Әмбебап этика – бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына тәуелсіз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер, нормалар және қағидалар.
Әртараптандыру – кәсіпорында өнім өндіру барысында негізгі өнім өндіруден басқа жаңа өнімдер өндіру, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ассортиментін кеңейту.
Б
Банкроттық – жеке немесе заңды тұлғаның (фирманың, банктің, кәсіпорынның) күйреуі, төлемқабілетсіздігін, өзінің міндеттемелері бойынша борыштарын төлеуден бас тартуын ресми түрде (соттың) мойындауы.
Банктік несиелеу – төлемділік, жеделділік және қайтарымдылық болған жағдайда кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыру әдісі.
Бәсеке – табиғи жағдайда немесе заңнама аясында объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестер арасындағы күресте жеңіске немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін субьекттің өзінің артықшылығын басқару үрдісі.
Бәсекеқабілеттілік – нарықтық қатынастар жағдайында өз қызметін жүзеге асыру және өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіру, қызметкерлерді ынталандыру және өнімді жоғары сапалы деңгейде ұстап қалу үшін жеткілікті пайда алу қабілеті.
Бизнес – өнімнің немесе қызметтің белгілі бір түрін құру мен өткізуге бағытталған, нарықтық экономика жағдайындағы субъекттің экономикалық қызметі.
Бизнес - жоспар – бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары, онда кәсіпорын, оның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтері көрсетіледі.
Биржа – қағаздармен, валютамен сауда жасалатын немесе тауарларды көтерме сату жүзеге асырылатын, ұйым түрінде рәсімделген, тұрақты қызмет етуші нарық, нарықтық экономиканың маңызды реттеушілерінің бірі.
Биржалық мәмілелер – биржада өткізілетін мәмілелер белгілі бір ережелер бойынша биржалық делдалдармен өткізіледі. Нақты құндылықтары бар мәмілелерді, форвардты (жедел) мәмілелерді, фьючерстік және опциондық мәмілелерді қамтиды.
Брендинг – тауардың бәсекелестер арасынан ерекшелейтін және оның образын қалыптастыратын бір типті рәсімдеу мен белгілі бір идеялармен біріктірілген маркетинг құралдарының: тауарлық белгісінің, қораптаудың, жарнамалық ұсыныстардың және т.б. көмегімен тұтынушыға әсер етуге негізделген тауарға ұзақ мерзімді басымдылық беру бойынша қызметтің түрі.
Брокер – сатушы мен сатып алушы арасында делдал қызметін атқаратын және мәміле бойынша келіссөздерді жүргізуге септігін тигізетін адам.
В
Достарыңызбен бөлісу: |