Ќазаќстан республикасыныѕ


тақырып.Кәсіпорнын құру шарттары мен қағидалары



бет39/62
Дата20.10.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463062
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62
ОҚӘ Кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні бойынша

2.3.тақырып.Кәсіпорнын құру шарттары мен қағидалары

Кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ортада жұмысын жүргізеді. Сондықтан да қажетті құқықтық шарттарды құрудың маңызы зор. Осы тұрғыда кәсіпкерлік қызметті реттейтін және кәсіпкерліктің дамуы үшін ең қолайлы жағдайларды реттейтін заңдардың болуы: кәсіпорындарды ашу мен тіркеудің жеңілдетілген және жеделдетілген тәртібі, кәсіпкерді мемлекеттік бюрократизмнен қорғау; өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, Қазақстан кәсіпкерлерінің шет мемлекеттермен бірлескен қызметін дамыту бағытында салықтық заңнаманы жетілдіру.


Құқықтық нормалар – шаруашылық құқықтың даму дәрежесі, шаруашылық жүргізу нысандарының өзара қарым – қатынасын реттеу, кәсіпкерлікті заңнамалық түрде қорғау, мемлекеттік реттеу тұрғысынан кәсіпкерлерге әсер ету – кәсіпкерлік қызметтің алғышарттарын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның белсенділік дәрежесін анықтайды. Бұған шағын кәсіпкерлікті қолдау, статистикалық есеп беру, нысандары мен есепке алу әдістерін жетілдірудің аймақтық орталықтарын құру да кіреді. Сонымен қатар, ең алдымен, келісімдік міндеттемелерді ұстану мен меншікке деген құқықтарды, кәсіпкерлік қызметті құқықтық жағынан кепілдендіру, заңнамалық бастаманы дайындау, бірінші кезекте келісім – шарт міндеттемелерін орындау өте маңызды рөл атқарады.
Кәсіпкерлік құқықтық нормалардың тұрақтылығы шамалы және ішкі қайшылығы бар жағдайда, қандай да бір қоғамдық топтардың мүдделерін ұстануға бейім болады. Сондықтан заңды тұрғыдан бекітілген кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құқықтық түрлері оған деген сенімді арттырады және экономикалық қатынастардың нақты түрлерін қалыптастырады. Кәсіпорынның құқықтық негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Оны келесі суреттерден көруге болады (суреттер).



5- сурет Кәсіпорынның мәні

6-сурет – Кәсіпорынды құру тәртібі

7 -сурет – Кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың жіктелуі



8- суретКәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін құру немесе тоқтату себептері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет