Қазақтың танымал сәулетшілері. Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері



Дата05.03.2024
өлшемі17.22 Kb.
#494372
түріСабақ
Д Қазақтың танымал сәулетшілері (1)


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың танымал сәулетшілері. Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері.
Түсіндірме жазба

  1. http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/9407 сілтемені ашып, көр.

Тапсырма: Сұрақ-жауап
- Фотоколлажда не бейнеленген?
- Қандай сәулет өнеріне жатқыза аласыз (пішіні, формасы, аумағы, биіктігі,т.б.)?
- Бұл ғимарат туралы не білеміз?
2. Тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіннен алған ақпаратты әңгімелер жаз.
Бүгінде қазақ сахарасы әлемнің үздік сәулетшілерімен қатар, отандық сәулет өнері шебер- лерінің керемет идеяларын іске асыратын құт мекенге айналды. Сарыарқа төрінде ХХІ ғасырдың ең сұлу шаһары жыл санап емес, ай, тіпті күн санап өсіп келеді. Елбасы Нұрсұл -тан Назарбаевтың идеясын жүзеге асыруға Кисе Курос ва, Норман Фостер бастаған зама науи сәулетшілер Ұлы Далаға ат басын бұруда. Отандық сәулетшілерде бай тарихымызды паш ететін, ұлттық нақыштағы әсем ғимараттар мен ескерткіштерді көз алдымызға алып келді. Ақ мырза Рүстембеков, Сағындық Жанболатов, Шоқан Матайбеков бастаған бір топ сәулетшілер сізбен біздің ойда жүрген бар арманымызды, сан қатпарлы қиялымыздағы бейнені қыруар еңбек пен жүзеге асырды. Осы жылдар ішінде Азиада мен Универсиадаға арналған әлемдік деңгейдегі спорт кешендері бой көтерді. «ЭКСПО-2017» қалашығы құры лыс технологиясының жаңа стандарттарымен салынды. Елордамыз туралы айтқанда, бәрі міздің жадымызға, ең алдымен, «Бәйтерек» оралары сөзсіз. Бастапқы да елорда символы на әлемнің ондаған сәулетшілерінен қос-қос тап көздің жауын алар неше түрлі нұсқалар келіп түскен. Бірақ сәулетші Ақмырза Рүстембековтің тамыры терең тарихымызды бойына сіңірген «Бәйтерегі» озып шықты. Монумент азғана уақыттың ішінде Есілдің сол жағасынан бой көтерді. Еуразияның кіндігін де, кең- байтақ жазиралы далада Мәңгілік Елді ұран еткен Ұлы даланың ұландары мекен етеді. Әлбетте, қазақтың асқақ абыройын бұданда асыл сөздер мен биікте те аламыз. Алайда «Мәңгілік Ел» салтанат аркасы мұны сөзбен емес, сәулеті мен жеткізіп тұр. Сәулетші Сағындық Жанболатовтың төл туындысы жасампаз қазақ елінің бар рухын, бомыс-бітімін әр бір кірпіші мен, құйылған қола мүсіні мен айбарлап тұр. Париждегі осы тектес арканың құрылысын 3 жыл бойы жүргізсе, бізде небәрі 3 айда салынды. С.Жанболатовтың тағы бір туындысы – таза қазақы үлгідегі «Әзірет Сұлтан» меші ті. 11 гектардан аса аумаққа орналасқан мешіттің ішкі аумағы – 17700 шаршы метр. Бір мезгілде 10 мың мұсылман намаз оқи алады. Шоқан Матайбеков – елге белгілі сәулетшілердің бірі. 2005–2007 жылдар аралығында астананың бас сәулетшісі болған. Министрліктер үйінен бастап, «Шабыт» шығармашылық сарайына дейін он шақты ғимараттың авторы. Әсіресе хай-тек стиліндегі «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені оның өз саласының шебері екенін дәлелдейді. Ақша бұлтпен бас түйістіріп, мың бұралған 3 зәулім үйдің ең биігі 44 қабатты. Қазақтың үздік сәулетшілерінің көшбасын Сұлтан Баймағамбетов бастаған десек, артық айтпағанымыз. Өзінің 74 жылдық ғұмырын оңтүстік астананың көркеюіне жұмсаған Сұлтан Қабиұлы «Ақсай», «Орбита», «Айнабұлақ» секілді ықшамаудан дарды, Абылайхан мен Жамбылдың ескерткіштерін, Алматының орталық мешітін салуға үлесін қосты. Сон дай-ақ Алатау бөктеріндегі әсем шаһардың әуе қақпасын тұрғызуға аян бай тер төкті. (А.Бектің «Сәулет салтанат құрғанда» мақаласынан .
3. Тапсырма. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны пайдаланып, «Сәулет өнерінің құндылығы неде?» тақырыбына дискуссивті эссе жазыңдар. Сөз саны –150–170.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет