4.3 Франсуа Кенэнің физиократизміне сипаттама және оның «Экономикалық кестесі».
Франсуа Кенэ (1646-1714 жж) – физиократизмнің негізін салушы және оның басшысы, буржуазия идеологы. Басты шығармасы – «Экономикалық кесте» (1758).
Кенэ жасаған физиократтардың экономикалық үлгісі – бұл капиталистік өндірісті жүйеге келтірген алғашқы тұжырымдама. Физиократтар айналым саласын талдаудан өндіріс саласын талдауға күрт бұрылыс жасап, меркантилизмді сынады. Өндіріс саласын тек ауыл шыруашылығымен шектеді. Физиократтардың басты ғылыми жетістігі – қосымша өнім айналым саласында емес, өндіріс саласында жасалатын мойындауда.
Франсуа Кенэ теңдей үлкен құндарды айырбастау себептерін дұрыс түсіндіре алмады, өйткені құн теориясы жеткілікті түрде жасалмады және ол құнды өндіріс шығындарымен байланыстырды.
Физиократтардың экономикалық жүйесінде қоғамдық жиынтық өнім мен өндіріс шығындары арасындағы айырмашылық ретінде «таза өнім туралы» ілім айрықша орын алды. Кенэ былай деп санады: ««таза өнім» тек егіншілікте ғана жасалады, табиғаттың әсерімен тұтыну құнының көлемі көбейеді, ал өнеркәсіпте «таза өнім» жасалмайды, егіншілікте жасалған заттың пішіні мен түрін өзгертеді».
Физиократтарды тұтыну құны арқылы алынған артық мөлшердің сандық жағы ғана қызықтырды.
Физиократтардың қосымша құнды түсінуінде қарама-қайшылықтың сипаттамасы болды. Олар оны бірінші табиғаттың сыйы, екінші жермен айналысушылардың қосымша еңбегінің нәтижесі деп санады. Мұндай екі ұдай пікірдің болу себептері – құнның қоғамдық табиғатын түсінбеушілік және құнды тұтыну құнымен араластырып жіберумен байланысты.
Меркантилистерден физиократтардың өзгешелігі, олар «таза өнімді» өндіруші өнімді еңбек – яғни бұл еңбек, қосымша құн жасайтын еңбек деп бекітті. Бұл өнімді еңбектің табиғаты туралы дұрыс айтылған ой. Дегенмен, олардың пікірі бойынша, тек егіншілікте ғана өнімді, еңбек бар ал өндірістің өзге салаларындағы еңбек – «жеміс бермейді», яғни өнімсіз еңбек деп түсіндірді. Бұл – шындыққа жанаспайды. Өндіріс салаларына қатысты, еңбектің барлық түрі қосымша құн жасайды, яғни бұдан шығатын қорытынды, еңбектің бар түрі өнімді еңбек болып саналады. Өзінің «таза өнім» көзқарасына сәйкес Кенэ қоғамды үш тапқа, қласқа бөлді (класс деген терминді бірінші Кенэ қолданды):
-
Өндіруші тап (фермерлер),
-
Жер иеленуші тап (королдар, шіркеулер),
-
«жеміс бермейтін» тап (қол өнершілер, жұмысшылар).
Кенэнің таптық құрылымында жұмысшылармен капиталистер біріккен, дербес тапқа бөлінбеген. Дегенмен олардың ұдайы өндіріс процесіне қатысуын ескере отырып, қоғамды таптарға бөлудің экономикалық белгілері мен экономикалық негіздерін айқындауға талпыныс жасаудың өзі үлкен ғылыми жетістік болып саналады.
Франсуа Кенэ кейбір нақты сәттер мен қатынастарды дерексіздендіре отырып, ұдайы өндірістің жалпы нобайын (үлгісін) ұсынды. Оның жасаған кестесінде кірістердің барлығы жұмсалады, жинақтау жоқ, таптар мен сыртқы сауда байланыстары арасындағы айырбас ескерілмеген.
Франсуа Кенэнің «ұдайы өндіріске талдау жасауының» бастапқы сәті – жылдық астық және өндіріс тауарларын өндірушілер (фермерлер мен жалдамалы жұмыс күші); жер иеленушілер (жалгерлік ақы алушылар); қолөнершілер («жеміс бермейтін» тап) арасында жүзеге асырылып заттай және ақшадай айырбас болып саналады.
Франсуа Кенэ «қыйсығының» күрделі жүйесін түсінуді жеңілдету үшін оның кестесінің нобайын беруге болады. (1 үлгіге қараңыз). Кестеден көрініп тұрғандай, айналым қозғалысы 2 млрд. ливрді фермерлер, жер рентасы ретінде, жер иеленуші табына төлеуден басталады, (тауар айналымы әлі жоқ), бұл 1 акт. Ал, жалпы айналымға фермерлердің ауыл шаруашылық өнімдерінің 5 млрд. ливр мен жеміс бермейтін таптар, қолөнершілердің 2 млрд. ливр, тұрақты өндіріс тауарлары яғни барлығы 7 млрд. ливр тауарлар кіреді. 5 млрд. ливр ауылшаруашылық тауарларынан фермерлер, 2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын тұқымдық қор қалдырады. Сонымен айналымға 3 млрд. ливр ауыл шаруашылық тауарлары мен 2 млрд. ливр қолөнершілердің өндіріс тауарлары кіреді.
-
2 акт, жер иеленушілер табы фермерлерден алған 1 млрд. ливрге ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алып, 1 млрд. ливрді фермерлерге қайтарады;
-
3 акт, жер иеленушілер табы қалған 1 млрд. ливрге қол өнеркәсіпшілерден керекті киім -кешек және сән - салтанат заттарын сатып алады, қол өнер кәсіпшілер табы 1 млрд. ливр «тірі ақшаға ие болады»;
-
4 акт, қолөнер кәсіпшілері қолма қол 1 млрд. ливрге ауыл шаруашылық тамақ өнімдерін сатып алып, 1 млрд. ливерді фермерлерге қайтарады;
-
5 акт, фермерлер табы қолөнер кәсіпшілер табынан өндіріс құрал жабдықтары мен еңбек құралдарын, саймандарды сатып алады;
-
6 акт, қолөнер кәсіпшілері табы 1 млрд. ливрге фермерлер табынан келесі жылы өндіріске керекті шикізат түрінде ауыл шаруашылық өнімдерін, қосымша материалдарды сатып алады.
Қоғамдық өнімді өткізу осылайша аяқталады. Фермерлер келесі жылы жер иеленушілерге рента түрінде төлейтін 2 млрд. ливр алды, және 2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын тұқымдық қоры бар.
Тұтастай алғанда, Кенэ үлгісі қарапайым ұдайы өндірістің, жыл ішіндегі ұлттық шаруашылық деңгейіндегі өндірілген тауар және ақша ағындарын сипаттайды. Осы арқылы ол ұдайы өндірістің барлық жағдайлары мен сәйкестіктерін көрсетіп, тарихта бірінші рет экономика ғылымының макроэкономикалық үлгісін жасады.
Ең бастысы, Кенэ кестесінде өнімдер мен ақша ағындарының қозғалысын кескіндейтін арифметикалық есептер емес, өндіріс пен айырбастың кейбір актілері зигзаг үлгісінің, кестелері беріліп, өндірістің жалпы қозғалу жағдайының кескінді түрлеріне талдау берілгендігінде. («зигзагтар» - бір таптан (кластан) екінші тапқа тауарлар мен ақшалардың ағылуы).
Кестеде, кірістер қайдан пайда болады, жиынтық және таза өнім қалай жасалады, олар қалай бөлінеді, өндіріс шығындарының орны қалай толтырылады, осылардың бәрі көрсетілген. Кенэнің еңбегі мынада: бүкіл қоғам ауқымында жылдық айналым түрінде өнімдер қозғалысының кестесін бере отырып, үш негізгі таптың (кластың) өзара байланысының алғашқы макроэкономикалық сынын жасады. Оның идеясы қоғамдық ұдайы даму өнімді есептеуде, халық шаруашылығы балансының үлгілерінде пайдаланылады.
1 үлгі
Ф.Кенэ кестесі (“қыйсығы”)
-
Бірінші сызық ақша (ливрдің) айналымы
Екінші сызық тауар айналымы
-
2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры
Достарыңызбен бөлісу: |