2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша
Үржар ауданының әлеуметтік–экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері туралы.
Өнеркәсіп. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірілген өнеркәсіп өнімнің көлемі 3 230,5 млн. теңге болып, табиғи көлемінің индексі 112,8% құрады. Жеткізілген жоспар-тапсырманың орындалуы 83,5% (жоспар-тапсырма 3866,8 млн. теңге).
Есептік кезеңде «Мадина» ЖШС-мен өндірілген көмір көлемі 53,2 мың тоннаны құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі 8,4 %-ға немесе 4,1 мың тоннаға артты.
«Швабские колбаски» серіктестігі өндірілетін шұжық өнімдерінің көлемі 168 тоннаны құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,0 тоннаға кеміді.
Сонымен қатар, аудан көлемінде азық-түлік өнімдерін өндіруші орта және шағын кәсіпорындар 1065 (101,1%) тонна өсімдік майын және 294,0 (171,9%) тонна көлемінде нан және нан өнімдерін өндірген.
Ауыл шаруашылығы. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан көлемінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 19 656,7 млн. теңгеге жеткізіліп, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда табиғи көлемінің индексі 103,2 % құрады. Жеткізілген жоспар-тапсырманың орындалуы 96,0 % (жоспар-тапсырма 20 475,6 млн. теңге).
Үржар ауданы бойынша 2014 жылы егілген барлық егістік көлемі 180 058,2 га, оның ішінде барлық дәнді және бұршақты дақылдар – 58 562,4 га, майлы дақылдар – 84 066,9 га, бұның ішінде: (күнбағыс 78619,9 га, мақсары 1725 га, қытайбұршақ 3607 га, рапс 115 га), картоп 2 758,5 га, көкөніс 1 909,1 га, бақша дақылдары 1 683,2 га, мал азықтық дақылдар – 31 078,1 га.
Биылғы жылы егілген күнбағыстың көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 3 084 га азайтылып, керісінше дәнді дақылдар – 2 265 гектарға, соя 1227 га, мал азықтық дақылдар 6 881 га көбейтілді.
Ағымдағы жылдың 1-ші қазанына барлығы: 46 218,3 га дәнді дақылдар орылды, бұл орылатын көлемнің 95,9 %, бір гектардан алынған орташа өнім 11,3 ц, жиналған өнімнің көлемі 52 457,4 тонна. Сонымен қатар, 60028,4 тонна картоп, 83 242,7 тонна көкөніс және бақша дақылдары жиналып, картоптың 1 га алынған өнім 223,6 центнер, көкөністің 1 га алынған өнім 241,5 центнер және бақшаның 1 га алынған өнім 229,0 центнерді құрады.
Сойылып сатылған ет көлемі – 8398,0 тонна (106,0%), сүт – 56 766,1 тонна (102,0%), жұмыртқа – 15 009 мың дана (103,2%) болды.
Аудан бойынша ірі қара малы саны 86 771 басты (107,3 %), оның ішінде сауын сиырлар – 34 339 басты (102,4 %), қой мен ешкі – 286 089 басты (104,5%), жылқы – 24 534 басты (110,7 %), шошқа – 4 396 басты (53,5%) және құстар – 358 938 басты (102,4%) құраған.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның жалпы көлемі 8 003,8 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 153,8 %-ға, соның ішінде кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның көлемі 4 229,7 млн. теңгені құрап, 1,7 есеге дейін көбейді. Жеткізілген жоспар-тапсырманың орындалуы 154,3% (жоспар-тапсырма 5186,8 млн. теңге).
Құрылыс жұмыстарының көлемі былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 68,4 %-ға дейін көбейіп, 4 880,4 млн. теңге болды. Жеткізілген жоспар-тапсырманың орындалуы 100,0% (жоспар-тапсырма 4 878,4 млн. теңге).
2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан көлемінде 5148 шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге немесе 1178 шаршы метрге дейін артады. Жеткізілген жоспар-тапсырманың орындалуы 100,5 % (жоспар-тапсырма 5124 шаршы метр).
Шағын бизнес. Есептік кезеңде тіркелген кіші және орта бизнес кәсіпорындарының саны 102 бірлікті (120,0 %), соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 63 бірлікті (116,7%) және белсенді кәсіпорындардың саны 56 бірлікті (121,7 %) құрады.
Бөлшек тауарайналымының көлемі 7 903,1 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,0 %-ға немесе 809,2 млн. теңгеге дейін көбейді. Жеткізілген жоспар-тапсырманың орындалуы 100,4 % (жоспар-тапсырма 7 873,0 млн. теңге).
Аудан бойынша балалардың мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтылуы 96,2 %-ды (5101 бала) құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар саны 21,0 %-ға дейін артатын болады.
Бюджет. 2014 жылдың 1-ші қазанына аудан бюджетінің ішкі табысы 725,9 млн. теңгені құрап, жоспар 100,2 %-ға орындалады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бюджетке 61,2 млн. теңге көлемінде салықтар артық жиналады.
Аудан көлемінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне қосымша салық көздерін іздестіру Алгоритм іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде аудан бюджетіне 27,8 млн. теңге көлемінде қосымша салықтар мен алымдар түсті. Бұл көрсеткіш 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 %-ға немесе 3,7 млн. теңгеге артты.
2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан бюджеті шығысының кассалық орындалуы – 4 894,3 млн. теңгені құрап, бөлінген қаржы 98,4 %-ға игерілді.
Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту. 2014 жылдың 1-ші қазанына 206 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 12 адамға азайған.
Қаңтар-қыркүйек айларында жаңадан 792 жұмыс орындары құрылды. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 24,7 %-ға (57 адамға) кеміді.
Денсаулық сақтау саласында туберкулез ауру көрсеткіші 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 43,5 %-ға төмендеп, 30 оқиға (2013 ж-53 болған) тіркелген. 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 18,4 %-ға немесе 107 оқиғаға азайды. Туу деңгейінің өзгеру көрсеткіші 7,3 % -ға немесе дүниеге келген нәресте саны 64 балаға көбейді.
Қылмыс. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 249 қылмыс тіркеліп, 2013 жылғы деңгейден 21,0 %-ға немесе 66 қылмысқа кеміді. Қылмыстың ашылу деңгейі 58,0 % құрап, 2013 жылдың деңгейінен 2,3 пайыздық пунктіге артты. Соның ішінде тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 30 (90,9%), ашылу деңгейі 66,7% немесе 2013 жылдың деңгейінен 2,6 пайыздық пунктке артты.
Экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі басшысы В.Бойкова
Достарыңызбен бөлісу: |