Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет1/17
Дата30.06.2016
өлшемі3.81 Mb.
#168567
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
    Бұл бет үшін навигация:
  • 1-бап .
Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы,


1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3,
23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат;
№ 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар;
№ 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):

1) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу жеке кәсiпкер ретiнде есепке алуды білдіреді.».

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат;


№ 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат;
№ 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат;
№ 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар;
№ 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж.,
№ 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар;
№ 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар;
№ 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат;
№ 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат):

1) тақырыбында:

205-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті жүзеге асыру»;

206-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк


салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу»;

206-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу»;

708-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«708-бап. Жеке адамға, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысы мен адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны
мәжбүрлеп орындату»;

мынадай мазмұндағы 710-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі»;

2) 67-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

«Ескерту.

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған тұлға деп осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнің бір бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап есептелетін он екі айлық кезең ішінде, сондай-ақ осы Кодекстің 66-бабында көзделген мерзім өтіп кеткен жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған тұлға түсініледі.

2. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн залалды өз еркiмен өтеуi деп Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес қосымша және (немесе) камералды бақылау нәтижелері бойынша хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыстау түсініледі.»;

3) 68-баптың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескерту.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның, әкiмшiлiк айыппұл мөлшері орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесі сомасының пайызымен көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.

Мүліктік емес сипаттағы зиян келтірген құқық бұзушылық жасағаны үшін тұлғаны көрсетілген негіздер бойынша жауаптылықтан босату кезінде қол сұғу нысанына, оны жасаудың нақты жағдайына қарау керек.»;

4) 88-бапта:

3-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -


жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға –аударылмаған (уақытында аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының отыз пайызы, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Тұлға, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есептеп қосылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған); мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;

5) 88-1-бапта:

2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Тұлға, уақтылы және (немесе) толық аударылмаған әлеуметтік аударымдар мен өсімақы сомасы әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;

6) 166-баптың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетеуі мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге – жүз жиырма бесі мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елуі мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – алты жүз елуі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

7) 205-бапта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы, жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркелуін есепке алу туралы, қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелуін есепке алу салық өтінішін берудiң, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, -

жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - айлық есептiк көрсеткiштің сегiзі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу бесі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2-1-тармақ алып тасталсын;

3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің он бесі мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он бесі мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға есепке тұрмаған кезең үшiн салық салынатын айналым сомасының отыз пайызы мөлшерiнде, отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4 және 5-тармақтар алып тасталсын;

8) 205-1-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің сегізі мөлшерінде, жеке кәсiпкерлерге – он бесі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Дара кәсiпкердiң патент алуға есептеме беру мерзiмiн бұзуы –

ескерту жасауға әкеп соғады»;

4-тармақ алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, - айлық есептiк көрсеткiштің он бесі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

6 және 7-тармақтар алып тасталсын;

9) 205-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті жүзеге асыру

1. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы - ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -

дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Қызметті жүзеге асыруы деп салық органына салық есептiлiгiн табыс етудi қайта бастау туралы салықтық өтінішті табыс етпей, салық төлеушінің (салық агентінің) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті қайта бастауы түсініледі.»;

10) 206-бапта:

баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк


салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі -
дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы баптың 3-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -

жеке тұлғаларға он бес, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мониторинг бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде табыс етпеуiн білдіретін, осы баптың 1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

мониторингіленуге жататын ірі салық төлеушілерге бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4 және 7-тармақтар алып тасталсын;

11) 206-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу

1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрдегi) салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
дара кәсіпкерлерге — отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға —екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға —үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде алшақтық анықталған жағдайда, -

дара кәсіпкерлерге — елу, шағын немесе орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде), сондай-ақ мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не табыс етуден бас тартуы, —


дара кәсіпкерлерге — отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —


дара кәсіпкерлерге — елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

12) 206-2-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

13) 207-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

14) 208-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсiпкерлерге жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады»;

15) 208-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге – отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде жүргізілген есептеулер сомасынан айыппұл салуға немесе құқық бұзушылық жасауға себеп болған заттар мен құралдарды және оны жасаудың салдарынан алынған мүліктерді тәркілеумен қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;

16) 209-баптың ескертулерінің бірінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертулер.

1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, қосылған құн салығына есептелген сома бойынша әкімшілік жаза сомасын анықтау кезінде салық кезеңінде қосылған құн салығын төлеудің белгіленген күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қоысылған құн салығына артық төлеу сомасы есепке алынады.

Бір салық кезеңінен артық салық тексерісі болған жағдайда әрбір кейінгі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төлем сомасы осы салық тексерісіне енгізілген алдыңғы салық кезеңі үшін қосылған құн салығының есептелген және (немесе) азайтылған сомасын есепке ала отырып анықталады.»;

17) 210-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

18) 211-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсiпкерлерге - отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының екі жүз жиырма пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

19) 215-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу —


дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -

дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

20) 218-1-бапта:

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық төлеушінің салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені табыс етпеуі және оларды орындамауы – »;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Салық органдарын мынадай жағдайларда жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

21) 580-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) осы Кодекстің 710-1-бабында көзделген талаптар орындалған жағдайда.»;

22) 584-баптың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескерту. Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп оның тікелей өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолы қойылып, тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуы тиіс тапсырыстық хатпен, жеделхатпен табыс етілген хабарлама танылады. Заңды тұлғаға жіберілген хабарлама өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, қолы қойылған заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі.

Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп сондай-ақ салық қызметі органы Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғаға жіберген хабарлама (хабардар ету) танылады»;

23) 638-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлға жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам табылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.»;

Осы Кодекстің 710-1-бабының 1-бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады

24) 639-бапта:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған кезде қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

«1-2. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 710-1бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлете алады.»;

25) 657-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулы көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он күн iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.»;

26) 708-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«708-бап. Жеке адамға, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысы мен адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны


мәжбүрлеп орындату»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.»;

27) 709-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) заңды тұлғаның банк шотынан оның келiсiмiнсiз, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемдері мен аударымдары туралы және атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ақшаны алып қою үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.

Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.Банк немесе банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.»;

28) мынадай мазмұндағы 710-1-баппен толықтырылсын:

«710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі».

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметі органы жіберген (тапсырған) салық органына келу туралы алынған хабарлама негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама алған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде айыппұлды төлейді.

Осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген құжаттар сондай-ақ беру күні, жаза қолданылған лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметті, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға туралы мәліметтерді, осы бұзушылыққа жауапкершілікті көздейтін осы Кодекстің бабын, әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған уақыты мен орны, әкімшілік айыппұлдың сомасы, айыппұлды төлеу үшін реквизиттерді қамтиды.

3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат):

1) Салық кодексінің бүкіл мәтіні бойынша «кеден одағының», «кеден одағына», «кеден одағынан», «кеден одағында», «кеден одағындағы» деген сөздер бас әріппен «Кеден одағының», «Кеден одағына», «Кеден одағынан», «Кеден одағында», «Кеден одағындағы» деген сөздермен жазылсын;

2) мазмұнында:

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«37-1-бап. Таратылатын резидент-заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері»;

43-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері»;

5-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1-тарау.ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ КЕЛІСІМШАРТТАР»;

6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6-тарау. САЛЫҚ, БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨСІМПҰЛДАР ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ ӨЗГЕРТІЛУІ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«51-1-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомасын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертудің тәртібі»;

7-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1-тарау. Бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есептілікті құрц туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есептілікті құруды жүргізуді жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есеп жүргізу ерекшеліктері»

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«60-1-бап. Жалпы ережелер»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары мен оларды құру бойынша талаптар»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«60-3-бап. Салықтық есепті жүргізу ерекшеліктері»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«127-бап. Ұзақ мерзімді орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша табыс»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«128-бап. Ұзақ мерзімді орындалатын туынды қаржы құралдары бойынша табыс»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«151-2-бап. «Ұлттық индустриалды мұнай-газ технопаркі» арнайы экономикалық аймағы, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«196-1-бап. Салықтық есептілік берудің ерекшеліктері»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«227-1-бап. Депозитариялық қол хаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салықтық міндеттемені орындау, сондай-ақ төлем көздерінен ұсталатын табыс салығын қайтару тәртібі»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақ аумағында өткізілетін туарларға салық салу»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«244-3-бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағында өткізілетін туарларға салық салу ерекшеліктері»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«251-бап. Қаржылық лизинг бойынша сыйақы»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«253-1-бап. Білім берудің дербес ұйымдарының білім беру салаларындағы қызметтер»;
266-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«266-бап. Қосылған құнға салықты есептеу»;

мынадай мазмұндағы … абзацпен толықтырылсын:

«428-1-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимiн қолданушы жеке кәсіпкерлердің табыстарын салық есебінде танудың ерекшелігі»;

мынадай мазмұндағы … абзацпен толықтырылсын:

482-2-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимiн қолданушы жеке кәсіпкерлердің құнның өсуінен табыстарын салық есебінде танудың ерекшелігі»;

599-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«599-бап. Артық төленген салық, төлемақы, алым мен өсімпұл сомаларын есепке жатқызу»;

602-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«602-бап. Салықтың, төлемнің, алым мен өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару»;

605-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару»;

606-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару және есепке жатқызу»;

3) 12бапта:

1-тармақта:

35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«35) салық төлеуші тұлға және салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі»;

мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:

«38-1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – ол арқылы электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын қазынашылық қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;

4) 14-бапта:

1-тармақта:

6) мынадай редакцияда жазылсын:

«6) дара кәсіпкердің (осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарында белгіленген жағдайларды қоспағанда) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;»;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) салық органдарын мынадай жағдайларда хабардар ету:

әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу кезінде;

әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды уақытша әкету кезінде.

Осы тармақшаның мақсатында тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді»;

5) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі

Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) бересі сомасы;

2) есептелген өсімпұлдар;

3) айыппұлдар сомасы»;

6) 37-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

«14. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 37-1-бабына сәйкес қызметі тоқтатылған заңды тұлға – резиденттің өздеріне қатысты салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі белгіленген заңды тұлға – резиденттерге қолданылмайды.»;

7) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:

«36-бап. Қызметі тоқтатылған заңды тұлға – резиденттердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

1. Осы бап мынадай тиісті шарттарға сәйкес келетін таратылатын заңды тұлғаның салықтық міндеттемелерін орындайудың ерекше тәртібін белгілейді:

1) қосылған құнға салық төлеуші болып табылмайды (болмаған);

2) лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асырады (жүзеге асырмаған);

3) заңды тұлғаларға арнайы салық режимін қолданбайды (қолданбаған) – ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық шаруашылығы)  өнімін өндiрушiлер және селолық тұтыну кооперативтері;

4) қайта құрылмаған және заңды тұлға мемлекеттік тіркелген сәттен бастап қызметі кезеңінде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылмайды (болмаған);

5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген.

Осы бап Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде осы тармақта айқындалған тиісті шарттармен заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы баптың ережесі Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз құрылу күнінен бастап кезеңде заңды тұлғаларға да таратылады.



2. Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

  1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) осындай есеп болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;

3) таратудың салық есептілігін;

4) осы Кодекстің 648-бабында белгіленоген тәртіпте бақылау-кассалық машиналарын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

   Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты таратылатын заңды тұлға бақылау-кассалық машиналарын салық органына есепкеқойылған жағдайда ұсынады.

      3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.

4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн мерзімнен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын аударады.

   Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. Салық органы таратылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде сұрату жібереді:

1) уәкілетті мемлекеттік органдарға - қызметін тоқтататын заңды тұлға мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелер туралы, сондай-ақ салық органының сұратуын алған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;

    2) кеден органдарына - қызметін тоқтататын заңды тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ кеден төлемдері және салық бойынша салық органының сұратуын алған күніне берешегінің жоқтығы туралы растауды табыс ету туралы;

      3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметін тоқтататын заңды тұлғаның салық органының сұратуын алған күніне банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сұратуды жібереді.

Салық органының осы тармақта көрсетілген сұратулары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.

6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей камералдық бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасайды.

Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері және салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептеулердің жай-күйлері көрсетіледі.

Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды тұлғалары қол қояды. Қорытындының бір данасы таратылған заңды тұлғаға беріледі, ол салық органы қорытындысының данасына оны алғандығы туралы қолын қоюға міндетті.

7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда таратылған заңды тұлғаға қорытынды алған күннен бастап бес жұмыс кінінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауына белгіленген тәртіпте камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою ткралы хабарлама беріледі.

  Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды таратылатын заңды тұлға осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады..

Хабарламаны орындамаған және (немесе) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда таратылатын заңды тұлғаға қатысты құжаттамалық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттамалық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей басталуы тіис.

8. Таратылатын заңды тұлғаның оның ішінде, осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша туындайтын салықтық берешегі оның ақшасы, оның ішінде, оның мүлкін сатудан түскен ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген кезектілік тәртібінде өтеледі.

9. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салыұқтық берешектің толық көлемін өтеуге жеткіліксіз болса, салықтық берешектің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.

10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;

2) салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;

3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.

4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;

5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.

11. Таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:

1) тарату балансын;

2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;


      3) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы және (немесе) болуы туралы мәліметтерді алу үшін салықтық өтінішті табыс етедi.

Таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бір мезгілде мынадай талаптар:

1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
      5) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары бойынша бұзушылықтар болған жағдайда таратылатын заңды тұлға осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды:

1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылқтар жойылған жағдайда салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;

2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

13. Осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгіленген ережелер орындалғанан кейін салық орган таратылған заңды тұлғаға осы Кодексте белгіленген тәртіпте және мерзімдерде салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі жоқтығы туралы анықтама беруге міндетті.»;

8) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жеке кәсіпкердің тіркелуі туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген жағдайда қағаз тасығыштағы түсіндірме – мұндай куәлік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жағдайда»;

9) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде жеке кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері



1. Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын (болып табылмаған);

2) патент және (немесе) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін үздіксіз пайдаланатын дара кәсіпкерлерді қосапғанда лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын (жүзеге асырмаған);

3) шаруа немесе ферма қожалықтарына арнайы салық режимін қолданбайды (қолданбаған);

4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген қызметі тоқтатылған дара кәсіпкерлердің салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібін айқындайды.



Осы бап Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде осы тармақта айқындалған тиісті шарттармен дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы баптың ережесі Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап кезеңде дара кәсіпкерлерге қатысты да таратылады.

2. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) осындай есеп болган жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;

3) таратудың салық есептілігін;

4) дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені – мұндай куәлікті 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін бергін жағдайда;

5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты;

6) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіпте бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Осы тармақитың 6-тармақшасында көрсетілген құжат қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда табыс етеді.

3. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.


      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі..

4. Қызметі тоқтатыталын дара кәсіпкер таратудың салық


есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      Таратудың салық еселтілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізіледі.

5. Салық органы дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:


      1) уәкілетті мемлекеттік органдарға - қызметін тоқтататын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелер туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;

2) кеден органдарына - қызметін тоқтататын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ кеден төлемдері және салық бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігі туралы растауды табыс ету туралы;


      3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауалды жіберуге міндетті.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күнге дейін салық төлеушіге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.


      6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.

7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, оның нәтижелері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасалады.

Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері және ссалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептеулердің жай-күйі көрсетіледі.

Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оғаны салық органының лауазымды тұлғалары қол қояды. Қорытындының бір данасы дара кәсіпкерге беріледі, ол салық органы қорытындысының данасына оны алғандығы туралы қол қоюға міндетті.

8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда дара кәсіпкерге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен қорытынды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды таратылатын заңды тұлға осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады..

Хабарламаны орындамаған және (немесе) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге қатысты құжаттамалық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттамалық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей басталуы тіис.

9. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлің көрсетілген дара кәсіпкердің ақшасы, оның мүлкін сатудан түскен ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген кезектілік тәртібінде өтеледі.

9. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салыұқтық берешектің толық көлемін өтеуге жеткіліксіз болса, салықтық берешектің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.

10. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.


      Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.

11. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:


      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;

  2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;

3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;

4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;


      5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.

12. Қызметiн тоқтататын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда орналасқан жерi бойынша салық органына:

1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылған банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;

2) ішкі істер органдарының дара кәсіпкердің мөрін (ол болған кезде) жойылғаны туралы құжатын;

3) тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

Қызметiн тоқтататын дара кәсіпкер осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:

1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;

4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, қорытныды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

13. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары бойынша бұзушылықтар болған жағдайда қызметін тоқтатын дара кәсіпкер осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды:

1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылқтар жойылған жағдайда салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;

2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;


      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейін келетін күннен;

5) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жойылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

14. Дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні осы баптыңм 12-тармағында көрсетілген құжаттарды беру күні болып табылады.

15. Салық органы осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің тіркелу есебінен шығарылғанын растайтын құжат береді немесе себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде тіркелу есебінен шығарудан бас тартады.



Тіркелу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіздеме осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген ережелердің сақталмауы болып табылады.»;

10) 46-бап:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық қызметінің органы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын, сондай-ақ осы Кодекстің 94 және 107-баптарына сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерулер бөлігінде корпоратвитік табыс салығы және онымен байланысты жиынтық жылдық табысты түзету сомасын есепке жазуға немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткіші) қолданылады,»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағы 3) тармақшасын қолдану кезінде салық төлеуші, салық органының қызметі жеке тұлғаны оқыту кезеңінің ішінде және жеке тұлғаны оқыту аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде салық салынатын табыстың сомасын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығының сомасын есепке жазуға немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.»;

11) 47-бапта:

1-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын), бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде неғұрлым кеш, бірақ осы Кодекстің 49, 50, 51-1-баптарында белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге ауыстыру салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады..»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстіңм 51-1-бабында өзгеше белгіленбесе, салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіппен салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.»;

12) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«48-бап. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті орган

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықты және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

2. Осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жергілікті бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықты және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органы қабылдайды.

3. Салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіпте салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы қабылдайды.



Егер салық төлеуші орналасқан жері бойынша жоғары тұрған салық органында тіркелген жағдайда салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді тікелей көрсетілген салық органы қабылдайды.»;

13) 49-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Бұл ретте, салық (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту он екі күнтізбелік айдан асапйтын мерзімге жүргізіледі.»;

14) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Бұл ретте, салық (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту он екі күнтізбелік айдан асапйтын мерзімге жүргізіледі.»;

15) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:

«51-1-бап. Салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі

1. Салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген сомалармен келіскен және олардың осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігі жағдайында салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарлама алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына салық төлеуші (салық агенті) табыс етеді. Өтінішке мыналар қоса беріледі:



салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау кестесі;

жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне салық төлеушінің тиесілілігін жазбаша растау.



Егер салық төлеуші (салық агенті) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды ішінара төлеген болса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың қалған бөлігін төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш беруге құқылы.

2. Салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы бапта белгіленген тәртіпте жүргізіледі, егер мұндай сома жиынтықта:

*** - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінен кем емес – шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін;

*** - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінен кем емес – орта кәсіпкерлік субъектілері үшін;

*** - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінен кем емес – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

3. Осы баптың ережелері мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілерге таратылмайды:

салық төлеуші ретінде тіркелген күннен бастап осы баптың 1-тармағында көзделген өтініш берілген күнге дейінгі кезеңде кемінде бес жылды құрайды;

есептелген және (немесе) есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға түзетуді есепке алмай заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалатын уәкілетті орган белгілеген орта салалық мәннен төмен салық жүктемесiнiң коэффициенті.

Салық органына өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталғанға дейінгі кезеңде осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішті табыс ету кезінде салық жүктемесiнiң коэффициенті өтініш беру күніне корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталған соңғы күнтізбелік жылға түзетуді есепке алмай заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысына (дара кәсіпкердің табысына) есептелген және (немесе) есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қатынасы ретінде айқындалады.

4. Егер салық төлеуші (салық агенті) оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің уақытша еңбекке жарамсызыдығына байланысты осы баптың 1-тармағында белгіленген өтінішті беру мерзімін өткізіп алса, онда мұдай салық төлеуші (салық агенті) өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында осы тармақта көрсетілген тұлғалардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына өтініш және қолдаухат беруге құқылы.

Осы тармақтың ережелері ұйымдастырушылық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған уақытта оларды алмастыратын тұлғалардың болуын қарастырылмайтын салық төлеушілерге (салық агенттеріне) таратылады.

Өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру туралы қолдаухатқа:

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын;

осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдастырушылық құрылымын белгілейтін құжат қоса беріледі.

5. Салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын), бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет