1.2 Заманауи сауу аппараттарының құрылысы мен жұмысына шолу жасау
Сиырды машинамен сауу – көп еңбек сіңіруді қажет ететін күрделі процестердің бірі. Бұл процестің технологиясын сақтаамау сиыр желіні иіп кетуіне, малдың желінсаумен ауруына, ақыр аяғында сүтінің күрт кеміп кетуіне әкеліп соқтырады.
Сиырды машинамен сауу – малды бағып, күтудің технологиясы мен әдістеріне байланысты, түрліше жүргізіледі. Қорада күтіп-баққан жағдайда машинамен сауу төмендегі технологиялық сұлбалардың біреуімен атқарылады: қорада сауу, әр сиырдан сауылған сүтті сауын шелегіне құю; қорада сауу, бір топ сиырдан алынған сүтті ортақ ыдысқа құю; қорада сауу, сауылған сүтті сүт құбырымен сүтханаға тасымалдау; арнайы алаңда сауу, сауылған сүтті құбырмен сүтханаға тасымалдау.
Сауу аппараттарының жұмысы сүтті сауып, содан кейін оны ыдысқа құюға икемделген кейбір механизмдер көмегімен жұмыс атқаратын вакуум қызметіне негізделген. Әрбір сауу аппараты сауу стакандарынан, коллектордан, пульсатордан, қақпақты сауу шелегінен, резеңке түтік пен шлангалардан тұрады.
«Волга» сауу аппараты қақпағы бар шелектен, пульсатордан, коллектордан, төрт сауу стакандарынан, ауа және сүт жүретін резеңке түтіктерден (2 сурет) тұрады.
1 – сауу шелегі, 2 – қақпақ, 3 – пульсатор, 4 – қысқыш, 5 – ауа шлангасы, 6 – сүт шлангасы,
7 – коллектор, 8 – вакуумды келтетүтік, 9 – сүт келтетүтігі,
10 – жалғағыш сақина, 11 – емшек резеңкесі, 12 – стакан гильзасы, 13 – сауу стакандары
Сурет 2. «Волга» сауу аппараты
Аппараттың сауу стаканы сору резеңкесінен, сүт келтетүтігінен, жалғағыш сақинадан және корпустан тұрады. Корпустың келтетүтігі резеңке түтік арқылы коллекторға жалғанады. Сору резеңкесінің пішіні цилиндр тәріздес, сору саңылауының диаметрі – 23 мм. Стаканның жоғарғы жағында диаметрі 25 мм қосалқы сорғыш орналасқан. Осы сорғыштың ішкі қуысында демалыс тактысы кезінде стакандарды түсірмей ұстап тұратын вакуум болады. Сүтті сору стаканынан коллекторға жеткізу үшін корпусқа сүт келтетүтігін кигізеді.
Екітактылы ДА – 2М «Майга» сауу аппараты жұмысты шапшаң атқаруға арналған. Ол екітактылы циклмен (коллектор камерасына ауа сору арқылы) минутына 80 соғудан 100 соғуға дейінгі жиілікте жұмыс істейді. ДА–2М «Майга» сауу аппаратының құрастыру бірліктері «Волга» сауу аппаратының құрастыру бірліктерімен бірдей болып келеді, бірақ олардың құрылысында бірқатар ерекшеліктері бар.
Пульсатор корпустан (2), қақпақтан (1), төсемеден (5), клапаннан (6), мембранадан (7), қақпақтан (9), сомыннан (8), аралық төсемнен (4), реттегіш бұрамадан (3) және I ... IV камералардан тұрады.
Бірыңғайландырылған АДУ-1 сауу аппараты (сурет 3) төрт сауу стаканынан, коллектордан, пульсатордан, резеңке шлангалардан және келтетүтіктерден, сауу шелегінен тұрады.
АДУ–1 сауу аппараты екітактылы және үштактылы етіп шығарылады.
Екі тактылы АДУ–1 сауу аппараты сүтті сүт құбырына жинайтын АДМ–8А типтес сауын қондырғыларында, сондай – ақ сүтті шелекке жинайтын ДАС -2Б сауын қондырғыларында қолданылады.
Сүтті сүт құбырына жинағанда, оны вакуум және сүт түтіктеріне жалғау үшін шүмек – ұстағышты пайдаланады. (3, а сурет).
а - сүт құбырына саууға арналған аппараттың жалпы көрінісі:
1 – пульсатор, 2 – ұстағыш, 3 – коллектор, 4 – сүт түтігі, 5 – түтік, 6 – стакан гильзасы,7 – сору резеңкесі, 8 – сақина, 9 – сүт шлангасы, 10 – айнымалы вакуум шлангасы, б – сауу стаканы:
1 – гильза, 2 – сору резеңкесі, в – коллектор бөлшектері: 1 – бұрама, 2 – таратқыш,
3, 6 - жоғарғы және төменгі корпустар, 4 – аралық төсем, 5 – клапан, 7 – тығырық, 8 – шплинт
Сурет 3. Бірыңғайландырылған АДУ - 1 сауу аппараты
Төмен вакуумды АДУ–1–03 сауу аппараты АДМ-8 сауын қондырғысында пайдаланылады. АДН-1 сауу аппараты төрт сауу стаканынан, коллектордан, пульсатордан, резеңке шлангалардан, келте-түтіктерден және аппаратты бір уақытта вакуум және сүт түтіктеріне қосатын ұстағыш-шүмектен тұрады. АДН-1 аппаратының сауу стакандары АДУ-1 аппаратының стакандарымен бірдей, ал коллектор мен пульсатордың құрылыстарында айырмашылықтар бар.
Стимулдаушы АДУ-1–04 сауу аппараты төрт сауу стаканынан, АДУ-1 аппаратындағыдай коллектордан және пульсатордан тұрады. Пульсатор бір корпуста орналастырылған екі блоктан тұрады: бір блок – минутына 60 пульсация жиілікпен (1 Гц) істейтін төмен жиіліктегі пульсатор, екінші блок – минутына 600...700 пульсация (10...12 Гц) жиілікпен істейтін жоғары жиіліктегі пульсатор. Төмен жиіліктегі пульсатор желіннен сүт шығаруды басқарады, ал жоғары жиіліктегі пульсатор – желіннен сүтті сиырды бұзау емгендегідей тиімділікпен бөліп шығаруды қамтамасыз етеді, бұл сирексудің емшекке зиянды әсерін азайтады.
АДС–1 сауу аппаратының қалыпты жұмыс істеуі сүт түтігіндегі сирексу 50...52 кПа, ал вакуум – түтікте – 47...49 кПа болғанда қамтамасыз етіледі. АДС–1 аппаратының тактыларының қатынасы мынандай: сору – 72%, қысу - 28%.
Жоғарыда қарастырылған сауу аппараттарының техникалық сипаттамалары 1 кестеде берілген.
Кесте 1-Заманауи сауу аппараттарының техникалық сипаттамасы
№
|
Көрсеткіш
|
Үштактылы
|
Екітактылы
|
«Волга»
|
АДУ -1
|
ДА – 2М
|
АДУ – 1
|
АДН – 1
|
АДС – 1
|
«Импульс»
|
1
|
Жұмыс вакуумы, кПа
|
53
|
47,9
|
48...51
|
50,6
|
45
|
48
|
53
|
2
|
Тактылар қатынасы, циклды 4
жалпы ұзақтығына % - бен шаққанда:
сору
|
64
|
66
|
70
|
65...70
|
65
|
73
|
50
|
3
|
қысу
|
11
|
16
|
30
|
30...35
|
35
|
27
|
50
|
4
|
демалыс
|
25
|
18
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
5
|
Пульсация жиілігі, мин-1
|
60
|
66
|
80
|
55...75
|
60...70
|
60...72
|
45
|
Қазіргі кезде ТМД және Балтия елдерінің ғалымдары мен конструкторлары бірқатар жаңа сауу аппараттарын жасап шығарды. «Камиль-Агро» ғылыми-өндірістік бірлестігі (Татарстан) 1999 жылдан бастап «Нурлат» сауу аппаратын шығара бастады. Бұл аппаратта сауу процесі табиғи процеске максимальды жақындатылған. Осының негізінде желін емшектерінің жарақаттануына, сиырлардың желінсаумен ауруына жол берілмейді, әрі сүт бөліп шығару 20...25% - ға артады. «Кургансельмаш» акционерлік қоғамы (Ресей) сиыр фермаларына, фермерлік және жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған үштактылы «Волга» СБ 42В, жаңа екітактылы аппарат және жетілдірілген АДУ-1М сауу аппаратын жасап, шығара бастады. Жаңа екітактылы сауу аппараты («Кургансельмаш» АҚ) сиырларды сауу шелегіне машинамен саууға арналған. Оның шелегі – тоттанбайтын болаттан және тағамдық маркалы алюминийден жасалған. Сауу аппаратының негізгі тетіктері – пульсатор, коллектор және сауу стакандары жетілдіріп, жаңадан жасалған. Қалыпты вакуумы – 48 кПа, пульсация жиілігі минутына 66 соғу, тактыларының қатынасы: сору 65% және қысу/демалыс – 35%, шелек сыйымдылығы – 20 л, тоттанбайтын болаттан жасалған аппараттың массасы – 9,7 кг, алюминийден жасалған аппарат массасы – 8,9 кг.
АДУ-1М жетілдірілген сауу аппараты бес нұсқада шығарылады: О - сүт түтігі бар сауын қондырғыларына арналған аппарат; 1 – вакуум- түтігі бар сауын қондырғыларына арналған тоттанбайтын болаттан жасалған шелегі бар аппарат; 2 – вакуум-түтігі бар сауын қондырғыларына арналған алюминий шелекті аппарат; 3 – шағын жылжымалы сауын қондырғыларына арналған тоттанбайтын болаттан жасалған шелегі бар аппарат; 4 – шағын жылжымалы сауын қондырғыларына арналған алюминий шелекті аппарат. Аппаратты синхронды немесе қосарланған пульсатормен жабдықтауға болады.
Барлық аппараттың аспалы бөлігінің массасы – 2,4 кг, жұмыс вакуум қысымы 47...49 кПа; пульсация жиілігі минутына 60...72 соғу, коллектор сыйымдылығы – 0,2 дм3, сауу шелегінің көлемі – 20 л.
Достарыңызбен бөлісу: |