Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы


Адамзаттың жаһандық мәселелері



бет3/3
Дата04.10.2023
өлшемі114.71 Kb.
#479854
1   2   3
Қазіргі жахандану мәселелері

Адамзаттың жаһандық мәселелері – ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер.
Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар:
Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму мәселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б.
Бұл тізім тұрақты емес. Сонымен қатар, өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық мәселелер туып отырады (ғарыштық кеңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.).
Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл – дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынастарының мәселесі. Оның мәні дамыған және дамушы елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық деңгейлердегі айырмашылықты азайту үшін дамушы елдер дамыған елдерден олардың нарығында дамушы елдердің тауарларына сұранысты ұлғайтуды, елге капитал мен білімінің ағымын ұлғайтуды (әсіресе көмек ретінде), сыртқы қарыздарын есептерін шығаруды және т.б. талап етуінде.
Азық-түлік мәселесі дегеніміз – қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін-өзі өмірлік маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе неғұрлым төмен дамыған елдерде азық-түліктің абсолютті жетіспеушілігі (ашығу) деп танылса, дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігі болып табылады. Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді қолдану, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресске және мемлекет тарапынан қолдау деңгейінен тікелей тәуелді.
Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. Әсіресе дамушы елдердегі кедейліктің үлкен масштабтары тек қана ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты дамуға үлкен қауіп тудырады. Негізгі осы өзекті мәселенің қоғамда зерттелу кезеңдерін 18 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін (А. Смит, Д. Рикардо, Т.Мальтус, Г.Спенсер, Ж.Прудон, Э. Реклю, К.Маркс, Ч.Бут және С.Раунтри) және қазіргі кездегі кедейлікті зерттеу 20 ғасырда (Ф.А.Хайек, П.Таусенд және басқа ғалымдар). А.Смиттің еңбегінде кедей адамның табиғаты бейнеленеді яғни, адам мен қоғамдағы әлеуметтік стандарттың арасындағы байланыстың үзілуі. 19 ғасырдың өзінде-ақ, кедейлікті отбасының бюджеті арқылы абсолютті кедейліктің критерийлерін анықтауды табыстың деңгейі арқылы және индивидтің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруы арқылы анықтау ұсынылған болатын. Кедейлік мәселесін зерттеуде үлкен еңбек қосқан экономистер мен әлеуметтанушылар қоғамдағы кедейліктің заңдылықтарын зерттейді. Соңғы 20-30 жылдары кедейшілікпен күресудегі әлеуметтік саясаттың пайда болуына себепші болған кедейліктің альтернативті теориясы жасалынды. 1980 жылдары кедейшіліктің эмпирикалық анықтамасы (Лейдендік анықтама) адамдардың жеткілікті минималдық табыс туралы ойлары, пікірлері белгілі бір деңгейде өз әсерін тигізді. Жоғарыда көрсетілгендей, кедейлікті зерттеудің 200 жылдан астам тарихы бар. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді. Кедейлікті 18 ғасырдағы А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус сияқты ұлы ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде сипаттаған. Т. Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады.
Қорыта айтқанда, адамзат дамуының жаһандық мәселелері оның кез келген даму кезеңдерінде өзекті болды. Десек те, аталған мәселелер ХХІ ғасырда ерекше маңыздылыққа ие болып, бүкіл халықаралық қоғамдастықты алаңдатып отырғаны жасырын емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет