Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі



бет1/18
Дата23.02.2016
өлшемі381.36 Kb.
#11011
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі

Республикалық құқықтық 
ақпарат орталығы

  • ҚАЗ

  • РУС

  • Негізгі

  • Іздеу

  • Ресми жариялау

  • "БҰҰ" құжаттары

  • Таңдалған

  • Кабинет

Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы



  • Мәтін

  • Ресми жарияланым

  • Ақпарат

  • Өзгерістер тарихы

  • Сілтемелер

  • Екі тілде

  • Көшіру

  • Қағазға шығару

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса бepiліп отырған Өрт қayiпciздiгi қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 253-құжат); 
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 50-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат). 
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2014 жылғы 9 қазандағы 
№ 1077 қаулысымен   
бекiтiлген     

Өрт қауiпсiздiгi қағидалары

1. Жалпы ережелер
Ұйымдық-техникалық iс-шаралар

Жалпы ережелер

      1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. 
      2. Ұйымдардың жұмыскерлері тек өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібі мен өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын


ұстау тәртібі

      3. Электр қондырғыларының барлық ток жүргізу бөліктері, тарату құрылғылары, аппараттары мен өлшеуіш аспаптары, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандыру құрылғылары, ажыратқыштары және барлық өзге де іске қосатын аппараттары мен аспаптары тек жанбайтын негізге (мрамор, текстолит, гетинакс) орнатылады.


      4. Сымдар мен кәбілдердің талсымдарын жалғау, ұштау және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнайы қысқыштар көмегімен жүргізіледі. 
      5. Сымдар мен кәбілдердің талсымдары жалғанатын және тармақталатын жерлері, сондай-ақ жалғаушы және тармақтаушы қысқыштар осы сымдар мен кәбілдердің тұтас жерлері талсымдарының оқшаулағышына тең етіп оқшауланады. 
      6. Оқшаулағыш тіреуіштерде төселген сымдардан басқа, сымдар мен кәбілдердің жалғанымы мен тармақталуы жалғаушы және тармақтаушы қораптарда, жалғаушы және тармақтаушы қысымдардың оқшауланған корпустарында, құрылыс конструкцияларының арнайы қуыстарында, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың корпустарының іштерінде орындалады. Оқшаулағыш тіреуіштерде төсегенде сымдарды жалғау немесе тармақтау тікелей оқшаулағыштың жанында, клицтерде немесе олардың үстінде, сондай-ақ роликте орындалады. 
      Жалғаушы және тармақтаушы қораптар қорғағыш қақпақтармен қамтамасыз етіледі.
      7. Уақытша электр желілерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Құрылыс және уақытша жөндеу-монтаждау жұмыстарын жүргізу орындарын қоректендіретін уақытша иллюминациялық қондырғылар мен электр сымдары ерекшелік ретінде болуы мүмкін. Уақытша электр желісінің кернеуі 36 Вольттан, ал аса қауіпті орындарда (аса ылғалды учаскелер, құдықтар, металл резервуарлар, қазандықтар) 12 Вольттан аспауы тиіс. 
      8. Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен басқа да тасымалды электр аппаратурасы үшін ықтимал механикалық әсерлерді ескере отырып, арнайы осы мақсатқа арналған иілгіш кәбілдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады. 
      9. Автоматты өрт сөндіру, өрт дабылы, авариялық жарық беру қондырғыларын қоректендіру үшін енгізу-тарату құрылғысынан бастап электр қуатын тұтынушыға дейін дербес электр желісі көзделеді. 
      10. Құрылыс алаңындағы уақытша электр сымы оқшауланған сымнан жасалып, арқанға ілінеді және жұмыс орындарынан кемінде 2,5 метр, өтетін жерлерден 3 метр, өту жолдарынан 6 метр биіктікте берік тіреулерге орнатылады. 
      11. Құрылыс алаңы аумағында жарықтандыру прожекторлары жеке тіреулерге орнатылады. 
      Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған жабындарда және полимерлі жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.

Ғимараттар мен құрылыстардың жылыту жүйелерін


ұстау тәртібі

      12. Өндірістік және басқа да үй-жайларда пеш жағуды жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық алған, арнайы бөлінген адамдар (пеш жағушылар) жүргізеді. 


      13. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағу жұмыс аяқталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын, ал тәулік бойы адамдар болатын объектілерде ұйықтағанға дейін екі сағат бұрын тоқтатылады. 
      Балалар күндіз болатын балалар мекемелерінде пеш жағу балалар келгенге дейін кемінде бір сағат бұрын аяқталады.
      14. Шатырларда барлық түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды әктеу қажет. 
      15. Отын беру жүйесінен сұйық отынның ағуына немесе газдың ағып кетуіне жол берілмейді. 
      16. Жылу генераторларын пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады: 
      1) отынға арналған сыйымдылықтың көлемі, оны орналастыру және ауа жылытқышқа беру осы аппараттарға паспорттық деректер мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы қажет;
      2) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесін қажетінше реттеу шегінде оны жанарғы ішіне өткізбей тұрақты жұмыс істеуі қажет.
      17. Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану кезінде: 
      1) отын өткізгіштердің герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз жалғанбаса, түтін жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтар кезінде жұмыс істеуге;
      2) ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс істеуге;
      3) ретке келтірілмеген форсункамен жұмыс істеуге (отын беру бұзылса);
      4) аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы Г3-Г4 материалдарынан жасалған қоршаулар орнатуға;
      5) отын өткізгіштерді ашық отпен қыздыруға;
      6) жұмыс істейтін қоспаны көру тесігі арқылы жағуға;
      7) жылу шығаратын аппарат жұмыс істеп тұрған кезде шырақтардың электродтары арасындағы саңылауды реттеуге;
      8) ауа жинау коллекторларында қорғағыш торы болмағанда және ақаулы болғанда жылу шығаратын аппараттың жұмыс істеуіне;
      9) жұмыс істеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусыз қалдыруға немесе оларды қарауды балаларға тапсыруға;
      10) жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзуға, оларды осы мақсатқа бейімделмеген үй-жайларда (орындарда) орналастыруға;
      11) түтін құбырларының, желдеткіш арналарының жарамды жай-күйін және оларда тартқыштың бар-жоғын тексермей, әртүрлі отын түрлерімен жұмыс істейтін жылу шығаратын жабдықты пайдалануға жол берілмейді.
      18. Желдеткіш жұмыс істемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясын беруге жол бермейтін жарамды дабылы мен бұғаттағышы және электр мен жылудан қорғалып көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы бар электркалориферлер пайдалануға беріледі.
      19. Калориферлерді пайдалану кезінде: 
      1) дабылды немесе бұғаттағышты сөндіруге;
      2) электркалорифердің корпусы мен желдеткіш арасындағы иілгіш ендірме үшін жанғыш материалдарды қолдануға;
      3) электркалориферден шығу жолындағы ауаның дайындаушы-зауыт белгілеген шекті рұқсат етілген температурасын арттыруға;
      4) желдеткіш жұмыс істемегенде электрокалориферді қосуға (қондырғыны әр іске қосқан сайын бұғаттағыш тексеріледі);
      5) электрокалориферде немесе оның маңында киімді немесе басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді.

Желдеткіш жүйелерін ұстау тәртібі

      20. Ауа өткізгіштердегі от жалынын бөгейтін құрылғылар (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт дабылы немесе өрт сөндіру құрылғылары бар желдеткіш жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдеткішті автоматты түрде өшіретін құрылғылар техникалық құжаттамада белгіленген мерзімдерде тексеріледі және жарамды күйде ұсталады. Ысырма жетегінің сезгіш элементтері (тез балқитын құлыптар, тез жанатын қондырмалар, термосезгіш элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан уақтылы тазартылады. 
      21. Желдеткіш камераларында қандай да бір жабдық пен материалдарды сақтауға жол берілмейді. Желдеткіш камералары үнемі құлыппен жабылады. Желдеткіш камераларына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.

Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау тәртібі



      22. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларында кемінде екі хладоагент буының газ талдағышы орнатылады, олар ағынды-сорғы желдеткішпен және компрессорларды ажырату құрылғыларымен бұғатталады. 
      23. Хладоагенттері (аммиак) бар баллондар арнайы қоймаларда сақталады. Оларды машина бөлімшелерінде сақтауға жол берілмейді.
      Хладоагенті бар коммуникацияларды эвакуациялау дәліздерінде және өтетін жерлерде, сатылы торларда, көтергіш шахталарында орналастыруға, сондай-ақ оларды өрт және жарылыс қауіпті үй-жайлар арқылы транзиттік төсеуге жол берілмейді. 
      24. Машина және аппарат бөлімшелерінің желдеткіш жүйелері басқа үй-жайлардың желдеткіш жүйелерінен оқшауланады. 
      25. Аппарат және машина бөлімшелерінің авариялық жарық беруі үнемі жарамды күйде ұсталады. 
      26. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелеріндегі жарылыстан қорғалған электр жабдығы техникалық ақаусыз күйде ұсталады. 
      27. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларын пайдалану процесінде жеңіл лақтырылатын элементтерді (панельдерді, терезелерді, есіктерді) конструкциялардың басқа түрлеріне ауыстыруға жол берілмейді. 
      28. Компрессорлар мен газ құбырларының герметикалығына жүйелі бақылау белгіленеді. Газдың ағуы байқалған жағдайда, ақауын жою үшін компрессор тоқтатылуы тиіс. Компрессордың тығыздағыштары арқылы хладоагенттің ағуы байқалған кезде олар дереу ауыстырылуы тиіс. 
      29. Қысымда тұрған жабдықты жөндеуге, жұмыс істеп тұрған компрессорлар мен сорғылардағы тығыздағыштарды толтыруға және тартуға, жүйедегі қысымды төмендетпей (түсірмей) аппараттардағы және құбырлардағы фланецтерді тығыздауға жол берілмейді. 
      Компрессорлардың барлық үйкелетін бөліктері үнемі майланады.
      30. Жүйені толтыруды тездету үшін хладоагенттері бар баллондарды жылытуға жол берілмейді. Аммиагы бар баллондар ашық от көздерінен кемінде 10 метр және жылу беру аспаптарынан 5 метр қашықтықта алыс орналастырылады. 
      31. Майлау материалдарын компрессорлық үй-жайларда тек ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста ғана сақтауға рұқсат етіледі.
      32. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда компрессорға сұйық хладоагенттің түсу мүмкіндігіне жол берілмейді. 
      33. Аппараттардан майды жіберу май жинағыштағы ерітілген хладоагентті алдын ала сорып алғаннан кейін сол арқылы жүргізіледі. 
      Май жинағыштан май желдеткіш жұмыс істеп тұрған кезде суы бар ыдысқа жіберіледі.
      34. Аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың үй-жайларында ішкі өрт крандары шашыраған суды алуға мүмкіндік беретін шашыратқыш оқпандармен жабдықталады.
      35. Компрессорлық бөлімшелердің үй-жайларында компрессорлармен констукциялық немесе технологиялық байланысы жоқ аппараттарды немесе жабдықты орнатуға, сондай-ақ кеңселер мен қоймалар жасауға жол берілмейді.
      36. Құбырларды, бекіту қондырғыларын және басқа жабдықты ашық оттың көмегімен қыздыруға жол берілмейді. Оларды қыздыру үшін ыстық су, бу немесе қыздырылған құм пайдаланылады. 
      37. Хладоагенттері бар құбырлар оларда тасымалданатын заттарға байланысты танып ажырату бояуымен және сандық белгілеулермен қамтамасыз етіледі. 
      38. Хладоагенті бар құбырлардың қолданыстағы орналасу сызбасын өзгертуге, сондай-ақ хладоагентті тиісті жоспарды әзірлемей және оны бекітпей ауыстыруға жол берілмейді. 
      39. Хладоагенттері бар құбырлардың механикалық зақымдалуы мүмкін жерлеріне қорғайтын бүркеніштер, торлар, кішкене көпіршелер орнатылады.
      40. Хладоагенттері бар құбырлардың жанбайтын жылу оқшаулағышын жанатын оқшаулағышқа ауыстыруға жол берілмейді. 
      41. Тоңазытқыш станциясының үй-жайлары тығыз тығыны бар өздігінен жабылатын есіктермен жабдықталады.

2. Елдi мекендердi ұстау тәртiбi

Тұрғын ғимараттар мен жатақханаларды ұстау тәртiбi

      42. Тұрғын үйлердің пәтерлерi мен жатақханалардың тұрғын бөлмелерiнде жарылыс, өрт қауiптi заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әртүрлi шеберханалар мен қойма үй-жайларын орнатуға жол берiлмейдi. 


      43. Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерiнде: 
      1) балкондар мен лоджияларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды сақтауға;
      2) төсекте темекі шегуге;
      3) балкондар мен лоджиялардан темекi тұқылын лақтыруға;
      4) плитада дайындалып жатқан тамақты бақылаусыз қалдыруға жол берiлмейдi.
      44. Техникалық қабаттарды, техникалық орындарды, желдеткiш камераларын, бойлерлiк орындарды, лифтiлер мен шатыр үй-жайларының машина үй-жайларын тiкелей мақсатынсыз (қойма, мұрағат, сондай-ақ басқа мақсаттағы үй-жайлар ретiнде), сондай-ақ жанғыш материалдарды сақтау үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы үй-жайлардың есiктерi құлыппен жабылады, олардың кiлттерi тәулiктiң кез келген уақытында алу үшiн белгiлi бiр, қолжетiмдi, тәулiк бойы кезекшi персонал болатын жерде болады).
      45. Жатақханаларда (тұрғын үй-жайлардан басқа) темекi шегуге арналған орындар «Темекi шегуге арналған орын» деген жазумен, жанбайтын материалдардан жасалған урналармен немесе темекi тұқылын салғыштармен жабдықталады. 
      46. Газ өткiзгiштерден, газ баллондардан және қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлiк коммуникациялардан газдың ағуын байқау үшiн ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi. Қатып қалған құбырларды, жабдықты, инженерлiк коммуникацияларды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргiзiледi. 
      47. Қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшiн: 
      1) қабырғаларда негiзгi саты торының көлемiн жертөледен (цокольдық қабаттан), жертөледе немесе цокольдық қабатта өрт шыққан жағдайда саты торының тез түтiндеуiне әсер ететiн есiктерi бар есiк ойығынан бөлiп тұратын «бөлiктердi» орнатуға;
      2) ғимараттар мен үй-жайлардан шығуға кедергi келтiретiн есiктердi қайта қоюға;
      3) саты торын немесе саты торынан шығу жолы орналасқан вестибюльдi ортақ дәлiздерден бөлетiн есiктердi алуға;
      4) эвакуациялау жолдарында «жалған» есiктер орнатуға, витраждар, айналар, турникеттер мен қалыпты эвакуациялауға кедергi келтiретiн өзге де бұйымдар қоюға;
      5) есiктер мен люктер арқылы шатырлар мен жабынға шығу жолдарын үймелеуге;
      6) саты торлары баспалдақтарының астында үй шаруашылығындағы (балалар арбалары, шаналар, велосипедтер, жиһаз және басқалары) заттарды жинауға және орталықтан жылу берудi басқару тораптары мен су өлшеу тораптарынан басқа әр түрлi үй-жайларды орнатуға;
      7) түнгi уақытта сатыларды жарықтандыруды сөндiруге және ғимаратта адамдар болған кезде саты торларының есiктерiн құлыпқа және босатылуы қиын тиектерге жабуға жол берiлмейдi.
      48. Шам қойғыштар, ашық отты пайдаланатын шырағдандар жанбайтын берiк тұғырларға орнатылады және олардың құлауын болдырмайтындай жағдайларда пайдаланылады.
      49. Шырақтарды пайдалану кезiнде: 
      1) жанып тұрған шырақтарды желдiң өтiне қоюға;
      2) жанып тұрған шырақтарды тез тұтанатын материалдардың қасына қоюға;
      3) жанып тұрған шырақтарды қараусыз қалдыруға;
      4) жанып тұрған шырақтарды балалар мен үй жануарларына қолжетiмдi жерлерде қалдыруға жол берiлмейдi.
      50. Жеке тұрғын үйлерде осы Қағидалардың 21-тарауының ережелерiне сәйкес құрғақ ыстық монша (сауна) үй-жайларын орнатуға жол берiледi.

Саяжай кооперативтерiн, бау-бақша серiктестiктерiн, ауылдық


елдi мекендердiң аумақтарын ұстау тәртiбi

      51. Автокөлiктiң бау-бақша серiктестiктерiне баратын жолдарында негiзгi магистральдан өту кезiнде, одан соң әрбiр бұрылыста немесе жол айрығында саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң атауы мен оларға дейiнгi қашықтықты нұсқағыштар орнатылады. 


      52. Саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараж кооперативтерiнiң, ашық тұрақтардың аумағына өту жолдарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне (бұдан әрі – «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті) сәйкес оларға салынып жатқан және уақытша ғимараттар мен құрылыстар, өту жолдары, кiреберiстер, өрт сөндiрушiлердiң өту жолдары, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiнiң, өрт сөндiру құралдарының, хабарлау және байланыс құралдарының орналасқан орны, өрт техникасы көрсетiлген схемалар iлiнедi. 
      Схемалар атмосфералық әсерге төзiмдi материалдан жасалады.
      53. Ауылдық елдi мекендердiң, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестерiнiң аумағында: 
      1) өрт шыққан жағдайда адамдарға хабарлау үшiн дыбыстық сигналдар (сирена, қоңырау, қоңыраулы рельс бөлiктерi) арнайы бұйымдар орнатылуы және өрт сөндiру мақсатында су қоры құрылуы тиіс;
      2) жазғы маусымда әрбiр тұрғын үй ғимаратының жанында жиынтық су қоры кемiнде 200 литр сыйымдылық немесе өрт сөндiргiш болуы тиіс;
      3) жанғыш қалдықтардың үйiндiлерiн ұйымдастыруға жол берiлмейдi. Пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткiзгiшпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарында жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 25 метр қашықтықта орнатылады.
      54. Саяжай кооперативтерi мен бау-бақша серiктестiктерi сыйымдылығы кемiнде 25 м3 өрт сөндiретiн су айдындарымен жабдықталады. Өрт сөндiретiн су айдындары қатпайтын ойықтармен жабдықталады. 
      55. Өрт сөндiру мақсатына арналған су көздерiнiң жанында өрт сөндiретiн авариялық-құтқару автомобильдерi мен мотопомпаларын орналастыру үшiн алаңшалар (пирстер) жабдықталады. 
      56. Саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң аумағында әр 20 учаскеге бiр қалқан есебiмен өрт қалқандары орнатылады. 
      57. Су тегеурiнi мұнараларында, сондай-ақ жазғы уақытта пайдаланылатын су өткiзу жүйелерiнде (диаметрi 100 миллиметр және одан астам) әрбiр 120 метр сайын өрт шыққан жағдайда өрт техникасымен су алуға арналған бұйымдар көзделеді. Бұл бұйымдар жарамды күйде ұсталады. 
      58. Саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң күзетшiсiнiң қасында жақын орналасқан төтенше жағдайлар органының (бөлiмшесiнiң) екi телефон нөмiрi және нақты мекенжайы көрсетiлген тақтайша iлiнедi. 
      59. Саяжайларды, бағбандық үйлердi ұзақ уақытқа жапқан кезде электр желiсi ток көзiнен ажыратылады, газы бар баллондардың бұрамалары (клапандары) тығыз етіп жабылады. 
      60. Атқарушы органдар және орман пайдаланушылар ормандарда орналасқан елдi мекендер үшiн өртке қарсы қорғағыш жолақтарды орнатуды, жапырақты шөптердi отырғызуды, жазғы маусымда құрғақ өсiмдiктерді жинауды қамтамасыз етедi. 
      61. Ауылдық жердегi тұрғын үй құрылыстары шатырға жететiн жалғамалы сатылармен, ал жабында төбенің басына дейiн жететiн сатымен жабдықталады. 
      62. Жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа-райында ауылдық елдi мекендер мен кәсiпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргiзуге, пеш, асханалық ошақ пен қатты отынмен жұмыс iстейтiн қазандық қондырғыларын жағуға жол берiлмейдi. 
      63. Елдi мекендер мен жеке орналасқан объектiлер өртке қарсы қызметке өрт туралы хабарлау үшiн жарамды телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етiледi. 
      64. Тұрғын үйлердiң қожалық учаскелерiнде ірі жемшөптердi жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта орындалады. Көрсетілген қашықтықта ірі жемшөптердi жинау мүмкiн болмаған кезде, жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтық 5 метрге дейiн қысқартылады. 
      65. Мыналарға: 
      1) қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстарының шатырларына жинауға;
      2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына жинауға;
      3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта жинауға;
      4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмелелерді, маяларды, сабан және басқа да iрi жем-шөптердi орналастыруға жол берiлмейдi.
      66. Iрi жемшөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асырылады, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады. 
      67. Iрi жемшөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықталады. 
      68. Iрi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады. 
      69. Елді мекендерде, саяжай және бау-бақша үйлерінің аумағында тамақ даярлау үшін жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді) пайдалану кезінде: 
      1) мангал (барбекю, гриль) орнын өрт сөндіргіш затының салмағы кемінде 2 кг бір өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар сыйымдылықпен жабдықтау;
      2) жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдардың (мангалдың, барбекюдің, грильдің) жиегінен бастап ғимараттар мен құрылыстарға дейін ең қысқа қашықтық (жоспарда) кемінде 10 метр болуы қажет.
      70. Жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді): 
      1) құрғақ өсімдіктері бар орындарда; 
      2) ағаштардың түбінде;
      3) жанғыш материалдардан жасалған жабындардың астында; 
      4) тұрғын ғимараттың үй-жайларында, сондай-ақ балкондарда және лоджияларда;
      5) шаруашылық құрылыстарда, гараждарда, шатырларда, жазық төбелерде орнатуға жол берілмейді. 
      71. Жанып жатқан көмірді қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Ас даярлау аяқталған соң бықсу толық тоқтағанға дейін жанған көмірге су құю қажет.

Қонақ үйлердi, мотельдердi, кемпингтердi ұстау тәртiбi

      72. Қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өрт қауiпсiздiгi қағидалары бар жадынамалар iлiнедi. Шетел азаматтары тұрған кезде өрт қауiпсiздiгi туралы жадынама бiрнеше тiлде толтырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет