Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.3В бөлім: Қысқаша көбейту формулалары
|
Мектеп: Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Күні: 04-05.02.2019
21-22 сабақ
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сугралинова Б.А.,
|
Сынып: 7 А, В, С
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Кәсіби даму мақсаты
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Қысқаша көбейту формулалары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.2.1.18 қысқаша көбейту формулаларын
біледі және қолданады;
|
Сабақ мақсаттары
|
қысқаша көбейту формулаларын
біледі және қолданады;
|
Бағалау критерийлері
|
- Көпмүшелермен амалдар орындау үшін формулаларды қолданады
- Дәлелдеу үшін формулалар қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;
- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;
- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын дәйектейді;
- көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын түсіндіреді.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- қысқаша көбейту формулары;
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;
- екі өрнектің қосындысының квадраты;
- екі өрнектің айырмасының квадраты;
- екі еселенген көбейтінді;
- үш еселенген көбейтінді;
- екі өрнектің қосындысының кубы;
- екі өрнектің айырмасының кубы;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы;
- екі өрнектің кубтарының айырмасы;
-көбейткіштерге жіктеу;
- ортақ көбейткіш;
- ең үлкен ортақ көбейткіш;
- топтау тәсілі;
- толық квадрат;
- толымсыз квадрат.
|
Саралау түрі
|
Оқушылардың бойына жауапкершілік, мақсаттылықты дамыту. Өзінің біліміне сыни көзбен қарап, ашықтыққа тәрбиелеу. Ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
|
Құндылықтар
|
Ұлттық идеяның негізгі құндылықтары «Мəңгілік Ел»:
Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
Мектептің құндылықтары:
Көшбасшылық, сыйластық, Ынтымақтастық, жауапты азаматтық позиция, ашықтық, академиялық әділдік, өмір бойы оқу
|
|