Қазақстан тарихы 10-сынып «Тексерілді»
Пән мұғалімі: Ғ.Әйтпенбетов Оқу ісінің меңгерушісі: А Елжасарова
6.09.14 ж. « »-------------------------2014 ж.
Тақырыбы
|
Адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Мақсаты
|
1Адамның қалай пайда болғандығы жөнінде біілімдерін кеңейту;
2.Адамның даму эволюциясының мәнін жан-жақты түсіндіру;
3.Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
|
Күтілетін нәтиже
|
1.Топтық,жұптық жұмыстар арқылы адамның қалай пайда болғандығын пайымдайды;
2.Қосымша мәліметтерді қолдана отырып,адамның даму эволюциясының мәнін оқып түсінеді.
|
Түйінді идея
|
Адамның пайда болуының негізгі деректері
|
Оқушының іс-әрекеттері
|
Берілген тақырып бойынша жұптық,топтық жұмыстар жасайды;
Сұрақтарға барынша толық жауап береді.
|
Сабақтың типі
|
Жаңа білімді меңгерту сабағы
|
Әдісі
|
Топтық ,жұптық,жұмыстар,сұрақ-жауап
|
Көрнекілігі
|
Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы
|
Сабақтың барысы
|
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ Жаңа сабақты талқылау
ІV Рефлексия
|
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.(3 мин.)
ІІ Жаңа сабаққа кіріспе
Интерактивті тақтадан слайдтар арқылы жаңа сабаққа қысқаша шолу жасау ( 7 мин).
Гоминидтер дамуының төрт кезеңі
рамапитек\
австралопитек презинжантроп тік жүруші адам
ІІІ Жаңа сабақты талқылау. 1.Топтық тапсырма (15 мин.)
І топ . Бірінші кезеңнің ерекшеліктері.
ІІ топ .Екінші кезеңнің ерекшеліктері
ІІІ топ Үшінші кезеңнің ерекшеліктері
ІV топ Төртінші кезеңнің ерекшеліктері.
Әр топ өз жобаларын плакатка жазып, қорғайды. Топтар бірін-бірі «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
2. Жұптық тапсырма.Мәтінмен жұмыс. (15 мин.)
1.Адамдардың алғаш өмір сүрген жерлері
2.Нәсілдердің қалыптасуы жайлы пікірлер
3.Алғашқы құрал- жабдықтар
Әрқайсысы жеке оқиды,жұптар бір-біріне сұрақтар қояды.
Жаңа сабақты оқушылар қалай түсінгендерін бағдаршам арқылы бағалап,көрсетеді.
ІV Рефлексия (10 мин.)
Бүгінгі сабақ сіздерге несімен ұнады ?
Күндетікті сабақтардан айырмашылығы бар ма?
Топтағы оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз пікірлерін айтады.
Үйге тапсырма:§1 оқу,қосымша материалдармен жұмыс.
Қазақстан тарихы 10-сынып «Тексерілді»
Пән мұғалімі: Ғ.Әйтпенбетов Оқу ісінің меңгерушісі: А Елжасарова
11.09.14 ж. « »-------------------------2014 ж.
Тақырыбы
|
Қазақстан палеолит дәуірінде
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Мақсаты
|
Палеолит, мезолит кезеңдерінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тарихи кезеңдердің маңыздылығы туралы түсініктері қалыптастыру;
Өзара ынтымақтастық атмосферасы қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
1. Палеолит,мезолит кезеңдерінің ерекшеліктерін толық аша біледі;
2 Тарихи кезеңдер туралы ақпарат алады.
|
Түйінді идея
|
Палеолит, мезолит кезеңдерінің басты ерекшеліктері.
|
Оқушының іс-әрекеттері
|
Берілген тапсырмалар бойынша бірігіп жұмыстар жасайды;
Өз ойларын ашық жеткізе алады.
|
Сабақтың түрі
|
Аралас сабақ
|
Әдісі
|
Топтық ,жұптық,жұмыстар,сұрақ-жауап,үш жақты күнделік әдісі
|
Көрнекілігі
|
Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы
|
Сабақтың барысы
|
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын талқылау кезеңі
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Қорытынды
|
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.(2мин.)
ІІ Үй тапсырмасын талқылау.Сұрақ-жауап (12 мин.)
Топтар бір-біріне кезектесіп сұрақтар қояды:
1-топ сұрақтары: Адам баласының пайда болуы жайлы
2-топ сұрақтары: Адам баласының даму кезеңдері туралы
3-топ сұрақтары: Бүгінгі адамдардың ата-тегі туралы
4-топ сұрақтары: Нәсілдер туралы
Үй тапсырмасын қалай түсінгендерін бағдаршам арқылы бағалайды.
ІІІ Жаңа сабақ ( тұсаукесер) (5 мин.)
Осыдан соң, топтық талқылауларға тапсырмалар беріледі:
1.Мәтінмен жұмыс. (15 мин.) Әр топ тірек сызбалар құрастырады. Тақтаға шығып қорғайды.
1-топ Ерте палеолит
2-топ Орта палеолит
3-топ Соңғы палеолит
4-топ Мезолит
Топтар бір-біріне критерий қойып бағалайды.
ІV Қорытынды (10 мин.)
Үш күнделік әдісі:
Таңқалдыратын нәрсені анықтайды.
Неліктен қызықтыратындығын нақтылайды.
Мәселелік сұрақ қояды.
Не таңқалдырды?
|
Неліктен?
|
Сұрақ
|
|
|
|
Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау
ІV Үйге тапсырма: Оқу мен мазмұндау.Жо
Қазақстан тарихы 10-сынып «Тексерілді»
Пән мұғалімі: Ғ.Әйтпенбетов Оқу ісінің меңгерушісі: А Елжасарова
13.09.14 ж. « »-------------------------2014 ж.
Тақырыбы
|
Қазақстан аумағындағы мезолит пен ноелит
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Мақсаты
|
Неолит,мезолит кезеңдерінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тарихи кезеңдердің маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту;
Өзара ынтымақтастық атмосферасы қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
1. Неолит,мезолит кезеңдерінің ерекшеліктерін толық аша біледі;
2 Берілген тапсырмалар арқылы,өз ойларын ашық айтып үйренеді
|
Түйінді идея
|
Неолит, мезолит кезеңдерінің басты ерекшеліктерімен таныса отырып нақты ой айта алады.
|
Оқушының іс-әрекеттері
|
Берілген тапсырмалар бойынша бірігіп жұмыстар жасайды;
Топта бірлесіп оқиды.
|
Сабақтың түрі
|
Аралас сабақ
|
Әдісі
|
Топтық жұмыстар,сұрақ-жауап,венн диаграммасы.
|
Көрнекілігі
|
Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы
|
Сабақтың барысы
|
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын талқылау кезеңі
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Қорытынды
V Рефлексия
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар «Палеолит», «Неолит», «Энеолит», «Мезолит» болып үш топқа бөлінеді.Әр топ өз атауына түсінік беріп өтеді.(5 мин.)
ІІ. Үй тапсырмасын талқылау кезеңі. Жоба қорғау. (10мин.)
1.Палеолит тобы: Ерте палеолит кезеңінің ерекшеліктері.
2.Неолит тобы: Орта палеолит кезеңінің ерекшеліктері
3.Энеолит тобы: Кейінгі палеолит кезеңінің ерекшеліктері
4.Мезолит тобы: Мезолит кезеңінің еркшеліктері
Әр топ мүшелері жобаларын плакатқа жазып қорғайды. Содан соң,»екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
ІІІ.Жаңа сабақ. ( тұсаукесер) Интерактивті тақтадан жаңа сабаққа шолу жасау (5мин.)
Қызығушылықты ояту.(5мин.)
Топтар неолит,энеолит кезеңдеріне қатысты сөздерді жазады.
Топтық жұмыс.(10мин.)
1-топ Хронологиялық карта жасау
2-топ «Неолиттік революция» тақырыбына сызба құрастыру.
3-топ Мезолит кезеңіне сипаттама беру.
4- топ Ботай мәдениетіне сипаттама беру.
Оқушылар жаңа сабақты қалай түсінгендерін бағдаршам арқылы көрсетеді
ІV.Қорытынды (5мин.)
Венн диаграммасы
Неолит Мезолит
Оқушылар неолит пен мезолит кезеңдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
V.Рефлексия. Топ оқушылары бүгінгі сабақ жайлы өз пікірлерін білдіреді.(5мин.)
Үйге тапсырма: § 2 оқу
Қазақстан тарихы 10-сынып «Тексерілді»
Пән мұғалімі: Ғ.Әйтпенбетов Оқу ісінің меңгерушісі: А Елжасарова
18.09.14 ж. « »-------------------------2014 ж.
Тақырыбы
|
Энеолит. Ботай мәдениеті.
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Мақсаты
|
Энеолит, Ботай мәдениеті жайлы мағлұмат беру;
Археологиялық ескерткіштердің тарих үшін маңыздылығын түсіндіру;
Өзара ынтымақтастық атмосферасы қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
1. Тарихи ескерткіштермен тапсырмаларды орындау арқылы танысып оны зерделейді;
2. Берілген тапсырмалар арқылы,өз ойларын ашық айтып үйренеді
|
Түйінді идея
|
Археологиялық ескерткіштер туралы нақты байлам жасайды.
|
Оқушының іс-әрекеттері
|
Берілген тапсырмалар бойынша бірігіп жұмыстар жасайды;
Топта бірлесіп оқиды.
|
Сабақтың типі
|
Жаңа білімді меңгерту сабағы
|
Әдісі
|
Сын тұрғысынан ойлау әдістері.Кубизм,жигсо
|
Көрнекілігі
|
Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы
|
Сабақтың барысы
|
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қызығушылықты ояту
ІІІ.Мағынаны тану
ІV. Ой толғаныс
V Қорытынды
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды 4 топқа бөлу.
2.Қызығушылықты ояту (5 мин)
Қараүңгір
Ботай Ойықты
Атбасар
ІІІ.Мағынаны тану.(20 мин)
Оқушыларға эксперт парағын тарату
Топтағы оқушылар нөмірлерге бөлінеді.Эксперттік топтың міндеттері: мәтінді оқу, үй тобына түсіндіру.Кейін қайтадан өз тобына келеді.Сосын топқа түсіндіреді,талқылайды.
1-топ Ботай мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері қандай ?.
2-топ Шабақты ,Тәңірқазған мәдениеттері
3-топ Обалысай,Бөріқазған мәдениеттері
4-топ Археологиялық ескерткіштердің жалпы сипаттамасы.
Тапсырманы талқылап болған соң,топ оқушылары өзара критерий қойып бағалайды
ІV.Ой толғаныс.(15)
Кубизм әдісі
1.Тас дәуірінің алғашқы ескерткіштері қай жерден табылған ?
2.Қаратау аумағынан табылған есерткіштерге сипаттама беріңдер
3.Табылған ескерткіштердің қандай тарихи маңызы бар ?
4.Алғашқы палеолит кезеңінің ескерткіштерінің ерекшеліктері қандай ?
5.Неолит пен мезолит кезіндегі табылған құрал-жабдықтарға қоныстарға сипаттама беріп салыстырыңдар.
Оқушылар өз білімдерін бағдаршам арқылы бағалайды.
V.Қорытынды.(5 мин)
Шығу парағын толтыру.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, археологиялық ескерткіштердің картасын сызу.
Достарыңызбен бөлісу: |