Қазақстандағы корей диаспорасының діни ұстанымдары. Қазақстандағы корей ұлтына тиесілі дәстүрден тыс жаңа діни ағымдар, олардың ерекшелігі


Корей ұлтының Қазақстандағы діни үдерістердегі үлесі мен діни санасы: дінтанулық талдау



бет2/2
Дата20.01.2022
өлшемі87.83 Kb.
#454698
1   2
2.2 Корей ұлтының Қазақстандағы діни үдерістердегі үлесі мен діни санасы: дінтанулық талдау
 Қазақстан Республикасы – көп ұлтты және көп конфессионалды мемлекеттердің санатына жатады. Бүгінгі таңда елімізде 140-қа жуық ұлт пен ұлыс, 17 діни конфессияның өкілдері өзара үйлесімділікпен өмір сүріп жатқан жайы бар. Әрине мұнша ма көп ұлттың басын бір арнаға қосып, ортақ идеологияға біріктіру үшін алдымен мемлекеттің осы бағыттағы заңнамасы барынша жетілдірілуі тиіс. Әрине еліміздегі мұншама көп ұлт тарихтың түрлі кезеңдерінде қалыптасты. Атап айтқанда патшалық Ресейдің құрамына енген соң, Қазақстан «халықтар түрмесі» деп аталған елге айналды. Оның мәні еліміз бірқатар жекелеген ұлттар мен ұлт өкілдерінің жер аударылған өңіріне айналды. Саяси көзқарастары үшін қудаланған тұлғалардан бөлек, бүтіндей ұлттың елімізге көшірілуі де орын алып отырған. Әсіресе большевиктік тәртіп пен идеологияның коммунисттік идеяға берік негізделген тұста жекелеген ұлттар сенімсіз халық ретінде еліміздің территориясына адам төзгісіз жағдайда күштеп қоныс аударылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұндай үдеріс барынша белсенді жүргізілді. Нәтижесінде Қазақстан аумағы қудаланған ұлттардың мекен еткен аймағына айналып отырды. КСРО-ныңХКК мен БКП(б) ОАК-ның 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысында Қиыр Шығыс кәрістерінің қоныстарын аудару «өлкеге жапон тыңшыларын еткізбеу мақсатында» жүрпзілгенін айтады. Қиыр Шығыста тұратын кәрістер түр-түсі мен көлбеті жағынан ұқсастығына байланысты «жапон тыңшылары» деген желеумен жер аударылып, сенімсіз халық деп танылды.

Осы ретте бір атап өтетін жайт қазақ халқының кең пейілділігі мәселесі болып табылады. Мысалы қыстың күндері жүзеге асқан күштеп қоныс аудару барысында жол-жөнекей біз жоғарыда айтқан жылдары тау халықтары қатты қырылған. Оларды қатал қыстың күні Қазақстанға әкеліп, одан әрі қыру-қырту саясаты да болғаны жасырын емес. Алайда қазақ халқының немқұрайлылық танытпай, соғыстың ауыртпашылығын өздері де көріп отырғанына қарамастан мұсылман әрі мұсылман емес ұлттарға көмек қолын созды. Өліммен бетпе-бет келген ұлттар тек қазақ халқының дархандығы мен адал ниеті арқасында ама қалып, еліміздің көпұлтты мемлекет болу үдерісіне сіңісіп кетті. Қазақтар тарапынан жасалған мұндай көмек діни белгі бойынша жүргізілген жоқ. Қазақ халқының көмегіне сол тұстағы кәрістер мен немістер, поляктар сынды өзге дін өкілдері де мұқтаж болды және қазақтар олардың сол мұқтаждығына адамгершілік принциптеріне сай жауап берді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен енгізілген «Алғыс айту күнінің» мән мағынасы да дәл осы өлімнен аман қалған ұлттардың қазақ халқына алғысын білдіруінде болып табылады. Бұл тарихи оқиғалар Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекет болып орнығуының бір белесі ғана. Сонымен қатар ортақ мемлекет пен ортақ идеологияға біріктірілген Кеңестік үкімет құрған жылдары ұлттардың араласуы жиі әрі белсенді жүрді. Бір ғана тың игеру жылдарында елімізге одақ көлемінен екі миллионға жуық ұлт пен ұлыс көшірілген болатын. Мұның барлығы еліміздің егемендік алған жылдары көп ұлттық мемлекет болып әлемге танылуына жалғасты. Мұншама көп ұлттың басын қосып мемлекет құру ісі әрине сол жылдары бірқатар сарапшылар мен мамандар тарапынан құпталмады да. Олар еліміздің болашағына күмәнмен қарап, мұншама көп ұлттың қызығушылығын тауып, олардың мүддесін бір арнаға тоғыстырудың мүмкін еместігін алға тартқан болатын. Алайда сол тұстағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты нәтижесінде осыншама көп ұлтты біріктірген идеология пайда болып, олардың өзара үйлесімділікте өмір сүруінің бірегей үлгісі қалыптастырылды. Оған басты себептердің бірі дәл осы үйлесімділіктің заңнамалық негіздерінің жасалып шығуында еді. Мысалы барлық заңдардың анасы саналған Конституцияда еліміздің азаматтары ұлтына, тегіне және ұлттық белгілеріне сай артықшылықтар мен кемсітулерге ұшырамауы тиіс. Ал кемсітілген жағдайда олар сотқа шағымдану құқығына ие болды. Бұл заңның өзі өзге ұлттарға осы елдің толыққанды азаматы ретінде сезінуге мүмкіндік берді.

Ал көпдінділіктің қалыптасуы күрделі үдеріс. Неліктен? Өйткені Қазақстанға діндердің көптеп тартылуы бір ғана тарихи кезеңмен байланысты болмауында болып отыр. Мысалы Қазақстанның көп ұлтты мемлекет болып қалыптасуы егер де белгілі бір жылдар мен белгілі бір саяси жүйемен байланысты болса, діндерді елімізге тартылуы кез-келген мерзімде жүзеге аса берді. Мысалы бұл үдеріс сонау ұлттардың елімізге күштеп қоныс аударуынан басталып, күні бүгінге дейін жалғасын тауып жатыр. Мысалы сол қоныс аудару жылдарында тау халықтары исламның түрлі бағыттарын елімізде таратса, кәрістер мен немістер, поляктар христиан дінінің, сондай ақ буддизм сынды діни ағымдардың таралуына түрткі болды. Ал тәуелсіздік жылдарында мұндай діни серпіліс пен діни араласу толқыны одан сайын күшейе түсті. Мұның бір секем алар тұсы әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалған және мойындала бермейтін жаңа діни ағымдардың, сипаты жағынан теріс діни ағымдардың көптеп келуіне жалғасты. Әсіресе еліміздің зайырлылық принципін Конституциямен бекітуі, егемендіктің алғашқы жылдарындағы дін саласын реттеуші заңдардың олқылықтарын пайдаланған теріс және жаңа діни ағымдар қазақстандықтардың санасын улап та үлгерді және осы мақсатта біраз табыстарға да жетті. Жетпіс жылдан астам уақыт большевиктер енгізген дінсіз қоғамда амалсыз өмір сүріп келген еліміз егемендік алысымен азаматтар тарапынын өздерінің ішкі бос рухани кеңістіктерін толтыруға деген қажеттілік туындады. Оларға дер кезінде тура жолға бастайтын діни ілім беретін ол тұста Қазақстан мұсылмандар дін басқармасы да құрылмаған. Дәстүрлі діннен хабары бар мамандар да аз болды. Ал жаңа діни, теріс ағымдар болса бірнеше жыл көлемінде Еуропа мен АҚШ сынды елдердегі азаматтарды тартудың керемет тәжірибесін жүргізіп келген болатын. Сондықтан материалдық игіліктерді желеу ете отырып, онсыз да қаржылық тығырыққа тірелген қазақстандықтарды оп-оңай өз қатарларына енгізді. Нәтижесінде діни қажеттіліктерін өтеуді ойлаған қазақстандықтар тез арада жат ағымның жетегінде кетіп, мемлекеттің діни ахуал күрделендіріп қойды. Әрине бұл сөзсіз мемлекеттің орнығу үдерісіне кері әсерін беруі әбден мүмкін. Өйткені жік-жікке бөлінген халықтарды бір арнаға тоғыстырып, ортақ идеологияға біріктіру өте қиын мәселе. Теріс діни түсінікке санасы уланған азаматтарға мемлекеттік және ұлттық идеологияға қарағанда өздерінің діни идеологиясының ұстанымдары сіңімдірек немесе маңыздырақ деп айтсақ та болады. Міне осындай діни ахуал жағдайында еліміздің кәріс ұлты да діни үдерістерге белсенді қатысушысына айналды.

Міне көпконфессиялы Қазақстан жағдайында дін таңдаудағы ар-ождан бостандығын пайдаланып, республика аумағындағы кәріс ұлытының азаматтары діни бірлестіктердің мүшесі болып, бірқатар діни бірлестіктердің жұмысына белсенді қатысты. 2017 жылы елімізде 3259 діни бірлестік әрекет етіп келді. Қазақстандағы діни бірлестіктердің өсуі мен төмендеу динамикасы және оған кәріс ұлтының қатысу деңгейін келесі кесте арқылы сараласақ:


Кесте 2




Діни бірлестіктер

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

2015 ж




Исламдық бірлестіктер

2811

2229

2367

2459

2468




Православтық бірлестіктер

304

280

293

318

323




Елулік шіркеулері

400

189

230

219

217




Игехова куәгерлері

70

59

60

60

60




Методистер

18

11

12

14

13




Жаңаапостолдық шіркеу

47

8

25

26

25




Муна бірлестігі

0

0

1

1

1




Жетінші күн адвентистері

67

42

42

42

42




Буддизм

4

2

2

2

2




Кришнаитер

14

8

9

9

9




Пресвитериандық шіркеу

229

55

92

101

106




Лютеран шіркеуі

32

13

13

13

13




Бахаи сенімі

20

6

6

6

6




Иудаизм

26

4

7

6

6




Католицизм

118

79

84

84

84




Мормондар

1

2

2

2

2




Меннониттер

6

1

4

4

4




Баптистер

364

100

185

181

181

Кестеден байқағанымыздай 2011 жылғы дін саласының жаңа заңы шыққанға дейін елімізде жаңалан пайда болған діни бірлестіктердің саны өте жоғары болған. Өйткені олар құрамына 10 адамды топтастыру арқылы пайда бола салған бірлестіктер. Ал 2011 жылғы діни заңға сәйкес діни бірлестіктердлі біз жоғарыда атап өткеніміздей жергілікті, аймақты жәнге республикалық деп бөліп, олардың құрамы сандық жағынан үлкен өзгерістерге ұшыраған болатын. Мысалы 10 адаммен құрал беретін жергілікті діни бірлестіктер үшін ендігі кезекте 500 адамды құрамына қосу қажеттілігі заңмен белгіленді. Сондықтан көптеген діни бірлестіктер мемлекеттік әділет органдарының қайта тіркеуінен өте алмаған.

Осындай көпконфессионалды қоғам жағдайында азаматтың дін таңдау еркіндегі ар-ождан бостандығын мойындау құқығы ел азаматтарына осы діни бірлестіктердің жұмысына белсенді атсалысуына жағдай жасады. Мысалы елімізде христиан дінінің бір тармағы саналатын католиктік бағыттың да қатары күн санап өсуде. Бір ерекшелігі еліміздегі бүгінгі күні мыңға жуық католиктердің шіркеуінде Жаратушыға деген құлшылықтары орыс тілімен қатар, неміс, украин, поляк және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Қазақ тілінде құлшылықтарының жоқтығы көңілді қуантатыны да біз үшін жасырын емес. Католиктер қатарында жергілікті ұлтқа қарағанда басым көпшілік ұлттық құрамын неміс, поляк, украин, орыс, литвалықтар мен кәрістер де құрап отыр.

Қазақстандағы кәріс ұлты негізінен өздерінің наным-сенімі жағынан протестант болып келеді. Дегенмен өзіндік діни ілімі бойынша кәріс ұлты біртұтас болып табылмайды. Сондықтан әртүрлі христиандық діни бірлестіктер қатарында үнемі көбейіп отырумен сипатталады. Қазақстанда кәріс ұлты белсенді мүшесі болып табылатын кейбір жаңа протестанттық ағымдар 1991 жылдан кейін пайда болды. 2013 жылғы қаңтар айына берілген ақпарат бойынша Қазақстанда протестанттық бағыттағы 500 діни бірлестіктер тіркеуден өткен. Протестанттық қауымдардың арасынан ең ірісі әрі елдің барлық өңірлерінде тарағаны елуіншілер шіркеуі болып табылады. Олардың діни ілімінің өзіндік ерекшелігі адамдардың өз бетімен рухани қайта жаңару сыйына ие болу және «Қасиетті Рухпен шоқыну» мүмкіндігіне деген сенімнен құралатын шіркеуді мистикалық-индивидуалдық тұрғыдан түсінуден тұрады. Қазақстанда олар 1990 жылдардың басында құрылып, харизматикалық шіркеулерге бастама болды. Олардың ең ірілері мыналар: «Жаңа өмір» діни бірлестігі құрамында 38 бірлестік тіркелсе, «Агапе» діни бірлестігіне 22 бірлестігі бар. Ал «Өмірдің қайнар көзі» діни бірлестігіне 28 бірлестіктің жұмысы шоғырланған.

Кәріс ұлтының еліміздегі діни қарым-қатынастарға сонымен қатар жаңа протестанттық ағымдар арқылы да атсалысып отыр. Олардың қатарында Евангелді христиан-баптистер болып табылады Олардың ішінде Евангелді Христиан Баптистер Шіркеулер Одағы сынды орталықтанған құрылымдар бар, барлығы 68 діни бірлестіктер және 27 автономды баптистік шіркеулер. Евангелді Христиан Баптистердің басым бөлігі Алматы облысында 24 бірлестіктер тіркелген. Алматы қаласында 15 бірлістік болса, Оңтүстік Қазақстанда 13 бірлістік және Қарағанды облыстарында 53 бірлестіктерінде, соның ішінде, 43 филиалдар орналасқан. Қарағанды да осыншама көп болуы да заңды. Өйткені Қазір Қазақстанда 99665 корей бар, оның 14097-і Қарағанды облысында өмір сүреді.

Кәріс халқы мүше болатын пресвитериандық шіркеулер 99 бірлестіктен тұрады. Қазақстан аймақтарында XIX-XX ғасырларда пайда болған діни ағымдар жұмыс істейді. Бұлар «Иегова Куәгерлері» 60 бірлестік, «Жетінші күн Адвентистері» 42 бірлестік және «Жаңаапостол шіркеулері» 11 бірлестік жергілікті діни бірлестіктері. Евангелді-лютерандық шіркеуі Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы 13 жергілікті бірлестіктерден тұрады. Бүгінде республикада методистердің 13 діни бірлестіктері қызмет етеді. Алғашқы Методистік шіркеу республикада 1991 жылы Алматы қаласында тіркелген. Олардың пайда болуына Корей методистік шіркеулері мен Ресейдің біріккен методистік шіркеулерінің миссионерлері секілді шетелдік уағызшылардың белсенді қызметтері әсер етті.

Қазақстандағы корей ұлтының діни қарым-қатынастардағы үлесін буддизм діні негізінде де анықтауға болады. Өйткені корей халықтарының бірқатары өздерінің ата дәстүрі болған буддизм дінімен жалғасып жатыр.

90–шы жылдардың басында, Кеңес одағы құлаған соң буддизм Қазақстанға тағы да ене бастайды. Сол кезде елге Үндістаннан, Бурятия, Оңтүстік Корея және Қытайдан түрлі буддистік ұстаздар ағылады. Солардың бірі - Ким Тэ Иль. Ол вон–буддизм ғибадатханасының қызметшісі. Ол Қазақстанға 1992 жылы, өзінің Оңтүстік Кореядағы орталығының жолдауымен келіп, ілімін алғашқы жылдары шағын пәтерінде жүргізе бастаған. Екі жыл өткен соң ол Алматы маңынан жер телімін сатып алады да, ғибадатхана сала бастайды. Ол 1997 жылы ашылып, әлі күнге дейін жұмысын жүргізіп отыр. Ким Тэ Иль: «Бас кезінде менің проблемам тіл еді, тәжірибе жетіспеді. Оның үстіне бұл жердің мәдениеті бөлек, азиялық аймақ. Қатарымыздағылардың басым бөлігі – жергілікті корей ұлтының өкілдері, бірақ олардың мәдениеті мен менталитеті басқа, сондықтан бір бірімізді түсіну қиынға соққаны рас. Дегенмен, буддизм сөзді қажет етпейді, мұнда негізінен медитация мен ілім–танымға жету көзделген. Сол арқылы көкірегіміз нұрланады. Қазір қатарымызда тұрақты 30-40 шақты адам бар. Храмға міндетті түрде келіп тұру керек деген талап жоқ, сондықтан нақты санымыз қанша екенін айта алмаймын. Біреу жылына бір рет қана бой көрсетеді, біреулері апта сайын келеді. Адамдар келеді, кетеді. Олардың арасында түрлі ұлттардың өкілдері бар: орыстар да, қазақтар да, өзбектер де. Жылына екі мәрте әке–ана күнін өткізіп, ата–бабаларымызды еске аламыз. Еске алу рәсімінің ұзақтығы бір сағаттай, аяқталған соң жарты сағаттай дастарқан басына жиналып, шай ішеміз, тілдесеміз. Бізде садақа жинау деген жоқ, біз оны қабылдамаймыз. Храмды ұстап тұруға кететін шығын көп емес, сондықтан ара–тұра қажет нәрселерге өз қаражатымды жұмсаймын» дейді [Нирвана іздеген қазақстандықтар: буддизм Қазақстанға қалай келді // https://reporting.cabar.asia/ru/nirvana-izdegen-aza-standy-tar-buddizm-aza-stan-a-alaj-keldi/].

Вон–буддизм ағымы – Қазақстанда ресми тіркелген буддистік діни екі ұйымның бірі. Екіншісі – Оралдағы тибет ламаизмі. Басқа ағымдар тіркеле алмайды, басты себеп – мүшелердің саны 50-ден кем болмауы тиіс. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстандағы барлық діни ұйымдарды 2012 жылы қайта тіркеуден өткізе бастағанға дейін буддистік бірлестіктердің 4 ғибадатханасы болған. Қазір екеуі ғана қалды.

Қазір Қазақстанда вон–буддизмді ұстанатын дәстүрлі корей буддистері бар, бұл – Махаяна буддизмі. Өздерін Далай Ламаның шәкірттеріміз деп санайтын буддистер бар, олардың жамағаты Оралда шоғырланған. Бірнеше адам Қарағандыда және Қазақстанның солтүстік аймақтарында. Аса көрнекті лама Намкай Норбудың жолын қуушылар да баршылық. Сонымен қатар, тибеттік буддизмдегі Карма Каргью мектебінің жолын ұстанушылар.

Буддистер үшін мүсіндер мен алтарь алдында сыйыну және жоралғылар өткізу тән, бірақ бұл жай ғана ғибадат ету формасы, сананы дұрыс жолға бағыттауға көмектеседі. Буддист үшін маңыздысы – өзін-өзі мейлінше ізгілендіру және жақындарына көмек жасау. Христиандар мен мұсылмандар үшін маңыздысы – ақырет күнін ойлау болса, буддистер ілімі себептер мен салдарлардың бұлжымас заңдылығына – кармаға негізделеді. Бұл ілімге сәйкес, әр адам өз ойлары, сөздері және әрекеттері үшін сауабын алады. Бұл өмірдегі сауаптары өткен өмірлеріндегі әрекет – амалдары үшін жазылған, ал осы өмірдегі әрекеттері келесі өміріндегі сауабына айналады. Қайта–қайта туыла бере, сауаптарын ала келіп, ақыр аяғында адам Нирванаға жетеді, яғни қайта туу тізбегін үзіп, Буддаға айналады.

Қазақстанда қазір 150 мыңнан астам адам католик дінін ұстанады. Бұлар – поляк, неміс, украин, кәріс және басқалары. Тәуелсіздік кезеңінде жылдың ішінде 79 діни бірлестік Рим-католик шіркеуі ретінде және 2 діни бірлестік грек-католик шіркеуі ретінде тіркелген. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген монах ордендері, конгрегациялар мен шіркеулік қозғалыстар жұмыс істейді. Католик шіркеулерінде құдайға құлшылық рәсімдері орыс, украин, неміс, ағылшын және поляк тілдерінде өтеді. Дінге сенушілердің ұлттық құрамы әртүрлі, немістер мен поляктармен қатар, можно украин, орыс, латыш, корей және өзге де ұлт өкілерін кездестіруге болады.

Католиктік шіркеу үлкен қайырымдылық жұмыстарын өткізеді. Көптеген приходтар кедейлерге арналған асханалар, қарттар, балалар мен панасыздарға баспаналар ұйымдастырады. Қайырымдылық мақсатты бірнеше медициналық мекемелер қызмет көрсетеді. «Renovabis» қоры мен дінге сенушілердің жанашырлықтарының «Кредо» газеті жарық көреді.

Еліміздегі протестантизмнің тарихы ұзақ мерзімдерді қамтиды. Ресейге қосылғаннан соң қазақ жерінде алғашқы әскери қоныстанушылар пайда бола бастады, олардың арасында неміс лютерандар да аз болған жоқ. Кейіннен осы дінге сенуші шенеуніктер, қолөнершілер мен шаруалары қоныстандырыла бастады. XIX ғ. 80-ж. Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныстандыру күшейе түсті. Сол кезде лютеран, баптист, меннониттердің аздаған қауымдастықтары пайда болды. ХХ ғ. столыпиндік реформа қоныстандырудың жаңа толқынын тудырды, бұл өз кезегінде тұрғындардың конфессиялық құрамын түрлендірді.

1950 ж. ортасында жарамсыз халықтар мен конфессияларға қатысты саясаттың әлсіреуімен байланысты, республикада лютеран шіркеуінің, евангелдік христиан-баптистердің, адвентистер мен, меннониттердің қауымдастықтары құрыла бастайды. Ұзақ уақыттар бойы көптеген қауымдастықтар жасырын түрде қызмет етті. Алғашқы лютеран шіркеуінің қауымы Ақмолада (Астана) 1955 ж. тіркелді.

Кеңес үкіметінің ыдырауына таман Қазақстанда 109 інжілдік христиан-баптистер қауымы тіркелген еді, бұл мұсылман мешіттерінен екі есе көп көрсеткіш. ХХ ғ. 90-ж. лютерандар, меннониттер көрсеткіші төмендеді, бұл осы діни сенімдерді ұстанатын неміс және өзге де ұлттардың Ресей, Германия секілді тарихи отандарына көшуі себеп болды.

Қазіргі кезде баптистердің арасында орыс, украин, белорус, корейлер көптеп кездеседі. Осы себепті дінге сенушілердің басым бөлігін құраған немістердің тарихи отандарына оралуына қарамастан қауым саны өсіп отырды. Мұны статистикадан да көруге болады: егер 1993 ж. 129 баптистік бірлестік жұмыс істесе, 2002 ж. – 281, 2007 ж. – 290 бірлестік жұмыс істеді.

Елімізде 2011 ж. қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң аясында жүргізілген діни бірлестіктерді қайта тіркеу шараларынан соң, протестанттық бағыттағы діни бірлестіктердің саны өзгерді.

Сәйкесінше, 2012 ж. Қазақстанда інжілдік христиан-баптистердің 100 діни бірлестігі тіркеуден өткен. Сондай-ақ, Елуіншілер шіркеуінен - 189, Пресвитериандық шіркеулерден – 55, Жетінші күн адвентистерінен – 42, Інжілдік-лютеран шіркеуінен – 13, Ехоба куәгерлерінен – 59, Методистерден – 11, Жаңа Апостолдық шіркеуден – 8 діни бірлестік қайта тіркелді.

Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері (мормондар) шіркеуінің 2 діни бірлестігі тіркелген. Соңғы жылдары тіркелген мұсылмандардың, православиелік және католиктердің діни бірлестіктерінің санының өсуі аясында лютерандық және баптисттік діни бірлестіктердің саны айтарлықтай қысқарғанын атап өткен жөн.

Елулік шіркеу саны 2015 ж. аяғына қарай Қазақстанда 189, пресвитери­андық — 239, харизматикалық — 306 жетті. Анағұрлым атақтылары: «Грейс-Благодать», «Емма- нуил», «Новая жизнь», «Агапе», «Сун Бок Ым», «Церковь Полного Евангелия» болып табылады.

Көптеген елулік және пресвитериандық шіркеулерді Оңтүстік Корея және АҚШ миссионерлері құрды. Олардың пасторлары мен ізбасарлары арасында корей диаспорасының өкілдері аз емес. Новоапостоль шіркеуі, «Жетінші күн адвентисттері», «Иегов куәгерлері» және мормондар («Қасиетті соңғы он күні Иисуса Христос шіркеуі») ерекше орын алады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 8 жоғары, 6 арнайы орта және 3 жалпы білім беретін рухани оқу орындары әрекет етеді, сонымен қатар ірі мешіттер жанында тұрақты әрекет ету курстары және шіркеу жанында жексенбілік мектептер қызмет етеді. 2014 ж. соңында республикада 20 елдің ішінде 400 жуық шетелдік миссионерлер жұмыс істеді.

Қазақстанның конфессиялық кеңістігінде протестанттық діни бірлестік ауқымды орын алып отыр, қазіргі уақытта оның 500-ден астам шіркеулері мен діни ғибадатханалары бар.

Жоғарыда көрсетілген діни бірлестіктерден басқа елімізде иудейлік жамағат, буддизмнің 2 діни бірлестігі, сонымен қатар Қазақстан үшін дәстүрлі емес 18 діни бірлестіктер («Мормондар», «Кришнаиттер», «Бахаи», «Муниттер» және т.б.) қызмет атқарады.

Елде баптистік екі топ: Евангелиялық христиандар мен баптистер шіркеулерінің кеңесі («Шіркеулер кеңесі») жəне Евангелиялық христиандар мен баптистер одағы («Баптистер одағы») болды. Алайда сенушілері 1000-ға жуық «Шіркеулер кеңесі» жөнінде нақты статистика болмағанымен, «Баптистер одағының» сенушілер саны 10 000-нан асты. Қазақстан үкіметі Баптистік одаққа қарайтын 198 шіркеуді жəне сол шіркеулерде қызмет ететін 22 шетелдік миссионерді санаққа алғанын хабарлады. Басқа айтарлықтай көлемді конгрегацияларға пресвитериандар, лютерандар, йегова куəгерлері, жетінші күн адвентистері, пентекосталдар жəне басқалар жатады. Кішігірім методистер, меннониттер жəне мормондар қауымдастықтары тіркелген. Қазақстан үкіметі оңтүстік кореялық протестандық шіркеулердің елде тіркелген конгрегациялары мен миссионерлерінің санының өскен.

Мемлекеттік статистика агенттігінің мағлұматына сүйенсек, 2006 жылдың қаңтар айында елде 413 шетелдік миссионер қызмет етуде. Тіркеуден өткен миссионерлердің көпшілігі – Оңтүстік Корея, Ресей жəне басқа бұрынғы кеңес елдерінен келген христиандар. Ресми тіркелген 8 мұсылман дінін уағыздаушыдан басқа, бірнеше тіркеуден өтпеген миссионерлер елдің оңтүстігінде белсенді қызмет етеді.



Қазақстанда кәріс ұлты көптеп табылатын пеопротестанттық ағымдар қоғамға күшті әсер етуде. Діни ұйымның пайда болу үдеріс, бұл құрылымның бір нысанға ұзақ айналуның нәтижесі және де бұдан бұрынғы діни қозғалыстардың салдары болып келеді Неопротестанттық ағымдардағы діни қызметтердің қазіргі кезеңдегі формалары әртүрлі. Өздерінің қоғамдық санаға әсер ету деңгейлерін кеңейту мақсатында олар түрлі жаңашылдықты өте белсенді пайдаланады. Діни ұйымдар мен зайырлы қоғамдық ұйымдар арасындағы қатынастарды пайдалану арқылы қайырымдылық іс-шараларын жасау, үгітнасихат жүргізу, білім беру салаларындағы жобаларға қомақты қаржы − қаражат бөлу, баспа және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шығу, мәдениет және бизнес салаларында қызмет жасауын мақсатты түрде іске асырып жатыр. Еліміздегі қазіргі кездегі неопротестанттық ағымдардың біразы білім беруші, қоғамдық, мәдени-ағартушы, ұйымдар ретінде тіркелулері, олардың қызметтеріндегі жаңа тенденциялардың көрінісі десе де болады. Өздерінің әлеуметтік беделдерін арттыру үшін олар жылжымайтын мүліктер сатып алуда, сонымен қатар, журналистердің, заңгерлердің, мемлекеттік шенеуніктердің саяси мәртебелерін өз мүдделеріне қарай қолдануды кәсіпке айналдыруда. Олар есірткіге, ішімдікке қарсы және тағы басқа әлеуметтік акциялар мен бағдарламаларды көбірек ұйымдастырып, ұтымды пайдаланады. Жаңа діни құрылымдардағы жұмыс негізінен жастарға қарай бағытталған деп тұжырымдайды дінтанушылар мен психолог мамандар. Жас өспірім алғаш келгенде бүкіл топтың ерекше назарында болады. Оны Құдайдың қалай сүйетіндігі, оның өзінің жоғары міндеті туралы, күнәға толы мына өмірде тек осы «жанұя» адамдары ғана бірін қадірлейтіндігі туралы оған айтып, сендіруге тырысады. Жас адамды «ерікті» түрде иландырадыру үшін оның ойлану қабілетін тоқтататын арнайы әдістерді қолданады. Осылай тағдыр тәлкегінен күйзеліске ұшырап жүрген адамға да, рухани ізденістегі адамға да бұл ұйымдар жанашыр қамқоршы сияқты болып көрінеді. Бірақ олардың беретін жұбаныштары уақытша және алдамшы ғана, себебі олар өмірдегі нақтылы болып жатқан нәрселерді еш өзгерте алмайды. Неопротестанттық ағымдарға ілескен адамдар көпшілік жағдайда діни идеологиялық шырмауға шырмалып, қайтадан кері шыға алмай қалады. Егерде адамда өзінің адамгершілік нормалары мен жалпы құндылықтары туралы нақтылы көзқарасы болмаса, онда ол адам өзіндік еркі жоқ робот сияқты ерікті түрде біреудің айтқанын бұлжытпай орындайды. Бұндай жағдай тұлғаның психологиялық және рухани тоқырауға ұшырауына міндетті түрде алып келеді. Неопротестанттық ұйымдардың қызметі желілі маркетингтегі ұйымдастырылған секілді белгілі бір жүйеге келтіріліп жүргізіледі. Мамандар маркетингтің принциптеріне сараптама жасағанда, бұндай жұмыстағы дилер жоғары жетістікке қол жеткізу үшін оның келесідей психологиялық ерекшеліктері болуы керек дейді. Ондай адам міндетті түрде пайдакүнем, дүниеқор, ұялу, ыңғайсыздануды білмейтін, екіжүзді актер болуы керек. Сонымен қатар, оның кәсібіне деген мүдделестік сезімі өте күшті дамыған болуы қажет. Секталарда да, маркетингте де осындай қасиеттерімен көзге түсетін көшбасшылар бар. Маркетингтің де, секталардың да жұмыс істеу кезеңдері де бірдей:

1. мүшелікке алуға іріктеу;

2. тармаққа баулу;

3. психологиялық тазарту.

Сектанттық қызмет те, желілі маркетинг сияқты адамдарды өз ыңғайларына қарай «бағыттаудан» басталады. Бұл үшін бес-алты адамнан құралған топ болса да жеткілікті болады. Бұндай кездесулер барысында олар адамдарға өте мейрімді жанашыр жан ретінде әңгіме айтып, адамдардың сеніміне кіріп алуға тырысады. Осыдан бастап олар ақырындап бұл адамдармен нейролингвистикалық бағдарламаның заңдарына сәйкес жұмыс істейді. Бұндай принциппен жұмыс жасай білетін адам кез − келген аудиторияны транс күйіне түсіре алады. Егер діни ағымдардың қызметінде психотехникалық әдістер қолданылып, осындай белгілер байқалып жатса, онда оларды секталар қатарына жатқызуға толық негіз бар. Секталарды зерттеу барысында мамандар оларға тән ортақ белгілерді төмендегідей қылып жіктейді:

- неофиттерге айрықша мейірім көрсету;

- қасиетті сөздерді қайталау арқылы және үздіксіз медитацияның көмегімен транс күйіне түсу;

- индоктринация дегеніміз ұйымда уағыздалатын ілімді түсіндіріп жеткізу. Медитация, діни уағыз, медитациялық музыка бұлар 3-4 сағатқа созылатын діни рәміздер болып табылады. Жоғарыда көрсетілген қызметтерімен қоса бұндай ұйымдар өз алдыларына үлкен мақсаттар қояды

- атақ-абыройларын әлемдік деңгейге дейін жеткізу;

- мүшелерді өздеріне жаппай жинау; - ұйым мүшелерінің санасын өзгерту мақсатында олардың психикаларына әсер ету. Егерде неопротестанттық ағымдарда осы сипаттамалардың біреуі болса, онда бұл ұйымды деструктивтік культке толығымен жатқызуға болады [Хассен С. Освобождение от психологического насилия. – СПб.: 2001. – 304 с., б.81].



Бүгінгі таңдағы неопротестанттық ағымдардың құрамына кіретін сенуші адамдар бұрынғы, осыдан он жыл немесе ғасыр басындағы сенушілерден айырмашылықтары өте көп. Қазіргі күндері бұлар – діни сенімдерден толық арылмаған, алайда өзінің азаматтық борыштарын өтеуші адамдар. Сенуші адамдардың бойындағы өз-өзінен оқшаулануы мен тұйықталуға деген ұмтылыстары саябырлап келеді. Атап өтетін жағдай, бұндай сипаттар қазіргі таңда тек қана евангелшіл баптист-христиандар шіркеуі немесе жетінші күн адвентистері секілді ұйымдар үшін ғана тән емес, сондай-ақ жиі діни шыдамсыздықтарымен ерекше көзге түсетін, қазіргі «әлемге» көңілі толмайтын Иегова куәгерлеріне де, елуіншілдіктерге де тән. Бұл аталған ұйымдардың баысм көпшілігінде корей ұлтының құрам жағынан көптігі байқалады.

Еліміздегі евангелизация саясатын белсенді жүзеге асыруда жоғарыда атап өтілген неопротестанттық ағымдар миссионерлік қызмет атқаруда. Неопротестанттық бағыттардың ішінде осы діннің атын жамылған түрлі діни секталар бар. Осындай діни ұйымдар өз ілімдерінің қайнар көзі ретінде Інжілге сүйенеді және өз ұйымдарының шығу тегін тікелей әулие апостолдармен байланыстырады. Бұл ұйымдардың басшылары өздерін пайғамбар немесе Мәсіх деп атайды. Бұл діни ұйымдардың махаббат жанұясы «Құдай балалары», «Тәуелсіз миссионерлік қауымдардың одағы» деген атпен белгілі. «Құдай балалары» сектасы өз атын бірнеше рет өзгертті. Алғашқыда «Махаббат жанұясы», кейін «Жанұя» деген ресми атау алды. Бұл сектаның тағы бір атауы «Жанұя Христиандық миссиясы». Бұл секта жалған евангелшіл, оккульттік, апокалиптисттік бағытта. Сектаның штаб пәтері Цюрих қаласында орналасқан. Бұл ұйымның өмірлік басты ұстанымы жалпыға арналған сүйіспеншілік. Секта мүшелері жаңа есімдер алып, әрекет жасайды. Жаңа есім бұл жасырын әрекет етудің құралы. Сырт көздер үшін бір есім, ал секта үшін екінші есім алу дәстүрі сақталды. «Құдай балалары» сектасының ілімінде ақырзаман туралы ілім басты орын алады. 1968 жылы ол пұтқа табынушылардың уақытының аяқталғанын жариялады. Енді ежелгі Израиль қоғамы «Құдай балалары» арқылы қалпына келу уақыты басталғанын жариялаған секта басшысы үлкен адасушылықтар уақыты келгендігін және Армагеддонға дайындық басталғандығын айтты. Осыдан кейін шынайы христиандар қудаланып, бұкіл әлем антихристқа құлшылық етеді, ал 1993 жылы әулиелер аспанға көтеріліп, Иисустың мың жылдық патшалығы басталады деп жария етілді. Секта мүшелері үнемі эмоционалды және психологиялық қысымда болады. Секта мүшелері күніне 8-10 сағат Інжіл мәтінін жаттаумен шұғылданады. Секта мүшелері эмоционалды және психологиялық тұрғыдан өңдеуден өтеді. Еліміздегі барлық протестанттық ағымдар сияқты елуіншілер де өз қатарына жаңа мүшелер тартуға бағытталған белсенді әрекет жүргізеді. Бірқатар белгілеріне қарап, зерттеушілер елуіншілерді секта деп санайды. Ал елуіншілер өздерін христиандықтағы төртінші бағыт ретінде қарастырады. Елуіншілер сайтындағы мәліметтерге сүйенсек қазіргі таңда жалпы христиандардың 20% елуіншілер болып табылады, олардың саны 500 млн адамнан асады. Қазіргі кезде Қазақстанда елуіншілер әртүрлі ағым ретінде қызмет жасайды. Ресми 24 культтік ғимараты бар 53 қауымдастық тіркелген. Солардың ішінде «Сун Бок Ым», «Құдай шіркеуі» және «Апостолдар рухындағы Евангелдік христиандар» көбірек таралуда. Методизмнің мұндай тез таралуына олардың қызметтерінің басым бағыттары төмендегілер болғаны айқын: әлеуметтік көмек, миссионерлік жұмыс, білім. Қазақстанда 14 методистік қауым бар. Олар Алматы, Жамбыл, Қарағанды қалаларында қызмет жасайды. Кореядан келген миссионерлердің уағызының күшімен бұл ағымның да саны өседі деген болжам бар. «Благодать» шіркеуі 2010 жылдың аяғына дейін Қазақстанда толығымен евагелизация процесін бітіруді көздеп отыр. Яғни барлық қазақстандық мәсіхшіл болады деген сөз. Қоғамда қалыптасқан рухани дәстүрлерді бұзып, оған Библияның рухын кіргізу – негізгі мақсат. Ол үшін олар барлық ақшалай қаржыларын да, күшқайраттарын да аямай салады [Байтенова Н.Ж. Қазақстандағы діндер. – Алматы, 2010. – 250 б., б.29].

1992 жылы Алматы қаласында орталық стадионда үш күндік Інжілдік хабар жиналысы өтті. Оған халықаралық деңгейде Ізгі хабар таратушы Питер Яег қатысты. 1996 жылы негізі қаланған Інжілдік қазақ қауымы «Сәлем» мүшесі жағынан Қазақстан бойынша үш жарым мыңға жуықтап, басқа елдерге миссионерлер аттандыруда. 1999 жылы Інжілдік мәсіхшілерді біріктіру мақсатында Қазақстан діни бірлестіктер ассоциациясы және 2004 жылы «Қазақстан Інжілдік Одағы» құрылды. Сонымен қатар «Мухаббат», «Нижат» т.б. ұйғыр Інжілдік қауымдары 2000 жылдан бастап жұмыс жүргізуде. Қазақстанда Жетінші күн адвентистері өткен ғасырдың басында пайда бола бастады. 1902 жылы алғашқы адвентистік ұйымдар Өскеменде, Семейде, Ақмола облысының Рождественка ауылында және Қостанай облысында пайда болды. 2002 жылы Қазақстанда Жетінші күн адвентистері өздерінің жүз жылдығын атап өтті. Ресми 62 діни қауым тіркелген. Алматыда Заокс Рухани академиясында сырттай діни қызметкерлер дайындайды. Олардың миссионерлік қызметінің негізгі бөлігі христиандық араласу болып саналады. Ол қарттар үйі мен ауруханалардағы ауруларға пасторлық көмек беру, психикалық күйзеліс жағдайындағы адамдарға қамқорлық көрсету болып табылады. «Иегова куәгерлері» өте тез өсіп келе жатқан конфессиялардың бірі болып табылады. 1966 ж. 15 қауымдастық 329 сенушіге ие болса, 1986 ж. 27 қауымдастық 1381 сенуші, 1988 ж. 27 қауымдастық 1290 сенуші, 2001 ж. 121 қауымдастық 12992 сенуші оның үштен бірі Алматы қаласында тұрады. Кеңес өкіметі кезіндегіге қарағанда, иеговашылдар қазір өздерінің жарғыларын да тіркеуде. Жыл сайын Алматыда конгресстері өтіп тұрады, бұл сияқты конгресстер өзге орталықтарында да өтеді. Қазақстандағы иеговашылдар дәстүрлі түрде екі округ: Қорғандық және Шымкенттік болып бөлінеді. 2008 жылы Қазақстанда «Иегова куәгерлерінің» 76 қауымы тіркелген. Польша, Англия және Ресейден келген миссионерлердің нәтижелі қызметінен әсерінен қауымдардың саны тез өсуде деген болжам айтылады [Муканова Н.А., Даниленко Л.М. Справочно-методическое пособие по вопросам религии для государственных служащих.– Астана: Агоиздат, 2008. – 208 с, бб.80-81].

Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі: Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі – батыстық культтердің ішіндегі ірі, бай әрі анағұрлым беделділерінің бірі. Бұл сектаны басқаша Мормондар шіркеуі деп те атайды. Бұл атау алғашқы Інжілден тыс берілген жазба «Мормон кітабынан» алынан. 19 ғасыр басындағы Америкадағы діни жағдай көптеген бөлініп шыққан діни бағыттардың дамуына мүмкіндік берді, солардың ішінде жолы болып, кең тараған осы мормондар болды. Мормондар шіркеуі өздерін «қалпына келтірілген», шынайы христиандық шіркеу ретінде көрсетіп, басқа христиандық деноминацияларды жоққа шығарады.

Алматыдағы шiркеуге Америка және корей миссионерлер жиi келiп, уағыз жүргізеді. Олардың ресми мақсаты – ағылшын тiлiн үйрету. Шындап келгенде – тiл арқылы адамды мормондық сенiмге иландыру. Тіпті кейбір жаңа діни қоғамдардың тіркелусіз-ақ жұмыс жасап жатқандары туралы дәлелдер береді. Жергілікті басқару органдар көпшілік жағдайда өздерінің территорияларындағы діни жағдайлар туралы жеткілікті хабарлары да болмайды. Осындай немқұрайлықтың салдары мемлекеттің, ұлттың тағдырына қатер төндіретін фактор болып шыға келді. Қазір Алматының өзінде және оның жан-жағындағы ауылдарда жүзден астам әртүрлі «жаңа құдай іздеушілердің» жаңа құрылымдарының қызметін толассыз жүргізуде. Олардың қызметтерінің мақсаты бірдей - қатардағы мүшелерін көбейту. «Неопротестанттық миссионерлік әрекеттердің қалай, қай аймақта, қандай жолдармен және кімдер арасында белең алып отырғандығын білу, анықтау бұл мәселені шешу үшін және алдын алу үшін өте маңызды.

Қазіргі таңда көптеген демократиялық мемлекет құруға бағыт алған елдерге тән белгі олардың дін мәселесінде зайырлылық принципін ұстануы болып табылады. Зайырлылық – мемлекеттің дін істеріне араласпауын білдіреді. Елдің әр азаматының дін бостандығы, сенім еркіндігі бар. Сөзсіз бұл дұрыс принцип. Алайда осы зайырлылықты пайдаланып, бірқатар діни теріс ағымдар елде өздерінің насихат жұмыстарын еркін жүргізе алады. Әрине кез-келген зайырлы мемлекет өзінің территориялық тұтастығының бұзылуы мен ұлттық қауіпсіздігіне бағытталған әрекеттерге жол бермейді. Дегенмен түпкі мақсаттарын сәтті жасыра білген діни теріс ағымдар өз насихаттарын еркін жүргізу арқылы ұйым қатарына діннен хабары аз азаматтарды белсенді түрді кіргізе алады. Тек ұйым қабырғасында ғана, мемлекеттік заңнама мен идеологияны мойындамауға, рәміздерді құрметтемеуге үндейді. Медициналық рәсімдерден бас тартып, меткепте жекелеген пәндерді оқудан бас тартқызады. Заңда белгіленген әскери қызмет, міндетті білім сынды міндеттерді орындаудан бас тартуға шақырады. Сондықтан зайырлылық жағдайында дін саласын реттеуші заңнамалық актілерді жетілдірудің маңыздылығы жоғары. Бұл ретте діни ұйымдарды тіркеу мен олардың жұмысын бір арнаға тоғыстыруды бір жүйеге келтіру маңызды. Мұндай тәжірибені кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының дін саласындағы қабылданған заңнамалық актілерінен байқауға болады.

Корей ұлтының азаматтар мүше болып табылатын деструктивті ағымдардың алдын алу мақсатында осы мәселелерді зерттеу ісімен айналысатын ғылыми зерттеу орталықтарын құруда маңызды. Өз ісінің маманы болып табылатын дінтанушы ғалымдардың басын қосуы тиіс орталықтардың жұмысы жасырын жағдайда емес, ашық жұмыс жасауға міндетті. Халық мұндай орталықтардың бар екендігін теледидардағы жаңалықтар емес, нақты іс-әрекеттерден көре алуы тиіс. Олардың есептері құрғақ сөз емес, нақты оңалту шараларынан тұрғаны аталған бағытта жұмыстар жасалып жатқандығының көрсеткіші болып табылады. Кез-келген дін мәселесі бойынша ақпараттық кеңес пен құқықтық жәрдем керек болғанда халықпен етене жұмыс жасауы деструктивті ағымдарды ауыздықтауға көп үлесін тидіру мүмкіндігі де артатын еді. Әрине мұндай орталықтар барлық елде болуы мүмкін. Алайда көпшілігінің қызметі халыққа таныс емес. Сондықтан осындай орталықтар арқылы корей ұлтының азаматтары мүше болып табылатын діни бірлестіктердің жұмысы мен мүпкі мақсаттары барынша зерттеле түсуі керек.



Сонымен қатар корей ұлтының азаматтар мүше болып табылатын деструктивті ағымдардың алдын-алу мақсатында ең басты шешуші роль отбасылық тәрбие болып табылары анық. Қазіргі таңда «Грэйс-Бла­годать» пен «Бірінші пресветериан шіркеуі» және «Алматы аймақтық прес­ветериан шіркеуі» бірлес­тіктері, елушілер қатарын мемлекеттің негізгі ұлты қазақтар да толтырып отырғаны жасырын емес. Сондықтан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық даналығы. Бала үшін тәрбиенің қайнар көзі отбасы болып табылады. Отбасылық қарым-қатынастар жылылық пен махамббатқа толы болып, ізгілік пен жанашырлық, бауырмалдық пен адамгершілік үстемдік құрған отбасыдан тәрбие алған баланың өмірлік ұстанымы да айқын, ішкі рухани қамалы да берік болмақ. Сондықтан бала ержеткен сайын тәрбие беру мәселесі де күрделене түседі. Осы ретте тәрбие алдымен баланың ақыл ойының дамуына, көркем мінезінің қалыптасуына бағытталуы тиіс. Ең жақсы тәрбие құралы – әке-шешенің күнделікті іс-әрекеті. Отбасылық қарым-қатынастар өзара түсіністік пен жылылыққа толы болған сайын баланың да қалауыңыздағыдай ержетуінің басты кепілі болмақ. Жоғарыда атап өткеніміздей деструктивті ағымдарға жақындарынан қолдау таппаған, адамдармен түсінісуден қалған азаматтар мүше болып жатады. Сондықтан қазақ халқының «баланы бес жамқа дейін ханыңдай құрмет тұт, он бес жасқа дейін құлша жұмса, он бестен кейін дсоыңдай сырлас» деген тәрбиелік ұстанымы да баланың толыққанды азамат болып қалыптасуына зор ықпал ететіні анық. Бес жасқа дейін бала ата-ананың шексіз махаббатын сезінсе, отбасыдағы өз орны бар екендігін ұғынады. Еңбек арқылы тәрбиеленген бала өмірде кез-келген іске бейімі бар, ыңғайы келетін тұлғаға айналады. Ал он бес жастан кейін ата-анасымен сырласуы өз пікірін ашық айту, өзіндік пікірі қалыптасқан азамат болып ержетуіне тигізер оң пайдасы көп. Міне баланы азамат етіп қалыптастырудың үш кезеңін қамтитын қазаққа тән тәрбие түрі деструктивті ағымдардың алдын-алудың бір жолы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет