13-бап. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының өкілеттіктері
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптары мен ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2) өзіне бекітіліп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, сондай-ақ оны дамыту үшін тартылған өзге де тұлғалардың инфрақұрылымын пайдалануды, сүйемелдеуді, мониторингтеуді, дамытуды, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
3) бюджеттік ресурстарды және мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі ақпараттық жүйені пайдалануды, мониторингтеуді, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
4) ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогына сәйкес, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның базасында мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетеді;
5) өзіне бекітіліп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының тоқтаусыз және тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіліп берілген бөлігінде орналастырылған мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
7) Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету каталогын қалыптастырады және жүргізеді;
8) ақпаратық-коммуникациялық қызметтің және мемлекеттік электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің анықталған кемшіліктеріне жедел ден қоюды және оларды жою жөнінде шара қолдануды қамтамасыз етеді;
9) әлеуетті берушілердің сервистік бағдарламалық өнімдерді әзірлеуі және тестілеуі үшін «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды өтеусіз негізде береді;
10) мемлекеттік органдардың (Интернет желісіне қолжетімділікке ие жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілерін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына интеграциялауды және қосуды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынышты ұйымдарының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған басқа ақпараттандыру субъектілерінің электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін деректер беру жөнінде қызмет көрсетеді.
14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру саласында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) аттестаттау объектілеріне олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестациялық тексеру жүргізеді;
2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктірілетін мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мониторингін жүзеге асырады;
3) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялану мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мониторингін жүзеге асырады;
4) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану және ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қою мақсатында оларға мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;
5) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуінің және функционалдығының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне орталықтандырылған мониторингті жүзеге асырады;
6) Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай сүйемелдеу шлюзін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары электрондық поштасының бірыңғай шлюзін сүйемелдеуді жүзеге асырады;
7) мемлекеттiк ақпараттық жүйенің, мемлекеттік ақпараттық жүйелер интеграцияландырылған мемлекеттік емес ақпараттық жүйесінің, ақпараттандыру саласындағы аса маңызды объектілерге жатқызылған ақпараттық жүйенің, сервистік бағдарламалық өнімінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді;
8) сервистік бағдарламалық өнімге техникалық тапсырманы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асырады;
9) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құруға (дамытуға) бағытталған инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырмасының ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді;
10) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
11) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік атауларға қызмет көрсететін домендік атаулар серверлерінің істен шығуға төзімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
12) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының телекоммуникация желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын әзірлеуді сүйемелдейді;
13) ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпарат және бағдарламалық өнімдерді қорғаудың аппараттық-бағдарламалық құралдарын әзірлеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі ретінде мемлекеттік техникалық қызмет жасайтын және (немесе) іске асыратын жұмыстарға, қызмет көрсетуге бағаны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Мемлекеттік техникалық қызметтің лауазымды адамдары:
1) аттестаттау объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін аттестациялық тексеруді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары электрондық поштасының бірыңғай шлюзін және Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін сүйемелдеу жөніндегі міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған ақпараттандыру саласындағы қызмет түрлері бойынша жұмыстарды орындаудың мерзімдерін сақтамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады.
15-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының өкілеттіктері
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:
1) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тәулік бойы консультация беруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға көрсетілетін ақпараттық-коммуникациялық қызмет мәселелері бойынша тәулік бойы консультация беруді жүзеге асырады;
3) жеке және заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға «электрондық үкімет» мәселелері бойынша тәулік бойы консультация беруді жүзеге асырады;
4) ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетуді және мемлекеттік көрсетілетін қызметті пайдаланушыларда туындаған мәселелер бойынша түсініктер беру үшін операторға және өзге де құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сауал жібереді;
5) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер жөнінде операторға және құзыретті мемлекеттік орган мен өзге де ұйымдарға жүйелі негізде ақпарат жібереді;
6) көрсетілетін қызмет сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16-бап. Халықтың компьютерлік сауаттылығы және «электрондық оқыту»
1. Мемлекет орта, техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып, электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жасалуын қамтамасыз етеді.
2. Мамандардың компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келiсу арқылы тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бекітетін кәсіби стандарттарда белгіленеді.
3-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы құқықтары мен міндеттері
17-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйе, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым меншік иесінің құқықтары мен міндеттері
1. Электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншік иесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген барлық құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде:
1) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жалға, сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беру және оларға өзгеше билік ету;
2) өз құзыреті шегінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды өңдеу, қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын белгілеу;
3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшіру және тарату кезінде оларға билік ету шарттарын, ақпаратық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды иелену және пайдалану шарттарын айқындау құқықтарын жүзеге асырады.
2. Ақпараттық жүйенің меншік иесі ақпараттық жүйені жалпы мүліктік кешен ретінде иелену, пайдалану және оған билік құқықтарына ие.
3. Ақпараттық жүйенің меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, аталған ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарға тыйым салуға немесе олардың орны ауыстырылуын және таратылуын шектеуге құқылы.
4. Ақпараттық жүйенің меншік иесі аталған ақпараттық жүйеде пайдаланылатын техникалық құралдардың және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі болып табылмаған жағдайда ақпараттық жүйені пайдалану тәртібі меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады.
5. Ақпараттық жүйенің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншік иесі электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі (иеленушісі) алдында өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау және қорғау қауіпсіздігі үшін жауапты болады.
18-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйе, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
1. Электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның иеленушісі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген барлық құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде:
1) меншік иесі айқындаған шарттарда электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды иелену және пайдалану, сондай-ақ осы құқықтарды қорғау;
2) үшінші тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу және оларды пайдалану шарттарын айқындау;
3) ақпараттық жүйеде ақпаратты өңдеу шарттарын айқындау құқықтарын жүзеге асырады.
2. Электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның иеленушісі:
1) электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйе, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым меншік иесінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
3) электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қолжетімділікті осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес таратуға, беруге, шектеуге немесе оған тыйым салуға;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Ақпараттық жүйенің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншік иесі тиісінше электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі және (немесе) иеленушісі алдында өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі мен қорғалуы үшін жауапты болады.
19-бап. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
1. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген барлық құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған немесе меншік иесі не иеленуші айқындалған шарттарды электрондық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде ашық деректерді, ақпараттық жүйені алу, пайдалану, тарату, тапсыру, үшінші тұлғаларға беру;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, электрондық ақпараттық ресурстарда, ақпараттық жүйеде қамтылатын өзінің дербес деректерімен танысу құқықтарын жүзеге асырады.
2. Пайдаланушы:
1) электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйе меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені қорғау жөніндегі шараларды қолдануға;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
20-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету
1. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу мынадай тәсiлдердiң бiрiмен:
1) электрондық поштаны, бірдейлендіру нөмірін көрсетуді пайдалана отырып немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге ақпараттық жүйенің меншік иесіне және (немесе) иеленушісіне сұрау салу жолымен;
2) пайдаланушының жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге тiкелей жүгіну жолымен жүзеге асырылады.
2. Электрондық поштаны және бірдейлендіру нөмірін көрсету арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiлген сұрау салу, қағаз жеткізгіште және оны жiберген тұлғаның өз қолы қойылған сұрау салуға теңестiрiледi. Мұндай сұрау салу ақпараттық жүйенiң меншiк иесi немесе иеленушісі белгiлеген iс қағаздарын жүргiзу қағидаларына сәйкес тiркеуге жатады.
Өтінішті қарайтын субъектілер болып табылатын меншік иелері немесе иеленушілер Интернет желісі арқылы өтініштерді берген адамдарға олардың тіркелгені туралы «электрондық үкімет» веб-порталында пайдаланушының кабинеті арқылы автоматты режимде хабардар етуге және электрондық поштаға жауап жіберуге міндетті.
3. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар электрондық нысанда қызмет көрсету және (немесе) көрсетілетін қызметті алу субъектісінің сұрау салуы бойынша:
1) электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету негізінде - сұрау салуда көрсетілген адамға банк шоттың тиесілілігі және (немесе) жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепілі шартының бар екендігі туралы мәліметтерді;
2) жеке және заңды тұлғалар электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асырған кезде – төлем сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жіберуші және алушы туралы мәліметтерді береді.
4. Электрондық нысанда қызмет көрсету субъектілері өздерінің банк шоттары деректемелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді және өтініш жасаған жеке және заңды тұлғаларға олар жүргізген төлемдер туралы хабарлама негізінде электрондық нысанда ақылы қызмет көрсетеді.
5. Электрондық нысанда қызмет көрсету субъектілері:
1) оператордан алынған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алатын субъектілердің төлемдері туралы ақпаратты дәйекті ақпарат ретінде қабылдайды;
2) жеке және заңды тұлғалардың берешегі бар екені туралы ақпарат береді.
21-бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге сұрау салу
1. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге сұрау салуда мына мәліметтер:
1) сұрау салған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса);
2) заңды тұлғаның атынан сұрау салып жүгiнген кезде – сұрау салып жүгiнген заңды тұлғаның толық атауы, адамның лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болса);
3) сұрау салып жүгiнген адамның байланыс деректерi (пошталық мекенжайы немесе электрондық пошта мекенжайы, не телефонның немесе телефакстiң нөмiрi) ақпараттық жүйенiң меншiк иесi немесе иеленушісі осылар арқылы электрондық ақпараттық ресурстарды бере алады немесе ақпаратты сұратқан адаммен байланыса алады;
4) сұратылып отырған электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, құжаттың атауы мен мазмұны немесе құжаттың оған белгiлi деректемелерi;
5) сұрау салуды орындау үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер;
6) сұрау салуды орындаудың тәсiлi көрсетiледi.
2. Егер адам өзi туралы электрондық ақпараттық ресурстарды не заңды тұлғаның атынан сол заңды тұлға туралы электрондық ақпараттық ресурстарды беру туралы сұратса, онда ол сұрау салуды өзiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн және (немесе) сұрау салуды жiберiлген заңды тұлғада атқаратын лауазымын көрсетуге мiндеттi.
22-бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге сұрау салуды орындау мерзiмдерi
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сұрау салу түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей орындалады.
2. Осы Заңда белгіленген қарау мерзімдері сауал тіркелгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
23-бап. Сұрау салу орындалды деп тану
1. Сұрау салу, егер:
1) электрондық ақпараттық ресурс осы Заңда көзделген тәсiлмен сұратушы тұлғаға берiлсе;
2) сұрау салу тиесілігi бойынша берiлсе және бұл туралы электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлғаға хабарланса;
3) сұрау салу жiберiлген тұлғаға ашық көздерде жарияланған ақпаратпен танысу мүмкiндiгi түсiндiрiлсе, орындалды деп есептеледi.
2. Егер сұратылған электрондық ақпараттық ресурстар ашық көздерде жарияланса, онда ақпараттық жүйенiң меншiк иесi немесе иеленушісі сұратылған электрондық ақпараттық ресурсты бермей, сұратылған электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу тәсiлдерi мен орны туралы мәлiметтердi сұрау салуды жiберген тұлғаға бiр мезгiлде жiбере отырып, бұл туралы оны бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабардар етуге құқылы.
24-бап. Сұрау салуды орындаудан бас тарту
1. Ақпараттық жүйенiң меншiк иесi немесе иеленушісі, егер:
1) сұрау салуды жіберіп отырған адам сұратылып отырған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткiзу құқығына ие болмаса;
2) сұратылып отырған электрондық ақпараттық ресурсқа ие болмаса және бұл ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі туралы мәліметтері болмаса;
3) сұрау салудың мазмұнын нақтылау кезiнде сұрау салушы адамның қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтiнiш жасағанын анықтау мүмкiн болмаса;
4) егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделіп, электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы адам сұрау салуды орындау шығыстарын төлемесе;
5) сұрау салу осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, сұрау салуды орындаудан бас тартады.
2. Ақпараттық жүйенiң меншiк иесi немесе иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу туралы сұрау салуды жіберген адамды осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша сұрау салуды орындаудан бас тартатыны туралы бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.
25-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері
1.Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер автоматтандырылу дәрежесі бойынша:
1) толық автоматтандырылған;
2) ішінара автоматтандырылған болып табылады.
Қызмет көрсетілу процесінде қағаз құжат айналымын болдырмайтын электрондық қызмет толықтай автоматтандырылған болып табылады.
Қызмет көрсетілу процесінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектілігін қамтитын қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған қызмет көрсету болып табылады.
2. Электрондық нысанда ұсыну тәсілумен қызмет көрсету:
1) ақпараттық;
2) интерактивтік;
3) транзакциялық;
4) композиттік болып табылады.
Электрондық нысанда көрсетілетін ақпараттық қызмет пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстар беру жөніндегі қызмет болып табылады.
Пайдаланушыға оның сұрау салуы немесе өзара ақпарат алмасуды талап ететін тараптар келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет көрсету электрондық нысанда көрсетілетін интерактивті қызмет болып табылады. Интерактивті электрондық қызмет көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану талап етілуі мүмкін.
Пайдаланушыға өзара ақпарат алмасуды талап ететін және төлемдерді электрондық нысанда жүзеге асырумен байланысты электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет көрсету транзакциялық қызмет көрсету болып табылады. Транзакциялық қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану талап етілуі мүмкін.
Берілуі үшін электрондық нысанда қызмет алушы субъектінің сұрау салуы жеткілікті және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану міндетті болатын өзара байланысты қызмет көрсету кешені электрондық нысанда көрсетілетін композиттік қызмет көрсету болып табылады.
3. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер өтемділік сипаты бойынша:
1) өтемді;
2) өтеусіз болып табылады.
Электрондық нысанда қызмет көрсетуші субъектіге сыйақы төлеуді көздейтін қызмет өтемді қызмет көрсету болып табылады.
Электрондық нысанда қызмет көрсетуші субъектіге сыйақы төлемей көрсетілетін қызмет өтеусіз қызмет көрсету болып табылады.
2-бөлім. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым
4-тарау. «Электрондық үкімет»
26-бап. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеу мақсаттары мен қағидаттары
1. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеу мақсаттары:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсетудің қолжетімділігін, сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықты арттыру, ақпараттың қолжетімділігі, қоғамдық бақылау және барлық деңгейлердегі мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге халықтың қатысуы;
3) мемлекеттік басқарудың әкімшілік реформасын іске асыру мен сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру;
5) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды және оларды ұсыну талаптарын қысқарту (болдырмау) болып табылады.
2. «Электрондық үкімет» мынадай:
1) жеке және заңды тұлғалардың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметі туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың өзге мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру;
4) мемлекеттік органдардың қызметінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде электрондық құжат айналымын басымдықпен пайдалану;
5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, жинақтау және сақтау кезінде қайталануды болдырмау;
6) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «электрондық үкіметтің» мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қорғау қағидаттары негізінде жұмыс істейді.
27-бап. «Электрондық үкімет» архитектурасы
1. «Электрондық үкімет» архитектурасы «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөнінде талаптарына, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптарына сәйкес әзірленеді.
2. Мемлекеттік органдар ведомстволық сараптаманы жүргізу әдістемесіне сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерді іске асыру, пайдалану сараптамасын жүргізеді.
3. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы ведомствоаралық сараптаманы жүргізу әдістемесіне сәйкес, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыратын ақпараттық жүйелердің іске асырылуы мен пайдаланылуының «электрондық үкімет» архитектурасына сәйкестігіне жыл сайынғы негізде сараптама жүргізеді.
Сараптаманың нәтижелері ақпараттандыру саласындағы сараптамалық кеңеске ұсынылады және ол ұсынымдық сипатта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |