Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы



Дата25.02.2016
өлшемі227.38 Kb.
#19424


Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 маусымда № 6987 болып тіркелді


      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 128 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5303 тіркелген, «Заң газеті» газеті 2008 жылғы 15 қазан № 157 (1383), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 жыл, № 10 жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министр                                          В. Божко
Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрiнiң
2011 жылғы 5 мамырдағы   
№ 186 бұйрығымен      
бекiтiлдi        
Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерi
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
      1. Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерi (бұдан әрi – Ережелер) «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2. Осы Ережелер мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу тәртібін белгiлейдi.
      3. Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) кесiмдi баға – тендерлік комиссиямен бекітілген және тендер өткiзу туралы хабарламада жарияланған тауар бірлігі үшін бастапқы баға;
      2) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары – мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жеткiзудi, сақтауды және шығаруды реттейтiн құжат (бұдан әрi – Операция жасау жоспары);
      3) өтiнiм бағасы – үмiткердiң тендерлiк өтiнiмінде көрсеткен тауарға ұсынған бағасы;
      4) тауар – осы Ережелерге сәйкес мемлекеттiк материалдық резервтен шығаруға жататын материалдық құндылықтар;
      5) тендер – осы Ережелермен белгiленген тәртiппен жүзеге асатын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудың нысаны;
      6) тендерлiк комиссия – тендердi ұйымдастыру және өткiзу үшiн уәкiлеттi орган құрған комиссия;
      7) тендерлiк өтiнiм – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға оның келісім беруінің нысаны болып табылатын үмiткердiң тендерлiк ұсынысы;
      8) тендердi ұйымдастырушы – уәкілетті орган, ведомствосы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары;
      9) уәкiлеттi орган – мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      10) уәкілетті органның ведомствосы – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға;
      11) үмiткер – тендерге қатысқысы келген жеке немесе заңды тұлға.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Тендерлердi өткiзу дайындығы
      4. Уәкiлеттi орган өзi тауарды сату бойынша тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
      5. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтетiн Операция жасау жоспарының негізінде жүзеге асырылады және тендер өткiзу үшiн ұйымдастырушыға жiберiледi.
      Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын шығару жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
      6. Тендерлердi әзiрлеу және өткiзу үшiн уәкiлеттi орган тендерді ұйымдастырушыны айқындайды және тендерлiк комиссия құрады.
      Тендерлiк комиссияның құрамына төраға, төраға орынбасары және тендерлiк комиссияның мүшелерi кiредi. Төраға болмаған уақытта оның функциясын оны алмастыратын тұлға атқарады. Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы саны кемiнде үш адамнан құралады.
      7. Тендерлiк комиссия қызметiне:
      1) тендерлiк комиссия жұмысын жоспарлайтын және қызметiне басшылық жасайтын;
      2) тендерлiк комиссия отырысында төрағалық ететiн;
      3) осы Ережелерде көзделген функцияларды жүзеге асыратын төраға басшылық жасайды.
      8. Тендерлiк комиссияның ұйымдастыру қызметiн тендерлiк комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Тендерлiк комиссияның хатшысы тендерлiк комиссияның мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс бермейдi.
      Тендерлiк комиссияның хатшысы тендердi ұйымдастыру және өткiзуге жауапты тендерді ұйымдастырушының құрылымдық бөлiмшесiнiң лауазымдық тұлғалар санынан анықталады.
      9. Тендерлiк комиссияның хатшысы:
      1) тендерлiк комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады;
      2) тендерлiк комиссияны қажеттi құжаттармен қамтамасыз етедi;
      3) түскен тендерге қатысуға өтiнiмдердi тiркеудi жүргiзедi;
      4) тендерлiк комиссия отырысының хаттамалық шешiмiн ресiмдейдi;
      5) тендер қорытындысы бойынша үмiткерлердiң және жеңімпаздардың мекен-жайына хабарламаларды жiбередi;
      6) тендердi әзірлеу және өткізу құжаттарының сақталуын қамтамасыз етедi;
      7) осы Ережелермен көзделген функцияларды жүзеге асырады.
      10. Тендерлiк комиссия:
      1) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi. Тендерлік комиссияның жұмыс регламенті уәкілетті органның басшысымен бекiтіледi;
      2) тендер өткiзу туралы хабарламаны бекітеді;
      3) сатылатын тауарлар бойынша лоттар құрамын бекітеді;
      4) кесімді бағаны бекітеді;
      5) үмiткерлердiң тендерге қатысуға өтiнiмдерiн қарайды;
      6) тендер өткiзедi және ол бойынша шешiм шығарады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Тендердi ұйымдастырушы тендер өткiзу туралы хабарлама бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес, бірақ үміткерлердің тендерге қатысуға өтінімдерін беретін соңғы күнге дейін кемiнде 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын тендерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тендер өткізу туралы хабарлама мәтінін орналастырады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мәлiметтерден тұрады:
      1) тендердi ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
      2) тендердiң өткiзiлетiн орны, күнi және уақыты (тендер өткiзiлетiн бiр үздiксiз кезең ағымын көрсету рұқсат етiледi), сондай-ақ тендерге қатысуға өтiнiмдерді беретiн орны мен мерзiмі;
      3) номенклатурасы, ең аз көлемi, қосылған құнға салынатын салықты ескере отырып немесе ескерусіз кесiмдi бағасы, тауарды төлеу мерзімі, тауарды шығарып алу мерзімі және тауардың орналасқан жері қамтылған тауар туралы мәлiмет;
      3-1) тендерге қатысуға өтінімді енгізу шарттары және қамтамасыз ету түрлері;
      4) қорытындыны жариялау тәртiбi және мерзiмi;
      5) тендердi ұйымдастырушының оны өткiзуден бас тарту тәртiбi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
      13. Кәсiпкерлiк қызметпен айналыспайтын тендерге қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаның тендерді ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес үлгi бойынша тендерлiк өтiнiмі;
      2) жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік
кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген)
берілетін банк кепілдігі түрінде осы Ережемен белгіленген мөлшерде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын
растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      14. Тендерге қатысуға ниет білдірген жеке кәсiпкер ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес үлгi бойынша тендерлiк өтiнiмі;
      2) жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
      4) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген) берілетін банк кепілдігі түрінде осы Ережемен белгіленген мөлшерде
тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының
банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын
растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      15. Тендерге қатысуға ниет білдірген заңды тұлғаның тендерді ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес үлгi бойынша тендерлiк өтiнiмі;
      2) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі.
      Егер заңды тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда тендерге қатысуға өтiнiм заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтініштің көшірмесін қамтуы тиіс.
      Қазақстан Республикасының резидент еместері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмені ұсынады;»
      3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе анықтама;
      4) осы Ережелерге 4-қосымшаға сәйкес үміткердің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы үміткерге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар анықтаманың түпнұсқасынан (егер үміткер екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін алынуға тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы үміткердің өтінімінен бас тартуға негіз болып табылмайды;
      5) егер тендерлік өтінімді заңды тұлғаның басшысы емес қол қойған жағдайда – уәкiлеттi адамға берген сенiмхаты, уәкiлеттi тұлғаның жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесі.
      6) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі
№ 55 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік
кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген)
берілетін банк кепілдігі түрінде осы Ережемен белгіленген мөлшерде
тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не
уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын
растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі), 04.05.2013 № 189 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      15-1. Үміткер мынадай жағдайларда:
      1) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етпесе;
      2) егер ол алдында тендер жеңімпазы деп танылған және сатып алу-сату шартының талаптарын орындамаса немесе тиісінше орындамаса тендерге қатысуға жіберілмейді.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
      15-2. Үміткер тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:
      1) тендерге қатысуға өтінімін мұндай өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің және (немесе) толықтырмайтындығының;
      2) оны тендер жеңімпазы деп таныған жағдайда уәкілетті органның ведомствосымен сатып алу-сату шартын жасасатындығының кепілі ретінде енгізеді.
      Ескерту. 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      15-3. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету лот сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      Банк кепілдігі уәкілетті орган ведомствосы сатып алу-сату
шартын тіркегенге дейін қолданылады және егер екінші деңгейдегі
банктер тендер өткізілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде
жазбаша талап алмаса толық және автоматты түрде күшін жояды.
      Ескерту. 15-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      15-4. Үміткер тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің
мынадай түрлерінің бірін:
      1) уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
      2) банктік кепілдікті таңдайды.
      Үміткердің тендерге қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға
толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
      Тендерді ұйымдастырушының, осы Ереженің 15-5-тармағында аталған
іс-әрекеттерді қоспағанда, үміткер енгізген кепілдікті ақшалай
жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
      Ескерту. 15-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      15-5. Тендерді ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде қайтармайды:
      1) үміткер тендерге қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерге қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
      2) тендер жеңімпазы деп айқындалған үміткер сатып алу-сату шартын жасасудан жалтарса;
      3) тендер жеңімпазы сатып алу-сату шартының талаптарын орындамаса немесе тиісінше орындамаса. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалу тендер жеңімпазын сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаудан босатпайды.
      Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бірі туындаған кезде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.
      Ескерту. 15-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      15-6. Тендерді ұйымдастырушы үміткерге ол енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады:
      1) осы үміткер өзінің тендерге қатысуға өтінімін тендерге қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
      2) тендер қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғанда;
      3) тендерді ұйымдастырушы тендер өткізуден бас тартқан кезде.
      Ескерту. 15-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      16. Тендерге қатысуға өтінімді үміткер тендерді ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттермен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.
      Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      17. Тендерлік өтінімнің нысаны басып шығарылады немесе өшірілмейтін сиямен жазылады, үмiткердiң қолы қойылады және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.
      18. Тендерлiк өтiнiмде жол арасында қосымшалар, өшiрулер және қоса жазулар, сондай-ақ арифметикалық қателер болмау керек.
      19. Тендерлік өтінімде үміткер лот нөмірін, тауардың атауын, мөлшерiн, өлшем бірлігін, бағасын, тауар үшін жалпы соманы, төлеу және тауарды шығарып алу мерзімін көрсетеді.
      20. Тендерге қатысуға өтінімнің түпнұсқасы конвертке салынады және тендерлік комиссияның отырысында ашылады.
      21. Берiлген ақпараттың толықтығы үмiткердiң мүмкiндiктерiн растайтын құжаттарды тендерлiк комиссия қараған кезде анықталады. Енгiзiлген тендерге қатысуға өтiнiм өзгертуге жатпайды.
      22. Тендерлiк комиссия хатшысы үмiткердiң атауы, мекен-жайы, телефоны мен факсының нөмiрi, тендерге қатысуға өтiнiмдi ұсынған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, өтiнiм түскен күнi және уақыты көрсетiлген тендерге қатысуға үмiткерлердi тiркеу журналын жүргiзедi.
      23. Тендерге үмiткерлердi тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен басталады және тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашатын күннің алдындағы күні сағат 18.00 аяқталады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      24. Тендерге қатысуға қажеттi құжаттар пакетi журналда тiркеуден өткеннен соң, тендер өткiзiлетiн күнге дейiн тендерлiк комиссия хатшысының арнайы сейфiнде сақталады.
      25. Үмiткер тендер басталудан бiр сағаттан кем емес мерзімде тендерге қатысудан бас тарта алады.
      26. Тендердi өткiзуге дейiн үмiткер тауардың сапалық жағдайы және тауардың техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкестiгi бойынша сараптама жасауына болады. Ондай сараптаманы жүргізуге байланысты шығындар үмiткер тарапына жатады.
      Сараптама жүргізу үшін үміткер:
      1) сынама алу үшін сараптама жүргізуге қажетті материалдық құндылықтардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тендерді ұйымдастырушыға хатын;
      2) тауардың техникалық регламенттерде немесе стандарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау бойынша ресімдерді жүргізу үшін материалдық құндылықтардың қажетті мөлшерін ұсыну туралы сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген заңды тұлғаның хатын;
      3) сараптамаға арналған материалдық құндылықтардың көлемін төлегені туралы төлем тапсырмасының көшірмесін ұсынады.
      Сараптамаға арналған материалдық құндылықтардың көлемі үшін төлем алынғаннан кейін уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға нарядтар жазып береді.
      Наряд негізінде үміткер оның хатында көрсетілген сақтау пунктінен сараптама жүргізу үшін материалдық құндылықтарды алады.
3. Тендердi өткiзу тәртiбi
      27. Тендер өткiзу кезеңiн тендерлiк комиссия анықтайды және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында белгiленедi.
      28. Тендерлiк комиссияның отырысы тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткiзiледi және тендерлiк комиссияның қатысқан мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары және тендерлік комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Тендерлiк комиссия мүшесi болмаған жағдайда тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi көрсетiледi.
      Тендерлiк комиссияның отырысы тек оның төрағасы не оны алмастыратын тұлға қатысқан жағдайда өткiзiледi.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Тендерлiк комиссияның отырысы үмiткерлердiң қатысуынсыз өтедi.
      30. Тендерде өтiнiмдер қаралады және үмiткерлердiң тендерлiк ұсыныстары жарияланады. Тендерлiк комиссия үмiткерлердiң ұсыныстарын талдаудан және бағалаудан кейiн, алғышарттармен салыстырғанда шарт жасасудың қолайлы жағдайларын ұсынған жеңiмпазды анықтайды.
      31. Бiр ғана үмiткердiң болуы тендер өткізілмеді деп табуға негiз болмайды.
      32. Тендерлiк комиссия үмiткердiң тендерге қатысуға өтiнiмiн:
      1) тендерге қатысуға өтінімнің осы Ережелердің 16, 18-тармақтарына сәйкес келмеуі;
      2) осы Ережелерге 1-қосымшаға (жеке тұлға үшін), 2-қосымшаға (жеке кәсіпкер үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлға үшін) сәйкес тендерлік өтінімді ұсынбаған;
      3) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған;
      4) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген) талаптарын бұза отырып берілген банк кепілдігін ұсынған;
      5) банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында үміткердің барлық міндеттемелерінің түрлері бойынша осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
      6) толық емес немесе дәл емес ақпарат ұсынған;
      7) үмiткердiң ұсынған бағасы кесiмдi бағадан төмен болған;
      8) тендерлік өтінімде көрсетілген тауар көлемі тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетілгеннен төмен болған;
      9) тендерлік өтінімде көрсетілген тауарды төлеу мерзімі, тауарды шығарып алу мерзімі тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетілгеннен жоғары болған;
      10) тендерлік өтінімде көрсетілген бағалар мен мерзімдердің сандық мәнінің оның мәтіндік бөлігіне сәйкес келмеген;
      11) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы тендерге қатысуға өтінімнің түпнұсқасымен бірге тігілген жағдайларда алып тастайды.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      33. Тендерге қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде неғұрлым жоғары өтiнiм бағасын ұсынған өтiнiмдер қанағаттандырылады.
      Өтінім бағалары бірдей болған кезде аз төлеу мерзімін ұсынған үміткер жеңімпаз деп танылады.
      Өтінім бағалары және төлеу мерзімі бірдей болған кезде, тендерге қатысуға өтінімі тіркеу журналына басқа үміткерлерден бұрын енгізген үміткер жеңімпаз деп танылады.
      34. Тендерлiк комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және оған қатысқан тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп саналады.
      Дауыс тең болған жағдайда тендерлiк комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төраға орынбасары дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Тендерлiк комиссия шешiмiмен келiспеген жағдайда тендерлiк комиссияның кез келген мүшесi өз қарауы бойынша жазбаша түрде баяндалатын және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр бiлдiредi.
      35.  Тендерлiк комиссияның шешiмiне сот тәртiбімен шағым жасалады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      36. Тендер қорытындысы хаттама түрiнде ресiмделедi. Тендер қорытындысы туралы хаттама тендер өткiзiлген күнi жасалады және онда әр үмiткер бойынша тендерлiк комиссияның шешiмi көрсетiледi.
      37. Тендерге қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi туралы хабарлама тендер өткiзген күннен бастап 1 (бiр) тәулiк iшiнде үміткерлерге жазбаша (факспен немесе поштамен) жiберiледi және тендерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады.
      Тендер жеңімпазына жiберiлетiн хабарламаға шарт жобасы қоса беріледі.
      38. Тендер жеңімпазы тендер өткiзiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органның ведомствосымен шарт жасасады.
      38-1. Сатып алу-сату шарты тендерді ұйымдастырушы мен тендер жеңімпазы осы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық және тиісті орындаған жағдайда орындалды деп саналады.
      Ескерту. Ереже 38-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      38-2. Тендерді ұйымдастырушы тендер жеңімпазына ол енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді сатып алу-сату шарттарын толық және тиісті орындағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.
      Ескерту. Ереже 38-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.05.2013 № 189 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      39. Жеңімпаздың көрсетілген мерзімде шарт жасасу үшін келмеген жағдайында осы жеңімпазға қатысты тендерлік комиссияның шешімі жоққа шығарылады.
Мемлекеттiк материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды (жаңарту
және броньнан шығару тәртiбiмен) 
шығару жөнiндегi тендерлердi     
дайындау және өткiзу ережелеріне 
1-қосымша           
      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Тендерлік өтінім*
______________________________________________________________
     (жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке куәлігі құжатындағы деректер)
атынан _____________________________________________________________
       (заңды тұлғаның мүддесiн бiлдiруге уәкiлеттi тұлғаның Т.А.Ә.,
                                лауазымы)
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережелерiмен танысып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет бiлдiредi және сатып алуды ұсынады
____________________________________________________________________
      (лот нөмірі, атауы, мөлшерi, өлшем бiрлiгi, ұсынған баға,
                  тауар үшін жалпы сомасы) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тауарды төлеу мерзімі ______________________________________________
Тауарды шығарып алу мерзімі ________________________________________
      Бiздiң тендерлік өтiнiмдi тендерлiк комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткiзiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде тауарды сатып алу-сату туралы шартты жасауға мiндеттенемiз.
      Сатып алынатын тауардың сапасы бойынша ренiш-талабымыз жоқ. Сондай-ақ тендерге қатысуға өтiнiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына кепiлдiк беремiз.
Пошталық мекен-жай:
______________________________________________,
 (индекс, облыс, қала, көше үйдiң №, пәт.№)
Телефон, факс: _______________________________
Банк реквизиттерi
Лауазымы, Т.А.Ә., жұмыс орны, қолы;
Өтiнiм толтырылған мерзiм
М.О.
       *Көрсетiлген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөр таңбасы мiндеттi, керi жағдайда өтiнiм жарамсыз деп саналады.
Мемлекеттiк материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды (жаңарту
және броньнан шығару тәртiбiмен) 
шығару жөнiндегi тендерлердi     
дайындау және өткiзу ережелеріне 
2-қосымша           
      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Тендерлік өтінім* 
_______________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің Т.А.Ә., жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
                            куәлік деректері)
атынан ______________________________________________________________
        (заңды тұлғаның мүддесiн бiлдiруге уәкiлеттi тұлғаның Т.А.Ә.,
                                  лауазымы)
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережелерiмен танысып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет бiлдiредi және сатып алуды ұсынады
_____________________________________________________________________
      (лот нөмірі, атауы, мөлшерi, өлшем бiрлiгi, ұсынған баға,
                      тауар үшін жалпы сомасы) _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауарды төлеу мерзімі _______________________________________________
Тауарды шығарып алу мерзімі _________________________________________
Бiздiң тендерлік өтiнiмдi тендерлiк комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткiзiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде тауарды сатып алу-сату туралы шартты жасауға мiндеттенемiз.
Сатып алынатын тауардың сапасы бойынша ренiш-талабымыз жоқ. Сондай-ақ тендерге қатысуға өтiнiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына кепiлдiк беремiз.
Пошталық мекен-жай:
___________________________________________,
(индекс, облыс, қала, көше үйдiң №, пәт.№)
Телефон, факс: ____________________________
Банк реквизиттерi
Лауазымы, Т.А.Ә., жұмыс орны, қолы;
Өтiнiм толтырылған мерзiм
М.О.
      *Көрсетiлген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөр таңбасы мiндеттi, керi жағдайда өтiнiм жарамсыз деп саналады.
Мемлекеттiк материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды (жаңарту
және броньнан шығару тәртiбiмен) 
шығару жөнiндегi тендерлердi     
дайындау және өткiзу ережелеріне 
3-қосымша           
      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Тендерлік өтінім*
_______________________________________________________________
                   (заңды тұлғаның толық атауы)
атынан ______________________________________________________________
       (заңды тұлғаның мүддесiн бiлдiруге уәкiлеттi тұлғаның Т.А.Ә.,
                              лауазымы)
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережелерiмен танысып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет бiлдiредi және сатып алуды ұсынады
_____________________________________________________________________
       (лот нөмірі, атауы, мөлшерi, өлшем бiрлiгi, ұсынған баға,
                      тауар үшін жалпы сомасы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауарды төлеу мерзімі _______________________________________________
Тауарды шығарып алу мерзімі _________________________________________
      Бiздiң тендерлік өтiнiмдi тендерлiк комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткiзiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде тауарды сатып алу-сату туралы шартты жасауға мiндеттенемiз.
      Сатып алынатын тауардың сапасы бойынша ренiш-талабымыз жоқ. Сондай-ақ тендерге қатысуға өтiнiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына кепiлдiк беремiз.
Пошталық мекен-жай:
___________________________________________,
(индекс, облыс, қала, көше үйдiң №, пәт.№)
Телефон, факс: ____________________________
Банк реквизиттерi
Лауазымы, Т.А.Ә., жұмыс орны, қолы;
Өтiнiм толтырылған мерзiм
М.О.
      * Көрсетiлген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөр таңбасы мiндеттi, керi жағдайда өтiнiм жарамсыз деп саналады.
Мемлекеттiк материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды (жаңарту
және броньнан шығару тәртiбiмен) 
шығару жөнiндегi тендерлердi     
дайындау және өткiзу ережелеріне 
4-қосымша           
      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Нысан
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
      Банк (атауы)_________________ жағдай бойынша осы Банкте қызмет көрсетілетін банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекен-жайы, СТН, БСК, БИН және т.б. көрсету қажет).
      Күні
      Қолы
      M.О.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет