Источник: ИС ПАРАГРАФ, 28.11.2011 17:02:25
Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 823 Қаулысы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы;
2) Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүк тасымалдау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 823 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бүдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағиданың қолданысы: теңіз кемелеріне - олардың Қазақстан Республикасының теңіз жолдарымен жүзуі кезінде; ішкі суда жүзу кемелеріне, «өзен-теңізде» жүзетін кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңіз жолдарымен, өзендерімен, көлдерімен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңіз портына кіре отырып, жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы арқылы Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен халықаралық транзиттік қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалы теңіз көлігімен тасымалдау шарты негізінде жүргізіледі.
5. Жолаушыны теңізбен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы портқа немесе межелі пунктке жолаушыны және жолаушы тапсырған жағдайда багажды тасымалдауға және багажды жолаушыға немесе алуға уәкілетті тұлғаға беруге міндеттенеді, ал жолаушы жол жүргені үшін, ал багаж тапсырған кезде - багажды алып жүргені үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
6. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) багаж - теңіз көлігімен жіберу үшін буып-түйілген және жолаушыдан жеке тасымалданатын жүк;
2) каюталық багаж - жолаушының белгіленген мөлшер мен көлем шегінде өзімен бірге алып жүретін, жинақы буып-түйілген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркін орналастырылатын заттары.
2. Жолаушылар мен багажды тасымалдау
7. Жолаушыларды теңіз көлігімен тасымалдауды тасымалдаушы кесте бойынша ұйымдастырады. Жолаушыларды тасымалдау кестесін өзгерту туралы тасымалдаушы жаңа кесте күшіне енген күніне дейін кемінде 2 апта ішінде хабардар етеді.
8. Билеттерді сату теңіз вокзалдарының билет кассаларында не жолаушының талап еткен жеріне жеткізу кезінде жеткізілгені үшін төлеумен жүзеге асырылады. Билеттерге тапсырыстар телефон арқылы немесе жолаушының өзі келген кезде қабылданады.
9. Билет кассаларының жұмыс уақыты мен тәртібін жергілікті жағдайлар мен кемелер қозғалысының кестесін негізге ала отырып, теңіз вокзалының бастығы белгілейді.
10. Билеттерді алдын ала сату кеменің жүзіп кетуіне дейін 45 тәулікті қоса алғандағы 1 тәулікке дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
11. Жолаушының жол жүргені үшін және, жолаушы тегін алып жүретін, белгіленген нормалар шегіндегі каюталық жүкті қоспағанда, оның багажын тасымалдау үшін төлемақы мөлшерін тараптар келісу бойынша немесе жолаушының жол жүруі және оның багажын жалпы пайдаланымдағы көлікпен алып жүру кезінде теңіз көлігімен тасымалдау шарты белгілейді.
12. Жолаушыларды теңіз көлігімен тасымалдау шарты жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (төлқұжат, жеке куәлік, 16 жасқа толмаған балалар үшін туу туралы куәлігі, бағыт бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту көзделмеген жағдайда Қазақстан Республикасы азаматының уақытша куәлігі) ұсынылған кезде берілетін билетпен, ал багажды тапсырған кезде - багаж түбіртегімен ресімделеді.
Билет пен багаж түбіртегінің нысаны осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша белгіленеді.
13. Жолаушы кемеге отырғызу кезінде тиісінше ресімделген билетті және осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес басын куәландыратын құжатты ұсынады.
14. Жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттағы тегі ұсынылған билетте көрсетілген тегіне сәйкес келмеген кезде, билетте тегі болмаған немесе түзетілген кезде жолаушы кемеге отырғызуға жіберілмейді.
15. Билетті билетте көрсетілмеген тұлға ұсынған жағдайда, билетті тасымалдаушы алады және оның құны үсынушыға қайтарылмайды. Бұл жағдайда тасымалдаушы билеттің алыну себебін көрсете отырып, акт жасайды.
16. Балаларға арналған, жеңілдетілген және тегін билеттер: 16 жасқа толмаған балалар үшін туу туралы куәлігі, жеңілдікті және тегін билеттер үшін жеңілдіктерге құқық беретін құжаттар болған жағдайда ресімделеді. Көрсетілген құжаттардың болмауы немесе қате ресімделгені көзделген жеңілдіктерді ескере отырып, билетті беруден бас тарту үшін негіз бола алады.
17. Бір жолаушыға 35 кг аспайтын багаж тегін тасымалданады. Жолаушы багажды тасымалдауға күні бұрын тапсыруы тиіс.
18. Мыналар:
1) багаж бен каюталық багажда жарылу қаупі бар, уландырғыш, тұтану қаупі бар, көз ашытатын, радиоактивті, химиялық, уыттандыратын, озонды бұзатын нәрселер мен оларды қамтитын бұйымдар есірткі, психотроптық және сасық заттар;
2) жылжымалы құрамды, жолаушылардың киімін, сақтау камералары мен ондағы заттарды ластайтын багаж;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған заттар тасымалдауға қабылданбайды.
19. Тасымалдауға өз мөлшері, орамы, ыдысы, торы және қасиеттері бойынша кемеге қиындықсыз тиеуге және орналастыруға болатын нәрселер, заттар мен үйжануарлары қабылданады.
20. Багажды тегін алып жүру нормасынан асып түсетін багажға багаждық тариф бойынша ақы төленуі тиіс.
21. Багаждың әрбір орны бейімделген болуы немесе оны тиеу, қайта тиеу және түсіру кезінде тасымалдауға мүмкіндік беретін құрылғысы болуы тиіс.
Ыдысы немесе орамы барлық тасымалдау уақытында заттардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
22. Бейне- және аудио аппаратура мен ерекше сақтықты талап ететін басқа да ұйымдастыру техникасы жол үстінде қайта тиеусіз тасымалдау кезінде сақталуын қамтамасыз етілетін орамда, ал қайта тиеу арқылы тасымалдауға тек қатты орамада қабылданады (жәшіктер және торлар).
23. Шыныдан жасалған багажды, бейне- және аудио аппаратура мен басқа да ұйымдастыру техникасын тасымалдауды ресімдеу кезінде олардың орамына үстінен немесе бүйір қабырғасының біріне «Абайлаңыз, әйнек», «Абайлаңыз, телевизор» немесе «Абайлаңыз, компьютер» деген тиісті жазу жазылады.
24. Багажды үй хайуандарына ресімдеу кезінде хайуанға арналған паспорт пен ветиринарлық кітапша ұсыну қажет. Үй хайуаны алып жүруге болатын торға орналастырылуы тиіс.
25. Багажды ақауы бар орамда, ыдыста, торда тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушы оны тасымалдауға қабылдаудан бас тартады.
26. Орамында багаждың жоғалу немесе бүліну қаупін тудырмайтын кемшіліктері бар багаж тасымалдау құжаттарында осы кемшіліктер туралы белгі соғылу арқылы тасымалдауға қабылданады.
27. Багаж межелі портқа (пунктке) келген соң багаж түбіртегін және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жолаушыға (алушыға) беріледі.
28. Жолаушы (алушы) беру туралы талап қойған багаж келмеген жағдайда, жеткізу порті (пункті) багаж түбіртегінің артқы жағына жеткізу мерзімі өткеннен кейін «Багаж келмеді» деген белгі жасайды, жылы, айы және күні белгіленген мөртаңба соғады және жолаушыға (алушыға) багаждың келгені туралы хабарлама жіберу үшін оның мекенжайы көрсетілген өтінішін алады. Бұл жағдайда хабарлама үшін ақы өндіріп алынбайды.
29. Табылған багаждың келгендігі туралы межелі порт (пунктке) ол келген күні жолаушыға (алушыға) хабарлама жібереді.
30. Егер межелі портқа (пунктке) табылған багаждың келгені туралы жолаушыны хабардар етпесе, онда ол хабарлама жіберілгенге дейін багажды сақтаудағы мерзімі өткен күндер үшін ақы өндіріп алынбайды.
31. Багажды жеткізу мерзімі багаж жөнелтілген кеменің қозғалыс кестесіне сәйкес межелі портқа (пунктке) жүріп келу уақытымен анықталады.
32. Жеткізілген күннен бастап алты ай ішінде талап етілмеген багаж көрсетілген мерзім өткен соң жойылуға жатады.
33. Жолаушылардан тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша түскен шағымдарды тасымалдаушы үш жұмыс күні ішінде қарайды, ол өткеннен кейін өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы жазбаша хабарлайды.
34. Егер багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлінгені) өз кінәсінен болмағанын дәлелдей алмаса, жолаушы багажының жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлінгені) үшін тасымалдаушы жауап береді.
3. Азаматтардың жекелеген санаттарын тасымалдау ерекшеліктері
35. Он бес жасқа толмаған және он бес жастағы балалар кәмелетке толған жолаушылармен бірге тасымалданады.
36. Жолаушының:
1) бөлек орын беру құқығынсыз өзімен бірге жеті жасқа толмаған, ал халықаралық жол қатынастарында бес жасқа толмаған бір баланы тегін алып жүруге;
2) жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезінде билеттің толық құнының елу пайызын төлеп, билет сатып алуға;
3) бес жастан он екі жасқа дейінгі балаларға халықаралық жол қатынасында билеттің толық құнының елу пайызын төлеп, билет сатып алуға құқығы бар.
37. Егер бірге жүрген жолаушының өтініші бойынша балаға жеке орын берілсе, онда мұндай бала жеңілдетілген тариф бойынша тасымалданады.
38. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жолаушы ата-аналарының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының қолдаухаты бойынша іс-әрекетке қабілетсіз жолаушының қауіпсіздігін және қоршаған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті кәмелетке толған адамның сүйемелдеуімен тасымалданады.
39. Кресло-арбамен жүретін, өз бетімен жүре алмайтын жолаушыны немесе зәмбілдегі сырқат адамды тасымалдау осы жолаушыны тасымалдау уақытында оны күтіп-бағуды қамтамасыз ететін адамның сүйемелдеуімен жүргізіледі.
40. Жетекші иттің жетелеуімен жүрген зағип жолаушыны тасымалдау кезінде жетекші ит багажды тегін алып жүруге белгіленген нормадан тыс тегін тасымалданады.
41. Егер де мұндай бөлмелер мен құралдар кеме конструкциясында көзделмеген болса, тасымалдаушы кресло-арбамен жүретін мүгедектерді ораналастыру және олардың кеме ішінде жүруі үшін (арнайы есіктер, алаңдар, отыратын жерлер, бекіту және тұрақтандыру құралдары, арнайы тұтқа және басқа құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар мен көліктік арбаларды сақтау үшін багаждық бөлім) қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Ребликасының
теңіз көлігімен жолаушылар мен
багажды тасымалдау қағидасына
1-қосымша
Жолаушының билеті
Билет
|
Бақылау купоны (билетсіз жарамайды)
|
Кассир купоны
|
Серия №
|
Серия №
|
Серия №
|
Жолаушының Т.А.Ә.
______________________
|
Жолаушының Т.А.Ә.
______________________
|
Жолаушының Т.А.Ә.
______________________
|
Жеке басын куәландыратын құжаттың (туу туралы куәлігінің) №
|
Жеке басын куәландыратын құжаттың (туу туралы куәлігінің) №
|
Жеке басын куәландыратын құжаттың (туу туралы куәлігінің) №
|
Тасымалдаушы
|
Тасымалдаушы
|
Тасымалдаушы
|
стн
|
СТН
|
стн
|
Кеме атауы
|
Кеме атауы
|
Кеме атауы
|
Шығу порты
|
Шығу порты
|
Шығу порты
|
Шығу күні мен уақыты
|
Шығу күні менуақыты
|
Шығу күні мен уақыты
|
Межелі порты (пункті)
|
Межелі порты (пункті)
|
Межелі порты (пункті)
|
Келу күні мен уақыты
|
Келу күні мен уақыты
|
Келу күні мен уақыты
|
Каюта №
Сынып (санат)
№ орны
|
Каюта №
Сынып (санат)
№ орны
|
Каюта №
Сынып (санат)
№ орны
|
Билет түрі (толық, балаларға арналған, жеңілдікті)
|
Билет түрі (толық, балаларға арналған, жеңілдікті)
|
Билет түрі (толық, балаларға арналған, жеңілдікті)
|
Бағасы
|
Бағасы
|
Бағасы
|
Қызметтік белгілері: Сатылған күні мен уақыты Сату пункті Билет кассирі
|
Қызметтік белгілері: Сатылған күні мен уақыты Сату пункті Билет кассирі
|
Қызметтік белгілері: Сатылған күні мен уақыты Сату пункті Билет кассирі
|
Қазақстан Республикасының
теңіз көлігімен жолаушылар мен
багажды тасымалдау қағидасына
2-қосымша
Багаж түбіртегі
Кеме
|
Кеме
|
Жөнелту порты
|
Жөнелту порты
|
Межелі порт
|
Межелі порт
|
Багажды тасымалдау ақысы
|
Багажды тасымалдау ақысы
|
Шығатын күні
|
Шығатын күні
|
Берілетін күні
|
Берілетін күні
|
Түбіртектің сериясы_____ №__________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі № 823
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүк тасымалдау
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүк тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2- тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүк тасымалдау тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы арқылы теңіз көлігімен халықаралық транзиттік қатынаста жүк тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тиеу ордері - жүк туралы қажетті мәліметтерді қамтитын жүк жөнелтуші қол қойған құжат;
2) экспорттық тапсырма - экспортқа жөнелтілетін жүк туралы қажетті мәліметтерді қамтитын жүк жөнелтуші қол қойған құжат;
3) жалпы авария - әдейі және ақылмен істелген төтенше шығындардан немесе кемені, жүкті жалпы қауіптен сақтау мақсатында жәрдемдерден және тасымалдау ақысынан болған шығындар;
4) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат;
5) теңіз жүкқұжаты - жүктерді теңіз көлігімен тасымалдау кезінде ресімделетін тасымал құжаты;
6) чартер - теңіз арқылы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау шартының бір түрі, бұл жағдайда жөнелтушіге бүкіл кеме, оның бір бөлігі немесе кеменің белгілі бір жайы беріледі.
2. Жүк тасымалдау
4. Жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті межелі портқа жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе қабылдаушы жүкті тасымалдау шартына немесе тарифке сәйкес төлемақыны төлеуге және жүкті алуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
5. Жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты жүкті теңіз арқылы тасымалдау үшін бүкіл кемені, оның бір бөлігін немесе кемедегі белгілі бір үй-жайларды (чартер) беру шартымен, сондай-ақ мұндай шартсыз жасалады.
6. Жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты осы Қағидаға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша коносаментпен, чартермен немесе теңіз жүкқұжатымен (жүк жөнелтушінің және жүк тасымалдаушының қалауы бойынша) ресімделеді.
7. Жүкті тасымалдау үшін қабылдағаннан кейін тасымалдаушы жүк жөнелтушінің талабы бойынша жөнелтушіге коносамент береді.
Коносаментті жүк жөнелтуші ұсынатын тиеу ордері немесе экспорттық тапсырма негізінде тасымалдаушы жасайды және қол қояды.
Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға коносаментке енгізу үшін табыс етілген деректердің дұрыстығына кепілдік береді және мұндай деректердің дұрыс еместігі салдарынан тасымалдаушыға келтірілген залал үшін жауапты болады.
8. Жүк жөнелтушінің қалауы бойынша оған коносаменттің бірнеше данасы (түпнұсқалары) берілуі мүмкін, әрі олардың әрқайсысында қолда бар коносамент түпнұсқаларының саны көрсетіледі. Ұсынылған коносамент түпнұсқаларының біріншісінің негізінде жүк берілгеннен кейін оның қалған түпнұсқалары күшін жоғалтады.
9. Теңіз жүкқұжатын жүк жөнелтуші ұсынатын тиеу ордері негізінде тасымалдаушы жасайды және қол қояды. Теңіз жүкқұжаты кемінде екі данада ресімделеді, оның біреуі жүкпен бірге жүреді, ал екіншісі жүк жөнелтушіге беріледі.
10. Кемені жалға алу шарты осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша чартермен ресімделеді.
11. Тиеу ордері немесе экспорттық тапсырманы жүк жөнелтуші жасайды және қол қояды, тасымалдаушыға жүкті ұсынумен бір уақытта ұсынылады, жүктің барлық жүру жолында онымен бірге жүреді және жеткізу пунктінде жүкпен бірге жүк алушыға беріледі.
12. Жүкті тасымалдауға ұсынумен бір уақытта жүк жөнелтуші порт, кеден, санитарлық немесе өзге де органдар талап ететін барлық құжатты тасымалдаушыға тапсырады.
13. Тасымалдаушының талабы бойынша каботажда жүктер жүк жөнелтуші пломбалаған кеменің үй-жайында тасымалдануы мүмкін.
14. Жүктердің тұрпаты мен қасиеттеріне байланысты олар коносаментте салмағы мен орын санын (ыдысты және даналаған жүктер) не тек орны және басқа да қажетті деректерін көрсету арқылы тасымалданады.
15. Жүктің салмағы тапсырылатын жүктің жалпы салмағын, олардың жүк орындарында көрсетілген салмағын немесе жүк орнының стандартты салмағын негізге ала отырып, өлшеумен немесе есептеумен анықталады. Жекелеген жүктердің салмағы өлшеу бойынша есептеу жолымен немесе шартты түрде анықталуы мүмкін. Қауіпті, көлемі ірі емес, ауыр салмақты және басқа да арнайы жүктердің салмағы жүк жөнелтуші жариялаған белгіленген салмақ бойынша анықталады.
16. Жүктің салмағын есептеу жолымен, өлшеу бойынша немесе шартты түрде анықтауды барлық жағдайларда жүк жөнелтуші жүргізеді. Салмақ анықтаудың мүндай тәсілі туралы жүк жөнелтуші тиеу ордерінде немесе экспорттық тапсырмада ескертпе жасайды.
17. Порт өз айлақтарында және өз жұмыс күшімен қайта өлшеуді талап ететін жүктерді тиеген кезде салмақты анықтау порттың таразысында жүргізіледі.
18. Салмағы буып-түю кезінде анықталатын немесе әрбір жүк орнында көрсетілетін ыдысты немесе даналаған жүктер (орамсыз), сондай-ақ мөлшері мен салмағы стандартты жүк орындары тасымалдауға қабылдау және алушыларға беру кезінде өлшенбейді. Мұндай жөнелтімнің жалпы салмағын жүк жөнелтуші стандартты салмақты немесе жүк орындарында көрсетілген салмақты негізге ала отырып анықтайды және тиеу ордерінде немесе жүкқұжатында көрсетеді.
19. Тасымалдау кезінде жүктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін ыдысқа салуды және орауды қажет ететін жүктер тасымалдау үшін жарамды ыдысқа салынып және оралып беріледі. Ыдыс және орам техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкес болады.
Жүк жөнелтуші жүкті тиісінше таңбалап, тасымалдаушыға ол туралы қажетті мәліметтерді табыс етеді. Жүк айрықша назар аударуды қажет ететін жағдайда жүк жөнелтуші жүктің қасиеттері мен оны күтіп-ұстаудың тәртібін тасымалдаушыға хабарлайды.
20. Тиеу үшін тасымалдаушыға берілетін кемелер теңізде жүзетін жай- күйде болуы тиіс: жүктерді тасымалдауға арналған трюмдер және басқа да жүк үй-жайлары бұрын тасымалданған жүктердің қалдығынан тазартылуы және жүктерді тасымалдау мен сақтауды қамтамасыз ететін жай-күйге келтірілуі тиіс.
21. Рейстің алдында (кеменің жүк тиеу портынан шығу сәтіне) тасымалдаушы кеменің жүзуге техникалық жарамдылығын қамтамасыз етеді, тиісті жағдайда оны жарақтайды, экипажбен жасақтайды және барлық қажетті нәрселермен жабдықтайды. Теңіз порты капитанынан кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат алынғаннан кейін кеме теңіз портынан жүзіп шыға алады.
22. Кемеге жүк тиеу кеме капитаны бекіткен жүк жоспары бойынша жүргізіледі. Кемеде жүктерді дұрыс орналастыруды, бекітуді және бөлуді бақылауды кеме әкімшілігі жүзеге асырады. Жүк жоспарының жобасын кемеге жүк тиеуді жүргізетін үйым жасайды. Кеме әкімшілігінің жүкті тиеу, орналастыру, бекіту, бөлу және түсіру бөлігіндегі нұсқауы жүк жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен тұлғалар үшін міндетті.
23. Жүк кемеде кеме капитанының қалауы бойынша орналастырылады, бірақ жүк жөнелтушінің жазбаша келісімінсіз кеме палубасына орналастырылмайды. Жөнелтушінің жүкті кеме палубасында тасымалдау туралы белгісі бар коносаментті қабылдауы жүкті палубада тасымалдауға жүк жөнелтушінің келіскенін растау болып табылады.
24. Тасымалдаушы жүкті шартта белгіленген мерзімде жеткізеді.
25. Жүкті алушы өзінің мекенжайына келген жүкті теңіз портына қабылдайды және одан әкетеді. Жүк алушыға жүкті беру коносаментінің түпнұсқасын ұсыну бойынша жүргізіледі.
26. Егер коносаментте алушының мекенжайы және жүктің келгені туралы хабарламаны жіберу тәсілі көрсетілген болса, тасымалдаушы оны жүк келген күні жібереді.
27. Жүктің келгені туралы хабарлама белгіленген мерзімде тасымалдаушының кінәсынан жіберілмеген жағдайда, тасымалдаушы өзі кешіктірген күндер ішінде жүкті сақтағаны үшін төлемді өндіріп алу құқығынан айырылады. Егер қандай да себептермен тасымалдаушы жүкті алушыны хабардар ету туралы тапсырманы орындай алмаса, онда ол бұл туралы жөнелту порты арқылы жүк жөнелтушіге хабарланады.
28. Жүк алушыға жүк соңғысы тасымалдаушыға тиесілі барлық төлемдерді төлегеннен кейін беріледі. Жүк алушы тасымалдаушыға тиесілі барлық төлемді төлемеген кезде жүкті ұстап қалған тасымалдаушының талабы жүктің сатылған кездегі құны есебінен қанағаттандырылады.
29. Жүк жөнелтушінің талабы бойынша тасымалдаушы межелі пунктке жеткізілген жүктің салмағын және ыдыстың жай-күйін тексереді.
30. Межелі портта (пункте) жүктің салмағын анықтау жөнелту пунктінде салмақ анықталған тәсілмен жүргізіледі. Егер жөнелту портында анықталған салмақ пен жеткізу портындағы (пунктіндегі) салмақ айырмасы осы үлгідегі салмақтар үшін айырмашылықтың рұқсат етілген нормасынан аспаса, жүк салмағы дұрыс деп саналады.
31. Межелі портта (пункте) вагондар немесе автомобиль таразылары болмаған кезде ақтарылмалы және құйылмалы жүктер жүкті тексерусіз беріледі. Жүк ыдыс ақаусыз кезде жүк алушыға салмағы тексерілмей орын саны бойынша беріледі.
32. Қабылдауы мен тапсырылуы рейдтік жағдайда жүргізілетін жүктер орын есептеумен немесе жүк жөнелтуші жариялаған салмақ бойынша, ал құйылмалы жүктер кемені өлшеу бойынша тасымалдауға қабылданады және жүк алушыға тапсырылады. Рейдтік жағдайда беру кезінде бүлінген ыдыстағы немесе ішіндегісінің жетіспеу немесе бүліну белгілерімен жүк орындарын ашу кеме бортында жүргізіледі.
33. Егер жүкті межелі портта (пункте) тексеру кезінде жүктің жоғалуы, бүлінуі немесе салмағындағы айырмашылық анықталған болса, тасымалдаушы үәкілетті орган бекіткен нысанда коммерциялық акт жасайды.
34. Контейнерлердегі жүк тасымалдауға жүк жөнелтушінің бергендегі салмағымен және пломбасымен қабылданады. Ақаусыз контейнерлерде ақаусыз пломбаларымен келген жүктер жүк алушыға салмағын және контейнердің ішіндегісіне тексеру жүргізбей беріледі.
35. Ақаулы контейнерлерде, сондай-ақ пломбасыз немесе ақаулы пломбамен келген жүктер жүк алушыларға жүкпен контейнерде ілесіп жүретін құжаттағы деректермен жүктің салмағы, саны және жай-күйінің сәйкестігін тексеру арқылы беріледі.
36. Пакеттегі жүктерді тасымалдау кезінде жүктерді тасымалдаушы жүк жөнелтушілерден пакеттер саны бойынша әрбір пакеттегі жүк бірлігі орамының санын және жай-күйін тексермей қабылдайды және алушыға осындай ретпен береді.
37. Бір коносамент бойынша:
1) тез бүлінетін жүктерді осылайша бүлінбейтін жүктермен бірге;
2) тасымалдауы ерекше жағдайларды талап ететін жүктерді;
3) өзінің физика-химиялық қасиеттеріне қарай бірге орналастыруға болмайтын жүктерді;
4) тасымалдауы кедендік, әкімшілік және басқа да рәсімдермен сүйемелденетін жүктерді және тасымалдауы осы рәсімдерді талап етпейтін жүктерді;
5) әртүрлі сақтау мерзімдері бар жүктерді жөнелтуге рұқсат етілмейді.
38. Бір жүк жөнелтушінің бір алушыға және бір кемеде жекелеген коносаментпен біртекті орамдағы атауы бір жүктердің ұсақ лектерін жөнелтуге рұқсат етілмейді. Жүктің мұндай лектері біріктірілуі және бір коносамент бойынша жөнелтілуі тиіс.
39. Кеменің жалпы авариясынан шыққан шығындар мен шығыстар кеме иесі мен жүк жөнелтушінің арасында кеменің, жүктің және бір күнгі кірепұлдың құнына тең және жалпы авария болған жерде бөлінеді.
40. Жүк туралы ұсынылатын ақпарат:
1) жүк жөнелтуші кеме капитанын немесе оның өкілін, жүктің тиісті орналастырылуы мен тасымалдау қауіпсіздігі үшін қажетті сақтық шараларын қамтамасыз ету мүмкіндігін беру үшін тиеуге дейін 3 тәулікке дейін жүк туралы тиісті ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Осындай ақпарат жүкті кемеге тиеуді бастамай, жазба түрінде және тиісті жүкті тиеу қүжаттарымен расталуы тиіс;
2) жүк туралы ақпарат:
бас жүкті және жүк орындары түрінде тасымалданатын жүк жағдайында, жүктің жалпы сипаты, жүктің немесе жүк орындарының брутто салмағы және жүктің әрбір тиісті ерекше қасиеті. Осы қағиданың мақсаты үшін Халықаралық Теңіз Ұйымының жүкті орналастыру мен бекітудің қауіпсіз тәжірибесі бойынша талаптарына сәйкес ақпарат ұсынылу тиіс;
тиілетін жүк жағдайында - жүктің меншікті тиеу көлемі, штивка бойынша операциялар, қолдануы мүмкін болса, сусымалы жүктердің табиғи құламасының бұрышын қоса алғанда, орын алмастыруға бейімдігі және жүктің әрбір басқа тиісті ерекше қасиеті жөнінде ақпарат. Концентраттар мен сұйылуы мүмкін басқа жүктер жағдайында, тасымалдау үшін жүктің дымқылдығы мен дымқылдық шектері жөніндегі куәліктер түрінде қосымша апарат;
химиялық қасиеттері бар зиян келтіруі мүмкін тиілетін жүктер жағдайында, алдағы тармақшаларда талап етілетін ақпаратқа қосымша ретінде оның химиялық қасиеттері туралы ақпарат қосылу тиіс;
3) кемеге жүк орындарын тиер алдында, жүк жөнелтуші осындай жүк орындарының брутто салмағының тиеу құжаттарда көрсетілген брутто салмағына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының
теңіз көлігімен жүк
тасымалдау қағидасына
1-қосымша
№ КОНОСАМЕНТ
Жөнелтуші
Жүкалушы
Мекенжайы
|
|
Кеме иесі
Кеме
Межелі порты (пункті)
|
Туы
Жүк тиеу порты
Коносамент кірепұлын төлеу
|
Жүк қабылдау күні
|
Коносамент түпнұсқаларының саны
Коносамент берілген жер
Жүктің сыртқы жай-күйі
Тасымалдаушының немесе оның атынан әрекет ететін тұлғаның қолы
Маркалары
Брутто
|
Жүктің атауы,
Нетто салмағы мен нөмірлері орам
|
Орындар саны
|
Салмағы
|
Кірепұл және басқа да шығыстар
|
Қай жерде және қашан
Кеме капитаны берілді
|
Қазақстан Республикасының
теңіз көлігімен жүк
тасымалдау қағидасына
2-қосымша
Чартер нысаны
__________________ чартер
__________________ __________________
(жасалған жері) (қол қойылған күні)
Кемеиесі______________________________
Кеме жалдаушы __________________________
Чартердің тармақтары
|
Тармақтардың мазмұндамасы
|
Кеменің атауы
|
|
Кеменің сипаты және жай-күйі
|
|
Жалдау мерзімінің шегі
|
|
Тұратын күндері
|
|
Кеме иесінің міндеттері
|
|
Кеме жалдаушының міндеттері
|
|
Жалдау ставкалары
|
|
Кіре құнының мөлшері
|
|
Кеме жалдаушыға ұсынылатын үй-жай
|
|
Коносаменттер
|
|
Отын
|
|
Стивидорлар, лоцмандар
|
|
Тіркеп сүйрегіштер
|
|
Жүктің тұрпаты мен түрлері
|
|
Жүк тиеу порты
|
|
Межелі немесе кеме баратын порт (пункт)
|
|
* Кеме иесі мен Кеме жалдаушының қалауы бойынша чартер тармақтарының тізіміне жағдайға байланысты басқа тармақтар кіргізілуі мүмкін
____________________________________
Кеме жалдаушының атынан
|
_______________________________________
Кеме иесінің атынан
|
Қазақстан Республикасының
теңіз көлігімен жүк
тасымалдау қағидасына
3-қосымша
№ теңіз жүкқұжаты
Жөнелтуші
Жүк алушы
Мекенжайы
Кеме иесі
Кеме
Межелі порты (пункті)
Маркалары мен нөмірлері
|
|
Жүк тиеу порты
|
|
|
|
Жүктің атауы, орам
|
Орындар саны
|
Брутто салмағы
|
Нетто салмағы
|
Қай жерде және қашан
Кеме капитаны берілді
|
Достарыңызбен бөлісу: |