Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданы әкімінің және аудан бойынша қала, кент, селолық (ауылдық)



Дата16.06.2016
өлшемі103.16 Kb.
#138392


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданы әкімінің және аудан бойынша қала, кент, селолық (ауылдық) округ әкімдерінің 2014 жылдың І тоқсанында елді мекендерде өткізген есепті кездесулерінің негізінде жасалған іс-шаралардың орындалысы
25.12.2014 жылға



Мазмұны

Аты-жөні мекен-жайы

Шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалысы туралы



Қарқаралы қаласының Мәди көшесіндегі жол бойына жылдамдықты шектейтін жол белгілерін орнату

Қала тұрғындары

Жол белгілерін орнату

сәуір

Н.Батырбеков

Ж.Искаков к/бойынша



Мәди көшесіндегі жол бойына автокөліктердің жылдамдығын шектейтін жол белгілері орнатылды.



Қарқаралы қаласында бос жүрген қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жалғастыру

Қала тұрғындары

Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

сәуір

Н.Батырбеков

А.Қасымов



«Аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» және «Қарқаралы аудандық ветеринариялық станциясы» КМК тарапынан тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, қала басында және кент, селолық округтерде иессіз бос жүрген иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп, барлығы 429 бас ит ауланды. Оның ішінде қала басынан 75 бас ит ауланды.



Ынталы селолық округіне қарасты теміржол разъездіне қатынайтын жолды қысқы маусымда уақытылы қардан аршып отыруды ұйымдастыру

Теміржол разъездінің тұрғындары

Тиісті жұмыстар ұйымдастыру

сәуір

А.Сәдуақасов

С.Шажаров



Ынталы селолық округ әкімі аппараты тарапынан селолық округтегі шаруа қожалықтарымен келісім жасалып, қысқы маусымда жолды қардан аршу жұмыстары жүргізіліп, жол қатынасы қамтамасыз етіліп отырылды.



Бесоба – Қарағанды бағытында жолаушылар тасымалдаушы әлеуметтік қоғамдық автокөліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету

Бесоба ауылының тұрғындары

Облыстық тиісті қызмет көрестуші мекемеге хат жолдау, бақылауға алу

сәуір

Р.Нұрмаған

С.Шажаров



Бесоба – Қарағанды бағытында жолаушылар тасымалдаушы әлеуметтік қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында облыстық тиісті мекемелерге қатынас хат жолданды. Жоғарыда аталған бағытта жолаушыларды тасымалдау қамтамасыз етіліп, қоғамдық көлік тұрақты қатынап тұр.



Аудан бойынша шағын ауылдар бағытындағы жолдардың қысқы маусымда уақытылы қардан аршылып отырылуын бақылауда ұстау

Аудан бойынша шағын ауылдардың тұрғындары

Бақылауда ұстау

сәуір

С.Шажаров

Тиісті с/округ әкімдері



Барлығы 642 шақырым құрайтын аудандық маңызы бар автокөлік жолдарында қысқы маусымда қардан тазалау жұмыстары «Тазалық – Қарқаралы» ЖШС-гі мекемесі арқылы мерзімінде жүргізіліп отырылды.



Аудан бойынша елді мекендерде пошта байланысы бөлімшелерінің жұмысын бақылауға алу

Ақтасты ауылының тұрғындары

Тиісті жұмыстар ұйымдастыру

сәуір

Ш.Аймағанбетова

к/бойынша



«Қазпошта» АҚ ҚОФ бұйрығына сәйкес аудан бойынша 5 ауылдық пошта байланысы бөлімшелері халық санының азайуына байланысты жылжымалы пошта байланысы пункттеріне ауыстырылып, лауазымдары байланыс операторы болып өзгертілді.

Лауазымдары өзгертілгенмен пошта байланысы бөлімшелерінің халыққа қызмет көрсету көлемі сол қалпында қалды. Пошта байланысы бөлімшелерінің жұмысы тиісті селолық округ әкімдерінің және аудандық пошта байланысы торабының бақылауында.





Аудан бойынша шағын ауылдарда «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыз су құбырларын тарту жөнінде тиісті облыстық басқармалармен жұмыс жасау

Айнабұлақ ауылының тұрғындары

Облыстық басқармалармен жұмыс жасау

сәуір

С.Шажаров

Р.Смағұлов



Аудан бойынша шағын ауылдар оның ішінде Айнабұлақ елді мекенін сумен қамтамасыз ету үшін «Ақбұлақ» бағадарламасы аясында биылғы жылы жер асты су мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілгеннен кейін тиісті жобалау – сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттен қаражат қарастырылады.



Қарқаралы қаласында көше жолдарын жөндеу, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

Қала тұрғындары

Жұмыс жоспарына енгізу

шілде

Н.Батырбеков

Қарқаралы қаласында көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 77 млн тенге бөлініп, Нұрмақов, Сенкібай батыр, Жәнібеков, Абай, Әуезов көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар аудандық бюджеттен 10 млн тенге бөлініп жоспарланған көшелер жарықтандырылды.



Қ.Аманжолов селолық округі тұрғындарының меншігіндегі үй жануарларының бруцеллез ауруына қарсы шараларын ұйымдастыру

Талды ауылының тұрғындары

Сауықтыру шараларын ұйымдастыру

маусым

А.Қасымов

Т.Көпжасаров к/б

М.Қабиев


Қ.Аманжолов селолық округі бойынша тұрғындарының меншігіндегі үй жануарлары бруцеллез ауруына зерттеліп, анықталды. Бруцеллезбен ауырған ірі қара малдары етке тапсырылды. Бруцеллез ауруы анықталған қой ешкі малдары облыстық арнайы мамандардың қатысуымен өртеу жолымен жойылды. Бүгінгі күнге дейін селолық округ бойынша барлығы 136 аулаға залалсыздандыру жұмыстары жұмыстары жүргізілді. Бруцеллез ауруынының алдын алу туралы мәселе жөнінде селолық округ тұрғындарымен бірнеше мәрте аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары және аудандық тиісті бөлім басшылары жиындар өткізіп, жиын барысында ветеринарлық – санитарлық тазалықты сақтау, мал бағынын ұйымдастыру, үй жануарларына шектеу қою және сауықтыру іс шаралар талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні Қ.Аманжолов селолық округінің елдімекендеріне шектеу қою жөнінде аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды.



Едірей елді мекеніне спутниктік телефон байланысын орнату

Едірей ауылының тұрғындары

Тиісті жұмыстар ұйымдастыру

сәуір

Д.Құдайбергенов

к/бойынша

А.Жұмабеков


Мәди селолық округіне қарасты Едірей елді мекеніне спутниктік телефон байланысы орнатылды.



Тегісшілдік ауылының көшелерін жарықтандыру

Тегісшілдік ауылының тұрғындары

Тиісті жұмыстар ұйымдастыру

шілде

Ж.Гимадиев


«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, Тоқтар ауылының орталық көшесіне 7 жарық бағанасы және Жарлы ауылының орталық көшесіне 3 жарық бағанасы орнатылды.



Егіндібұлақ селосы тұрғындарының меншігіндегі үй жануарларына жайылымдық жерлерді кеңейтуді қарастыру

Егіндібұлақ селосының тұрғындары

Тиісті жұмыстар ұйымдастыру

шілде

Б.Тоқмурзин

А.Наушабаев

Р.Инербаев


Село тұрғындарының жеке меншік малдарының жайылымын кеңейтіп, (бойдақ және жылқы малын) бағынын ұйымдастыру үшін көршілес Қоянды селолық округіне қарасты «Тастықұдық» жерінен шаруа қожалығы құрылып, 3,0 мың га жер алынып беріліп, бойдақ малдардың бағыны ұйымдастырылды. Сонымен бірге көршілес Қаракөл селолық округіне қарасты «Сұржал» жерінен село тұрғындарының меншік малдарының бағыны ұйымдастырылған.



Егіндібұлақ селосында иессіз жатқан күл қоқыстарды шығаруға аудандық бюджеттен қаражат қарастыру

Егіндібұлақ селосының тұрғындары

Бюджеттік өтінім жолдау, қаражат қарастыру

тамыз

Б.Берниязов

Р.Инербаев



Егіндібұлақ селосында иессіз жатқан күл қоқыстарды шығаруға аудандық бюджеттен 800 мың тенге қаражат қарастырылып, 900 текше метр иессіз жатқан құрылыс қалдықтары шығарылды.



Бүркітті ауылының көшелерін жарықтандыру

Бүркітті ауылының тұрғындары

Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

тамыз

О.Қыстаубаев

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, Бүркітті ауылының орталық көшесіне 14 жарық бағанасы орнатылды.



Қарағайлы кентіндегі ауыз су жүйесі тартылмаған көшелерге су жүйесі құбырларын тартып, ауыз су колонкаларын орнату

Кент тұрғындары

Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

тамыз

Қ.Исатаев

С.Шажаров



«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен қаражат бөлініп, Ленин, Абай, М.Төлеубаев көшелеріне су құбыры тартылып, 6 ауыз су колонкасы орнатылды.



Бақты ауылында күл қоқыс шығару жұмыстарын ұйымдастыру

Бақты ауылының тұрғындары

Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

тамыз

Б.Жәбдіков

Бақты ауылында күл қоқыс шығару жұмыстары селолық округтегі кәсіпкерлер мен тұрғындарының техникасының және округте орналасқан ірі өндіріс кәсіпорындарының техникасымен көмегімен атқарылып, 3700 тн күл қоқыс арнайы орынға шығарылды.



Қарқаралы қаласында тұрғын үйлер салу

Қала тұрғындары

Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

қыркүйек

С.Акимов

Т.Омаров


2014ж. Қарқаралы қаласы Т.Әубәкіров көшесі 11 «Б» мекенжайындағы 12 пәтерлі тұрғын үй құрылысына 50 213,0 мың теңге қаржы бөлінді. Салынатын тұрғын үйдің ауданы 810 шаршы метрді құрайды. Аталған нысан бойынша мердігер «Murat Servis» ЖШС-мен 49 314,0 мың теңге бюджет есебіне 2014 жылы келісім шартқа отырды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қарқаралы қаласы Т.Әубәкіров көшесі 135 «а» мекенжайындағы 12 пәтерлі тұрғын үй құрылысына 2014 жылға – 33,3 млн. теңге бөлінді. Салынатын тұрғын үйдің ауданы 810 шаршы метрді құрайды. Нысанның құрылысы екі жылға жоспарланып, пайдалануға 2015 жылы беріледі. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп жатыр.





Қарқаралы қаласын толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Жарлы- Қарқаралы» топтық ауыз су жүйесін салу үшін тиісті облыстық басқармалармен жұмыс жасау

Қала тұрғындары

Облыстық тиісті басқармаларға ұсыныстар жолдау

қыркүйек

С.Акимов

Т.Омаров


2011 жылы «Қарқаралы ауданының «Жарлы-Қарқаралы» топтық су тартқышын қайта құрылымдау» нысанына 11 000,0 мың теңгеге жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Бас жобалаушы «Логос» ЖШС-гі. Жобаның сметалық құны – 1508,987 мың теңге. Биылғы жылы аталған нысанның жобалау сметалық құжаттарына түзету енгізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу электрондық конкурсының қорытындысы бойынша «Институт «Гражданпроект» ЖШС-мен 7000,0 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Жобалау-сметалық құжат 2014 жылдың желтоқсан айында тапсырылады.



Қарқаралы қаласында денешынықтыру – сауықтыру кешінін салу үшін тиісті облыстық басқармалармен жұмыс жасау

Қала тұрғындары

Облыстық тиісті басқармаларға ұсыныстар жолдау

қыркүйек

С.Акимов

Т.Омаров


2012 жылы спорттық-сауықтыру комплексі (ФОК) құрылысына 8000,0 мың теңгеге жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Бас жобалаушы «Строй Бизнес Консалтинг» ЖШС-гі. Жобаның сметалық құны – 461 000,0 мың теңге. 2013, 2014 жылдары аудандық білім беру және дене шынықтыру бөлімі атынан «Дене шынықтыру сауықтыру кешені» (ФОК) құрылыс нысанын салуға облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылып, құрылыс жұмыстарын жүргізу 2015 жылға жоспарлануда.


Қарқаралы ауданы әкімі аппараты басшысының м.а Д.Әзімханов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет