Ұзартылған күн тобы тәрбиешісінің күн тәртібі



Дата01.02.2024
өлшемі376.5 Kb.
#490484
түріСабақ
Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ата- ананың рөлі ата- аналар жиналысы.

Ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ата- ананың рөлі

Мақсаты: Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани- мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеуде ата- аналармен бірлескен іс- әрекеттің өзекті жолын табу.

Күн тәртібінде: 1. Баяндама: «Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ата- ананың рөлі» Султанова А.Г. 2. Психологиялық жаттығулар. Смагулова Р.Ж. 2. Жаднама: «Жолда жүру ережесін үнемі есте сақтайық.» 3. ІІ тоқсандық қорытынды. 4. Ағымдағы мәселелер.

Ұлттың байлығы- ұрпағы Ахмет Байтұрсынов

Ұлттық құндылық

  • Ана тіл
  • Дін
  • Тарих
  • Салт- дәстүр
  • Мәдени мұра
  • Тарихи мұра
  • Халық

  • А.С. Макаренко:
  • «Бес жасар бала- қалыптасып біткен бала»
  • Сіздер қалай ойлайсыздар?

«Сіздер- қазақ елінің басты байлығы, өмірінің жалғасысыздар. Сіздер қандай болсаңыздар, ел болашағы сондай болмақ. Білекке емес, білімге сенетін заман келді. »

  • Ұлттық құндылық - ел бірлігі.
  • Ел- бірлігі- ұлттың мәңгілігі.
  • Мәңгілік ел- ата- баба арманы, ел тұтастығы.
  • Ел тұтастығы- елдің қамы.
  • Ел қамы- ұрпақ қамы.
  • Ұрпақ- ата- ананың жалғасы.

Тест ««Біз баламызды қаншалықты танимыз?» Әр «иә» деген жауапқа 1 балл. 1.Балаңыз кез- келген затқа қызықты қолданыс табады ма? 2.Өз қызығушылығын жиі өзгертеді ме? 3. Қиын суреттер салғанды ұнатады ма? 4.Ғажайып стилінде кино көруді немесе кітап оқуды ұнатады ма? 5.Әңгіме, өлең жазады ма? 6.Қағаздан түрлі фигуралар жасағанды ұнатады ма? 7.Өз қиялынан түрлі заттар жасайды ма? 8.Белгілі бір затты өз талғамына қарай өзгерткенді ұнатады ма? 9.Балаңыз қараңғыдан қорқады ма? 10.Өз ойынан жаңа сөздер ойлап табады ма? 11.Өз ойынан шығарған сөздері есінде қалады ма? 12.Өз қалауы бойынша жиһазды ауыстырғысы келеді ме? 13.Ол ойы сәтті болды ма? 14.Кез келген нәрсені қолданудың қызықты жақтарын таба алады ма? 15.Қиын жұмбақтардың жауабан таба алады ма? 16.Балаңыз өз талғамына қарай киінгенді қалайды ма? 17.Басқалар түсіне бермейтін балаңыздың өз әлемі бар деп ойлайсыз ба? 18.Өзіне түсініксіз жайттар туралы сізден сұрайды ма? 19.Табиғат құбылыстарына байланысты сұрақтарды жиі қояды ма? 20.Тек мәтіннен ғана тұратын кітаптарды оқиды ма? 21.Өз ойынан ойындар таба алады ма? 22.Өз түстері жайлы сізге жиі айтады ма?

Тест қорытындысы: 20 -24 балл: Балаңыздың зеректілігі жоғары деп айтуға болады. Балаңыз әрқашан өз көзқарасын жеткізе алады. Сіз балаңыздың осы қасиетін одан әрі дарытып отыруға тиіссіз. 9-19 балл: Балаңыз тек бір нәрсеге қатты қызыққан жағдайда ғана зеректілігі мен тапқырлығын көрсете алады. 4-8 балл: Балаңыз тек белгілі бір мақсатқа жеткісі келгенде ғана қызығушылық танытады. Көбіне тәжірибелік іс әрекетке қызығушылық танытады. 4 баллдан төмен : Балаңыздың зеректілік қасиеті төмен. Дегенмен балаңыз басқа бағыттағы кәсіпті жақсы меңгере алады.

Сауалнама «Балаңыздың кітапқа деген қызығушылығы» 1.Балаңыз кітап оқығанды ұнатады ма? А)ықыласпен оқиды Б)өте ұната қоймайды В)ұнатпайды 2.Балаңыз қайсысын қалайды? А)өзі оқығанды Б)үлкендердің оқып бергенін 3.Балаңыз кітап оқығанда... А)мақтайсыз Б)көңіл аудармайсыз 4.Отбасыңызда балаларыңызға кітапты дауыстап оқып беру қалыптасқан ба? А)иә Б)жоқ 5.Балаңыздың жақында оқыған кітабын айтып бере аласыз ба? А)иә Б)жоқ 6.Балаңыз оқыған кітабының мазмұнын айтып бере алады ма? А)иә Б)кейде В)жоқ 7.Балаңызбен оның оқыған кітабын талқылайсыздар ма? А)өте жиі Б)кейде В)өте сирек 8.Балаңыз сізге танымдық бағыттағы сұрақтар қояды ма? А)өте жиі Б)кейде В)өте сирек

  • Күнделік иесі: _______________________
  •  
  • Мұғалімге ұсыныс- тілектерім.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • «Екі жақты күнделік»
  • - Сіздің пікіріңіз қашанда құнды.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет