Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы «___»_______
№____
бұйрығымен бекітілді
|
Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 398-бабы 7-тармағының
3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалар мұнай төгілу қаупі бар объектілерге, мұнайдың төгілуін жою жөнінде ресурстары бар ұйымдарға, Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуінің салдарын жоюға қатысатын уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға қолданылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:
1) мұнай дағын бақылап жағу – бұл жүзбелі мұнай дағын жағу үшін пайдаланылатын мұнайдың авариялық төгілуін жою (бұдан әрі – МАТЖ) әдістерінің бірі, оны механикалық құралдар мен химиялық жинауыштар көмегімен тоқтатуға болады;
2) хердерлер – мұнайдың төгілуін жою әдістерінің көмегімен судың бетін кейіннен тазарту үшін мұнай дағын қатайтуға және қалыңдатуға қабілетті беттік-белсенді заттар;
3) объектілік жоспарлар – кемелерді меншік иелерін қоспағанда, ұлттық және тиісті облыстардың аумақтық жоспарлары, сондай-ақ мұнайдың төгілу қаупін бағалау негізінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерімен келісілетін, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері әзірлеген теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар;
4) сақтық аймағы – теңіздің жағалау сызығынан құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан, теңізге және ішкі су қоймалары мұнайдың төгілуі салдарынан ластануы немесе теңіздің ластану көзі болуы мүмкін құрлық аймағы;
5) мұнай төгілу қаупі бар объектілерге – теңіз объектілері, теңіз порттары және кемелер жатады;
6) теңіз объектілері – жасанды аралдар, бөгеттер, құрылысжайлар, қондырғылар, құбыржолдар және теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын өзге де объектілер;
7) жиынтық экологиялық пайданы талдау (бұдан әрі –ЖЭПТ) – МАТЖ ең оңтайлы әдістерін таңдау процесі, олардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау;
8) ЖЭПТ негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін алдын ала айқындау – жиынтық экологиялық пайдаға толыққанды талдау жүргізуге, мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін таңдауға және оларды қолдануға келісуге мүмкіндік беретін, мұнайдың төгілуіне әзірлікті қамтамасыз ету жөніндегі шара ретінде Объектілік жоспарды әзірлегенге дейін жүзеге асыруы;
9) ЖЭПТ негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындаудың жедел тәртібі – мұнайдың авариялық төгілуі туындаған және жойылған кезде жедел жұмыс кезеңінде барынша қысқа мерзімде және талап етілетін барынша аз деректерімен жүзеге асырылатын жиынтық экологиялық пайданы талдау, мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін таңдау және оларды қолдануды келісу тәртібі;
10) жедел штаб – мұнайдың төгілуін жою жөніндегі уақытша құрылған штаттан тыс бақылау органы, егер қосымша күштер мен құралдарды тарту және қызметтер мен құрылымдарды үйлестіру қажет болған, мұнай төгілуін жою жөніндегі іс-әрекеттерді келісу қажет болған жағдайда құрылады;
11) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйым – шарт негізінде қызмет көрсететін құрлықтағы және теңіздегі көмірсутек кен орындарындағы төгілулердің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тиісті рұқсаты бар ұйым, дайындалған персонал мен техникалық жарамды ресурстар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мұнайдың төгілуі деп мұнай өнімдерінің төгілуі де түсініледі
5. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгіліуін жою үшін мынадай әдістер қолданылады:
1) қадағалау және бағалау;
2) су бетінен мұнайды механикалық тежеу және жинау (сезімтал ресурстардан мұнай дағының ауытқуын қоса алғанда);
3) мұнай дағын бақылап жағу;
4) химиялық құралдарды қолдану;
5) сақтық аймағын қорғау және тазарту.
6. Мұнайдың төгілуіне дайындықты қамтамасыз ету кезінде ресурстардың саны мұнайдың төгілуінің ықтимал тәуекелінің көлеміне сәйкес келуі тиіс, бірақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген теңізде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ең төменгі нормативтерде белгіленген талаптардан және ресурстарға қойылатын талаптардан кем болмауы қажет (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16951 болып тіркелген). Мұнайдың төгілу деңгейі бойынша мұнайдың ықтимал төгілу көлемдері ҚР СТ ИСО 17776:2004 «Мұнай және газ өнеркәсібі. Теңіз кен орындарынан өндіруге арналған қондырғылар. Тәуекелді бағалаудың қауіптілігін анықтау үшін құралдар мен әдістерді таңдау бойынша нұсқаулық» сәйкес тәуекелдерді бағалау негізінде айқындалады.
7. ЖЭПТ әзірлеу және МАТЖ әдістерін қолдану кезінде Халықаралық теңіз ұйымы, Мұнай-газ өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі халықаралық қауымдастығы , Теңізде мұнайдың, химиялық өнімдердің және өзге де зиян заттардың төгілуін жою жөніндегі танкерлік флот иелерінің федерациясы, Материалдар және оларды сынау бойынша америкалық қоғам, Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым әзірлеген халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды пайдалану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |