Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Эмиграциядағы М. Шоқайдың саяси қызметі – түркі халықтарының рухани жаңаруына қосқан үлесі



бет40/88
Дата11.12.2022
өлшемі328.42 Kb.
#467026
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88
аза станны азіргі заман ы тарихы курсы бойынша мемлекеттік ем

36.Эмиграциядағы М. Шоқайдың саяси қызметі – түркі халықтарының рухани жаңаруына қосқан үлесі
Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы өмірі
Түркістан автономиясы құлағаннан кейін, Шоқайды ұстау үшін Кеңес өкіметі оның басына бір миллион рубль тігеді. Мұстафа қашып жүріп, Ташкентке барады. Одан кейін Бакуге, кейін Тбилисиге келеді. Тбилиси кеңес үкіметінің қолына өткен соң, Түркияға барып бас сауғалайды. Бірақ түрік елінде тұрақтап қала алмайды. Ақыры Франция астанасы Парижден бір-ақ шығады.

Мұстафа Шоқай 21 жыл бойы Еуропада эмиграцияда жүреді. Жан-тәнімен жақсы көретін туған елін тастап кету қайраткерге оңай соқпағаны анық. Елінен жырақта жүрсе де, қазақтың бостандығы үшін күресіп өткен. Еуропада жүріп, бүкіл әлем назарын Түркістан проблемасына аударды. Туған елі мен Түркістандағы жақтастарымен байланысын үзбей, үнемі хат алысып тұрды.


Публицистік қырынан танылды. Өз күшімен шетелде "Яш Түркістан" журналын шығарды. Түрлі басылымдарда саяси мақалалары басылды. Германия, Англия, Франция секілді ірі елдердің саяси мінберінен сөз сөйлеп, түркі халқының кеңестік кертартпа саясаттан кесапат көріп отырғанын ашына айтты. Мұстафаның қайраткерлік абырой-атағы мұхит асып, тіпті АҚШ-қа жетті. Америкалықтар да оны бірнеше рет шақырып, саяси алаң ұсынған. Алайда оның ақшасы болмай, Америкаға жолы түспеді.


1925 жылы Парижде өткен "ЭКСПО" көрмесі кезінде Мұстафа Шоқай Әміре Қашаубаевпен кездеседі. Осы сапардан кейін НКВД қызметкерлері талантты әншінің қыр соңына түсіп, сұрақтың астына алады. Осылайша басталған тергеу ақыры тоғыз жылға созылған.

Бүгінде Мұстафа Шоқайдың еңбектерінің біразы Франциядағы кітапханада сақтаулы. Шоқайдың еңбектерін зерттеуге қазақстандық ғалымдар ғана емес, шетелдіктер де көп келетін көрінеді.


Шоқайдың Сталин мен Гитлер жайлы ойлары


Екінші жүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін, соғыс қаупі Францияға да төнді. Нацистік қауіп-қатерді байқаған Париждегі эмигранттар бас сауғалап, АҚШ-қа қаша бастады. Олар Мұстафа Шоқайға да бірге кетуді ұсынды. Алайда ұлы күрескер ешуақытта Франциядан кетуді ойламаған. Себебі қиын-қыстау кезеңде өзін құшақ жая қарсы алған Францияны екінші Отаны санаған еді. Сөйтіп ол Парижде қалады.

Көп ұзамай Парижді де соғыс оты шарпыды. Бір жыл өткеннен кейін, нацистер Кеңес одағына соғыс жариялаған күні Шоқайды үйінен тұтқындап алып кетті. Лагерьге қамады. Шоқай лагерьде Түркістан туралы бір баяндама жасады. Немістер Шоқайдың түркістандықтарға қарата жасаған баяндамасын радио арқылы таратты.


Мұстафа Шоқай концлагерьдегі тұтқындардың адам төзгісіз ауыр хәлін көріп келгеннен кейін, "Гитлер мен Сталиннің кемшілігі көп, олар шын мәнінде залымдар. Мен олардың қайсысы күштірек екен деп ойламаймын. Шындығында, олардың саясат пен зұлымдыққа дәрежелері бірдей" деп жазды.


Кейін неміс армиясының группенфюреріне жазған хатында: "Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сынды ұлыларды тәрбиелеген ұлттың тұтқындарға жасап отырған зұлымдығын көре отыра, мен Түркістан легионын басқару туралы ұсыныстан және сіздермен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартамын" деп кесіп айтты
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет