ҚазақТҰтынуодағЫ


Ф.Энгельстің экономика ғылымына қосқан үлесі



бет18/31
Дата24.02.2016
өлшемі1.27 Mb.
#12999
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

5.5 Ф.Энгельстің экономика ғылымына қосқан үлесі.


Экономист-марксист ретінде Ф. Энгельстің негізгі экономикалық еңбектерінің қатарына, оның алғашқы саяси экономия жөніндегі еңбегі – «Саяси экономия сынына нұсқалар» мен қатар «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» (бұл еңбек «Капиталды» жазу кезінде маңызды түрде пайдаланылған), «Анти-Дюринг», «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» және т.б. еңбектерін жатқызуға болады.

Саяси экономия сынының нұсқасында автор белгілі саяси мектептердің алғашқы жүйеленуін береді, сондай-ақ құн мен баға проблемасына қатысты өзінің көзқарастарын тұжырымдайды. Энгельс саяси экономия сауданы дамытудың табиғи себептері ретінде пайда болды деп жазды. Меркантализм – саяси экономияның бірінші мектебі болды. Одан соң маркентализмнің орынына либералдық саяси экономия келді, жеке меншік және еркін бәсекелестік заңдарын әзірлеуде соның үлесіне тиді. Энгельс либералдық саяси экономия өкілдеріне Смитті, Рикардоны, Мак-Куллахты, Сэиді және т.б. жатқызды.

Энгельстің пікірі бойынша, құн өзіне екі факторды жатқызады, яғни енгізеді, олар құн өндірісінің шығындарымен пайдалылық қатынасы. Қандайда бір затты жасау мәселесін шешу кезінде, әр кезде оның пайдалылығын және өндірісте жұмсалатын шығындардың көлемін салмақтап көру болады. Өндіріс құралдарына жеке меншік кезінде мұндай салмақтау бәскелестік арқылы жүзеге асырылады. Жеке меншіктің жойылуы жағдайында құн айрықша түрде өндіріс аясында анықталатын болады.

Құнның мазмұны туралы мәселеге Энгельс өзінің ойы әбден толысқан шақта жазған еңбектерінде әлденеше қайыра оралып соғады. Мәселен, қандай да бір өнім мен оны өндіруге жұмсалған еңбек шығындарының пайдалылық әсерін салмақтап көру проблемасы «Анти-Дюрингтің» үшінші бөлімінде егжей-тегжейлі қарастырылады.

«Анти-Дюрингті» жазуға себеп болған неміс философы Евгений Дюрингтің философияда, саяси экономияда және социализм теориясында жасаған төңкерісіне деген көзқарасын сынай айтып, Энгельс кең ауқымды мәселелер бойынша өз ойын, «пікір таласта диалектикалық әдіс пен коммунистік дүние танымының өзара байланысын баяндады». Жұмыс кіріспеден және үш ірі бөлімдерден: «Философиядан», «Саяси экономиядан» және «Социализмнен» тұрады.

«Философия» бөлім негізгі сын объектісі – Дюрингтің субъективтік идеализмі. Мұнда, сондай-ақ экономикамен байланысты жекелеген мәселелер де қаралады.

Екінші бөлім – «Саяси экономия» - зерттеу пәнін анықтаудан басталады. Саяси экономияға Энгельс аса кең мағынада, өндірістік және адамзат қоғамындағы материалдық өмірлік, байлықтарды айырбастауды басқаратын заңдар ғылым ретінде анықтама берді. Бөлу, өндіріске тәуелдігіне қарамастан оған кері әсерін тигізетінін жазды.

Дюрингтің теориялық жүйесінде күш көрсету теориясы маңызды орын алды. Энгельс, саяси «күш көрсетудің» себептерін, сол дәуірдің экономикасынан іздеу керек деді. Капиталистік экономикадағы бүкіл теңсіздікті, оның өркендеуі мен құлдырауларын қоса алғанда, капиталистік экономиканың дамуының бүкіл барысын күш көрсетумен емес, құндарды өзара айырбастау фактілерімен түсіндіруге болады деді.

Үшінші бөлім – «Социализм» - Энгельс тарихты материалистік тұрғыдан түсінудің егжей-тегжейін баяндады. Бұлайша түсіну, өндірістің қоғамдық құрылыстың іргетасын құрайтындығына негізделген. Өндіріс – бөлу тәсіліне үстемдік етеді және қоғамның таптарға бөлінуінің себебі. Капитализм өндірісті жоспарлы ұйымдастыру жағдайларында, жекелеген кәсіпорындардың қызметі түрінде адамдарды жаппай пайдаланып, өндіріс құралдарын қоғамдық деңгейге көтереді.

Өндірісті ұйымдастырудың жаңа формалары – акционерлік компаниялар, мемлекеттік меншіктің пайда болуы. Ірі өнеркәсіппен бірге пайда болған және ұйымдасқан пролетариат саяси төңкеріс жасайды, соның барысында ол, ең алдымен өндіріс құралдарын мемлекеттік меншікке айналдырады.

Мемлекеттік формада пайда болған қоғамдық меншік тауарлық өндірісті жояды. Өндіріс анархиясы қоғамдық шаруашылықты саналы, жоспарлы түрде ұйымдастырумен алмастырылады. Әрбір жеке тұлғаның еңбегі тікелей қоғамдық еңбекке айналады, оның қоғамдық сипатын құн түрінде куәландыру қажеттілігі жоғалады. Қоғам, әртүрлі өнімдерді тұтынудан алынған пайдалылық әсерлер мен оны өндіруге қажетті еңбек шығындарын шамамен білуі және салыстыра алуы тиіс.

Ф. Энгельстің «Анти-Дюринг» кітабының соңғы ережелері қазіргі уақытта үш негізгі бағыт бойынша түбегейлі түрде қайта қарауға жатады. Ең алдымен осы заманғы капитализмнен ХІХ ғасырдағы капитализмнің ерекшелігі. Әлеуметтік қорғалушылықтың дамыған жүйесі, тап ретінде жалпы пролетариаттың ұлттық шекарасының жойылуы, өндірісті ұйымдастырудың жаңа формалары (пайдаға қатысу жүйесі, ұжымдық меншік формалары), кәсіподақ қозғалысының әлсіреуі, пролетариаттың социалистік саяси төңкеріс жасау қажеттігі туралы тезисті күдікке шығарылды. Одан әрі қарай, мемлекеттік меншік қоғамдық меншік формасы болып саналмайды.

Мемлекеттік меншік өндірістің негізгі құралдарын, демократиялық бақылаудың дамыған формаларын мемлекеттің билік жүргізу функциясын күшейтеді, оны қоғамнан жоғары қояды, мемлекет және қоғам мүдделерінің межеленіп бөлінуіне әкеледі. Ең соңында, тауарлы өндіріс пен айырбас кез келген дамыған экономикалық жүйенің теңдей шаруашылық механизмін білдіреді. Тауарлы емес айырбас қарапайым үлгідегі экономикаға ғана тән болып саналады.

Ұдайы өндірістің бүкіл пропорцияларының есебін бір орталықтан жүргізу негізінде экономиканың тиімді қызмет істеуі мүмкін емес.

Ф. Энгельстің «Отбасының, жеке меншіктің, мемлекеттің пайда болуы» деп аталатын еңбегінде , адамзат қоғамына қатысты мәселелерді қозғауда, оқымыстының әрі философ, әрі аса білімдарлығына паш етуге болады.

Ақша жүйесінің дамуы, өсімқорлықтың пайда болуы – үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісімен, адамзат қоғамының басты міндеті және сауданың қолөнершілік пен егіншіліктен бөлінуімен байланысты деді.



ТҮЙІН


Аталмыш тақырып Германияда классикалық маркстік саяси экономияның пайда болуы мен дамуына, сондай-ақ Германиядағы неоклассицизм мен меркентализмге қарсы күш түрінде, саяси экономияны ұлттық шаруашылық туралы ғылым ретінде қарайтын «ескі» және «жаңа» тарихи мектептердің пайда болуына арналған.

Маркстік саяси экономияның пайда болуы, ХІХ ғасырдаң әлемдік экономикалық ойлар тарихындағы аса елеулі оқиға болды. Марксизмді қалыптастыру тарихи дамудың бүкіл барысы әзірлеп даярлады. Мәселен, Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі, машиналы өндіріс пен жаңадан пайда болған тап – пролетариаттың экономикалық негізге айналуына алып келді.

Марксизм – философияда, социологияда, саяси экономикада және тарихи зерттеулерде пролетарлық бағыт ретінде қалыптасты.

Марксизм – бұл ағылшынның класикалық саяси экономиясы, немістің классикалық философиясы және францияның утопиялық социализмінің үш өзара байланысты бөлімдерінен тұратын капиталистік өндіріс тәсілінің негізі мен тағдыры туралы тұтас жүйе.

К. Маркс методологиясы – базис және қондырма идеясы; адамдардың өндірістік қатынастарының жиынтығы мен қоғамның экономикалық құрылымы – жоғары орналасқан базис.

«Капитал» - К. Маркстің 4 томнан тұратын негізгі шығармасы. Бірінші томның зерттеу пәні – қосымша құн өндіру және капиталды жинақтау процесі. Екінші том – ұдайы өндіріс процесін өндіріс пен үздіксіз айналымның тұтастығы ретінде зерттеу.

Үшінші том пайда нормасының төмендеу үрдісін талдайды, бұл қосымша құн нормаларының азаюына әкеледі және пайда нормасын қысқартады. Төртінші том экономикалық теорияның даму тарихына арналған.

Марксизм ілімін қалыптастыру мен дамытуда Ф. Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы», «Анти-Дюринг», «Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы» және т.б.с.с. өзінің еңбектерімен өлшеусіз үлес қосты.



Негізгі терминдер:

Тарихи мектептер.


Мемлекетке табынушылық.

Монблан факторлар.

Әлеуметтік саясат одағы.

Таза микроэкономистер.

Өнеркәсіп төңкерісі.

Конституцияланған құн.

Қосымша құн.

Пайда.


Марксизм.

К Маркстің методолгиясы.

Құн теориясы.

«Капитал» құрылымы .



Зерттеу пәні.

Практикум

§1 Енді Сіз білесіз:


  1. «Ескі» және «жаңа» тарихи мектеп дегеніміз не?

  2. «Жаңа» және «ескі» мектептерді салыстырғанда экономикалық көзқарастарының өзгешелігін?

  3. Марксизм ілімінің пайда болу және даму себептерін;

  4. Еңбектің нақты және абстрактылыққа бөлінуінің маңызың;

  5. К Маркстің «Капиталының» зерттеу пәнін;

  6. Марксизмнің дамуына зор үлес қосқан экономист-марксист Ф. Энгельстің еңбектері.



§2 Қайталау үшін сұрақтар:


  1. «Ескі» тарихи мектептің экономикалық көзқарастары;

  2. «Жаңа» тарихи мектептің «ескі» мектеппен салыстырғандағы айырмашылығы;

  3. Марксизм ілімінің пайда болу және даму себептері;

  4. Еңбекті нақты және абстракты түрде бөлудің тарихи маңызы;

  5. «Капиталдың» І томының зерттеу пәні;

  6. Ф. Энгельстің марксизмді дамытудағы негізгі еңбектері.


§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:


1. «Жаңа» тарихи мектептің өкілдері:

  1. Ф. Лист, К. Маркс, Л.Мизец;

  2. В. Рошер, Б. Гильбранд, Дж. Кейнс;

  3. К. Блохер, Л. Бретана, Г. Шмоллер;

  4. М. Вебкр, В. Зомбарт;

  5. Р. Штамблер, Р. Штальцман.


2. «Ескі» тарихи мектептің өкілдері:

  1. Ф. Лист, К. Маркс, Л.Мизец;

  2. В. Рошер, Б. Гильбранд, К. Книс;

  3. К. Блохер, Л. Бретана, Г. Шмоллер;

  4. М. Вебкр, В. Зомбарт;

  5. Р. Штамблер, Р. Штальцман.

3. К. Маркс теориясындағы «Капитал» түсінігі:

  1. ақша;

  2. материалдық игіліктер;

  3. таптық өндірістік қатынастардың көріну формасы;

  4. капиталистер арасындағы өндірістік қатынас;

  5. өндіріс құралдары.

4. «Капиталдың» төртінші томы зерттеуге арналған:

  1. экономикалық теорияның даму тарихына;

  2. капиталды жинақтау процесіне;

  3. капиталдың айналым процесіне;

  4. капиталистік өндіріс процесіне;

  5. дұрыс жауабы жоқ.

5. Капиталды жинақтау процесі К. Маркстің қай еңбегінде зерттеледі:

  1. «Капиталдың» 1 томында;

  2. «Капиталдың» 2 томында;

  3. «Капиталдың» 3 томында;

  4. «Капиталдың» 4 томында;

  5. мүлде зерттелмейді.

6. К. Маркс бойынша айналым капиталы бұл:

  1. өндірістік цикл ішінде толық, нақты еңбекпен өз құнын тауарға ауыстыратын капиталдың құрамды элементтері;

  2. бірнеше өндірістік циклдерге қатыса отырып, толықтай, нақты еңбекпен өз құнын тауарға ауыстыратын капиталдың құрамды элеметтері;

  3. авансыланған капитал;

  4. белгіленген капитал;

  5. барлық жауаптар дұрыс.

7. К. Маркс методологиясының көздері болып:

  1. классикалық саяси экономия, классикалық философия, утопиялық социализм;

  2. классикалық саяси экономия, әдеби романтизм;

  3. неміс классикалық философиясы. физиократизм;

  4. утопиялық социализм, тарихи мектеп, лениндік экономикалық идеялар;

  5. дұрыс жауабы жоқ.

8. К. Маркс методолгиясының дара ерекшелігі:

  1. базис және қондырма идеяларын қолдану;

  2. зерттеудің абстрактылық-логикалық әдісін қолдану;

  3. зерттеудің нақты-тарихи әдісін қолдану;

  4. ғылыми абстракция әдісін қолдану;

  5. зерттеудің дедуктивтік әдісін қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет