ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет54/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Омар ақсақал. Астапыралла! Қарабай несі, ойбай! Қазақ қазақ 
болғалы байлықты дәріптеп, оның иесі болған дүниеқоңыз Қарабай 
сияқты жанды адамның қатарына қосып, көрген жоқ. Ол адамзат 
тарихындағы азғындықтың, қорқаулықтың, қанағатсыздықтың, са-
раңдықтың, қатыгездіктің, адамгершіліктен жүрдай болып малмен 
бірге малға айналған сұмның бейнесі емес пе? Сан ғасырлар бойы 


191 
халқымыз сол есімнен жиіркеніп келді ғой?! Жоқ, жоқ! Бізге 
Қарабайдың керегі жоқ! 
Ғалымжан. Иә, қазіргі заманда тіпті жеке меншікке кең өріс 
ашып, сауда саттыққа жол берсек, байлықтың көзін ашып ерікке 
бастасақ та Қарабайды бүгінгі таңда қажет-ақ деп айту — саяси 
соқырлық болар еді. 
Сонымен қатар қазіргі қайта қүру дәуірі кеңінен көтеріп отырған 
— демократияландыру, жариялылық, бюрократизмге қарсы күрес, 
ұлтаралық қатынастардың мәселелері ец алдымен адамгершіліктің 
санасынан өтуге тиіс. Әйтпесе осы келелі проблемалар бос сөздердің 
тасқынына үшырап, өзінен өзі жойылып кетеді. 
Әсіресе бюрократизмге қарсы күрес әлі де мардымсыз. 
Әміршілік-әкімшілік жүйенің қоғамымызға бойлап енгендігі сонша, 
одан құтылу, оның көзін жою оңайға түспейді. Олай болса теріс 
моральмен әбден жарақтанып алған бюрократизм оқ өтпейтін берік 
қамал сияқты, қанша сынасақ та мұрты қисаяр емес. Бұл жүйенің түрі 
өзгергенмен мазмұны сол қалпында. Халыққа, коғамға оның зияны 
үлкен. Ұлтаралық қатынастар туралы мәселені өздерің де жақсы 
білесіңдер. Бүл шиеленіскен ауыр жағдайға, азамат соғысының 
хаупіне жақындап кеп тұрған мәселе. Ендеше оны адамгершілік 
принциптері арқылы ғана шешуге болады. Басқа жол жоқ.... 
Асан. Осы жоғарыда айтылған жаулар, пәлелер бір уақытта 
құрып кетті емес пе? Сонда олардың қайта туып жанданғаны ма? 
Ғалымжан. Иә, жоғарыда айтылған адамгершіліктің қас жаулары 
әр уақытта өмір сүріп келеді. Олардың қоғамдық, экономикалық, 
саяси-әлеуметтік, идеологиялық дағдарысына байланысты ерекше 
көрініп қалатын кездер болады. Міне қазіргі қоғамның өз арын 
тазалау кезеңінде бүл жаулардың адамгершілікке қарсы барынша 
күреске шығуы да заңды нәрсе сияқты. 
Сонымен адамгершілік дегеніміз не болды? 
Асан. Адамгершілік қоғамдағы ресми дамудың ең жоғарғы кезеңі 
деуге болады. Қандай қоғамда болмасын әуелі оның адамгершіліктегі 
жеткен шыңымен бағалағанымыз дұрыс шығар?! 
Үсен. Мұндай ойды толығынан қостауға болады. Өйткені 
адамгершілік деген ойлау процесі мен ақыл-ойдың диалектикалық 
өзара бірлігі. Себебі біздің санамыз ақыл-оймен тыгыз байланысты 
ғой. Ал бұл екеуінің диалектикалық арақатынасы, екеуінің де мәнінің 
ашылуы тек адамгершілік арқылы ғана бола алатын процесс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет