«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Дата01.07.2016
өлшемі102.55 Kb.
#170442

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Директорлар кеңесінің шешімімен

бекітілген


2011 жылдың «27» желтоқсанындағы № _126__ хаттама
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Сыртқы аудит тарту (рәсімдері) саясаты

(2015.08.21. енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Сыртқы аудит саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасына, Аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына, Жарғыға және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның (әрі қарай – Банк) ішкі құжаттарына сәйкес «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жыл сайынғы міндетті сыртқы аудитін ұйымдастыру және өткізу мақсатында әзірленді.

2. Саясатта қарастырылған негізгі ережелер сыртқы аудитор қызметін тартуда тиімді қызметті ұйымдастыру, мүдделер қақтығысын болдырмау, Банктің аудиттелген қаржы есептілігін уақтылы шығаруға жәрдемдесу мақсатында белгіленеді.

3. Аудиторлық қызметті сатып алу «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 25 қыркүйегіндегі №3 шешімімен бекітілген, «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» акционерлік қоғамының және дауыс құқығын беретін акцияларының (қатысу үлесі) елу және одан да көп пайызы жекеменшігі ретінде «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» акционерлік қоғамына тікелей және жанама түрде тиесілі ұйымдардың Тауар, жұмыс және қызмет сатып алу ережесіне және Банктің Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 29 қарашасындағы №25 шешімімен бекітілген «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Сатып алу ережесіне (әрі қарай – Сатып алу ережесі) сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес келетін және аудиторлық қызмет туралы заңнамаға сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым Банктің сыртқы аудиторы болуы мүмкін;

3-1. Сатып алу ережесінде қарастырылған тәртіпте, сыртқы аудит қызметі 3 жылдан аспайтын мерзімге ұзақ мерзімге сатып алыну мүмкін.


II. Сыртқы аудиторды анықтау, сыртқы аудит жүргізуді үйлестіру және бақылау және аудиттелген қаржы есептілігін тапсыру
4. Аралық қаржы есептілігіне шолу жасау және Банктің жылдық қаржы есептілігіне аудитті қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген тәртіпте, ҚР заңнамасына сәйкес Банктің іс-шараларын өткізу үшін, мынадай рәсімдер жасалады:

1) сыртқы аудитор қызметін сатып алу рәсімдері өткізіледі;

2) Банк аудитін өткізуге шарт жасалады;

3) Банк Акционерінің1 сыртқы аудиторды анықтап, қызмет ақысын белгілейді;

4) Директорлар кеңесі Банктің аудиттелген жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекітеді;

5) Банк Акционерінің бекітуі үшін Банктің аудиттелген жылдық қаржы есептілігі тапсырылады;

6) Заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде уәкілетті органдарға Банктің аудиттелген жылдық қаржы есептілігі тапсырылады;

7) Банктік заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде оны Акционер бекіткен соң Банктің аудиттелген жылдық қаржы есептілігі жарияланады.

8) Директорлар кеңесінің Банктің аралық қаржылық есептілігін бекітуі.

5. Банк Сатып алу ережесінде белгіленген тәртіппен сыртқы аудит қызметін сатып алу рәсімін (тендер ұйымдастыру және өткізу) жасайды.


Тараптардың бірінің бастамасымен сыртқы аудит өткізуге сыртқы аудитормен жасалған шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сыртқы аудитор растаған қаржы есептілігінің шығарылымын қамтамасыз ететін Сатып алу ережесінде бекітілген мерзімді есепке ала отырып, ішкі аудит қызметін сатып алу қамтамасыз етіледі».

6. ДК шешіміне сәйкес №13 хаттама 23.10.2014ж. 6 т. алынып тасталды.

7. Сыртқы аудит қызметін сатып алу жөніндегі тендерлік комиссияның құрамына міндетті түрде төраға немесе тендерлік комиссия төрағасының орынбасары тағайындаған Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің кемінде бір мүшесі қосылады.

8. Бухгалтерлік есепке алу бөлімінің келісімі бойынша Банктің жиынтық есептілік бөлімшесі техникалық ерекшелік әзірлейді.

Тендерлік құжаттарды бекітуге дейін Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің алдын ала мақұлдауына Банк Басқармасының Төрағасымен келісілген, аудитордың тәуелсіздігімен сәйкестілігін ескере отырып, сыртқы аудитордан алу жоспарлаған (қажет кезінде) барлық ілеспе қызмет тізбесі бар техникалық ерекшеліктерді, сондай-ақ Банктің жылдық қаржы есептілігіне аудит жүргізуге сыртқы аудитормен шарт жобасының мынадай талаптарын тапсырады:


  1. Шарттың мәні, төлем талаптары;

  2. Банктің жылдық қаржы есептілігі бойынша аудиторлық есепті және хаты басшылыққа тапсыру мерзімі;

  3. Жоба серіктесін/аудиторлық құрамды ауыстыру;

  4. Аудиторлық қызмет туралы заңнамаға сәйкес, бюджет қаражатын, кредиттерді, мемлекет активтерін пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық туралы ақпаратты тапсыру бойынша аудитордың міндеттемесі;

  5. жауапкершілік;

  6. ағымдағы сыртқы аудитордың жұмыс құжаттарымен келесі сыртқы аудитордың танысып шығуы;

  7. Шарттың күшіне енуі – Банктің сыртқы аудиторы мен оның қызметінің ақысы көлемін анықтау туралы Банк Акционерінің тиісті шешімі қабылданған соң шарттың күшіне енуі туралы талап.

9. Тендер қорытындысы немесе бір көзден сатып алу нәтижесі бойынша (Сатып алу ережесінде бекітілген жағдайда) Банк Басқармасы сыртқы аудиторды тағайындау, қайта тағайындау және оның қызметінен босату жайында Банктің Директорлар Кеңесіне ұсыным әзірлеу және сыртқы аудитормен жасалатын шарт талаптарын бағалау және талдау қорытындысын жасау үшін Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің алдын ала қарауына материалдарды шығарады.

10. Директорлар кеңесі сыртқы аудиторды тағайындау, қайта тағайындау және оны қызметінен босату мәселесін Банк Акционерінің қарауына шығару туралы шешім қабылдау және Банк аудитін жүргізіп жатқан сыртқы аудитормен шарт талаптарын және оның қызметінің ақысының көлемін бағалау және талдау бойынша қорытынды шығару үшін Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің ұсынымдарымен бірге сатып алу материалдарын қарастыруды қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің шешімі негізінде сыртқы аудиторды таңдау жөніндегі материалдар Банк аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды және оның қызметінің ақысының көлемін анықтауға шешім қабылдау үшін Акционердің қарауына шығарылады.

10-1. Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті қаржы есептілігінің жыл сайынғы міндетті сыртқы аудитінің жүргізілу барысын үйлестіріп, бақылау жасайды, соның ішінде мыналар арқылы:

- Банкті қаржы есептілігінің міндетті аудитінің рәсімдерінен өтуге әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

- міндетті сыртқы аудит өткізу барысында туындайтын мәселелерді сыртқы аудитормен бірге талқылау (әсіресе, ішкі бақылау жүйесінде анықталған кез келген кемшілік және қаржы есептілігіне байланысты мәселелер бойынша);

- сыртқы аудитордың жазбаша өтініштерін талқылау.

10-2. Директорлар кеңесі қаржылық есептіліктің жыл сайынғы міндетті сыртқы аудитін үйлестіруді, үрдістің тиімділігіне және сапасына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.



III. Аудит жүргізуге қойылатын шектеу
11. Аудиторлық қызмет туралы заңнамада және банктік заңнамада бекітілген аудит жүргізуге қойылатын шектеуді ескере отырып, сондай-ақ Сатып алу ережесінде қарастырылған талаптарға сәйкес, сыртқы аудитор қызметін сатып алу рәсімдері ұйымдастырылып, өткізіледі.

Аудиторлық қызмет туралы заңнамада және банктік заңнамада бекітілген аудит жүргізуге қойылатын шектеу әлеуетті жеткізіп берушілердің аудит жүргізуге қойылатын шектеудің жоқтығын растауын тендерге қатысу өтінімінде көрсету талабымен тендерлік құжаттарда ашылуы керек.

Сыртқы аудитордың аудит жүргізуге шектеу қойғаны анықталған жағдайда, сыртқы аудиторды таңдауға жол берілмейді.

12. Банк қаржы есептілігіне аудит жүргізуге шектеуді мүдделер қақтығысы түрінде бағалаған жағдайда (қаржы есептілігінің сенімділігі туралы пікіріне аудиторлық ұйымның мүдделілігі әсер етуі ықтимал болғанда), Банк мынадай жайттардың салдарынан сыртқы аудитордың тәуелсіздігіне қатер төну мүмкіндігін (тәуекелін) қарастыруға тиіс:

1) осы сыртқы аудитордан бұрынырақ алынған қызметтердің сипаты;


    1. қаржы есептілігі кезінде немесе оны қамтитын кезеңнен кейін осы сыртқы аудитормен қаржылық және іскерлік қарым-қатынас.

Егер сыртқы аудиторға өзін-өзі бақылау қатерін болдырмау немесе оны қолайлы деңгейден асырмау үшін Банк шара қабылдамаса немесе қабылдау мүмкін болмаса, Банк мұндай сыртқы аудитордан қаржы есептілігінің аудиті бойынша қызмет ала алмайды.

13. Кәсіби аудиторлардың әдеп кодексіне сәйкес, қаржы есептілігінің аудитіне қатысы жоқ бірқатар қызмет (аудиторлық емес қызмет) көрсету сыртқы аудитордың тәуелсіздігіне ықпал ететін мүдделер қақтығысы қатерін туындатуы мүмкін. Мұндай жағдайда, қызметтің көрсетілуіне мүдделі тұлға ретінде Банк кез келген қауіптің маңызын бағалауы қажет: бірқатар жағдайда оны болдырмауға немесе сақтық шараларын жасау арқылы қолайлы деңгейге дейін түсіруге болады, басқа жағдайда мұндай қатерді ешқандай сақтық шараларымен қолайлы деңгейге түсіру мүмкін емес.

14. Сыртқы аудитор көрсететін мынадай қызметтің түрлері жеке мүдделілік қаупінің немесе өзін-өзі бақылауды туындауына әкеп соғуы мүмкін, бұлардан Банктің сыртқы аудитордың мұндай қызметінен бас тартуы немесе Банктің қаржы есептілігі аудиті қызметін сыртқы аудитордың көрсетуінен бас тартуы арқылы ғана қолайлы маңызға дейін түсіру мүмкін болуы ғажап емес:

1) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржы есептілігін жасау қызметтері;

2) мүліктің құнын бағалау жағдайында, бағалау қызметтері, нәтижесі Банктің қаржы есептілігі үшін елеулі болса, сондай-ақ сыртқы аудитор үшін өзін-өзі бақылау қаупі ешқандай сақтық шаралары арқылы қолайлы деңгейге дейін түспейді.

15. Сыртқы аудитор көрсететін мынадай қызмет түрлері сыртқы аудитордың тәуелсіздігіне қауіп тудырмайды немесе Банк сақтық шараларын жасағанда қолайлы маңызға дейін түсіруге болатындай тәуелсіздікке болмашы қатер тудыруы ықтимал:

15.1. Салық салу саласында қызметтер – әдетте, сыртқы аудитор үшін тәуелсіздік қаупінің туындауына әкеп соқпайды.

15.2. Ақпараттық қызмет – қаржы есептілігі құрамына кіретін ақпараттарды өңдеуге қолданылатын ақпараттық-технологиялық жүйелерді енгізуге және өңдеуге байланысты қызметті Банктің алуы сыртқы аудиторға өзін-өзі бақылау қаупін тудыруы ықтимал. Сыртқы аудиторға өзін-өзі бақылау қаупі тым жоғары болуы мүмкін. Банктен мына жайттарды қамтамасыз ететін сақтық шараларын талап етуі ғажап емес:



        1. Банктің лауазымды тұлғасының ішкі бақылау жүйесін жасауға, ұстап тұруға және мониторинг жүргізуге жауапкершілігін мойындауы;

        2. Банктің лауазымды тұлғасының бағдарламалық құралдарды өңдеуге және енгізуге қатысты барлық басқарушылық шешімдерді қабылдауға жауап тұлға ретінде жоғарғы басшылықтың ішінен құзырлы қызметкерді тағайындауы;

        3. Банктің лауазымды тұлғасының бағдарламалық құралдарды өңдеуге және енгізуге қатысты барлық басқарушылық шешімдерді дербес қабылдауы;

        4. Банктің лауазымды тұлғасының жүйелерді өңдеу және енгізу нәтижелері мен барабарлығын бағалауы;

        5. Банктің лауазымды тұлғасының жүйелерді пайдалану үшін және жүйелерінде қолданатын және өндірілетін мәліметтер үшін жауапкершілік қабылдауы.

15.3. Егер сыртқы аудитордың қызметкері басқару қызметін атқармаса, Банктің ішкі бақылау жүйелерін мен тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және әзірлеу қызметін алу сыртқы аудитордың тәуелсіздігіне қауіп төндірмейді.

15.4. Төрелік дауды қарастыруда көрсетілетін көмекке байланысты қызметтер – соттық дау нәтижесі бойынша Банк төлейтін және алатын шығын және өзге де соманы сараптау, бағалау секілді қызметтер, сондай-ақ іс жүргізуге, сот дауы үшін құжаттарды іздеуге және жасауға көмектесу кіруі мүмкін.

Егер соттық дауда Банк алатын көмекке Банктің қаржы есептілігінде көрсетілуге тиіс сомаға және мәліметтерге әсер ететін даудың ықтимал нәтижесін бағалау кірсе, онда сыртқы аудиторға өзін-өзі бақылау қаупі төнуі мүмкін. Мынадай факторлардың қаупі елеулі:


          1. Даудың мәні болып табылатын соманың елеулілігі;

          2. Дау мәніндегі субъективизм дәрежесі;

          3. Банк көрсететін қызметтің сипаты.

Егер сыртқы аудитор пайдаланатын қызметтер Банк атынан бақылаушылық шешім қабылдауды білдірсе, осыдан шығатын қауіп қандай да бір сақтық шараларын қолдану арқылы қолайлы деңгейге дейін түсіру мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда Банк сыртқы аудитордың мұндай қызметін алмауы керек.

15.5. Заңгерлік қызмет – қаржы есептілігіне елеулі әсер етпейтін мәселелер бойынша Банктің заңгерлік қызмет алуы сыртқы аудитордың тәуелсіздігіне қауіп төндіретін фактор болып табылмайды.

Түрлі салада (мәселен, шарт жасау, заңгерлік кеңес, заңгерлік сараптама және қайта ұйымдастыру бойынша кеңес) көмек алу мақсатында Банк алатын заңгерлік көмек, сыртқы аудиторға өзін-өзі бақылау қаупін тудыруы ықтимал. Мұндайда қауіпті қолайлы деңгейге дейін түсіре алатын сақтық шаралары қолданылуы мүмкін. Мұндай қызметтер мынадай жағдайда сыртқы аудитордың тәуелсіздігіне кері әсер етпейді:


              1. Банктің қаржы есептілігіне аудит жүргізетін топ мүшелері бұл қызметті көрсетуге қатыспайды;

              2. Кеңес беру қызметін алған кезде соңғы шешімді Банктің өзі қабылдайды.

16. Банктің сыртқы аудитордан алатын қызметі объективтілік және құпиялылық қағидаттарын бұзбауға тиіс. Олар мынадай жағдайда пайда болуы мүмкін:

1) сыртқы аудитор өзінің аудиторлық компаниясына бәсекелес ретінде жұмыс істесе немесе біріккен кәсіпорыны немесе қатысушылардың дені аудиторлық компанияның бәсекелесі болып табылатын балама бірлестіктері болса;

2) сыртқы аудитор Банкке және Банктің мүддесімен кереғар мүддесі бар немесе мәселелер, операциялар және проблемалар бойынша бір-бірімен айтысып, пікірталастырып жүрген басқа ұйымдарға қызмет көрсетсе:

17. Банктің жобасы бойынша сыртқы аудиторды және/немесе серіктесті алмастыру мерзімі (яғни, уақыт кезеңі аяқталғанда Банк жоба бойынша сыртқы аудиторды және/немесе серіктесті алмастыруға тиісті мерзім ) 7 жылдан аспауы тиіс.



18. Осы Саясат арқылы аудит жүргізуге қойылмаған өзге де шектеулер аудиторлық қызмет туралы заңнамаға және банктік заңнамаға сәйкес, сыртқы аудитор қызметін сатып алу рәсімін ұйымдастыру және өткізу кезінде қолданылады.



1 Жалғыз акционер немесе Банк акционерлерінің жалпы жиналысы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет