Алға қалалық округінің әкімі Т. Сұлтановтың 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі. Құрметті Алғалықтар!



Дата23.02.2016
өлшемі82.33 Kb.
#7966
Алға қалалық округінің әкімі Т.Сұлтановтың 2013 жылы

атқарылған жұмыстар туралы есебі.
Құрметті Алғалықтар!

Елбасының Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің Ережелері бекітілді. Осы жарлыққа сәйкес биылғы жылы тамыз айында біздің облысымызда да әкімдер сайлауы өтті. Қала, ауылдық округтер әкімдері сайланды. ҚР «Жергілікті басқару және өзін өзі басқару» туралы Заңына 17.07.2013 жылы қосымша өзгерістер енгізілді. Жаңа сайланған әкімдерге 79 қосымша міндеттемелер қосылды.

Бүгінгі таңда Алға қаласында 2013 жылы 19599 халық саны тіркелген. 75 көп қабатты үй және оның ішінде 51 үй жылуды орталық жылу қазандығынан алады. 1605 жеке үйлер бар.

Аталған үйлерде жөндеу жұмыстарына дайындық жүгізілуде, яғни осы көп қабатты үйлердегі жертөлелердің негізгі жылу құбырларын және пәтерлерге баратын жылу құбырларын ішінара алмастыру жұмыстары тұрғындардың өз қаражаты мен өз күштерімен жұмыстар жүргізілуде. Осыған қатысты барлық жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әрбір көп қабатты тұрғын үйлерге қала аумағындағы барлық бюджеттік мекеме басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары өз келісімдері бойынша жауапты тұлға ретінде бекітілді. Қолжетімді баспана, Жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысында «ПромЖилСтройНесибели» ЖШС Алға қаласы Есет батыр 30«А» көшесіндегі 2-қабатты 8-пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үйдің құрылысын тұрғызды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 48 749,1 мың теңгеге бөлінді. Қазіргі таңда, үйдің ғимараты толық салынып төбесі жабдықтанып терезелері қойылды. Үйдің ішкі жары мен еденнің жұмыстарын ақтау сылау жұмыстары жүргізілініп жатыр. Жылу және электрмен қамту жұмыстары басталуда.

Алға қаласы бойынша жолдары орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осыған бөлінген қаражат 140545,8 млн. теңгеге жұмыстар жасалынды. Олар Байтұрсынов көшесінен Облыстық балалар үйіне дейін және Победа көшесі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бастап Наурыз көшесіне дейін асфальт салынды. Ленин көшесінен Футбольный көшесіне дейін және Мамбетов көшесінен Жаңа құрылыс көшесіне дейін суағар мен асфальт салынды.

Алға қаласының № 1 тұрғын массив ауданын сумен қамту құрылысы үшін құрылыс монтаж жұмыстарына электрондық конкурс жарияланып, «Информстройсервис»ЖШС жеңіспаз болып танылды. 2013 жылға 59308,81 мың тенге, 2014 жылға-55374,44 мың тенгеге келісім шарт жасалды.

Қазіргі таңда 4 км дейін су құбырлары тартылып, 30 құдық салынды. Келісім шарт бойынша биылғы бөлінген қаржыға толық құрылыс монтаж жұмыстары аяқталды. Қалған құрылыс монтаж жұмыстары 2014 жылы аяқталып нысан қабылданады.Алға қаласындағы 2-ші желінің магистральды су құбырын қайта жаңғырту құрылыс монтаж жұмыстарына 274 614,8 мың тенгеге келісім шарт жасалып, аяқталды.

«Алға қаласындағы 2-ші желінің магистралды су құбырын қайта жаңарту» құрылыс монтаж жұмыстарына 274 614,8 мың теңгеге келісім шарт құрылды. Нысан толығымен іске қосылып, аяқталып мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды. Толығымен төленді. Авторлық қадағалау жұмысына «Актюбводпроект» ЖШС мен 559,9 мың теңгеге техникалық қадағалау жұмыстарына «Актобестройэксперт» ЖШС мен 1 246,3 мың теңгеге келісім шарт құрылып толығымен төленді.

Жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға смета бойынша 544 млн. теңге Республикалық бюджеттен 489,8 млн. теңге, қашықтығы 11,8 км. 1 қазан айында жоспарлан,ан жұмыстар аяқталды. Кәріз құбырларын қайта жаңғыртуға сметалық бағасы 237,2 млн.теңге, Республикалық бюджеттен 185,8 млн теңге бөлінді, облыстық бюджеттен 39,8 млн теңге, аудандық бюджеттен 11,6 млн теңге бөлінді. Полиэтилен трубалары қондырылды.

Өнеркәсіп. Шағын кәсіпкерлік.
Қала тұрғындарын арзан көкөніспен және етпен қамтамасыз ету мақсатында «Назран» базарының алдында жыл басынан 13-ауыл шаруашылық жәрмеңке өткізіліп, 26-тонна ірі қара еті, 1,3-тонна қой еті, 46-тонна көкөніс және 2100 литр сүт өнімдері сатылды. Жәрмеңкеде сатылған өнімдердің бағасы күнделікті бағадан 25-30 пайыз төмендетілді.

Алға қаласы бойынша 01.10.2013 жыл жағдайына 787 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалар саны-86, жеке кәсіпкерлер саны-701. 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,5 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылғандар саны 3227 адамды құрап, 102,1 пайызға өсіп отыр.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің өндірген өнім көлеміде 106,9 пайызға артық өндіріліп 3688,2 млн. теңгені құрады.

Шағын және орта бизнес саласында бюджетке түскен салық және басқа да төлемдер өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 230,0 пайызға артық орындалды, яғни 797,4 млн. теңгені құрады.



2013 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 4-жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде «пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау» бойынша 2 жоба. Олар:

1. «Айым-А» ЖШС – автомектеп ғимаратын жөндеу және негізгі құралдар сатып алу жобасы. Жобаның құны 6,0 млн. тенге.

Қазіргі таңда ғимараттың жөндеу жұмысының 50 пайызы орындалды. Сонымен қатар автокөлік сатып алынды.

Ашылатын жұмыс орны – 4.

2. «НитрохимГеоСервис» ЖШС-гі эмульсиялық жарылғыш заттар өндіру бойынша технологиялық құрылғылар және бұрғы скважиналарын механикалық зарядтау бойынша негізгі құралдар сатып алу жобасы. Жобалық құны 500,0 млн. теңге. Қазіргі таңда банктен несие алу бойынша құжаттар рәсімделуде.

Ашылатын жұмыс орны – 10.

Жеке кәсіпкер Гаухар Кулишбаеваға Әсемдік салонын ашуға 2,2 млн тенге несие бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 жұмыс орны ашылды.
«Ішінара кепілдендіру» бойынша 1 жоба бекітілді:
1. «Айым-А» ЖШС – автомектеп ғимаратын жөндеу және негізгі құралдар сатып жобасын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3,0 млн. тенгеге кепілдік берілді.
«Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша 1 жоба:

1. «АкТеп» ЖШС – мал шаруашылық кешеніне жобалық құны 96,4 млн.теңге тұратын ұзындығы 190 метр электржелісі, 4500 метр телефон желісі, 3650 метр су құбыры, 3277 метр кәріз өткізу жобасы.

Ашылатын жұмыс орны - 30.


Жұмыспен қамту мәселелері
Ағымдағы жылдың 9 ай ішінде жұмыспен қамту бөліміне жұмыс іздеп келушілер саны 394 адам, 2013 жылдың 1 қазанына тіркелген жұмыссыздар саны 59 адам.

Алға қаласы бойынша жыл басынан 166 жаңа орындары ашылды. 2013 жылдың 1 қазанына 140 адам уақытша және тұрақты жұмыстарға орналастырылды. «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша жоғары және орта орындарын бітіріп келген жас түлектер қатарынан жергілікті бюджет қаржысынан әр түрлі мекемелерден өтуге 24 адам жолданды.

2013 жылдың 9 айында әлеуметтік жұмыс орындарына 19 жұмыссыз азаматтар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қазанына 185 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстарға қатысып, олар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділігі бар жұмыстар атқаруда.



Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Алға қаласы бойынша 39 адам әлеуметтік келісім шарт негізінде жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжірибесінен өтуге оқу орындарын бітірген 32 жас маман 16 мекемеде тәжірибеден өтуде, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар саны – 47 адам. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2 адамға шағын несие берілді.

Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек .Тұрғын үй көмегін көрсету.
2013 жылдың 1 қазанына, 14 отбасына, отбасы құрамы 50 адам, 692,5 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

506 отбасылардың 18 жасқа дейінгі 1282 балаларына 15018,7 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді.

2013 жылдың 1 қазанына 962 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетіліп 13038,4 мың теңге жергілікті бюджеттен төленеді.

2013 жылдың 1 қазанына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға барлығы 380 адамға, жергілікті бюджеттен коммуналдық қызметтеріне 10917,9 мың теңге тағайындалып төленеді.

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектер мен жалпы аурудан 1, 2, 3 топ мүгедектеріне ай сайын 3000 теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 1 қазанына 631 адамға 16870,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленеді.


Білім беру

Алға қаласы бойынша жалпы білім беру ұйымдар саны – 3 мектептен, 3 балабақшадан және 2- мектеп бақша, 1 индустриялық колледж білім беру мекемесінен құралады . Алға қаласы бойынша мектеп оқушыларының саны – 3307. Жалпы білім берумен қамту 100 %. 4- мекеме автономдық жылумен қамтылған, 5-і орталық жылу жүйесіне қосылған.

Тегін ыстық тамақпен бастауыш класс оқушылары және аз қамтылған отбасы балалары , көп балалы отбасыларының балалары, жетім балалар, ата –ана қамқорлығынсыз қалғандар, туберкулез ошақтарымен қарым қатынаста болған балалар және мүгедек балалар толық қамтылды.Қала бойынша «Алтын белгіге» 9 оқушы ие болған, сонымен қатар 16 оқушы 100-ден жоғары балл жинады. Барлық мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстарды жүргізу үшін 2047,0 мың тенге жергілікті бюджеттен бөлінді, ал мектепке дейінгі ұйымдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына-770,0 мың тенге бөлінді. Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары аяқталып, оқу процессі жүргізілуде.

Қоғамдық тәртіп

Әкімшілік полиция бөлімшесінде штат бойынша 6 учаскелік полиция инспекторы, қазіргі таңда 2 учаскелік полиция инпекторының орыны бос тұр.

Аталған мерзім ішінде УПИ барлығы 954 әкімшілік хаттама толтырылды.

2013 жылдың 9 айында қару-жарақ заттарын сақтау, тасымалдау, сақтау мерзімін созу ережелерін бұзғаны үшін 30 адам жауапкершілікке тартылды, заңсыз қаруды сақтағаны үшін – 9 хаттама, 2013 жылдың 9 айында қоғамдық орындармен көшеде мас күйінде жүретіндерді ұстап,– 168 хаттама толтырылды, ал 2012 жылы – 243 хаттама.

Атаған мерзім ішінде 4 адамға қатысты маскүнемдіктен емдеуге жолдауға құжаттар жинақталып, соттың шешімен арнайы емдеу мекемесіне жолданды.

Денсаулық сақтау

Қалада медициналық көмекті тұрғындарды күні-түні қабылдайтын 80 және күндіз қабылдайтын 75 керуетпен қамтылған орталық аудандық аурухана, ауысымына 500 адам қабылдай алатын аудандық емхана қызмет көрсетеді.

Жалпы практикалық дәрігер, терапевтік учаске, балаларға педиатрлық учаске қызмет көрсетеді. Поликлиникада ересектер және балаларға арналған неврапатолог, эндокринолог, отаринолог, дерматовенеролог, психиатр, нарколог, офтальмолог, стомотолог, травматолог,физиотерапевт дәрігер, дәрігер- рентнолог арнайы көмек көрсетеді. Демографиялық көрсеткіштерге қарасақ:

Туу 2013 жылы 349 (17,9 %)

Бала өлімі 2013 жылы 127 (6,5 %)

Туберкулез ауруына шалдыққандар 2013 жылы 10 (51,2 %)

Туберкулез өлімі 2013 жылы 1 (5,1 %)

Онкологиялық ауру өлімі 2013 жылы 19 (97,3 %)


Ана өлімі тіркелмеген.


Алға қаласы бойынша көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау.

Алға қаласының көшелерін жарықтандыруға – 6839,0 тенге бөлініп, 5490,3 тенге игерілді.

Қаланы көгалдандыру және көріктендіру әр түрлі гүл шоқтарын отырғызуға, баннер, билбордтармен жабдықтауға 12965,0 тенге бөлініп, 7837,6 тенге игерілді.

Тротуарлар мен бордюрлерді жөндеуге, көше жолдарын ағымдағы жөндеуге, жол белгілерін орнатуға 192636,0 тенге бөлініп, 140545,8 тенге игерілді.

Қаланың санитарлық тазалығын сақтау барысында жалпы қалалық сенбіліктер ұйымдастырылып қала көшелері, сыртқы аймақтары тазаланды.

Осы сенбілік кезеңде бірнеше Алға қаласында көріктендіру ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Алға ауданы Ішкі-істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен, Алға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының қызметкерлерімен біріге отырып арнайы рейдтік шаралар нәтижесінде 11- үй иесіне ескерту берілді. Қала көшелеріндегі кез келген орындарда сауда саттык жасап отырған адамдарға ескертулер беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Және қала тұрғындарының қоқыс қалдықтарын арнайы жәшіктерге жеткізбей, кез-келген жерге тастай салу әдетке айналғанын білесіздер. Осыған орай әкімшілік топ құрып жұмыс жасауда. Осы орайда айта кететін жайт әкімшілік міндеті кінәлілерді көбейту емес, керісінше шағын да, әсем ортақ үйімізді таза ұстау. Қала халқының көзқарасын тазалыққа және соған бір кісідей атсалысуға жұмылдыру.



Ауыл шаруашылығы. Алға қаласында жеке үй тұрғындары 1300 бас ірі қара, 1145 бас қой ешкі, 36 бас жылқы, 51 шошқа, 5168 құс ұстайды. Тұрғындардың жеке малдарын сырғалау, паспорт беру, қан алу жұмыстары жүргізілуде. Малдардан жұқпалы ауруларға қарсы егу және қан алу жұмыстары толық жүргізілді. Мүйізді ірі қара малдарынан 4 бас мал бруцеллез ауруына шығып, ол малдар уақытында сойылды. 2013 жылы әр сенбі сайын қала тұрғындарына арзан бағамен ет- сүт, көкөніс, бау- бақша өнімдерін ұсынып ауыл шаруашылық жәрменкесін «Назран» сауда үйі алаңында ұйымдастырылып өткізілуде.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын басшылыққа ала отырып, Алға қалалық округінде «Жануарларға ветеринариялық паспорт беру», «Жануарларға ветеринариялық анықтама беру», «Қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, сондай ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беріледі.


Т.Сұлтанов

Алға қалалық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет