Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы


Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету



бет3/15
Дата19.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#148135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Техникалық мамандықтар бойынша 700-ге дейін білікті кадрлар даярлау.

Ресурстық қамтамасыз ету

Газ жеткізу туралы ұзақ мерзімге арналған келісімге мемлекеттің қолдауымен қол қойылды.

 

 

Кен металлургиясы саласы



Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі кен металлургиясы саласының үлесі - 17,5%-ды құрайды. Металл кендерін өндіру үлесі - 3,8%, темір кендерін өндіру - 1,5%, түсті металлдар кендерін өндіру үлесі - 2,3%, металлургиялық өнеркәсіптің үлесі - 11,8%, дайын металл бұйымдарын өндіру үлесі - 1,2%. Металлургия өнеркәсібінің үлесіне өңдеуші өнеркәсіптің барлық көлемінің 35 %-ы тиесілі. Елде өндірілетін металдар мен металл өнімдерінің барлығы дерлік экспортқа шығарылады, ал барынша жоғары бөліністі өнім өндіру шетелде орналасқан. 2008 жылдың қорытындылары бойынша 13,21 млрд. АҚШ долларының өнімі экспортталды.

Кен металлургиясы кешенінің негізгі проблемалары: шикізат базасының сарқылуы, пайдаланылатын шикізат кешендігінің төмендігі, негізгі өндірістік қорлардың тозығының жетуі, қоршаған ортаның аса ластануы және технологиялық артта қалу, өндіруден бастап тауарлық дайындығының дәрежесі жоғары өнім шығаруға дейінгі толық өндіріс тізбегі бар интеграцияланған кешендердің болмауы, ішкі нарық сыйымдылығының аз болуы және бытыраңқы болуы, өнімнің энергияны, еңбекті және материалды көп қажетсінуі.

Кен металлургиясы саласының технологиялық дамуының перспективалы бағыттары: 1) қара металлургияда - болат алу үшін жоғары сапалы шикізат өндіру (түйіршіктелген шойын және брикеттелген темір, түсті және сирек металдар қосылған ферроқорытпалар өндіру), сапалы болат өндіру (құбырға арналған және тотығуға төзімді, ыстыққа төзімді және ыстыққа берік, аспаптық, шарикті-подшипникті, рельстік және рессорлық-серіппелі) және жоғары легирленген болаттың сорттарын кеңейту; 2) түсті металлургияда - таза металдар (алюминий, мыс, алтын, титан) және олардан жасалатын бұйымдар (созбасым, сымдар, прокат, профиль және құймалар, сондай-ақ зергерлік бұйымдар) өндіру.

 

 

Негізгі міндет

 

Машина жасауды, құрылыс индустриясын және басқа да өнеркәсіп саласы және экспортты дамытуды қамтамасыз ететін мынадай бөліністегі металлургия өндірістерін құру.

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

1. Металлургия саласының жалпы қосылған құнын минералдық шикізатты тереңдете өңдеу және жаңа бөліністер құру негізінде кемінде 107 %-ға ұлғайту.

2. Жоғарғы технологиялық бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттау көлемін 2008 жылдың деңгейіне қатысты 2 есеге ұлғайту.

 

 

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

 

Елдің кен металлургиясы кешенін дамытудағы мемлекеттік саясаты мынадай бағыттарды іске асыруға бағытталады:

ірі кәсіпорындардың негізгі (базалық) металдар өндірісін ұйымдастыруы;

шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық металдар негізінде жоғары бөліністі түпкілікті өнім өндіруін ұйымдастыруы.

Сонымен қатар минералды шикізаттың кешенді өңделуін қамтамасыз ету үшін кендер мен концентраттар экспортының үлесін азайтуды ынталандыратын шаралар кешені қабылданады.

Жаңа бөліністерге бағытталған, экспортқа бағдарланған дамытылуға жоспарланып отырған өндірістер:

қара металлургияда болат өндірісінің қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыру бойынша ірі жоба іске асырылады және жылына 4 млн. тоннаға дейін болат өндіретін қосымша зауыттың құрылысы басталады (Қарағанды облысы). Сонымен қатар бесжылдық кезеңде ферросиликомарганец өндірісінің жылдық көлемі 64,8 мың тоннаға, феррохром жылына 440 мың тоннаға дейін артады.

түсті металлургияда бастапқы алюминий өндірісі 125 мың тоннаға артады. Сонымен қатар жылына 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіретін жаңа зауыт құрылысы басталады (Павлодар облысы). Сирек кездесетін және жерде сирек кездесетін металдар кіші саласында 2014 жылға қарай жоғарғы технологиялық өндірістер саласында ірі әлемдік көшбасшы корпорациялармен кем дегенде екі біріккен кәсіпорын құрылады. Бұдан басқа, мыс концентратының шығарылымын 500 мың тоннаға (Шығыс Қазақстан облысы), катод мысын 95 мың тоннаға, кеуекті титанның шығарылымын 16 мың тоннаға, саф таза кварц өндірісі 16,5 мың тоннаға, мыс-молибден кенін шығару 2 500 мың тоннаға ұлғайтылатын болды.

2015 жылға қарай тантал өндіру 297 тоннаға, бериллий өндіру 2000 тоннаға дейін ұлғайтылатын болады.

Сыртқы нарықтарға кезең-кезеңімен шығумен ішкі нарыққа бағытталу:

Қара металлургияда Қарағанды облысындағы Индустриялық аймақта  жоғары қосылған құнмен өнім шығаратын кем дегенде 3 жоғары технологиялық аз тоннажды өндірістер жасалады. Қостанай облысында жылына кем дегенде 200 мың тонна арнайы болат шығаратын аз тоннажды өндіріс жасалады. Сонымен қатар, Қостанай облысындағы болат прокатының жылдық көлемі 450 мың тоннаға артып, жылына 500 мың тонна түйіршіктелген шойын, 1,4 млн. тонна ыстық брикетті темір, 100 мың тонна рельс өнімінің өндірісі игеріледі.

Түсті металлургияда Павлодар облысында Индустриялық аймақ құрылады, онда жыл сайын 15 мың тонна алюминий илемі, 20 мың тонна прокат, 10 мың тонна профиль және 50 мың тонна құймалар өндіретін кем дегенде 6 аз тоннажды өндірістер орналасады. Бұдан басқа, катодтық алтынның шығарылымы 15 тоннаға жоғарылап, байыту және алтын бөліп шығару фабрикалары бар қуаты жылына 25 тонна алтын аффинажының өндірісі артады. Жоғары бөліністегі металлургия өнімін өндіру саласында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарында 25 шағын және орта кәсіпорындары құрылады.

Мынадай жобаларды іске асыру көзделіп отыр:

Қостанай облысы - ыстық брикетті темір - жылына 1,4 млн. тонна;

Қостанай облысы - сұрыптық прокат - жылына 75 млн. тонна;

Қостанай облысы - металл прокаты - жылына 450 мың тонна;

Жамбыл облысы - ферросиликомарганец - жылына 64,8 мың тонна;

Ақтөбе облысы — феррохром - жылына 440 мың тоннаға дейін;

Ақмола облысы - кен өндіру - жылына 8 млн. тонна, алтын өндіру - жылына 15 тонна;

Павлодар облысы - мыс концентратын өндіру - жылына 500 мың тонна;

Павлодар облысы - бастапқы алюминий өндіру - жылына 125 мың тонна;

Шығыс Қазақстан облысы - мыс концентратын өндіру - жылына 500 мың тонна, мыс балқыту өндірісі - 25 мың тонна;

Шығыс Қазақстан облысы - кеуекті титан өндіру - жылына 16 мың тонна;

Шығыс Қазақстан облысы - катод мысын өндіру - жылына 70 мың тонна;

Қарағанды облысы - болат өндіру - жылына 10 млн. тоннаға дейін;

Ақтөбе облысы - түйіршіктелген шойын - жылына 500 мың тонна;

Павлодар облысы - рельстер - жылына 100 мың тонна.

Бұл ретте жобалар портфелі осы саланың даму басымдықтары негізінде кейінірек өзгеруі мүмкін.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Энергия инфрақұрылымымен қамтамасыз ету

ГРЭС-2 (Екібастұз қ.) және ЖЭО (Павлодар қ.) жаңғырту және қуаттарын арттыру жүргізіледі.

Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету

Мынадай станциялардағы темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру мәселесі пысықталады: Ақсу-2 (Павлодар облысы), Дөң (Хромтау, Ақтөбе облысы), Жіңішке (Ақтөбе облысы).

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарындағы металлургия саласындағы 15 мамандық бойынша кадрлар тапшылығы ЖОО-да және ТжКБ-ның 10 оқу орнында мамандар даярлау есебінен өтеледі.

Металлургия мен металл өңдеудің орташа техникалық буын мамандарын шығаратын кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі қалпына келтіріледі және жұмыс орнында жеке жетекшілерді бекітіп, өндірістік кәсіпорындарда 3 ай мерзімге өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізіледі.

Әкімшілік кедергілерді алып тастау

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстары жоспарын бекіту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне өкілеттіліктер беру бөлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізіледі.



Қымбат бағалы металдарды және қымбат бағалы тастарды геологиялық зерттеу және барлау, оларды табу, өндіру, пайдалану мен айналымға шығару, сондай-ақ бағалы металдар мен тастардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін бағалы металдар мен тастар туралы заң әзірленеді.

Техникалық регламенттерді енгізу

Техникалық реттеу саласын жетілдіру мақсатында металлургия саласында: металлургия мен металл өңдеу бойынша 4 техникалық регламент, халықаралық талаптармен үйлестірілген Қазақстан Республикасының 311 мемлекеттік стандарты, оның ішінде зерттеу әдістеріне 162, өнімге 148, сондай-ақ менеджмент жүйесіне 1 стандарт әзірлеу мен енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Қабылдауға ұсынылатын: металдарға — 156; металл материалдарына - 85; менеджмент жүйесіне - 1; металл материалдарын өлшеу және сынау әдістеріне - 58 стандарт бағытталатын болады. Бұдан басқа, металдар мен металдан жасалған бұйымдардың сапасын өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету үшін қаттылықтың жоғары дәлдікті шараларын өндіру мақсатында қаттылық шәкілдері бойынша мемлекеттік эталондарға жаңғырту жүргізу қажет.

Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу

Саланың ғылыми-техникалық дамуы мақсатында 2012 жылға қарай Шығыс Қазақстан облысында Металлургия және жоғары технологиялар орталығының жанында тұрақты магниттер, көмірсутекті шикізатты өндіруге арналған катализаторлар, турбиналар күрекшесі, автокатализаторларды, кварц шикізаты, тантал, ниобий, бериллий, молибден, вольфрам негізінде дайын өнімді зерттеуге маманданған зертхана құру мәселесі пысықталады.

Кәсіпорындарға жүйелі мониторинг, металлургия мен металл өңдеу өнімдерінің қосылған құнын қалыптастыру процестерін талдау және бақылау жүргізіледі.

Бизнестің инновациялық белсенділігін арттыруға инновациялық гранттар: еңбек өнімділігін қазіргі деңгейден 20 %-ға және одан да жоғары арттыруды қамтамасыз ететін металлургия мен металл өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту үшін; өндірістердің энергияны және ресурсты қажетсіну азайтуға, сондай-ақ жабдық лизингін жеңілдікті қаржыландыруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-консрукторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жүргізу үшін бөлінетін болады.

Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТКЖ дамытуды ынталандыру.

Мемлекет қатысатын жобаларды іске асыру кезінде жергілікті қамтуды дамыту мақсатында осы жобаларды іске асыру үшін металл өнімін жеткізудің басым құқығын отандық өндіруші қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, металлургия мен металл өңдеудегі отандық өңдеушілердің шикізатты Қазақстан Республикасының тауар биржасы арқылы сатып алуға, ал ірі шикізат өндірушілердің шикізатты тауар биржасына квотамен жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндігі болады.

Осы саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың,  ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін басымдықпен сатып алуы жолымен жүзеге асырылатын болады.

Жоғары бөліністі өнім алу мақсатында ішкі нарықта металдар сатуды ынталандыру үшін шаралар қабылданады.

Шикізатты ел ішінде өңдеу мақсатында да кен және концентраттар экспортын ынталандырмау шаралары қабылданады.

Ресурстық қамтамасыз ету

Жұмыс істеп тұрған кен өндіру кәсіпорындарының шикізат базасы кеңейтіледі. Түсті металлургия үшін кен орындарын іздестіру мен барлауға ерекше көңіл бөлінеді. Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы пайдалы қазбалардың стратегиялық түрлеріне барлау жасалады. Ресурстық базасы шектеулі отандық компанияларға шетелде кен активтерін сатып алу үшін жәрдем көрсетіледі.

Теңгерімделген, қиын байытылатын кендер мен концентраттарды және үйінділерді өндірудің тиімді технологиялары әзірленеді және енгізіледі, сондай-ақ қайталама шикізатты - қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары пайдаланылады.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ кен металлургиясы кешенінде жер қойнауын пайдалануға иеліктен шығарылатын құқықтарды сатып алу бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді және пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге және дайындауға қатысатын болады.

 

 

Химия өнеркәсібі



Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау

 

Әлемдегі химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемі шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құрайды. Әлемдік өндірістегі қазақстандық өндірістің үлесі - 0,04%, елдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемінде - 1,61%, елдің өңдеуші өнеркәсібінің көлемінде - 4,84%-ды құрайды.

2008 жылдың қорытындылары бойынша сала өнімі экспортының көлемі 101 млрд. теңгені немесе шамамен 0,84 млрд. АҚШ долларын, ал импорт - 92 млрд. теңгені немесе 0,76 млрд. АҚШ долларын құрады.

Саланы дамытудың проблемаларына мыналар жатады: шикізатты өңдеу деңгейінің төмендігі; өнімнің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі; саланың технологиялық және техникалық артта қалуы; негізгі қорлардың тозуы (80%-дан жоғары); негізгі қорларды жаңарту коэффициентінің төмендігі (жылына 1-1,5%); одан әрі бөлу өнімдерін өндіру үшін бірқатар базалық өндірістердің болмауы; білікті кадрлар тапшылығы.

Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті химия өндірістерін жобалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің (талдамалық зерттеулер, жоба алды, жобалық құжаттама, жабдықтарды, технологияларды жобалау, құрылысты бақылау, қызметті сүйемелдеу) толық кешенін жүзеге асыруға қабілетті инжинирингтік компаниялар жоқ екені рас.

 

 

Негізгі міндет

 

Қосылған құны жоғары жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнім шығаруға бағытталған химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті басым өндірістерін дамыту.

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

1. Химия өнімін өндіру көлемін 2 есеге ұлғайту.

2. Жоғары бөліністі химия өнімінің экспортын 2 есеге ұлғайту.

 

 

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

 

Жоғары бөліністі химия өнімін өндіру мақсатында шикізатты кешенді өңдеуді мынадай бағыттар бойынша ұйымдастыру:

органикалық химия өнімдері: Атырау облысында жылына куаты 800 мың тонна полиэтилен және жылына қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіруді, сондай-ақ жоғары бөліністі өндірістерді ұйымдастыру («Мұнай химиясы» бөлімінде көзделген);

органикалық емес химия өнімдері: минералдық, оның ішінде: азот-фосфорлы тыңайтқыштар - жылына кемінде 1 млн. тонна, калий тыңайтқыштарын (оның ішінде хлорсыз) - жылына кемінде 250 мың тонна, кешенді тыңайтқыштар - жылына 200 мың тонна, мембраналық әдіс бойынша каустикалық сода - жылына кемінде 30 мың тонна шығару жөніндегі өндірісті, күкірт қышқылының өндірісін ұйымдастыру;

арнайы химикаттар мен тұтыну химиясы: жарылғыш заттар - жылына кемінде 15 мың тонна, синтетикалық жуу заттары - жылына кемінде 60 мың тонна, биопрепараттар мен гуматтар - жылына кемінде 600 тонна, қышқылсыз технология бойынша құрамында фосфоры бар туктер - жылына кемінде 100 мың тонна шығаратын өндірістер ұйымдастыру.

Сол сияқты полимерлі конструкциялық материалдар, агрохимия заттары, антипирен, флотороагент, тұрмыстық химия, отынға арналған телімдер және құрылыс, химия, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, машина жасау мен экономиканың басқа салалары үшін басқа да шағын және орта тонналы жоғары технологиялық өнімдер өндірісі ұйымдастырылатын болады.

Мынадай жобаларды іске асыру көзделіп отыр:

мембраналық әдіс бойынша жылына 30 мың тонна каустикалық сода және өзге де өнімдер - хлор, натрий гипохлоритін өндіру (Павлодар облысы);

күкірт қышқылын өндіру (Ақмола облысы);

жылына кемінде 1 млн. тонна азот-фосфорлы тыңайтқыштар өндіру, Үшбас және Герес кен орындары (Оңтүстік Қазақстан облысы);

жылына куаты 650 мың тонна болатын кен байыту фабрикасын және күкірт қышкылы цехын салу (Жамбыл облысы).

Жобалардың көрсетілген тізбесі түпкілікті емес. Келесі кезекте саланы дамыту басымдықтарына сәйкес жобалардың қосымша портфелі қалыптастырылады.

Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары бөліністі өнімдер өндіруін ұйымдастыру үшін мүмкіндік ашады, саланың ғылымды кажетсінуін ұлғайтуға, қолда бар ғылыми ізденістерді пайдалануға және сыртқы және ішкі нарықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

Оңтүстік Қазақстан облысында азот-фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауыты құрылысының жобасын энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын, Оңтүстік Қазақстан облысында азот-фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытын салу жобаларын көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Химия өнеркәсібінің 12 мамандығы және «Фармация» мамандығы бойынша кадрларға деген қажеттілік жоғары оқу орындарында және 13 ТжКБ оқу орындарында дайындау есебінен өтелетін болады.

Ақмола, Павлодар облыстарының оқу орындарында жаңа мамандықтар ашылатын болады.

Жергілікті жерлерде жеке басшыларды бекіте отырып, 3 ай мерзімде өндірістік кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізіледі. Осы жүйенің шеңберінде оқу орындарының кем дегенде 1000 маман-түлегі дайындалады.

Отандық химия кәсіпорындарының технологиялары, өткізу, жабдықтау бойынша менеджерлерін жетекші шетелдік химия компанияларында тағылымдамадан өткізу жөніндегі бағдарлама іске асырылады. Осы бағдарламаның шеңберінде кем дегенде 200 кадр дайындалады.

Әкімшілік кедергілерді алып тастау

Өндірісті реттеу мен прекурсорлар айналымының химия өнімінің құнын қалыптастыруға және қажетті рұқсаттар алу уақытын үнемдеуге әсерін азайту мақсатында осы саладағы рәсімдер жеңілдетілетін болады.

Шетелдік инвесторлар - ірі жер қойнауын пайдаланушылармен ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде көмірсутек шикізаты мен мұнай өңдеу өнімдерін одан әрі қайта бөлудің отандық химия өндірістерінде пайдалану мақсатында оларды экономикалық қолайлы баға бойынша ішкі нарыққа сату мәселесі пысықталатын болады.

Техникалық регламенттерді енгізу

Халықаралық талаптарға сәйкес 9 техникалық регламент енгізіледі, 225 мемлекеттік стандарт әзірленіп, енгізіледі; қазіргі заманғы әдістермен физика-химиялық, оптикалық-физикалық және микробиологиялық өлшемдер жүргізу үшін хроматография мен спектрометрияның үлесті электр өткізгіштігінің рН-метриясы жөніндегі мемлекеттік эталондар жаңғыртылады.

Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу

Еңбек өнімділігі мен өндірістің энергия тиімділігінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді әзірлеу мен енгізуге гранттар бөлінеді.

Жаңа химия өнімдерін жасау, химия кәсіпорындарының технологиялық проблемаларын шешу, басқа сала кәсіпорындарында химия өнеркәсібін пайдалану бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламалары іске асырылады.

Қызметі қазақстандық мамандар арасынан кемінде 30 білікті инженер даярлауға, өндірістерді жобалау жөніндегі қазіргі заманғы әдістемелер мен халықаралық стандарттар енгізуге, саланың инжинирингтік қызметтеріндегі қазақстандық қамтуды кемінде 40 %-ға дейін ұлғайтуға, сала кәсіпорындарының қызметін ғылыми-инжинирингтік сүйемелдеу жүйесін қалыптастыруға бағытталатын мамандандырылған инжинирингтік компания құрылатын болады.

Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау

«Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның «Біріккен химиялық компания» ЖШС химия өнеркәсібіндегі Бағдарламаны іске асырудың негізгі операторы болады және жер қойнауын пайдалануға арналған иеліктен айырылатын құқықтарды алу, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру мен әзірлеуге қатысу, халықаралық қаржы нарығында қажетті қарыз капиталын тартумен және стратегиялық инвесторларды іздеумен айналысу бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді.

Республикалық инвестициялық жобаларды, жоғары бөліністі өнімдер өндіру мақсатында отандық химия өндірістерінің өнімін тұтынатын шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдетілген кредит беру ұйымдастырылатын болады («ҚДБ» АҚ мен екінші деңгейдегі банктер - Бағдарламаның әріптестері арқылы):

Отандық өндірушілердің минералды тыңайтқыштарын тұтынуды ынталандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау көлемдері ұлғайтылады; жаңа химия өндірісі өнімін қоса отырып мемлекет мұқтаждығы үшін отандық әлеуетті жеткізушілерден сатып алынатын тауарлар (қызметтер, жұмыстар) номенклатурасын кеңейту бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет