Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы



бет1/8
Дата14.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#135779
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8965 тіркелді
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен бекiтiлген Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнiң 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуден өтуiн және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Министр                                        М. Құл-Мұхаммед
      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      ______________ Т. Дүйсенова
      2013 жылғы 15 қараша
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат  
министрінің      
2013 жылғы 30 қазандағы 
№ 258 бұйрығымен    
бекітілді       
Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын тарату
ұйымдарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
1. Жалпы ережелер 1-параграф. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары
      1. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау осы талаптары (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 21 тамызындағы № 721 Қаулысымен бекітілген «Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесінің» 7-тармағына сәйкес жасалды және меншік нысанынан тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын тарату ұйымдарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптарды орнатады.
      2. Осы Талаптар инженерлік-техникалық, әкімшілік қызметкерлері және телерадио хабарларын тарату (бұдан әрі - ұйымдар) ұйымдарының қызметкерлері орындауы міндетті.
      3. Осы Талаптарда келесі ұғымдар қолданылады:
      1) еңбек қауіпсіздігі – еңбек процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің жай-күйі;
      2) блоктау – электротехникалық өнімнің бір бөлігі (құрал), белгілі бір жай-күйде немесе ондағы жол берілмеген жай-күйдің басталуын ескерту мақсатында өнімнің басқа да бөліктерінің қалпында, оның бөліктеріне рұқсат етілмегенде өнім бөліктерінің операцияларын болдырмауға немесе орындалуын шектеуге арналған;
      3) жерге тұйықталғыш – жермен не оның баламасымен жанасқан жалғанған металл өткізгіш немесе олардың жиынтығы;
      4) жерге тұйықталғыш өткізгіш – жерге қосылған бөліктермен жерге тұйықталғышты біріктіруші өткізгіш;
      5) жерге тұйықталу құрылғысы – конструктивті-біріктірілген жерге тұйықталғыш пен жерге тұйықталғыш өткізгіштер жиынтығы;
      6) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де iс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе;
      7) электрорнату – электр энергиясын өндіру, өзгерту, трансформациялау, тапсыру, үлестіру үшін және оны энергияның басқа түріне өзгерту үшін қолданылатын көліктер, аппараттар, сызықтар мен қосымша құрылғылар жиынтығы (орнатылған ғимараттар және жайлармен бірге);
      8) наряд – арнайы нысандағы бланкте жасалған және жұмыс барысын, жұмыс орнын, жұмыстың басталған, аяқталған уақытын, оның қауіпсіз өту шартын, адамдар мен бригада құрамын анықтайтын электрорнату қондырғыларымен жұмыс жасауға арналған жазбаша жұмыс;
      9) ағымдағы пайдалану – жедел қызметкерлердің (жедел жөндеу) бір кезекшілік ағымында бекітілген аумақта жұмыс жүргізуі;
      10) негізгі электрқорғаныс құралдар – оқшаулауы жабдықтың жұмыс кернеуіне төзімді болатын электрқорғаныс құралдар, және олардың көмегімен кернеудегі токөткізгіш бөліктерге қолды тигізуге болады.
      Қосымша электрқорғаныс құралдар – электр тогымен жараланудан қосымша қорғаныс ретінде қызмет ететін электрқорғаныс құралдар, кернеудегі токөткізгіш бөліктерге қолды тигізуге болмайды.
      11) өкім – өкім алушының өкім берушіден тікелей немесе байланыс құралдары арқылы ауызша түрде өкім беруші немесе өкім алушымен жедел журналда толтырылған электрорнатуда жұмыс жүргізуге берілген тапсырма. Өкімде мыналар көрсетілуі керек: өкімнің кімнен жарияланғаны, орны, мазмұны және жұмыстың орындалған уақыты, қауіпсіздік шараларына сәйкес жұмыс санаты, жұмыс қауіпсіздігін қамсыздандыратын ұйымдық және техникалық іс-шаралар тізімі, жұмыс жүргізушінің, бригада мүшелерінің және олардың электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобының тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері. Жедел журналда өкімнің берілу, жұмыстың басталу мен аяқталу уақыты белгіленеді.
      4. Егер жабдық толығымен немесе ішінара кернеу астында болса, не болмаса жабдыққа кез келген уақытта коммутациялық аппараттың қосылуымен немесе электрмагниттік индукция есебінде кернеу берілсе, жабдық іске жарамды болып есептелінеді.
2-параграф. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша
жұмысты ұйымдастыру
      5. Ұйымдағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жалпы нұсқаулар ұйым басшысына (жұмыс берушіге), басшы жоқ кезде оның орынбасарларына міндеттеледі.
      6. Саны елу қызметкерлерден асатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау мақсатында жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметін құрады.
      Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі өз мәртебесіне қарай негізгі өндіріс қызметтеріне теңестіріледі және ұйым қызметінің тоқталуы кезінде ғана жойылады. Қызметкерлер саны елуден асқан ұйымдарда еңбекті қорғау бойынша кабинетке арналған жай бөлінеді.
      Қызметтің құрылысы мен санын жұмыс беруші ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 28 қазанда № 1219 қаулысымен бекітілген Үлгі ереже негізінде анықтайды.
      Егер қызметкерлер саны елу қызметкерден артық болмаса, еңбек қызметі мен еңбекті қорғау бойынша маманның қызметі туралы шешімді аталған ұйым қызметінің ерекшелігі есебімен жұмыс беруші қабылдайды немесе еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша міндеттер қосымша басқа маманға жүктеледі.
      7. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, нұсқау беру, білімін тексеру жұмыс берушінің өз қаражатына өткізіледі.
      8. Техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаманы өткізу (бұдан әрі - нұсқама) сипаты мен уақытына қарай мыналарға бөлінеді:
      1) кіріспе;
      2) жұмыс орнындағы бастапқы;
      3) қайталанған;
      4) жоспардан тыс;
      5) мақсатты.
      9. Жұмыс орнындағы, қайталанған, жоспардан тыс және мақсатты бастапқы нұсқаманы жұмыстың тікелей жетекшісі өткізеді.
      Жұмыс орнындағы, қайталанған, жоспардан тыс бастапқы нұсқаманы, сынақ мерзімінен өткізу мен жұмысқа рұқсат беруді нұсқаманы өткізген жұмыс жетекшісі жұмыс орнында нұсқама журналында жазады.
      10. Кіріспе нұсқаманы білімі мен мамандығы, еңбек өтілімі мен қызметіне қарамастан барлық жұмысқа алынғандармен, сонымен қатар уақытша қызметкерлермен, іссапарға жіберілгендермен, өндіріс тәжірибесіне немесе оқуға келген оқушы, студенттермен жүргізіледі.
      Кіріспе нұсқама қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі маманмен немесе осы міндеттер жүктелген басқа қызметкермен өткізіледі.
      Кіріспе нұсқама еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің (бұдан әрі ЕҚСЖ) талаптары есебінде ұйым басшыларымен бекітілген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі құрастырған бағдарлама бойынша өткізіледі, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында әрекет етуші нормативті құқықтық актілермен сәйкестікте өткізіледі.
      11. Кіріспе нұсқама бағдарламасы келесі сұрақтардан тұрады:
      1) ұйым туралы жалпы мәлімет және оның қызметі;
      2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негізгі ережелері;
      3) ұйымдағы ішкі еңбек тәртібінің ережесі;
      4) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру;
      5) ұйым шекарасында, өндірістік және қосымша бөлмелерде қызметкерлер тәртібінің жалпы ережелері, өндірістік және қосымша бөлмелердің, негізгі қызметтердің орналастыруы;
      6) қызмет түріне сәйкес қауіпті және зиянды өндірістік негізгі факторлар, жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды ескерту тәсілі мен құралдары, ұжымдық қорғану құралдары, қауіпсіздік белгілері, дабыл қағу, электр қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;
      7) жеке тазалық пен өндірістік тазалықтың негізгі талаптары;
      8) жекеше қорғану құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ), ЖҚҚ берілуінің реті мен ережелері, оларды қолдану мерзімі;
      9) қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан туындайтын өрт, апат, жазатайым оқиғалардың жағдайы мен себебінің жеке сипаттамасы;
      10) кәсіби ауруларды, жазатайым оқиғаларды рәсімдеу мен зерттеу тәртібі;
      11) өндірістік және өрт қауіпсіздігі, жарылыс, апат, өрт сөндіру құралдары мен тәсілдері, олардың туындауы кезіндегі қызметкерлер әрекеті;
      12) цехта, аумақта жазатайым оқиғалар туындаған жағдайда қызметкерлердің әрекеті, жәбірленушілерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету шаралары;
      Кіріспе нұсқаманы өткізу нұсқама беруші және нұсқама алушының қолтаңбаларымен тіркеу журналында, сондай-ақ жұмысқа қабылдау туралы құжатта жазбамен белгіленеді.
      12. Кіріспе нұсқама жұмыс орнында барлық қызметкерлермен жүргізіледі:
      Ұйымға қайта алынғандармен, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырылғандармен, іссапарға жіберілгендермен, өндіріс тәжірибесіне немесе оқуға келген оқушы, студенттермен, жаңа жұмысты орындаушы қызметкерлермен, сонымен қатар ұйым шекарасында құрылыс жұмыстарын жүргізушілермен;
      13. Жұмыс орнындағы бастапқы нұсқама бағдарламасы мынадай сұрақтардан тұрады:
      1) жұмыс орнындағы, өндіріс аумағындағы, цехтағы технологиялық үдеріс пен жабдықтар туралы жалпы мәлімет, шу деңгейі мен рұқсат етілген шектеулі концентрация (бұдан әрі - РШК), қауіпті және зиянды өндірістік негізгі факторлар;
      2) жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру мен ұстау, көліктің, механизмнің, құралдың қауіпті аймағы, қауіпсіздік шараларының құралдары (сақтандырғыш, тежегіш құралдар, қоршаулар, блоктау мен дабыл қағу, қауіпсіздік белгілері), электр жарақаттанушылықты ескерту талаптары;
      3) электр орнатуды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының ережелері (бұдан әрі - ҚТЕ) мен техникалық пайдалану ережелерінің (бұдан әрі - ТПЕ) талаптарына сәйкес жұмысқа дайындалу реті (құралдың, іске қосылатын аппараттың, құрал мен тетіктің, жерге тұйықталғыштың блокталуы және басқа да қоғану құралдары);
      4) жұмыстың қауіпсіз әдіс-тәсілдері, қауіпті жағдай туындаған кездегі әрекеттер;
      5) жұмыс орнындағы ЖҚҚ мен оны пайдалану ережелері;
      6) аймақ, цех шекарасында қызметкерлердің қауіпсіз жүріп-тұру кестесі;
      7) цех ішіндегі механизмдер мен жүк көтергіш, көлік құралдары, жүк тасымалы мен тиеу-түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік талаптары;
      8) апаттар, жарылыстар, өндіріс жарақаттары жағдайы, кәсіби аурулар мен уланудың өзіне тән себептері;
      9) апаттарды, өртті ескерту шаралары, апаттар, жарылыстар, өрт кезіндегі әрекеттер, аймақтағы өрт сөндіру, апатқа қарсы қорғану мен дабыл қағу құралдарын қолдану тәсілдері, олардың орналасу орындары.
      14. Жұмыс орнындағы бастапқы нұсқама қауіпсіз еңбек әдіс-тәсілдерін көрнекі көрсету арқылы әрбір қызметкермен бөлек өткізіледі.
      Жұмыстың қауіпсіз әдіс-тәсілін игеруге машықтану мақсатында барлық қызметкерлер жұмыс орнында бастапқы нұсқаманы өткеннен кейін алғашқы екі-үш ауысым ішінде тәжірибелі қызметкерлер болып бекітіледі (жұмыстың сипатына, қызметкердің біліктіліне байланысты), содан кейін аймақ жетекшісі қайта келген қызметкердің жұмыс қауіпсіздігі әдіс-тәсілін игергеніне көзі жеткеннен кейін, оның өзіндік жұмысына рұқсат береді.
      15. Қайталанған нұсқаманы біліктілігіне, біліміне, еңбек өтіліміне, жасалатын жұмыс сипатына (кәсіпорын бұйрығы бойынша нұсқаманың бұл түрінен босатылған қызметкерлерден тыс) қарамастан барлық қызметкерлер өтеді, жарты жылда бір реттен сирек емес.
      Қайталанған нұсқама жекеше немесе бір үлгідегі жабдықта қызмет ететін қызметкерлер тобымен жұмыс орнындағы бастапқы нұсқама бағдарламасы бойынша толық көлемдегі жалпы жұмыс орны шеңберінде өткізіледі.
      16. Жоспардан тыс нұсқаманы мына жағдайларда өткізеді:
      1) қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың нұсқауы, ережесі, әрекет етуші стандарттарына өзгеріс енгізуде немесе жаңа әрекеттерді кірістіруде;
      2) технологиялық үдерістің өзгеруінде, еңбек қауіпсіздігене әсер етуші жабдықты, тетік пен құралды, алғашқы шикізатты, материалдар мен басқа факторларды жаңартуда немесе ауыстыруда;
      3) қызметкерлердің жарақат алуға, кәсіби ауруға, улануға, апатқа, жарылысқа немесе өртке алып келетін немесе алып келген еңбек қауіпсіздігін бұзған кезде;
      4) қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік қадағалау ұйымының талаптары бойынша;
      17. Жоспардан тыс нұсқаманың көлемі мен мазмұны өткізу қажеттігіне орай жағдай мен себепке байланысты әрбір нақты жағдайда анықталады.
      18. Мақсатты нұсқаманы мына жағдайларда өткізеді:
      1) мамандығы бойынша тікелей міндеттермен байланысты емес бір реттік жұмыстарды орындауда (тиеу-түсіру, шекараны тазалау, цех пен ұйымнан тыс бір реттік жұмыстар);
      2) табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың салдарын жоюда;
      3) наряд-жүктелу дайындалатын жұмыс өндірісі;
      4) өндіріс нысанында экскурсия жүргізуде, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруда;
      Қызметткерлермен бірге мақсатты нұсқама наряд-жүктелуде жұмыс өндірісінің жоғары қауіпті жағдайларында белгіленеді.
      Наряд-жүктелім дайындалатын жоғары қауіпті жағдайлардағы жұмыс түрлері кәсіпорын бұйрығы бойынша анықталады.
      19. Зиянды, қауіпті және жағымсыз өндіріс факторлар ықпалына ұшырайтын ұйым қызметкерлері белгіленген тәртіпте жұмысқа алынарда алдын ала және кезеңімен медициналық тексеруден өтеді.
      Ұйымдағы зиянды, қауіпті және жағымсыз өндіріс факторлары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі талаптарына сәйкес еңбек шарттары бойынша өндіріс нысандарын аттестациядан өткізу нәтижесінде анықталады.
      20. Ұйымдарда өндірістің жергілікті шарттары мен ерекшеліктерін есепке ала отыра, ұйым басшыларымен бекітілген нақты жұмыс түрлеріне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың нұсқауы жасалады.
3-параграф. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша
басшының (жұмыс берушінің) міндеті
      27. Басшы (жұмыс беруші) қамтамасыз етеді:
      1) өндірістік ғимараттар, үймереттер, құралдар, технологиялық үдерістерді қауіпсіз пайдалануға;
      2) жекеше және ұжымдық қорғану құралдарын тиімді пайдалануға;
      3) Еңбек Кодекске сәйкес қызметкерлердің еңбек тәртібі мен демалысын сақтауға;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 Қаулысымен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларына және осы Ережелерге сәйкес Қызметкерлерді қажетті мөлшерде санитарлық-тұрмыстық бөлмелермен, жабдықтармен қамтамасыз ету, жұмыс бақылауы мен оларды қолдану;
      5) Еңбек Кодексі, осы Талаптар мен басқа да нормативті құқықтық актілер талаптарына сәйкес жұмыс орнындағы еңбек шарты;
      6) өрт қауіпсіздігінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеу мен орындау;
      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 2012 жылдың 25 қаңтарындағы № 166 Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларына сәйкес ұйым қызметкерлерінің алдын ала және кезеңмен медициналық тексерістен өтуін;
      8) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 Үкіметінің қаулысымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестациялау қағидаларына сәйкес еңбек шарты бойынша өндірістік нысандарының міндетті аттестациясын өткізу;
      9) өндіріс нысандарындағы апаттарды ескеруге бағытталған іс-шараларды өткізу;
      10) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқауларды әзірлеу және бекіту, сонымен қатар онымен барлық қызметкерлердің танысуын қамтамасыз ету;
      11) қызметкерлерді оқыту, заманауи нұсқауларды өткізу, олардың өрт сөндіру және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулары мен ережелері туралы білімдерін тексеру;
      12) ұйым есебінен қызметкерлерге арнайы жұмыс киімін, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру;
      13) қызметкерлерді жұмыс орнындағы еңбек шарты және еңбекті қорғау жағдайы, денсаулықтың зақым келу қаупі мен қызметкерлерге тиесілі жеке қорғаныс құралдары, өтемақы, жеңілдіктер туралы ақпараттау;
      14) ұйым қызметкерлерімен болған өндірістегі жазатайым жағдайларға уақытында тергеу жүргізу. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 37 тарауына сәйкес қызметкерлермен болған өндірістегі жазатайым жағдайларға тергеу жүргізіліп, тіркеуге алыну қажет;
      15) тексеріс жүргізу үшін мемлекеттік бақылау және қадағалау ұйымының өкілдеріне кедергісіз рұқсат ету, егер олардың ұйымдары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалауы туралы»  Заңының талаптарына сәйкес келсе;
      16) апатты жағдайлар туындағанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуде тиісті шаралар қолдану, оның ішінде жәбірленушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
      17) міндетті әлеуметтік сақтандыру немесе қызметкерлердің еңбектік қызмет міндетін орындағанда өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
      18) ұйымда болған жазатайым жағдайлар мен ұйымдағы еңбек шарты туралы ақпараттар берілгенде бақылау ұйымдарының жарлығын орындау.
4-параграф. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
мамандарының міндеті
      28. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мамандарының міндеттері:
      1) ұйымда қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқару жүйесін әзірлеу және жұмыс істеу;
      2) қауіпсіздік және еңбекті қорғау жұмыстарының бірегей тәртібі мен методикалық басқаруды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, осы Талаптарды қадағалауға бақылауды жүзеге асыру;
      4) инженерлік-техникалық және басқа қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі мен өндіріс қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін оқытуды жүзеге асыру;
      5) механизмдер, электр орнатулар, құралдар мен жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының қадағалауын бақылау;
      6) жеке аймақтар, көліктер, механизмдер және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін станоктарда жұмыс жүргізуге тыйым салу;
      7) міндетті құрамдық бөлімшелер басшыларына, басшыға (жұмыс берушіге) қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында анықталған бұзылуды жою туралы бұйрықтарды орындау үшін беру;
      8) қауіпсіздік нормалары мен осы Талаптардың өндіріс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерді жұмыстан босату;
      9) жазатайым жағдайларды, кәсіби ауруларды, кәсіби улануды тергеуге қатысу, оларды ескерту бойынша іс-шаралар әзірлеу және олардың орындалуын қадағалау;
      10) техника қауіпсіздігі мен еңбек шартын жақсарту кешенді жоспарларын әзірлеу, олардың орындалуын қадағалау;
      11) нормативті құжаттар жобасын жасауға, ұйымда жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулар мен ережелер әзірлеуге қатысу, олардың өзгерту мен толықтыру бойынша ұсыныстарын даярлау;
      12) ұйымдардың еңбек шартын жақсартатын механизмдермен және құралдармен, сонымен қатар жекеше, ұжымдық қорғаныс құралдарымен жабдықталуын бақылауды жүзеге асыру;
      13) қауіпсіздік және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша қызметкерлердің құзырына кіретін ұсыныстары мен өтініштерін қарастыру.
5-параграф. Ұйым қызметкерлерінің міндеттері
      29. Ұйым қызметкерлері:
      1) осы Талаптарды, өрт қауіпсіздігін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамасын сақтау керек;
      2) тағайындау бойынша ұжымдық және жекеше қорғаныс құралдарын пайдаланады;
      3) өзі куәгер болған әрбір жазатайым жағдай, кәсіби улану, өндірістегі жағдай, сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар мен кәсіби аурулар белгілері туралы өзінің тікелей басшысына жылдам хабарлайды;
      4) жәбірленушіге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді және оны медициналық мекемеге (медициналық пункт) жеткізуге көмектеседі;
      5) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес міндетті медициналық куәләндірудан өтеді.
2. Жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі талаптары
      21. Жұмыс алдында мыналар қажетті:
      1) жеке қорғаныс құралдарын, арнайы жұмыс киімін ретке келтіру;
      2) тетік пен құралдың қолда бары және дұрыстығын тексеру;
      3) жерге тұйықталғыш, экран, қақпақ, қорғаныш қаптамасының құралдары мен механизмінің қолда бары және дұрыстығын тексеру;
      4) жергілікті жарық жұмысын, сорып алатын желдеткіш пен жергілікті ағып келу жұмыстарын тексеру;
      5) аппараттың қосылу және құралдар мен механизмдердің тоқталу әрекетін тексеру. Механизмдер мен құралдарды қосу алдында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатпағанындығын тексеру;
      6) іске қосылған механизмдер мен құралдар аймағына бөгде адамдарды жолатпау.
      22. Механизмдер мен құралдардың қандай болса да бұзылуы жағдайында тікелей басшыға жеткізу керек.
3. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары
      23. Жұмыс уақытында мыналарға рұқсат етілмейді:
      1) тікелей жетекшінің нұсқауынсыз және рұқсатынсыз міндеттер шеңберіне кірмейтін жұмысты жасауға;
      2) қоршау, қақпақ, қорғаныш қаптамасы, қорғаушы құрылғыларсыз бұзылған механизмдер мен құралдарда жұмыс жасауға;
      3) бұзылған тетіктерде, құралдарда жұмыс жасауға;
      4) жұмыс уақытында механизмдер мен құралдарды жөндеу, майлау, тазалау жұмыстарын жұргізуге;
      5) тиісті ережелер бойынша арнайы жұмыс киімі, арнайы аяқ киім мен жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс жасауға;
      6) іске қосылған құралдар мен механизмдерді қараусыз қалдыруға;
      7) механизмдер мен құралдардың қызмет көрсету аймағын, оларға өту жолдарын ыбырсытуға;
      8) сорып алу желдеткіші қосулы кезде немесе бұзылған кезде зиянды заттармен жұмыс жасауға;
      24. Барлық анықталған бұзулар туралы тікелей жетекшіге айту керек.
4. Апатты жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары.
      25. Аппатты жағдайларда қызметкердің міндеттері:
      1) қуат көзінен сымдар ажыраған жағдайда, жерге тұйықталғыштың жарамсыздығы мен құралдың басқа да бұзылуларында, ыс иісі шыққанда міндетті түрде қуат көзін ажыратып, тікелей басшыға апатты жағдай туралы айту керек;
      2) дәрігер келгенше жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсете білу керек;
      3) денсаулықтың нашарлауы жағдайында міндетті түрде жұмыс орнын босату қажет, тікелей басшыға хабарлап, дәрігерге қарану керек;
      4) құрал жанған кезде қуат көзін өшіріп, алғашқы өрт сөндіру құралдары көмегімен өртті сөндіру тәсілдерін қабылдау, өрт сөндірушілерді шақыру, оқиға туралы тікелей жетекшіге хабарлау.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет