағдарлы білім беруді қамтамасыз ететін технологияларды меңгеру талап етіледі.
Қазіргі кезде шетелдік және отандық психологияда кәсіби қалыптасудың көптеген тұжырымдамалары бар. Солардың ішінен Т.В. Кудрявцев, Н.Д. Левитов, Е.А. Климов, А.К. Маркова, Л.М. Митина, Н.В. Кузьмина, В.Д. Шадриков т.б. ғалымдардың жалпыпсихологиялық және психологиялық- педагогикалық тұжырымдамаларының бай тәжірибесіне сүйене отырып, әртүрлі мамандықтың, олардың ішінде мұғалім мамандығының да өкілдерінің кәсіби дамуын зерттеген [14].
Достарыңызбен бөлісу: |