Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


«Абай мектептері» желісіне арналған «Абайтану» пәні



бет132/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

«Абай мектептері» желісіне арналған «Абайтану» пәні


«Абайтану» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы қазақ әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін, идеялық мазмұнын меңгертіп, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді, ұлттық кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық құндылықтарды бағалай алу құзыретін дамыту; әдеби-эстетикалық талғамдары мен ізгілік және іскерлік құндылықтарын, коммуникативті құзыреттерін жетілдіру; Абайдың
«Толық адам», ар ілімі, адамгершілік мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру. Абай шығармалары бағдарламада
5-11-сыныптар аралығында концептілік жүйеге негізделіп жасалынды.
Абайтану пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының міндеттері: Абай шығармашылығының идеялық, мазмұндық-құрылымдық сипатын, тілдік, стильдік, жанрлық ерекшеліктерінен жүйелі білім беру; Абай шығармаларындағы ізгілік, имандылық, мораль қағидаттарын таразылау арқылы Абай ілімдерінің негізін терең таныту; Абайдың қарасөздері мен өлеңдеріндегі ой-толғамдарды интерпретациялау; өзіндік ой-пікірлерін жазба тіл мен сөйлеу тілінде еркін жеткізе алу, оқу материалдарын салыстыру, саралау, талдай алу; Абай шығармаларындағы заман адамының тұлғалық ерекшеліктерін саралау арқылы пәлсапалық толғаныстарын пайымдау, қажетті тұлғалық қасиеттерді, өз заманына лайық тұлға болу қарекеттерін сыни пайымдау; «Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы» ретінде бағалау.
«Абайтану» пәнінің 5-11-сыныптар аралығындағы бағдарламасына білім алушының жас ерекшелігі мен танымдық деңгейін ескере отырып, Абайдың өлеңдері мен қарасөздері шиыршық әдісімен іріктілініп алынды.
Абайды зерттеуші М.Әуезотің, А.Байтұрсынұлының, К.Ысқақұлының,
А.Жұбановтың, К.Жанатайұлының, З.Ахметовтың, М.Мекемтасұлының еңбектері қосымша мәлімет ретінде ұсынылды.
10-11-сыныптарға арналған «Абайтану» пәнінің базалық білім мазмұнында:
Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері мен қарасөздері, ұлы ақын туралы зерттеу еңбектерімен қатар Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхамедханов, Р.Сыздықова және т.б. ғалымдардың еңбектері қосымша оқуға ұсынылған.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген ) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.
Төменде «Қазақ тілі» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны көрсетілген (2.4-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет